Конкурстық ҚҰжаттама


Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі



бет2/12
Дата14.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#135170
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

14. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты почталық байланысты пайдалана отырып 2010 жылғы 19 ақпанда 10. 00-ге дейін (қоса алғанда) мына мекен-жай бойынша береді: Астана қаласы Есіл өзенінің сол жағалауы, 35-көше, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, 209-кабинет, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты Ж.А. Есілова.

15. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткеннен кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге не алғаны туралы қолхатпен әлеуетті өнім берушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады.

16. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді.

17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптары бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
18. Әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген қамтамасыз етуді қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертуі немесе қайтарып алуы мүмкін. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты дайындалуы, желімделуі және ұсынылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама әлеуетті өнім беруші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді.

      Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

20. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей нақты уақыт кезеңіне арналған өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуын жасауға құқылы. Әлеуетті өнім беруші мыналарды жоғалтпастан мұндай сұрау салудан бас тартуға құқылы:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тәсілімен жүргізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу;

21. Әлеуетті өнім беруші конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға оның қатысуымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2010 жылғы 19 ақпанда 11. 00-де мына мекен жай бойынша: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, 35-көше, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, мәжіліс залында жүргізеді.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға арналған бір ғана өтінім ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтінім де ашылады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, 35-көше, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, мәжіліс залында, 2010 жылғы 19 ақпанда, сағат 10.00-ден 10.55-ке дейін өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

25. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мәліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілі, ал тапсырыс беруші және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан әрекет еткен жағдайларда конкурстық комиссияның хатшысы қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы туралы;

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті өнім берушілердің саны;

әлеуетті өнім берушілердің сұрау салуларының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті өнім берушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің, сондай-ақ себептерінің бар немесе жоқ екендігі;

тиісті тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті өнім берушілер;

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға белгілеген тұлға:

   конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілдерін конкурстық комиссия отырысының көрсетілген хаттамасының көшірмесін ала алатын мерзім туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетіне қол қояды.

Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы хаттамасының көшірмесі конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысқан әлеуетті өнім берушіге немесе уәкілетті өкілдерге конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі төрт жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қатыспағандарға - олардың жазбаша сұрауы бойынша сұрау алынған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынылады.    

 

5. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына
сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және
әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу
26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.

27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім берушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.
  Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін деп қарайды.

28. Конкурстық комиссия мынадай жағдайларда әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды:


      1) әлеуетті өнім берушінің және ол тартатын қоса орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растауға арналған құжатты (құжаттарды) ұсынбаған не тиісті түрде ресімделмеген күйде ұсынған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған.

Әлеуетті өнім берушіні Заңның 9-бабының 1-тармағында көзделмеген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берілмейді.

29. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, онда:

конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі;

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) біліктілік талаптарына және конкурсқа қатысуға жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) мынадай өлшемдердің проценттік мәнін қолданады:

әлеуетті өнім берушіде:

өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің;

өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын көрсетілетін қызметтер нарығында кәсіби біліктілік деңгейі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандардың;

мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес сапаның сертификатталған менеджмент жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын;

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамаларын және (немесе) пайдалану шығыстарын, сатып алынатын тауарларға техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді;

қазақстандық мазмұнды көздеуге міндетті.

Конкурстық комиссия барлық ұсынылған конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде Заңның 17-бабының 4-тармағында санамаланған, конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдерді ескереді және оларды тең мөлшерде барлық конкурстық өтінімдерге қолданады.

Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемді растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолданбайды. Конкурстық баға ұсынымын шартты азайтуды қолдану үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартқа енгізілуі тиіс.

Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысатын әлеуетті өнім берушінің (қосалқы мердігердің) жұмыс тәжірибесінің болуы мәселесін қараған кезде конкурстық комиссия осы конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету нарығында ғана жұмыс тәжірибесін қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде әлеуетті өнім берушінің бір жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтағы жұмыс тәжірибесінің болған әрбір жылға жарты процентке (0,5%), бірақ бес проценттен аспай азайтады. Бір жылға дейін жұмыс тәжірибесі болған немесе ол болмаған жағдайда осындай процент белгіленбейді. Осы өлшемнің конкурстық өтінімінің шартты бағасына жиынтық пайыздық әсері бес пайыздан аспауға тиіс.

Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасын әлеуетті өнім берушінің біршама басқа әлеуетті өнім берушілерге қарағанда тиісті бейінді неғұрлым білікті қызметкерлерді бергені үшін азайтады.

Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды растайтын құжат болған кезде конкурстық комиссия осындай конкурстық өтінімнің бағасын шартты түрде үш пайызға азайтады.

Әлеуетті өнім беруші жеткізілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, ұсынылатын қызметтердің конкурстық құжаттамаға сәйкестігін қамтамасыз ете отырып, ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің пайдалану сипаттамаларына кепілдік берілетін кезеңді көрсетеді. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің шартты бағасынан, егер конкурстық өтінімде ұсынылатын кепілдік кезеңі конкурстық құжаттамада көрсетілген базалықтан артық болған жағдайда, әрбір жыл үшін жарты пайызды (0,5%) алып тастайды. Бұл ретте осы өлшемнің конкурстық өтінімнің шартты бағасына пайыздық әсері үш пайыздан аспауға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамалары үшін конкурстық өтінімдердің шартты бағасына әсер ететін бір пайызды белгілейді. Осы өлшемдердің конкурстық өтінімнің бағасына жиынтық пайыздық әсері бір пайыздан аспауға тиіс.

Конкурстық комиссия қазақстандық мазмұнның бар екендігін қараған кезде қазақстандық мазмұнның әрбір он пайызы үшін конкурстық өтінімнің бағасын бір пайызға азайтады.

Әлеуетті өнім беруші тауарларының қазақстандық мазмұны мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы құнының мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындау үшін осы тауарларды әлеуетті өнім беруші сатып алатын отандық тауарөндірушілер тауарлары құнының пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Егер тауарлардың әлеуетті өнім берушісі сатып алынатын тауардың отандық тауар өндірушісі болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімнің бағасын қазақстандық мазмұн болғаны үшін он пайызға азайтады.

Жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің әлеуетті өнім берушісінің қазақстандық мазмұны: сатып алу туралы шарттың жалпы құнының әлеуетті өнім беруші сатып алу туралы шартты орындау үшін жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алынатын отандық тауар өндірушілердің тауарлары құнының, жұмыстарды, қызметтерді тікелей де, сондай-ақ қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау үшін әлеуетті өнім беруші жалдаған жеке тұлғалардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің еңбегіне ақы төлеудің пайыздық мазмұны ретінде анықталады.

Конкурстық комиссия жұмыстардың отандық әлеуетті өнім берушісінің конкурстық өтінімінің бағасын бес пайызға азайтады.

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді және конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық баға ұсыныстарын беру күнін, уақытын, орнын белгілейді.

31. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде көрсетілген хаттаманың көшірмесін конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық әлеуетті өнім берушілерге береді немесе жібереді, сондай-ақ қол қойылған хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастырады. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешімі Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағымдалуы мүмкін.



6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі
32. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары 5-қосымшаға сәйкес мынадай түрде ресімделеді:

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУЫ БОЙЫНША КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС – КОНКУРСТЫҚ БАҒА ҰСЫНЫМЫ - "2010 ЖЫЛҒЫ «___» _______ САҒАТ «____» ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ".  

Конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді беру күні, уақыты және орны конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада көрсетіледі. 

Қатысушының бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
      34. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.


      Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронологиялық тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронология тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.


  35. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

36. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

37. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

38. Конкурстық комиссия:

      1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысу-шының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

39. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
40. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.

8. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік

сатып алу туралы шарт
41. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес және Жұмыстарды (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.

42. Тапсырыс беруші шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде енгізілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

43. Заңның 37-бабының 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда шарт бір қаржы жылынан артық мерзімге оны жасасу туралы ережелерді қамтуы тиіс.

44. Шарт мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы жағдайларды қамтуы тиіс.

45. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шарттың бағасының 3 (үш) проценті мөлшерінде мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

46. Мөлшері төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын тиісті қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді жеткізген жағдайда өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз міндеттемелерін уақтылы, толық және тиісті түрде орындауға кепілдік ретінде енгізеді.

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мөлшерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерінде белгілейді.

Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:


  1. тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

  2. мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.                                              

1-қосымша   


 Сатып алынатын қызметтердің тізімі

Қазақстан Республикасы үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік

маңызы бар жобаларды орындауы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс



Лоттың №

Тапсырыс

берушінің атауы




Көрсетілетін қызметтердің атауы

Өлшеу

бірлігі



Саны, көлемі

Жеткізу шарттары
(ИНКО-ТЕРМС
2000 сәйкес)

Қызметтерді көрсету мерзімі



Қызметтерді көрсету орны

Аванстық төлемнің көлемі,
%


Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сома

(N лот бойынша),

мың теңге


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – ҚР МАМ)


Мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар



Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ


Қазақстанның әдеби, рухани мұрасын танымал ету жөніндегі мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстарды дамыту


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар



Қазақстан Республикасы


50 %

3 000 000





ҚР МАМ

Тарихи-ағарту сипатындағы мемлекеттік тілдегі интернет-ресурстарды дамыту


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2,3,4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

3 000 000





ҚР МАМ

«Менің Қазақстаным» тақырыбында мемлекеттік тілде балаларға арналған безендірілген оқу басылымдарын әзірлеу және басып шығару

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Бұқаралық аудиторияға арналған өнімдер шығара отырып, қазақ халықтық шығарманы, ақындық және музыкалық мұраларды танымал ету жөніндегі іс-шаралар

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге сараптама қоғамдастығын және кең ауқымды жұртшылықты тарту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Мемлекеттік тілде интернет-журналистиканы дамыту жөнінде іс-шаралар кешенін өткізу

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-тоқсандар



Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Мемлекеттік тілді танымал ету үшін жастарға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

7 000 000





ҚР МАМ

Ұлттық ойындар мен дәстүрлерді танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

4 000 000





ҚР МАМ

Республикалық этномәдени бірлестіктерне қолдау көрсету және Қазақстан халқы бірлігін нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

45 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы


50 %

30 000 000





ҚР МАМ

Біріккен ұлттар ұйымы жариялаған Мәдениеттерді жақындастыру жылы аясында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан композиторларының шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстанның жас музыка қайраткерлерінің шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстанның қазіргі заманғы музыкалық мәдениетін танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан дизайнерлерінің шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан сәулетшілерінің шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан суретшілерінің шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2,3, 4- тоқсандар

Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан театр қайраткерлерінің шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан жазушыларының шығармашылығын қолдау және танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан хореографтарының шығармашылығын қолдау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстандық БАҚ кәсіптік деңгейлерін арттыру және өзін өзі реттеу институттарын қалыптастыру жөніндегі іс-шараралар кешенін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

ХХ ғасырдағы қазақстандық музыка қайраткерлерінің шығармашылығын танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3, 4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы


50 %

7 000 000





ҚР МАМ

Қазақстанның кинематографистерінің шығармашылығын қолдау мен танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2,3,4-

тоқсан



Қазақстан Республикасы


50 %

5 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан мүсіншілерінің шығармашылығын қолдау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы

50 %

4 000 000





ҚР МАМ

1941-1945 жылдардығы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына арналған Қазақстан суретшілерінің көрмелерін ұйымдастыру


Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4

тоқсандар




Қазақстан Республикасы

50 %

10 000 000





ҚР МАМ

Қазақстан халқының рухани мәдениетін қалыптасыру тарихына бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4- тоқсандар


Қазақстан Республикасы

50 %

4 000 000





ҚР МАМ

Асан Қайғы, Шалкиіз, Досмамбет Азауұлы және XV-XVII ғасырлардағы басқа да интеллигенция өкілдерінің ақындық шығармашылығын дәріптеуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар




Қазақстан Республикасы

50 %

4 000 000





ҚР МАМ

«Ұлттық өнер - жастар қолымен» шығармашылық жастар арасында ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу.

Көрсетілетін қызметтер

1

-

2, 3,4-

тоқсандар





Қазақстан Республикасы

50 %

4 000 000




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет