Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет53/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

45
Көрк
ем еңбек
3-тарау. Дизайн және технология
тын механизм болып табылады, ол айналдырғы-
ны (шпиндель) айналдырып тұрады. Айналдырғы 
аяғында ойық бар, оған өнімді бекітетін құрал – 
патрон, үш ашалы құрал немесе қысқұрылғыны
(планшайба) орнатылады. Ағаш бекітетін құралды 
таңдау ағаштың ұзындығы мен диаметріне бай-
ланысты болады. Осыны түсіндіре отырып, бар-
лығын білдекте көрсетіңіз. 
Мүмкіндігінше ағаш өңдейтін токарь білдегінің 
құрылысы туралы бейнематериал немесе презен-
тация көрсетіңіз.
Токарь білдегі қалай жұмыс 
істейді?
Ағаш жонатын токарь білдегі туралы оқуға 
кіріспес бұрын оқушылардан оның мәшинелердің 
жіктелу кестесіндегі қай топқа жататыны және 
атқаратын міндеті туралы сұраңыз. 
Цилиндр тәріздес дөңгелек бұйымды қолмен 
жасау өте қиын болғандықтан, адамдар біртіндеп 
ағаш жонатын құрылғы ойлап тапты. 
Қолмен жасалған қарапайым цилиндр бұйым-
дарды көрсетіңіз. Осы жұмысты жонуға арналған 
токарь білдегінде уақытты үнемдеуге әрі пішін-
ді әлдеқайда нақты етіп жасауға болатынын ай-
тыңыз. Шеңбер бойынша қисық сызықты беткі қа-
батты қолмен жону кәсіпқой маманға да қиынға 
соғады, ал білдекте оның түк қиындығы жоқ. 
Токарь білдегінде жонылған шахмат тастарын, 
орындық аяқтарын т.б. көрсетіңіз. 
Оқушыларға қисық пішінді бұйымдар жасау 
үшін ең алдымен токарь білдегінің құрылысы мен 
жұмысын оқып-үйренуі керектігін түсіндіріңіз. Со-
дан соң жалпақ бетті цилиндр бұйымдарды жону-
дың қауіпсіз әдіс-тәсілдерін игеру қажет. 
Оқушыларға оқулықтағы мәтінді оқытыңыз. 
Ойлан және сұрақтарға жауап бер.
Оқулықтағы сурет бойынша ағашты қолмен 
өңдеу түрін анықтауды сұраңыз. Суретте жону 
арқылы ағашты механикалық өңдеу түрі көрсетіл-
ген. Оқушылар бұл білдектердің басты мақсаты 
- жону арқылы цилиндр пішініндегі бөлшектерді 
әзірлеу екенін білуі қажет. Бірақ қол білдегі мен 
жақ тәрізді токарь білдегі адамдарды қол еңбегі-
нен босатпады. Білдекте екі адам жұмыс істеген. 
Біреуі өнімді айналдырып отырса, екіншісі жону-
мен шұғылданған. Кейін аяқпен істейтін білдектер 
пайда болған соң, онда бір адам жалғыз өзі жұ-
мыс істей алатын мүмкіндік туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет