Көпбергенова Сәнбибі Сабырбайқызы рефлексивті практик: ТӘжірибе мен нәтиже



Pdf көрінісі
бет51/66
Дата07.02.2024
өлшемі7.81 Mb.
#491054
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66
Жинақ (Тамыз Кеңесі)

Сағындықова Сандуғаш
ТАБЫСТЫ САБАҚТЫ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ЗАМАНАУИ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР


Әдіс дегеніміз – мұғалімнің белгілі бір мақсатқа жетудегі іс - әрекеті, ал
технология - көптеген әдістердің жиынтығы. Жаңа технологияның басты мақсаты -
өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал, осы технологиялардың
кеңінен қолданылуы білім құзіреттілігіне жету жолында үлкен рөл атқарады. 
Бір технологияның өзі әр түрлі мұғалімдердің шеберлігіне байланысты әрқилы
жүзеге асырылуы мүмкін. Не үшін тиімді? 
Себебі, сабақта озық технологияларды пайдалану - оқу-тәрбие үрдісін тиімді
ұйымдастыруын, оқушының өзін-өзі дамытуын, ойлауын елестету мен есте сақтау
белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушылардың
сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өздігінен білім алуға құштарлығын
таныту. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-
тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай
іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. 
Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жасөспірімдердің
интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт.
Осыған қол жеткенде ғана мектеп - жасөспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген
ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп
айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды.
Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік
ізденістері, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын
алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға
деген ынта – ықыласының, дағды мен ой – өріс, білім – біліктерінің артуымен
сипатталары сөзсіз. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа
жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға
мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі
қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.
1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп,
қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
2.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын,
жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып
отыруы тиіс.
4. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты
меңгертуді ақпараттық технологияларды қолданып берген жөн.
5. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып
бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн.
Өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға тырысамын.
Оқушылардың жаңа материалды игеруіне көңіл бөлемін. Оқушылардың өз бетімен
жұмысын қалыптастыру, оқушының пәнге деген қызығушылын және қажеттілігінен
туындайды. Топпен жұмыс кезінде сыныпта ең алғыр, дарынды оқушыны анықтауға
мүмкіндік береді. Әр сабағымда сабақ кезеңдеріне байланысты түрлі әдіс-тәсілдерді
қолданамын. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушының бойында өз-
өзіне сенімділік ұялатады, өзге балаға қарап бой түзеуге ұмтылады, өзін-өзі


бағалауы жоғарылайды,өзгені үйрете отырып, өзі көп нәрсені үйренеді,
көшбасшылық қабілеттері қалыптасады.
Қазіргі таңда мен ұстаздарға әдістемелік және цифрлық көмек беру
мақсатында ютуб және телеграмм каналдарын жүргізіп келемін. Осы мақсатты
жүзеге асыруда «Табысты сабақты тиімді жоспарлауда қолданылатын заманауи
әдіс-тәсілдер» әдістемелік құралын шығардым. Бұл әдістемелік құрал сабақ
құрылымының әр кезеңіне бөліп қарастырылған. Бұл ұстаздардың қысқа мерзімді
сабақ жоспарын құру кезінде таптырмас көмекші құрал бола алады. Әдістемелік
құралда көрсетілген әдіс — тәсілдерді әр мұғалім сабағында тиімді қолданысқа
енгізсе, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушы өз ой-пікірін ашық
еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, ұжымда ынтымақтастық атмосферасы
қалыптасады. Осы еңбегім сіздің әдістемелік және цифрлық біліміңізді арттырып,
әрі қарай ізденуіңізге өз септігін тигізеді деп сенемін.
Әдіс тәсілдердің нәтижесі: әдіс- тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз
пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз ойларын қысқаша, дәл және нақты
жасауға көмектеседі және төмендегідей нәтижеге жетеді:
- Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.
- Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді.
- Өз ойын схема, кесте, суреттер, түрлі тәжірибелерді пайдалану арқылы еркін
жеткізеді.
- Сөйлеу мәдениетін дамытады.
- Іздену іс-әрекеті қалыптасады.
- Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады.
- Практикалық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады.
- Білім сапасы артады.
Қорыта кетсем, қазіргі заман талабына сай өсіп келе жатқан жеткіншек
технологияларды кеңінен пайдалануға бейім екені баршамызға аян. Сондықтан
оқушы қызығушылығын, сабақтың тиімділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді
қолданғанымыз жөн. Сонымен қатар, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке,
шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын. 
Ақтау қаласы, Назарбаев Зияткерлік
мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет