Көркем мәтіндегі «ғаламның тілдік бейнесі» тұрғысынан концептілік жүйеде талдау «Ғалам бейнесі»


Лингвомәдениеттанудың негізгі ұғымдары



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі42.25 Kb.
#454319
1   2   3
Лингвомәдениеттанудың негізгі ұғымдары

Лингвомәдениеттану нысаны – тіл мен мәдениеттің өзара әсері мен арақатынасы, тілдегі рухани және материалдық құндылықтардың көрінісі. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдтің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау Тіл білімінде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш рет ғылыми теориялық деңгейде В.фон Гумбольдт зерттеді .Оның материалды және рухани мәдениеттің ұлттық сипатының тілде көрініс табатыны, тілдік белгіге ішкі форманың тән екендігі және тілдің адам мен қоршаған орта арасын байланыстыратын дәнекерші қызметі туралы басты ғылыми негіздемелері мен ұстанымдары А.Потебняның, Ш.Балли, Ж.Вандриес, Р.Якобсон еңбектерінде өз жалғасын тапты.Көркем шығарманың тілі – күрделі, қыр-сыры мол құбылыс. Тіл –стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы болады. Кез келген құрылысқа материал қажет десек, көркем туындының материалы сөз болып  табылады. Бүгінгі лингвистикада тіл мен мәдениеттің арақатысы кең ауқымда ғылыми аяда қарастырылып жатқаны белгілі. . Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Көркем шығарманың тілі – күрделі, қыр-сыры мол құбылыс. Тіл –стильдің жаны. Әр жазушының өзіндік қалыптасқан стильдік мақамы болады. Кез келген құрылысқа материал қажет десек, көркем туындының материалы сөз болып  табылады. Мәдениет ұғымы қай салада сөз етілмесін, ең алдымен, адамзаттың қоғамдағы өмірін, кемелденген ақыл-ойын, материалдық және рухани табысқа жеткен ерен еңбегін көрсетеді. Осы ретте мәдениеттанушы Э.С.Маркарян: "Мәдениет - қызметтің құрылымдық қасиетке ұласатын тәсілі. Мәдениет - ұлттық формада өмір сүретін қоғам өмірінің біртұтас қалпындағы құнды айғағы, адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады, қоғамдық сананың, білім, тәрбие, ғылым, өнердің белгілі сатысындағы даму дәрежесін бейнелейді деп көрсеткен. Дүниедегі мәдениет - өзіндік ғажайып құбылыс. Мәдениетті жаратушы да, жасаушы да халық десек, нағыз халықтық мәдениет ұлт болып қалыптасқан елдің өмір салтынан бастап, рухани болмысына еніп, тілі мен тарихында, танымы мен тұрмысында өзіндік сатыға көтеріліп, ұрпақ жалғастығы мен өміршеңдігін танытады.Бүгінгі лингвистикада тіл мен мәдениеттің арақатысы кең ауқымда ғылыми аяда қарастырылып жатқаны белгілі. Тілді мәдениеттің негізгі бір категориясы ретінде танып, қазақ лексикасындағы заттық мәдениет атауының сипатын сөз еткен ғалым Ж.Манкеева:"мәдениетті тілден бөліп алып қарамаймыз. Тіл -мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды. Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, кумулятивтік қызмет арқылы көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі" деп көрсетеді                                [2,12]. Тілді мәдениеттің негізгі бір категориясы ретінде танып, қазақ лексикасындағы заттық мәдениет атауының сипатын сөз еткен ғалым Ж.Манкеева:"мәдениетті тілден бөліп алып қарамаймыз. Тіл -мәдениеттің бір көрінісі. Ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды. Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, кумулятивтік қызмет арқылы көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі" деп көрсетеді.[2,12].Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Қазіргі лингвистикада жаңа қарқынмен дамып келе жатқан бағытардың бірі ретінде бұл саланы зерттеудің маңызы мен ерекшеліктері, өзге пәндермен байланысын ресейлік ғалымдар В.Воробьев, В.А.Маслова, В.Н.Телия өз еңбектерінде жанжақты қарастырған. В.А.Маслова «Ғаламның тілдік бейне көріністері әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүние ғаламының түрлі-түсін өзінше мүшелей тануына, ол фрагменттеріне өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде өзгеше болып өріледі», - деп көрсетеді[3, 54]. Бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді танытуда, соңғы жылдарда лингвомәдениеттану пәніне қатысты біраз зерттеулер қолға алынды. Тіл-ұлт-мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны. Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді. Бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Сол себепті лингвомәдениеттану өзінің зерттеу базасының кеңдігімен тіл білімінің басқа бағыттарынан ерекшеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет