Конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті»



Дата07.07.2016
өлшемі102.05 Kb.
#183405
түріКонкурс
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, оның ведомстволары, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының
әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға
ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ

090001 Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 үй,

анықтама телефоны (87112) 50-95-25,

факс 50-95-25 электронды мекенжайы filial.uralsk@statdata.kz

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарына орналасуға
ішкі конкурс жариялайды:


1. Өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасының басшысы («С-О-3» санаты, 1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 123 257 теңгеден 166 564 теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысын жүктелген міндеттерге сәйкес ұйымдастыру және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылау; өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы статистикалық жинақтар, бюллетеньдер және басқа статистикалық материалдарды дайындау; өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтау, жүргізу және жаңғыртуды қамтамасыз ету; мемлекеттік органдарды, іскерлік топтар мен қоғамды облыстың өндіріс және қоршаған орта, құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету; мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын заңды және жеке тұлғаларды статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету; заңды және жеке кәсіпкерлердің бастапқы жєне статистикалық есептерінің қойылуын қадағалауды жүзеге асыру; салалық каталогтерді жүргізу және оны жаңғыртуды жүзеге асыру; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы және несие, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2. Тіркелімдер басқармасының басшысы (С-О-3) (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 09.07.2018ж. дейін).

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 123 257 теңгеден 166 564 теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысын жүктелген міндеттерге сәйкес ұйымдастыру және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылау; халықаралық стандарттарға сәйкес мемлекеттік статистикалық тіркелімдерді жүргізу статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; статистикалық байқаулар өткізу; статистикалық ақпараттың есептеу әдістемесін түсіндіре отырып, тұтынушылармен жұмысты жүзеге асыру; мемлекеттік органдарды, іскерлік топтар мен қоғамды облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы объективті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету; статистикалық тіркелімдердің сапасы мен өзектендіруді қамтамасыз ету; тіркелімдік жүйелердің қалыптасуын қамтамасыз ету; мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын заңды және жеке тұлғаларды статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету; белгіленген талаптарға және Қауіпсіздік саясатына сәйкес алғашқы статистикалық деректерді қоса алғанда, құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету; барлық әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл, статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін олардан әкімшілік деректерді алу; заңды тұлғаларды, филиалдарды, өкілдіктерді және дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) деректерін өңдеу; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; статистикалық тіркелім негізінде экономикалық үрдіске талдау жүргізу, ҚҰЖЖ, ӘАНЖ, ЭҚЖЖ, КӨЖ мәселелері бойынша кеңес беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы және несие, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

      3. Аграрлық сектор статистикасы басқармасының басшысы (С-О-3).

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 123 257 теңгеден 166 564 теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысын жүктелген міндеттерге сәйкес ұйымдастыру және мамандарға жүктелген жұмыстар мен функциялардың орындалуын бақылау; аграрлық сектор статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; аграрлық сектор статистикасы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы статистикалық жинақ, бюллетеньдер және баспасөз-хабарламалар дайындау; шаруашылық есеп бойынша әдістемелік көмек көрсету; аграрлық сектор статистикасы бойынша ақпараттық-статистикалық дерекқорды жинақтау, жүргізу және өзектендіруді қамтамасыз ету; статистикалық ақпараттың есептеу әдістемесін түсіндіре отырып тұтынушылармен жұмысты жүзеге асыру; заңды және жеке тұлғалар үшін жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету; мемлекеттік статистика органдарына ақпарат ұсынатын заңды және жеке тұлғаларды статистикалық нысандар бланкілерімен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен қамтамасыз ету; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету; заңды және жеке кәсіпкерлердің бастапқы және статистикалық есептерінің қойылуын қадағалауды жүзеге асыру; салалық каталогтерді жүргізу және оны жаңғыртуды жүзеге асыру; ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өндірісі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы және несие, статистика), техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

      4. Үй шаруашылықтарын зерттеу басқармасының бас маманы (С-О-5).

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 123 257 теңгеден 166 564 теңгеге дейiн.

Функционалдық міндеттері: Өмір сүру деңгейі және үй шаруашылықтарын зерттеу статистикасы бойынша статистикалық жұмыстар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; сұхбат алушылардан алынған бастапқы статистикалық мәліметтердің дерекқоры негізінде статистикалық байқаулар мәліметтерінің дерекқорын қалыптастыру; сұхбат алушылардың жұмысын ұйымдастыру; статистикалық бақылау әдіснамасына сәйкес бастапқы статистикалық мәліметтерді түзету және қадағалау; белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс сапасын қамтамасыз ету; үй шаруашылығын зерттеу статистикасы бойынша жинақ, бюллетеньдер және басқа статистикалық материалдарды дайындауға қатысу; алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету; жұмысты талдау және ұйымдастыру қабілеті.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар және бизнес (есеп және аудит, экономика, қаржы және несие, статистика) мамандықтары, техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер) мамандықтары бойынша жоғары білім. Аталған санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Келесі құзыреттілігінің болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;



  1. мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар: Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясының қарауына азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады, олардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Әңгімелесу өткізудің мерзімі және орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны БҚО Орал қаласы, Мұхит көшесі, 50/1 мекенжайында орналасқан Департамент ғимаратында, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар етілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Шағымдану туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет