Конкурстық ҚҰжаттама тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша


Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің



бет2/3
Дата08.07.2016
өлшемі279 Kb.
#185348
түріКонкурс
1   2   3

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
      35. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:
      1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;
      2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;
      3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.
      36. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС (конкурстың атауын көрсету қажет) - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ".
      Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық

комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
      37. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.
      Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.
      Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:
      конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;
      конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;
      конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.
      38. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.
      39. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.
      40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан еспубликасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.
      41. Конкурстық комиссия:
      1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;
      2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;
      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;
      4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.
      42. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
      43. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.
8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару
      44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:
      1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;
      2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;
      3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;
      5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.
      45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

      1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;


      2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;
      3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;
      4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.
9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт
      46. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

      47. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

48. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу талаптарынан тұруы тиіс.

49. Отандық тауар өндірушілермен жасалған шарт, тауарларды жеткізу кезінде алдын ала төлем немесе толық төлеу шартынан тұруы тиіс. Осы жағдайда толық төлем мерзімі осы шарт бойынша міндеттемелерді толық орындау күнінен бастап, отыз күнтізбелік күнінен аспауы тиіс.

      50. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.
      51. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:


  1. ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

  2. мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

                                               

   Конкурстық   құжаттамаға


                                                        1-қосымша

Сатып алынатын тауарлардың тізбесі
Тауарларды конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу


          Лот     N



Тапсырыс берушінің атауы

Тауардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны көлемі

Жеткізу шарты
(ИНКО-ТЕРМС
2000-ға сәйкес)

Тауарларды жеткізу мерзімі

Тауарларды жеткізу орны

Аванстық төлем мөлшері %

Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға бөлінген сома, лот бойынша, мың теңге

1

М.Әуезов атындағы ОҚМУ РМҚК

Лот №1 – Nano Educator нанотехнологиясы бойынша ғылыми-оқу зертхана кешені, 7 жұмыс орнына арналған

НУЛБ СЗМ NE2/7




комплект

1



31 тамыз 2012 ж.



Шымкент қ., Тәуке хан даеңғ., 5

30

26500,0

  * Тауарлардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетіледі.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ РМҚК РМҚК М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

ӘШҚ жөніндегі проректоры

_______________ Мырхалықов Ж.Ү.

________________ Д. Тағыбаев

2012ж.                2012ж.                             

   


  Конкурстық құжаттамаға
                                                        2-қосымша


Сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктері

Лот №1 – Nano Educator нанотехнологиясы бойынша ғылыми-оқу зертхана кешені, 7 жұмыс орнына арналған

НУЛБ СЗМ NE2/7


Сканерлегіш зонд микроскобы «Nano Educator NE»

Атомдық – күш беруші микроскопия (АКМ)

Бедердің өлшемі / Фазалар кескіні / Күш беруші спектроскопия

Сканерлегіш туннельді микроскопия (СТМ)

Тұрақты токтың, тұрақты биіктіктің әдістері қолданылады

7 жұмыс орнына арналған НУЛБ СЗМ NE2/7 кешеннің құрамы

СЗМ базалық блогы

XY жазықтығында үлгінің қолмен позициялау қызметін жүзеге асыру, ауысымды өлшеуіш басын орнатуда моторлы ауыстыруды жүзеге асыру, үлгіні зондқа жеткізуге, сканерлеуге, үлгі мен зондтың позициялауын қадағалауға арналған

СЗМ басы

Пьезоқұбырлы зондпен беруге арналған

Реттегіш СЗМ

DSP мен AFM төлемінен тұруы қажет. HV төлемін ( X. Y и Z ± 150 V шығуы). Контроллердың өздiгiнен диагностикалау төлемі.

Қоректену кернеуi 90-240 В дейін. 50 Гц/60 Гц. Қуаттылығы 210 Вт. Корпусы schroff



Құрал саймандар жиынтығы

  • -әмбебап ұстаушы -2;

  • поликор төс етегiне бекiтiлген үлгi тұтқышы-1;

  • -поликор төс етегі -2;

  • пинцет-1

Зонд алуға арналған үшiн құрылым

Өдеуге қажетті кернеу. Өндеу үшiн КОН. / U=9B, ток 1=100 мА сілті ерiтiндiсi қолданылады

Тор жиынтығы

-Z калибрация үшiн

-квадратты, X. Y.Z бағытында бiр мезгілде калибрлеу үшiн| кремний/



Тестiлiк үлгiлер комплектiсі

калибрлі тордан тұруы қажет ( АКМ үшін)

компакт немесе DVD дискі деректерінің фрагменті ( АКМ үшін)



  • никельден жасалған компакт-дискілер фрагментінің матрицасы ( СТМ үшін)

Литография үлгісі

Датчиктер жиынтығы

Құбырлы ұстағышы бар 7 зондты датчиктер және қысқыш түріндегі ұстағышы бар 1 зондты датчик.

Әдебиет

Оқулық "Основы сканирующей зондовой микроскопии"

Оқу-әдістемелік құралдар

5 жұмысқа арналған лабораториялық практикум

Деректерді өңдеуге арналған құрал

Apple iMac 21"

Apple iMac 27"

Сканер

Түрлі- түсті лазерлі принтер

Программамен қамтамасыз ету

Совместимое позволяющее осуществлять просмотр изображений в формате 2D, 3D форматында көрсетуге мүмкіндік беретін Macintosh қосарлануы, 5 түрлі фильтрацияны пайдалану, өңдеу және деректер анализі. Басқару программасында төмендегілер болуы шарт:

-өлшеуге даярлық процедурасы

-осы конфигурацияда бекітілген тапсырмалар мен параметрлерді қарау

-үлгінің беткі жағын қарау және зонд пен үлгінің орналасуын қадағалау

-жеткізу процедурасын басқару

-сканерлеу және спектроскопиялық өлшемдер процедураларын басқару



Жеткізуге қойылатын талаптар:

1.Ғылыми-оқу зертханасы мына мекн-жайға жеткізіледі: Шымкент қ., Тәуке хана даңғылы, 5 , М.Әуезов атындағы ОҚМУ РМҚК.

2.Кескіндерді міндетті түрде ұсыну (графикалық және т.б.), сапалы тауар, осы жабдық бойынша тауарды моделін, маркасын және өндіруші туралы толық техникалық сипаттамасын көрсету.

1. Өндірушінің осы Жеткізушімен қарым-қатынасы туралы құжаттаың болуы (жеткізу контракты, сенімхат, ресми дистрибьюторлік сертификаты, М.Әуезов атындағы ОҚМУ РМҚК арналған хат - авторизация).

2. тауар қоюдың кепілдік мерзімі 1 жылдан кем емес.

3. Жеке сервис орталығыны болуы (өндірушінің жазбаша түрдегі растау хаты ).

4.Тауар жекізу мерзімі – конкурстық құжаттаманың I қосымшасына сәйкес 31 тамыз 2012ж.

5. Барлық жабдықтар жаңа соңғы стандарттармен жасап шығарылған және де соңғы технологиялық жетістіктерді көрсетуі тиіс.

6. Все товары должны соответствовать или превышать требования Технических спецификаций по Өнімділігі мен эргономиялық көрсеткіштері бойынша барлық тауарлар тех. Ерекшілік талаптарына сай немесе одан жоғары болуы тиіс (мәзірі мен командалары орыс тілінде болуы тиіс).

8. Жабдықтың монтажы, инсталляциясы Тапсырыс берушінің бөлмесінде болуы қажет, жабдықпен жұмыс жасауға оқыту кемінде 3 күн.



ӘШҚ жөніндегі проректоры Д. Тағыбаев



Конкурстық   құжаттамаға
                                                        3-қосымша     

Конкурсқа қатысуға өтінім
  (заңды тұлғалар үшін)

Кімге _________________________________________________________________


  (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен __________________________________________________________________
         (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:




Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары




Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы




Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні




      2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес, тауарды(ларды) жеткізуді жүзеге асыруға келісім білдіреді.
      3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
      Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 10-тармағында көзделген тауарды(ларды) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.
      4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы берілетін тауарды(ларды) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
      Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
      5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
      6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
      7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.
_________________________________________________
______________________________/__________________/
____________________________________________________________
(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

      Толтырылған күні ___________________________________
     
М.О.


Конкурстық   құжаттамаға
                                                       4-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім
   (жеке тұлға үшін)

Кімге __________________________________________________________________


  (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)
Кімнен __________________________________________________________________
          (әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)

  1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын
құжатқа сәйкес Т.А.Ә.




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекен-жайы




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы




Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес конкурс мәніне сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы




Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почталық мекен-жайы мен электрондық почтасының мекен-жайы (ол болған кезде)




    

  2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды(ларды) жеткізуді жүзеге асыруға келісім білдіреді.


      3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.
      Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 10-тармағында көзделген тауарды(ларды) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.
      4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы берілетін тауарды(ларды) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.
      Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.
      5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.
      6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).
      7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

__________________________________________________________________


(Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет