Конспект Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер Конспект Неолит төңкерісі Конспект



бет44/51
Дата05.12.2022
өлшемі309.38 Kb.
#466574
түріКонспект
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
онлайн мектеп 1

Тезистер

  • Көтерілістің алғышарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі; Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс.

  • Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды.

  • Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.

  • Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының зардабы үлкен болды.

  • Тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты.

  • Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды.

  • Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.

  • Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.

  • Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.

  • Кейбір мәліметтерде көтерілісшілер саны 3500 адам деп айтылады.

  • С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.

  • Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз ханы Нұралы мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.

  • Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы – батыр Сырым Датұлы.

  • Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды.

  • Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды.

  • Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.

  • Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар және Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды.

  • 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті.

  • 1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды.

  • 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруі және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады.

  • Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.

  • 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады.

  • Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді.

  • Сырымның екі жақты – Орал казактары және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.

  • Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан, Айшуақ сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесі құрылады. Осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысады.

  • 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.

Малшаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдын бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының жарғысы» елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты қалыптасты.
Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінің әлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша үкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады. 1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырған оның үлкен ұлы Уәлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды – Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады.
Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тәртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанскийдің Г.С. Батеньковтың мәлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындаған «Жарғының» басты мақсаты – Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тәртіпті әлсірету еді.
Орта жүз әкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50-70 шаңырақтан, болыс 10-12 ауылдан, округ 15-20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, кейін 1839 жылы Омбы болды. 
Жарғы бойынша батыс шегарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар – Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Патша үкіметі хан тұқымынан шыққан сұлтандардан және халық арасында ықпалды билерден қолдау табу үшін сұлтандардың әкімшілік қызметке сайлануын қолдап отырды. Бірақ мұндайда сұлтанның хан тұқымынан шығуы міндетті болған жоқ, ең бастысы патша үкіметіне адал қызмет көрсету болды. Осылайша қазақтың хан тұқымынан шыққан сұлтандары енді патша үкіметінің шенеуніктеріне айналды.
Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша үкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік берді. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршыл биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе Облыстық басқарма бекіткен туысы басатын.
Болыстық сұлтандар Ресейдің әкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді.
Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланып отырды. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталарға тең болды.
«Жарғы» бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатысып, қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды.
Кейін Сібір казақтарын билеу Шегаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шегаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағынды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды.
Жалпы алғанда 1822 жылғы «Жарғы» патша үкіметі үшін Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашты. Енді қазақ даласындағы хандық басқару жүйесі біржолата күйреп, оның орнына Ресейдің отаршылдық үкімет органдары берік орнықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет