Конкурс аудан мектептеріне жоғары сапалы күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу үшін әлеуетті өнім берушілерді таңдау мақсатында өткізіледі


Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі



бет2/6
Дата23.02.2016
өлшемі1.01 Mb.
#6776
1   2   3   4   5   6

6.Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі.
35.Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда,жолдар арасында ешқандай өндірме,өшірілген сөздер немесе толықтырулар болауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

36.Әлеуетті өнім беруші баға ұсынысын конвертке желімдейді,оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы ,сондай ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» 2010 жылдың _____ақпанына (конкурсқа рұқсат беру хаттамада көрсетілген мерзімде) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ.

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен толықтырулар енгізуі сияқты,бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.



7.Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау.
37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні,уақытта және орында конкурстық комиссия кокурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелері арасынан белгілеген тұлға;

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

38.Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

39.Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы.Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе)олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

40.Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына-конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

41.Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен жұмыстарды осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса,конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады.

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса,конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

42.Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен жұмысты мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама рәсімдейді.

Жұмысты мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері ,сондай ақ хатшысы қол қояды.

43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару.

44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған.Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп табылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған.Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

45.Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып,конкурстық құжаттамада белгіленген,мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса кері қайтарылады.


9. Конкурс қортындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт.

46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қортындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

47) Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мелекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

48) Заңның 37-бабының 5,6,7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

49) Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

50) Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып,конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

51 ) Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші :

1) ол конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы,сондай ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымша.

Сатып алынатын жұмыстардың тізбесі






Тапсырыс берушінің атауы

Жұмытың атауы

Өлшем бірлігі

Саны,көлемі

Беру шарттары

(ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)



Жұмысты орындау

мерзімі


Жұмыстарды орындау орны

Аванстық төлем мөлшері %

Конкурс тәсілімен мемл.сатып алу үшін бөлінген сома,теңгемен




Райымбек аудандық білім беру бөлімі

№1 лот Бағаев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысын мемлекеттік сатып алу

№ 2 лот Жаменке орта мектебіне жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу

№3 лот Бөлексаз орта мектебіне жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу

№4 лот Т.Мұсақұлов атындағы орта мектептің жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу

№5 лот № 3 Кеген орта мектебінің жылу жүйесін айырбастау жұмысын мемлекеттік сатып алу


Кв,

Метр


Кв.метр

Кв.метр

Кв.метр

Кв.метр



3214

3200

3584

2514


3028




25.08.2010 ж

25.08.2010ж


25.08.2010ж

25.08.2010ж

25.08.2010ж




Алматы облысы Райымбек ауданы Алғабас ауылы
Алматы облысы Райымбек ауданы Қақпақ ауылы

Алматы облысы Райымбек ауданы Бөлексаз ауылы


Алматы облысы Райымбек ауданы Тұзкөл ауылы

Алматы облысы Райымбек ауданы

Кеген ауылы


30

30


30

30

30





56586000

9902550

9902550

8110660


9902550

Бөлімінің бастығы С.Боранғазиева.


20.01.2010 жыл.

Үлгі конкурстық құжаттамаға 2-қосымша.


Жұмысты мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық мазмұнның үлесі жөнінде мәлімет.
______________________________________________________________________

Әлеуетті өнім берушінің / мердігердің атауы




Р/с

Лоттың атауы

Жұмыстың аталуы

Сатып алуға бөлінген сома (мың тенге)

Оның ішінде

Қазақстандық мазмұнның үлесі %

(Гр 5,6/Гр 4)



Конкурстық өтінімнің шартты бағасына қазақстандық мазмұнға қатысты қолданған жеңілдіктің жалпы пайызы

Еңбек ақы,салықтық төлемдер өзге де шығындар

Отандық тауар өндірушімен өндірілген тауарларды/өнімдерді сатып алуға бөлінген сома барлығы (мың тенге)




































































































Барлығы




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет