Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары



Дата09.07.2016
өлшемі27.36 Kb.
#186545
түріКонкурс
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Е-G-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

- «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2008 жылы 10 қаңтардағы № 5084 болып тіркелген.

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты




теңгеден

теңгеге дейін

Е-G-3

53813

72391


«Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ (101600, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50а, анықтама телефондары 8(72156) 5-34-12, 8(72156)4-08-44, факс: 8(72156)5-32-52, электрондық пошта: Shahtinsk_kadr@krg.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Шахан кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы (1 бірлік, № 06, санаты Е-G-3).

Қызметтік міндеттері:

Кентте коммуналдық қызметті ұсыну, жылу беру маусымына дайындық жүргізу және оны өткізу мәселесіне бақылау жасау және үйлестіру. Инженерлік жүйелердің және тұрғын үй қорының техникалық жағдайына, кент аймағынның санитарлық жағдайына жүргізілетін комиссиялық тексерістерге қатысу.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: техникалық; Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару және өзін өзі басқару туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңдарын, «Коммуналдық қызметтерді көрсету ережелері», «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; өкілетті орган белгілеген нысандағы сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) осы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны Шахтинск қаласы әкімінің аппаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Сертификат алу үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне келесі мекен-жай бойынша хабарласу қажет: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, 205 бөлме, анықтама телефоны: 8 7212 42-13-23.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет