Компьютерлік желілер туралы түсінік (Информатика. Сабақ жоспары) Сабақтың мақсаты



бет2/4
Дата07.06.2022
өлшемі24.31 Kb.
#458992
түріСабақ
1   2   3   4
Компьютерлік желілер туралы түсінік 2 курс

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.
Көлемі бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті желі деп аталады. Олар: аймақтық және ауқымды желілер болып 2-ге бөлінеді.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қйсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына тиісті болса, онда бұл  корпоротивтік деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің желісі –Banknet, негізгі банктің компьютерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоротивтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.
Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегіменжелілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады.Адаптер компьютердің аналық тақшасынгдағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Әр қосылу - деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы - бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір- біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді.

  1. тапсырма /Жұптық жұмыс/

Компьютер желісінің параметрлерін сәйкестендір



Терминдер




Анықтамасы

1

Желінің өткізу қабілеті

А

Ақпаратты айнытпай, жоғалтпай беру

2

Құны

Ә

Деректерді тасымалдау жылдамдығы

3

Сенімділік

Б

Желіге қосымша компьютерді жалғау





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет