Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары



Дата17.07.2016
өлшемі53.93 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасуға «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама


Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-О-2 санатына: Жоғары білім;
      Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; немесе мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы.


- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы


30 желтоқсанда № 12639 тіркелген, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты, теңге

min

max

D-О-2

163233

220697


«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ (100008, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32; анықтама телефондары: 8(7212) 41-14-80, факс: 8(7212) 41-14-79, электрондық пошта: karmadeniet@yandex.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ басшысының орынбасары (1 бірлік, № 01-03, D-О-2 санаты).

Функционалдық міндеттері: Бас маман-заңгердің, персоналды басқару жөніндегі бас маманның, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі бас маманның жұмысын үйлестіру. Мемлекеттiк органның қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсiндiру, мемлекеттiк органда жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру. Құрылтай құжаттарды әзірлеу және әділет органдарында мекемені тіркеуді қамтамасыз ету, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық негіздерін айқындау (бөлімдер туралы ережелерді әзірлеу). Жауапты жұмыскерлермен құжаттар жобаларының келісу кезеңдерін сақтауды тексеру; шарт жобалары бойынша келіспеушіліктерді шешу бойынша шаралар қабылдау. Қызметкерлердің жұмыстан босатылуының, оларға тәртіптік жаза қолдануының заңдылығын тексеруді жүзеге асыру. Тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге комиссиялардың қызметін үйлестіру, аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату рәсімдерін тексеру. Персоналды басқару жөнінде есептерді тапсыруға бақылау жүргізу. Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларын сақталуын, мемлекеттік мәдениет және мұрағат ұйымдарының жұмыскерлерін аттестаттаудан өткізілуін бақылау. Мемлекеттік құпияларды қорғау жұмыстарын жүзеге асыруды үйлестіру, басқарманың құпия іс қағаздарын жүргізуге, басқарманың және мұрағат мекемелерінің жұмыскерлеріне мемлекеттік құпияларға рұқсатты және қол жеткізуді ұйымдастыруға бақылау жасау. Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшелерінің жоспарлы және есепті құжаттаманы жүргізуге бақылау жасау. Іс жүргізу жағдайына және құжаттардың сақталуына ұйымның жоспарлы тексерулеріне қатысу

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Білімі – «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану); Қазақстан Республикасының Еңбек, Азаматтық, Азаматтық-процессуалдық, Салық, Бюджет кодекстерін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын білуі, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланған соңғы күннен бастап 5 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы жіберген құжаттар қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет