Компьютерлік технологиялар кафедрасы



жүктеу 168 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі168 Kb.
Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

РАДИОТЕХНИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ФАКУЛЬТЕТІ

КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

РТБФ деканы

___________ Медеуов У.И.

«_____»_____________2009ж.

050704 – Есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету мамандығына арналған

ЕСЕПТЕУІШ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ЖЕЛІЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

пәнінің


БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Оқу түрі ­– күндізгі

Барлығы – 3 кредит

Курс – 2


Семестр – 4

Дәрістер 40 сағат

Зертханалық сабақ – 20 сағат

Аралық бақылау (саны) – 2

СӨЖ – 45 сағат

СӨЖ (аудиториялық) – 30 сағат

Барлық аудиториялық – 60 сағат

Аудиториядан тыс – 75 сағат

Жұмыскерлік ­– 135 сағат

Курстық жұмыс – 1 жұмыс

Емтихан – ауызша, 4 семестрде


Алматы 2009
Курс бағдарламасын КТ кафедрасының аға оқытушысы Тойғожинова А.Ж. құрастырған

КТ кафедрасының жиналысында қарастырылған


«____» __________200__ж. № ___ хаттама
КТ кафедрасының меңгерушісі Құралбаев З.Қ.
Оқытушы туралы мәлімет:

Тойғожинова Айнұр Жұмақановна, КТ кафедрасының аға оқытушысы. Ғылыми-оқытушылық тәжірибесі 10 жыл. АЭЖБИ қабырғасындағы оқытушылық тәжірибесі 10 жыл.

Басылымдары – 15

Байланыс телефоны: 252-48-19, ұялы тел. 87013822300

Мұғалімдер бөлмесі Б331

Курстың аудиториялық сабақтарын жүргізу орны мен уақыты: сабақ кестесіне сәйкес.



1 ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1 Пәнді оқытудағы мақсат

«ЕСЕПТЕУІШ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ЖЕЛІЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» пәнін оқытудағы мақсат есептеуіш машиналарын, ЭЕМ жүйелері мен желілерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, жеке құрылғыларды құру принциптері мен олардың ақпараттың кіріс өңдеу және шығару процесіндегі әсерін оқыту болып саналады.



1.2 Пәнді оқытудың міндеттері

- Пәнді оқыту кезінде алынған білім мен тәжірибе мамандыққа баға беру сипаттамасында қондырылған бакалаврдың білімі мен тәжірибесіне сәйкес келуі керек.

- Білім: курсты оқыту процесі кезінде студенттер ЭЕМ түйіндері мен құрылғылары жұмыстарының негізгі принциптері мен ұйымдастыруы, жекелей алғанда есептеуіш жүйелер мен желілері де туралы жүйеленген білім алу қажет.

- Тәжірибе: пәнді оқу нәтижесінде студенттер есептеуіш жүйелер мен желілердің құралдарымен пайдалана алуы, есептеуіш техника құралдарының құрылымдық ұйымдастыруы мен бағдарламалық жабдықтың ерекшеліктерін түсінуі, есептеуіш техника құралдарын жаңарту принциптерін меңгеруі керек.



1.3 Пререквизиттар

Пән материалы «Информатика», «Микроэлектроника», «Ақпараттар теориясы», «Дискреттік математика» пәндерін оқыту кезінде алынған білімдерге негізделеді.



1.4 Постреквизиттар

«Есептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру» пәнін оқыту кезінде алынған білім мен тәжірибе «Ақпараттық қауіпсіздіктің негіздері», «Интернет технология», «Компьютерлік желілер», «Операциялық жүйелер» пәндерін оқыту кезінде қолданылады.



2 БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУ

Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша «Есептеуіш техника және бағдарламалық жабдықтар» (ЕЖмЖҰ) пәнінде студенттердің білімді меңгеру сапасын бақылау мыналардың көмегімен жүзеге асырылады:



  1. соңғы бақылау (сабаққа қатысуы, машықтану, зертханалық және курстық жұмыстарды және т.б. қорғау);

  2. рубеждік аттестация (бақылау жұмыстары, тестілеуден өткізу)

  3. пән бойынша аралық аттестация (емтихан) (Це).

Қорытынды баға, емтиханға жіберу рейтингі бағасы мен қорытынды бақылаудың (емтиханның) бағасынан қалыптасады, ол мынадай қатынаста болады:

Цж = 0,6 Цжр + 0,4 Це

Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы осы пән бойынша мына формуламен анықтаймыз:

Црд = 0,1 Цмс + 0,1 Цзж + 0,2 Цкж +0,2 Цра

Мұндағы Цмс – студенттің машықтану сабағы бойынша жұмысы сапасының бағасы, Цзж – зертханалық жұмыстар бойынша, Цкж – курстық жұмыстар бойынша, Цра – рубеждік аттестация (бақылау жұмыстары, тестілеуден өткізу).

Осы бағалардың ретінде оқушы жұмысы бағасының 9 - балдық жүйесі қолданылады, ол 1 кестеде көрсетілген.

Кесте 1 – Студент білімінің бағасы

Баға

Әріптік эквивалент

Пайызбен %

Балмен

Өте жақсы

А

95-100

9

4

А-

90-94

8

3,67

Жақсы

В+

85-89

7

3,33

В

80-84

6

3,0

В-

75-79

5

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

4

2,33

С

65-69

3

2,0

С-

60-64

2

1,67

D+

55-59

1

1,33

Қанағаттанарлықсыз

D

50-54

0

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49

0

0

Сабақтан қалу жіберген сабақтар сағатына пропорционалды қорытынды жұмыстың бағасын төмендетеді.

Емтиханға жіберу рейтингінің бағасы мынадай шарттар кезінде саналады:



  • пән бағдарламасын толығымен орындау;

  • барлық жұмыс түрі бойынша толық есеп беру;

  • соңғы рубеждік аттестация кезеңінде сәтті тестілеуден өткізу.

Студент жоғарыда көрсетілген шарттардың кем дегенде біреуін орындамаған жағдайда, оған «қанағаттанарлықсыз» деген баға қойылады.

Қайтадан тестілеуден өткізу мен емтиханды қайта тапсыруға келесі академиялық кезеңдегі ақылы негізде пәнді қайтадан оқудан кейін ғана жіберіледі.

Кесте 2 – Емтиханға жіберудің рейтингі. Жұмыстың әр түрінің мәнділігі

Параметр

%-дық құрау

Балдар

Зертханалық жұмысты орындау

25

25

Курстық жұмыс

45

45

Қорытынды рубеждік аттестация

15

15

Дәрістік сабақтарға қатысу

15

15

Барлығы ∑ жіберу

100

100

Бір семестрдегі қорытынды баға келесі схема бойынша жиналады:

Кесте 3

Параметр

%-дық құрау

Балдар

Емтиханға жіберудің тейтингі

60

60

Финалдық емтихан

40

40

Барлығы: 0,6∑жіберу+0,4емт.

100

100

Балды қоюдың саясаты:

2,3 кестелерде көрсетілген барлық бағалық балдар максималды болып саналады. Олар жұмыстың ритмдік орындалуы мен жоғары сапада болу шарты кезінде қойылады. Тестілеу мен дәрістік сабаққа қатысудың бағалық балдары дұрыс жауаптардың саны мен қатыспаған дәрістердің сағатына байланысты қойылады.



3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

«Есептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру» пәнін оқыту міндетті түрдегі дәрістік, зертханалық және студенттердің өзіндік жұмыстарын (СОӨЖ және СӨЖ) ұйғарды.

Сабақтың барлық түрі (тақырып бойынша) бойынша академиялық сағаттың саны мен тақырыбы көрсетілген пәннің тақырыптық жоспары 4 кестеде келтірілген.

Кесте 4 – Сабақ түрі бойынша сағаттарды бөліп тарату



Тақырыптың атауы

Академиялық сағаттардың саны

Дәрістер

Зертхана

лық саб.


Машықт

саб.


СОӨЖ

СӨЖ

2

3

4

5

6

7

Пәннің мақсаты мен міндеттері

1







1,5

1

Есептеуіш жүйелер мен желілерді ұйымдастыру принциптері. ЭЕМ желілерін ұйымдастыру (6 сағат)

5

4




5

5

ЭЕМ-ң арифметикалық негіздері

6

2




5

5

ЭЕМ-ң есте сақтау құрылғысы (ЕСҚ)

4

2




5

5

ЭЕМ процессорлары

4

2




5

5

Ақпараттың кіріс-шығысын ұйымдастыру. Деректерді өңдеу жүйелері. Мультипроцессор

4







5

5

Есептеуіш кешендер мен желілерді ұйымдастыру

16

10




5

4

Қорытынды

1







1

1

Барлығы (сағаттар)

40

16

0

45

45

3.2 Дәріс тақырыптарының атауы мен оның мазмұны (40 сағат)

1 тақырып Кіріспе. Есептеуі жүйелер мен желілерді ұйымдастырудың принциптері. ЭЕМ желілерін ұйымдастыру (6 сағат)

№1 дәріс Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Бакалаврларды дайындау жүйесіндегі курстың орны мен ролі. ЭЕМ дамуының қысқаша тарихы. ЭЕМ құрылымының негізгі анықтаулары мен түсініктері.


№2 дәріс Есептеу жүйелері мен желілерді ұйымдастырудың принциптері. Есептеуіш жүйенің құрылымдық схемасы. Арифметико-логикалық құрылғы (АЛҚ). Кіріс-шығыс құрылғысының, басқару құрылғысының жадылары, топтары. Есептеуіш машиналарды топтастыру. Бағдарламалық басқарудың принципі.
№3 дәріс Желілердің типтері. Тұрғызу әдісі бойынша топтастыру. Деректерді беру әдісі бойынша топтастыру. Масштаб бойынша топтастыру. Тарату технологиясы бойынша топтастыру. Бір рангті желілер. Сервер негізіндегі желілер. Құрама желілер.
2 тақырып ЭЕМ арифметикалық негіздері (6 сағат)

№4 дәріс ЭЕМ-де ақпараттың көрсетілуі. Есептеудің екілік жүйесі. Есептеудің ондық жүйесі. Есептеудің он алтылық жүйесі. Сандарды көрсетудің формалары.


№5 дәріс Теріс сандарды кодтау. Тура, кері, қосымша кодтар. Есептеудің екілік жүйесіндегі қосу операциялары. Көбейту мен бөлу операцияларын орындау.
№6 дәріс Ондық цифрлар. Ондық цифрларды кодтау. D-кодтағы «±» операциясын орындау. 2421 есептеу жүйесі. 8421+3 есептеу жүйесі. 8421 есептеу жүйесі.
3 тақырып ЭЕМ есте сақтау құрылғысы (ЕСҚ) (4 сағат)

№7 дәріс ЕСҚ құрамы, белгіленуі және иерархиясы. ЕСҚ иерархиясы. Жадыны ұйыидастыру әдістері.


№8 дәріс Жедел есте сақтау құрылғысы (RAM) және тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM). Динамикалық жады (DRAM). Статикалық жады (SRAM). Буферлік жады.
4 тақырып ЭЕМ процессорлары (4 сағат)

№9 дәріс Процессорлар. Топтастыру. Процессорлардың әртүрлілігі. ДЖамудың иерархиясы. Салыстырмалы сипаттамалар.


№10 дәріс Басқару құрылғысы. Команданы басқару блогы (КББ). Команда регистрі. Бағдарламалы логикасы бар БҚ. Микробағдарламалық типтегі БҚ. ЭЕМ мултибағдарламалық жұмысты ұйымдастыру. Жадыны қорғау құралдары. Бөлу жүйелері.
5 тақырып Ақпараттың кіріс-шығысын ұйымдастыру. Деректерді өңдеудің жүйелері. Мультипроцессор (4 сағат)
№11 дәріс Кіріс-шығыс құрылғысы. Адам-ЭЕМ байланысының құрылғысы. Басқару объектісімен байланыстың құрылғысы. Кіріс құрылғысы. Шығыс құрылғысы.
№12 дәріс Ақпаратты өңдеу жүйелері. Мультипроцессорлық ЕК. Деректерді өңдеудің үлестіруші жүйелері (ДӨҮЖ). Есептеуіш кешендер мен жүйелер. Команданың жеке ағыны мен деректердің көптік ағыны.
6 тақырып Есептеуіш кешендер мен желілерді ұйымдастыру (16 сағат)
№13 дәріс Компьютерлік желілердің негіздері. Жергілікті желі. Ғаламдық желілер. INTERNET халықаралық желісі. Қалалық желі.
№14 дәріс Желіні жобалау кезеңдері. Жобалау мен өндірудің кезеңдері. Дайындық кезеңі. Эскиздік жобалау. Техникалық жобалау.
№15 дәріс Деректерді беру ортасы. Коаксиалдық кабельдер. Өрілген жұп сымдар (twisted pair) негізінде жасалған мыстық кабельдер. UTP, STP. Оптоталшықты кабельдер (fiber optic). Кабельдің бөгеуден қорғаныстылығы. Сигналды таратудың жылдамдығы. Кабельдің стандарттары. Байланыстың кабельсіз арналары.
№16 дәріс Желінің топологиясы. Шина топологиясы. Жұлдыз топологиясы. Кеңейтілген жұлдыз топологиясы. Сақина топологиясы. Құрамаланған топологиялар.
№17 дәріс Желінің архитектурасы. Ethernet технологиясы. Fast Ethernet. Token Ring.
№18 дәріс TCP/IP хаттамаларының стегі. SNMP желісімен басқарудың қарапайым хаттамасы. Telnet алыстатылған қосылудың хаттамасы. FTP, TFTP файлдарын беру хаттамалары.
№19 дәріс Желідегі IP адресация. IPv4, IPv6. IP адрестердің кластары. Желі ішіндегі маскалар. VLSM желі ішіндегі масканың айнымалы ұзындығы.
№20 дәріс Сымсыз желілер. Wi-Fi сымсыз желісінің әртүрлі стандарттары. Артықшылықтары мен кемшіліктері.


3.3 Зертханалық сабақтар тақырыбының атауы (20 сағат)
№1 зертханалық жұмыс. Компьютерлік жүйелердің компоненттері және желілік платалардың драйверлері.

№2 зертханалық жұмыс. Базалық топологиялар және компьютерлік желідегі деректерді беру әдістері.

№3 зертханалық жұмыс. Бір рангті желілер және белгіленіп көрсетілген сервері бар желілер.

№4 зертханалық жұмыс. Жергілікті желі үшін кабельдерді тестілеу және қысу.

№5 зертханалық жұмыс. DTX-LT CableAnalyer аспабының көмегімен кабельдік жүйені тестілеу және сертификациялау.

№6 зертханалық жұмыс. EtherScope Series II портативті анализатормен танысу және пайдаланушы интерфейсті оқу.

№7 зертханалық жұмыс. EtherScope Series II аспабының көмегімен сымдық жергілікті желіні тестілеу.

№8 зертханалық жұмыс. EtherScope Series II аспабының көмегімен сымсыз жергілікті желіні талдау. Уақыттық кідірістің бағдарламалық ұйымдастыруы.

№9 зертханалық жұмыс. Сымсыз адаптерді қондыру мен келтіру.

№10 зертханалық жұмыс. Сымсыз желі үшін нүкте енімін қондыру және келтіру.


3.4 Курстық жұмыстың тақырыбы мен мазмұны
№1 тапсырма. Табица бойынша шифрға сәйкесті тақырыпқа реферат жазу қажет.

№2 тапсырма. Тапсырманы орындау барысында бір ұйымның жергілікті желісін жобалап шығулары қажет. Есептепулерді жүргізудің нәтижесінде келесі заттар анықталуы қажет:

- компьютерлердің, желі құрылғыларының типтері;

- барлық компбьютерлердің орналасу схемалары, сонымен қатар серверлердің, концентраторлардың және т.б. орналасулары да қарастырылуы қажет;

- кабель типтері және олардың жүргізілу жолдары (құрылымдалған кабельдік жүйе қолданылуы қажет);

- құрылғылар спецификациясы, мүмкін болса бағаларымен;

- берілген технологияның яғни синхронизация параметрлері, фрейм форматы, беру процесі, тұрғызудың негіздік принциптері, басқа технологиялардан ерекшеліктері, уақыттық параметрлері, деректерді беру процестері.

Және де бұл есептеу желісінде қолданылатын дербес компьбтерлер мен серверлердің сипаттамаларын, ішкі құрылымын, қолданылатын операциялық жүйелерді де таңдап, негіздемесін айқындап жазулары қажет.



Альтернативті вариант болып, студенттің өзі жұмыс істеп жүрген мекеменің желісін қағазға түсіру немесе шартты тапсырыс берушінің талабына сай желіні жобалау табылады. Мұндай мүмкіндік (қажеттілік) болмаған жағдайда, құрылымы берілген таблицадан шифрға сәйкес таңдалатын жергілікті компьютерлік желіні есептеп жобалауға болады. Сонымен қатар, бұл мекеменің есептеу жүйесін жобалауға аса үлкен көңіл бөлген жөн.

3.5 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) (45 сағат)


  1. Бульдік алгебра негіздері (2 сағат)

  2. ФАЛ аналитикалық көрсетуі (3 сағат).

  3. ФАЛ минимизация әдістері (3 сағат).

  4. Құрылымдық және абстрактілік автоматтар (3 сағат).

  5. ЭЕМ схемотехникалық негіздері (3 сағат).

  6. ЭЕМ логикалық және есте сақтау элементтері (3 сағат).

  7. Intel, AMD, CAP фирмаларының процессорлары (4 сағат).

  8. ҮИС және ӨҮИС схемотехникасы (3 сағат).

  9. Жаңа дисктердің дисководтары (2 сағат).

  10. Енгізілген және алынып-салынатын бейнеплаталар (3 сағат).

  11. Деректерді беру жылдамдығын өлшеудің бірліктері. Бодтар және биттер (3 сағат).

  12. Тарату ортасында бөгеуілді азайту тәсілдірі (4 сағат).

  13. Терминаторлар және трансиверлер (2 сағат).

  14. Модуляторлар және демодуляторлар (3 сағат).

  15. Аналогтық және цифрлық сигналдар. Жиіліктік бөлгіштер (4 сағат).


3.6 Студенттің оқытушының жетекшілігімен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) (30 сағат)

  1. Матрицалық құрылымды ҮИС-ға автоматтарды жобалау (4 сағат).

  2. Микробағдарламалық автоматтарды синтездеу (4 сағат).

  3. ЭЕМ функционалдық түйіндерін жобалау (4 сағат).

  4. ЭЕМ функционалдық түйіндері (4 сағат).

  5. КЭШ және ФЛЭШ жадылар (3 сағат).

  6. Магниттік және оптикалық дискілердегі ЕСҚ (4 сағат).

  7. Жадының тез әрекеттілігін жоғарылатудың жаңа технологиялары (4 сағат).

  8. Жүйелік платалар. Жүйелік жинақтар (4 сағат).

  9. Модемдер, желілік адаптерлер (4 сағат).

  10. Arpanet және Internet желілері (4 сағат).

  11. Дербес ЭЕМ сымсыз құраушылары (4 сағат).

  12. Микро-ЭЕМ және макро-ЭЕМ (3 сағат).

4 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

  1. Максимов Н.В. Архитектура ЭВМ и вычислительных систем. – СПб.: Питер, 2008–848с : ил.

  2. Пятибратов А.П. и др. Вычислительные машины, системы, сети и телекоммуникации. – М.: Статистика, 2004-400с.

  3. Мелехин В.Ф. Вычислительные машины системы, сети. Учебник дл вузов. М., 2007-366с.

  4. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети, принципы, технологии, протоколы. – СПб.: Питер, 2007.

  5. Горец Н.Н. Организация ЭВМ и систем. – М., 2006.

  6. Истомин Е.П. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации. – СПб., 2007.

  7. Жмакин А.П. Архитектура ЭВМ. – СПб., 2006.


Қосымша әдебиеттер


  1. Ларионов А.М., Майоров С.А., Новиков Г.И. Вычислительные комплексы, системы и сети. – Л.: Энергоатомиздат, 1987.

  2. Таненбаум Э. Архитектура компьютера. СПб.: Питер, 2006-704с : ил.

  3. Гук М. Аппаратные средства IBM PC. - СПб.. Питер, 2002-928с : ил. Тынымбаев

  4. А. Гук. Процессоры фирмы Intel от 8086 до PENTIUM II. – Санкт-Петербург: Питер-Пресс, 1998г.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет