- сызғыш және өлшеуіш цилиндрді қолданып ұзындықты немесе көлемді
анықтауды сипаттау
және пайдалану;
- аналогтық немесе сандық сағаттарды қолданып уақыт интервалын өлшеуді
сипаттау және пайдалану;
- еселі мәндері арқылы кіші қашықтықтың және кіші уақыт интервалының
орташа
мәнін анықтау (мысалы, маятниктің тербеліс периоды).
1. Сызғышпен өлшеу (Дұрыс және бұрыс өлшемді денелерді өлшеу)
2. Құралдардың бөлік құнын анықтау
Екі суретте де төменге қарай қозғалған сипатты көреміз. Қос суреттің
ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз?
«Екі суреттегі денелердің көлемін қандай жолмен өлшеп табуға болады?» -
сұрағы қою арқылы пішіні бұрыс денені өлшеу әдістері көрсетіледі.
Физика пәнімен алғаш рет танысқан оқушылар үшін
бастапқы
тақырыптардың бірі құралдардың өлшемі, бөлік құны,
абсолюттік қателігі
бағытында тақырып кездеседі. Күнделікті өмірмен байланыстыру үшін оқушылар
тұрмыста қолданатын түрлі ыдыстардың сипатына назар аудартамын.
««±» белгісі
не үшін тұрады? Әділдік ыдыс үшін қажет пе?» - деген сұрақтар қою арқылы
формулалармен есептеу жолдарын көрсетемін.
7-сыныпта танысатын тақырыптардың бірі қозғалысқа негізделеді.
Оқушылар күнделікті өмірде қозғалыс кезінде әр нүктесіндегі жылдамдық
бірқалыпты бола алмайтынын түсінгеннен соң осындай сурет арқылы ойларын
қозғап қараймын.
Оқушылардың көпшілігі физикалық шамалардың бір-біріне тура
пропорционал және кері пропорционал екендігін
ажырату қиындыққа соғып
жатады.
Сынып оқушыларымен бірге суреттегідей тәжірибе жасап қараймыз.
Қорытынды негізінде ауданның қысымға кері пропорционал екенін көреміз.
Жануралардың табан ауданына байланысты ұлттық құндылық пен тарихымызды
байланыстыратын төмендегі тапсырманы алып жүрмін.
Зерттеуге дайындық бұл біреудің құрастырған тесті бойынша жаттай салатын
дүние емес. Сондықтан сабақта қол жеткізетін оқу мақсатымызға негізделген
тапсырмалар құрастыратын болсақ оқушылар үлкен нәтижеге жетеді деген
сенімдемін. Әріптестеріме дайындыққа сілтемелр тізімін ұсынамын.
Сонымен зерттеу тапсырмаларын орындау
арқылы оқушылар өз іс-
әрекеттерін жоспарлауды, проблема қоюды, проблеманы шешу жолдарын іздеуді,
шешім қабылдауды, нәтижені анықтауды, өз беттерінше жұмыс істеуді және т.б.
үйренеді. Жұмыстың нәтижесін кесте, бейне-ролик, презентация, сурет, шығарма,
реферат түрінде көрсетуге машықтанады. Жобалық тапсырмалармен жұмыс істеу
оқушылардан ізденуді, шығармашылықты талап етеді.
Біздің еліміздің білім нәтижесін көрсету өзіміздің қолымызда. Сондықтан әр
сабағымызда күнделікті өмірмен байланыстырып барлық дағдыны қамтитын
болсақ үлкен нәтижеге жетеміз деген ойдамын. Облыс физика пәні
мұғалімдерімен біріге отырып 7-8 сыныптың
оқу мақсатына негізделген
тапсырмалар жинағын шығарсақ өзімізге таптырмас әдістемелік құрал болушы
еді. 7-8 сынып оқушыларына арнап облыс көлемінде физика пәнінен танымдық
сайыс ұйымдастырсақ, оқушыларымыздың жан-жақты ойлауы дамып түрлі
жетістіктерге жетеміз деген мол сенімдемін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
https://go.2gis.com/32t7mb
https://tovacom.ru/matematika/svyaz-matematiki-s-drugimi-naukami
http://www.mun.ca/educ/faculty/mwatch/fall05/hodson.htm
https://otherreferats.allbest.ru/pedagogics/00843750_0.html#text
http://www.oecd.org/pisa/oecd-proposes-new-approach-toassess-young-peoples-
understanding-of-global-issues-andattitudes-toward-cultural-diversity-and-
tolerance.htm
http://www.oecd.org/pisa/aboutpisa/Global-competency-for-aninclusive-world.pdf
https://www.oecd.org/pisa/aboutpisa/pisa-based-test-forschools.htm