Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет35/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Материалын анықтап көр. 
Бұл тапсырма көркем күйдіру арқылы өр-
нектелген материалдар мен олардың қасиеттерін 
зерделеуге арналған. Осы тапсырманы орындау 
барысында оқушылар көркем күйдіруде кеңі-
нен қолданылатын материалдар туралы көбірек 
біледі. 
Ықтимал жауаптар:
Оқушылар көркем күйдіруде мата, сүйек, ағаш, 
пластмасса, винил күйтабағы пайдаланылғанын 
айтады.
Оқы, қызық!
Бұл айдарда оқушылар көркем күйдіру өнері 
туралы білімдерін толықтырады. Оқушылар авс-
тралиялық суретші Скотт Марр туралы біле оты-
рып, оның винил күйтабақтарын көркемөнер 
шығармасына пайдаланғаны туралы қосымша 
ақпарат алады. Ол күйдіру әдісі арқылы винил күй-
табағына әртүрлі өрнектер мен суреттер салған. 
Сен білесің бе? 
Бұл айдарда оқушылар адамдардың кептiрiлген 
және өңделген асқабақтың сыртқы қабығын ыдыс 
ретінде пайдаланғаны жөнінде қызықты мәлімет-
пен танысады. Берілген мәліметпен таныстыра 


31
Көрк
ем еңбек
2-тарау. Сәндік-қолданбалы өнер
отырып, күйдіріп безендіруде ағаштың жұмсақ 
түрін қолданған дұрыс болатынын айтыңыз. 
Зертте. 
Оқулықта әртүрлі материалдарды өз беттерін-
ше зерттеуге арналған тапсырма берілген. Зерттеу 
үшін оқушыларға ағаш сынығын, сүйек, былғары 
және басқа да қолда бар материалдарды беріңіз. 
Оқушылар материалдардың артықшылықтары 
мен кемшіліктерін анықтайды. Нәтижесін жұмыс 
дәптеріне жазады. 
Бұл тапсырма күйдіруге жарамды материалдар 
туралы білімді бекіту үшін қажет.
Материалдар Артықшы-
лықтары
Кемшіліктері
Ағаш
Құрылымы 
біртекті, 
беті жақсы 
өңделеді.
Шытынап жарылады
ауа температурасы 
мен ылғалға 
байланысты көлемі мен 
пішіні өзгереді. 
Былғары
Сүйек
Қағаз
Орындап көр.
Бұл тапсырма күйдіру техникасымен сурет 
салу үшін қолданылған материалды зерттеуге 
арналған. Тапсырманы орындау барысы көркем 
күйдіруде қолданылатын материалдар туралы 
көбірек білуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет