Көркем еңбек Мұғалімге арналған нұсқаулық


Сабаққа қатысты ескертулер



Pdf көрінісі
бет14/103
Дата18.03.2024
өлшемі0.87 Mb.
#495889
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103
G7 Көркем еңбек ұлдарға арналған THB

Сабаққа қатысты ескертулер
Мүмкіндігінше сыныптан тыс ресурстарды 
пайдаланыңыз. Айталық, мұражайға бару (вир-
туалды), суретшілермен кездесу, арт-фестивальге 
бару т.б. шараларды ұйымдастыруға болады. 
Суреттерге мұқият қара.
Оқушылар заманауи суретшілер туынды-
ларының ерекшеліктері мен бағыттарын өза-
ра салыстыра отырып, бір-бірінен ажыратады. 
Ұсынылған жұмыстарда әртүрлі мақсаттарда қол-
Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар
Оқушылар сабақ тақырыбын 
меңгере отырып: 
• Қазақстанның заманауи бейнелеу өнерінің 
ерекшеліктерімен танысады;
• әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана оты-
рып, зерттеу жұмысын жасайды және 
шығармашылық идеяларын дамытады.
Ресурстар:
заманауи қазақстандық суретшілердің жұмыста-
рының репродукциялары, альбомдар, түрлі түсті қа-
рындаштар, бояулар, фломастерлер.


13
Көрк
ем еңбек
1-тарау. Визуалды өнер 
данылған ұлттық колорит көрсетілген. Сондай-ақ
С. Сүлейменовтің жұмысында кескіндеме мен 
жаңа баспа технологиясы пайдаланылғанын,
З. Асылғазинаның жұмысы реализм, А. Ақановтың 
жұмысы бейдәстүршілдік, Ғ. Мадановтың жұмысы 
символизм стилінде орындағанын көруге болады. 
Ықтимал жауапар:
Оқушылар бұл суреттердің өткен сабақта көр-
ген суреттерден айырмашылықтары мен ұқса-
стықтарын атайды. Олар өздеріне беймәлім стиль-
де салынған суретті көрсетіп, себебін түсіндіреді. 
Оқушыларға қазіргі кезде еліміздің қылқалам 
шеберлері қазақстандық стиль немесе Қазақстан 
өнерінің алуан түрлілігін білдіретін, әлемдік 
кеңістікте мемлекетіміздің бренді бола алатын 
бағыттарды іздестіріп келе жатқанын түсіндіріп, 
олармен осы тақырыпта әңгімелесіңіз. Бұл әңгіме 
этностиль құралдары туралы келесі тапсырмаға 
әзірлік болып саналады.
Назар аудар.
Оқып, танысу мақсатында қазақстандық белгілі 
суретші Қуаныш Базарғалиевтің «Қошқармүйіз»
композициясы ұсынылған. Суретші ұлттық оюмен 
тәжірибе жүргізеді. Оған мәдени, діни, саяси (дол-
лар, кеңестік жұлдыз т.б.) сипаттағы графикалық 
нышандарды бастырады. Ол қазақ жерінде әр 
кезеңдерде орнығып, үстемдік еткен идеология-
ны осылай көрсетуге тырысқан. Суретші оюдың 
маңызы мен құндылығын ұлттық түсінік арқылы 
көрсетуге талпынған. 
Оқушылар мұндай туындыларды трафарет 
қолданып жасауға болатынын айтады, жұмыс 
үдерісін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет