Конкурс қатысушыларына арналған бизнес-жобаны рәсімдеуі бойынша әдістемелік кепілдемелер



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата19.10.2022
өлшемі215.79 Kb.
#463003
түріКонкурс
  1   2   3   4   5
metod bala business kaz



«Bala business» конкурс қатысушыларына арналған бизнес-жобаны 
рәсімдеуі бойынша әдістемелік кепілдемелер 
 
 
Бизнес-жоспар деген не және не үшін керек
Бизнес-жоспар – бұл болашақ кәсіпорынның барлық аспектілерін 
сипаттайтын, алда кездесетін барлық мәселелерді талдайтын және осы 
мәселелерді шешетін жолдарды анықтайтын құжат. Сондықтан дұрыс 
құрылған бизнес-жоспар ең соңында мына сауалға жауап береді: бұл іске 
ақша салуға қажет пе және барлық жұмсаған күш пен қаражаттың кіріс есесін 
қайтара ала ма? 
Қазақстанда бизнес-жоспар дәстүрлі түрде сыртқы қаржыландыруды 
тарту мақсатында пайдаланады (субсидиялар, несиелер, гранттар және т.б.) 
және мына жағдайда қажет болады: 
Жаңа кәсіпорын, ұйым құруда; 
• Әрекеттенуші кәсіпорынды қайта құрғанда, мүліктің түрін өзгерткенде; 
• Банкрот-кәсіпорынның қаржылай сауықтыруында; 
• Кейбір ірі жобаларды іске асыруда (аймақтық өкілдіктің ашылуы, жаңа 
өнімдерді шығару, өндірісті кеңейту және т.б.). 
 
Жоспарлау мерзімі 
Жоспарлаудың стандартты мерзімі болмайды. Нақты айтса, қызметтің 
әртүрі жоспарлауы әртүрлі мерзімін талап етеді. Кейбір бизнестер 4-5 одан да 
көп жылда, басқалары – бір жылдың ішінде есесін қайтарады. Заманауи 
жағдайда бізді қоршаған орта тез өзгеріп, бүгінгі алған ақпарат ертең ескі 
болып қалады. Төлем қабілеті және сұраныс сипаты өзгереді, бәсекелестер 
жоқшылыққа ұшырайды және жаңалары пайда болады, сенімді 
макроэкономикалық болжаулар жоқ. Осының бәрі ұзақ мерзімге жоспарлауға 
күмән келтіреді. 
Бизнес-жоспар құрғанда келесі ұстанымды басшылыққа алуға болады: 
бизнес-жоспар жобаның кіріс есесін қайтаратын мерзімнен бір жылдан артық 
мерзімге әзірленеді. Кез келген жағдайда, егер де сіздерде ұзақ мерзімді жоба 
болса, сізге маркетинг және қаржы жоспарын құру күрделілеу болады және 
өз жобаңыздың қажеттілігін комиссияға дәлелдеу қиынға түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет