ЖІКТЕЛУІ - Сонымен қатар полимерлер химиялық табиғаты бойынша органикалық, бейорганикалық және элементорганикалық болып тағы бөлінеді.
- Органикалық полимерлер көміртегінен, сутектен, оттектен, күкірттен және азоттан тұрады.
- Бейорганикалық – кремний, алюминий, стронций, германий т.б. элементтерінен тұрады және оларда органикалық қосымша тізбектер болмайды.
- Элементорганкалық полимерлердің негізгі тізбегінің табиғаты бейорганикалық болады да, қосалқы тізбегінің табиғаты органикалық болады, немесе керісінше.
- Негізгі тізбегі көміртегі (С) атомынан тұратын полимер - органикалық деп аталады:
- Бейорганикалық полимерлердің молекулалары, әдетте, өздерінің негізгі тізбегінде көміртегі атомын құрамайды:
ЖІКТЕЛУІ Тізбекті құрылысы мен жоғары молекулалық массамен байланысты полимерлердің ерекше қасиеттері - Полимерлердің молекулалық массасы үлкен
- Полимерлер – полидисперсті
- Полимерлер ұшқыш зат емес.
- Полимерлер иілгіш
- Макромолекулалар ерудің алдында ісінеді
- Макромолекулалар ерітінділерінің тұтқырлығы өте жоғары
- Ерітіндіден еріткішті ұшырып жібергенде полимер кристалл емес, үлдір түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |