Конкурстық ҚҰжаттамасы тапсырыс беруші


Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі



бет2/4
Дата14.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#135911
түріКонкурс
1   2   3   4

6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

 

38. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:



1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы  және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуге тиіс.

39. Әлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «Құрылыс жұмыстарды қайта сатып алу конкурсы» - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ».

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.
7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық

комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау
40. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртібімен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

41. Конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

42. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуға құқылы. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс.

43. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әр түрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

44. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздемелер бойынша конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан көп конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысатын болса, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген өлшемдердің проценттік мәнінің олардың конкурстық баға ұсыныстарына қатысты қолдану арқылы осы конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын айқындайды;

4) ең төмен шартты төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын анықтайды.

45. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңімпазын анықтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттама ресімдейді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың әрбір бетіне конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ хатшысы қол қояды.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынуға міндетті.


8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

 

47. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді:



1) осы әлеуетті өнім беруші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген;

5) әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен.

48. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті өнім беруші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде табыс етпесе не кері қайтарып алса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаса не уақтылы орындамаса қайтармайды.


9. Конкурс қорытындылары бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт

 

49. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Заңның талаптарына сәйкес Жұмыстарды (тауарларды/көрсетілетін қызметтерді) мемлекеттік сатып алу туралы үлгі шарт негізінде, 11 Қосымшаға сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалады.



50. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мерзімі мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын әлеуетті өнім берушіге жіберген күннен бастап, күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

51. Өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс.

52. Егер әлеуетті өнім беруші Заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алу туралы шартты қол қойып тапсырыс берушіге ұсынбаған жағдайда мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып саналады.



53. Әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгізген өтінімді қамтамасыз етуді ұстап қалады және тиісті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады және мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді;

2) мұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Конкурстық құжаттамаға

1-қосымша



Сатып алынатын жұмыстардың тізбесі


Лот



Тапсырыс

берушінің

атауы

Жұмыстың

атауы

Өлшем

бірлігі

Саны,

көлемі

Жеткізу шарттары

(ИНК ОТЕРМС

2000 сәйкес)

Жұмыстарды

орындау

мерзімі

Жұмыстарды

орындау

орны

Аванстық

төлем мөлшері,

%

Конкурс

тәсілімен

мемлекеттік

сатып алу

үшін бөлін-

ген сома,

теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ММ

Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында «Қарасу» мемлекеттік резиденциясындағы тікұшақ алаңын кеңейту

Жұмыстар

1

-

2012 жылғы

20 желтоқсан



Астана қ.

30

276 770 571

* Жұмыстардың толық сипаты мен сипаттамасы техникалық ерекшеліктерде көрсетілген.


Іс басқарушы _________________ С. Үмбетов

Заң бөлімінің меңгерушісі _________________ А. Әмірғалиев

2012 ж. «______» __________

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша


1 лот - «Щучье-Бурабай курорттық аймағының аумағында «Қарасу» мемлекеттік резиденциясындағы тікұшақ алаңын кеңейту» объектісін салу жөніндегі

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
1. Жалпы бөлім

Объектідегі құрылыс-монтаждау жұмыстары «Қазаэрожоба» РМК әзірлеген және «Мемсараптама» РМК ЗФ-ның 2011 жылғы 13 маусымдағы №02-0292/11 қорытындысы негізінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілу тиіс.


2. Объект орналасу жері

Тікұшақ алаңының құрылысын жүргізу жер учаскесі Щучье-Бурабай курорттық аймағының «Қарасу» резиденциясы аумағында Қарасу көлінен 200 метрде орналасқан.


3. Жобалық шешімдер

Тікұшақ алаңын кеңейту жөніндегі жұмыс жобасын әзірлеу мынадай нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес орындалған:

- ҚР ҚНжЕ 3.03.-03-2001, Әуеайлақтар;

- ҚР ҚНжЕ 2.05.08-85 Әуеайлақтар (ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес болатын бөлігінде);

- Халықаралық стандартар мен Ұсынылатын іс-тәжірибе. Әуеайлақтар. Халықаралық азаматтық авиация туралы конференциясына 14-қосымша. ІІ том, Тікұшақтар, үшінші басылым – 2009 жылғы шілде айы, ИКАО;

- Халықаралық стандартар мен Ұсынылатын іс-тәжірибе. Халықаралық азаматтық авиация туралы конференциясына 6-қосымша. Әуе кемелерін пайдалану, ІІІ бөлім. Халықаралық ұшулар. Тікұшақтар, бесінші басылым – 2001 жылғы шілде айы, ИКАО;

- Тікұшақ айлақтары жөніндегі нұсқаулық (Doc9261-AN/903), үшінші басылым – 1995, ИКАО, МИ-172, ЕС-225 үлгісіндегі салмағы орташа (ұшу массасы 5 тоннадан 15 тоннаға дейін) санаттағы тікұшақтарды пайдалануға арналған алаңдар үшін.
4. 2012 жылы орындалатын жұмыстар

1. Жаңа цементбетонды жабынды салумен және қолданыстағы жабындыға цементбетоннан тегістеу қабатын төсеумен пайдаланудағы тікұшақ алаңын кеңейту;

2. Барлық қажетті жарықтар мен қосалқы жарықтандыру шамдарын орнатумен жарық және сигнал беру жабдығын қайта жаңарту;

3. Су таратуды жайғастыру және жер үстіндегі ағынды тазарту құрылғыларын салу;

4. Электр энергиясымен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту.


р/с №

Жұмыс атауы

Бірлік өлшемі

Саны

1

Тікұшақ алаңы

м²

6372,0

2

Коллектор орнату

м

413,3

3

Жабық су беру науалары

м

226

4

Сымдарды жерге қосу жұмыстары

м

300

5

Жарық пен сигнал беру жабдығы

жиынтық

1

6

Жер үстіндегі тазарту құрылғылары

сағ/м³

10,8

7

Аумақты абаттандыру

м²

862,0

8

Дайындық жұмыстары

га

0,9861


5. Сатып алынатын жұмыстарды орындаушыға қойылатын қажетті талаптар

Құрылыс құнына төмендегілер кіреді:

- ЖСҚ-ға сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау құны (технологиялық жабдықты, жиһазды, құрал-жабдық пен басқа да материалдарды сатып алу және құрастыру құнын қоса алғанда);

- құрылыс барысында қажеттілігі пайда болатын ЖСҚ-ны түзетуге арналған шығындар;

- бүлінген жер учаскелерін кайта құнарландыруға байланысты шығындар;

- іске қосу-жөндеу жұмыстарының шығындары;

- жүктерді тасымалдау мен сақтау шығындары;

- кеден алымдары шығындары;

- құрылыс аумағындағы инженерлік желілерді шығару шығындары;

- сыртқы инженерлік коммуникацияларға желілерді қосу шығындары;

- жасыл екпелерді жою және қайта отырғызу шығындары;

- материалдарға, өнім мен жабдыққа сертификаттар мен паспорттарды алу шығындары;

- материалдар мен жабдықты импорттауға лицензия алу үшін шығындар.

Конкурстық құжаттамаға

3-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(заңды тұлғалар үшін)

 

Кімге ______________________________________________________________________________



                                                 (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен _______________________________________________________________________________

                                                             (әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер заңды тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:



 

Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекен-жайы және байланыс телефондары

 

Заңды тұлғаның банктік деректемелері (СТН, БСК, ЖСК), сондай-ақ заңды тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

 

Заңды тұлғаның бірінші басшысының аты-жөні

 

 

2._________________ (заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету қажет) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажетін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Заңның 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісім білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқықтық қабілеттілігі, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) дұрыс емес ақпарат бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда мұндай дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________________/__________________/

____________________________________________________________

(Заңды тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің лауазымы, Т.А.Ә. және қолы)

 

Толтырылған күні___________________________________

 

М.О.

Конкурстық құжаттамаға

4-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлға үшін)

 

Кімге __________________________________________________________________



(мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы көрсетіледі)

Кімнен __________________________________________________________________

(әлеуетті өнім берушінің атауы толық көрсетіледі)

 

1. Конкурсқа қатысуға үміткер жеке тұлға (әлеуетті өнім беруші) туралы мәліметтер:



 

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Т.А.Ә.

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің жеке басын куәландыратын құжат деректері

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің тіркелген мекен-жайы

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің іс жүзіндегі тұрғылықты мекен-жайы

  

Тіркеу туралы куәліктің, патенттің не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурс мәніне

сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқық беретін өзге де құжаттың нөмірі



  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің банктік деректемелері (СТН, БСН, ЖСК), сондай-ақ жеке тұлғаға қызмет көрсететін банктің немесе оның филиалының толық атауы мен мекен-жайы

  

Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің байланыс телефондары, почталық мекен-жайы мен электрондық

почтасының мекен-жайы (ол болған кезде)



  

 

2. ___________ (жеке тұлғаның Т.А.Ә. көрсетіледі) осы өтініммен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуға (конкурстың толық атауын көрсету) әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға ниет білдіреді және конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес (тауарды(ларды) жеткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді - қажеттісін көрсету керек) жүзеге асыруға келісім білдіреді.

3. Әлеуетті өнім беруші осы өтініммен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 6-бабында көзделген шектеулердің бұзылуы жоқтығын растайды.

Осымен, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен»«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 9-тармағында көзделген (тауарды(ларды), жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажетін көрсету керек) мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзуға келісімін білдіреді.

4. Әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамамен танысқандығын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға және конкурстық комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы (берілетін тауарды(ларды), орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді - қажеттісін көрсету) дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгендігін растайды.

Әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

5. Осы конкурстық өтінім___күн ішінде қолданылады.

6. Біздің конкурстық өтінім жеңді деп танылған жағдайда, біз мемлекеттік сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайтын сомада енгіземіз (егер де конкурстық құжаттамада шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізу көзделген болса көрсетіледі).

7. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жасасу сәтіне дейін конкурсқа қатысуға осы өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

__________________________________________________________________

______________________________/__________________/

(Жеке тұлғаның - әлеуетті өнім берушінің Т.А.Ә. және оның қолы)

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет