Етістіктің рай категориясы



Дата10.05.2023
өлшемі223.76 Kb.
#473459
ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

ЕТІСТІКТІҢ РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ

Дайындаған:Ишан Анайы

Рай категориясы қимылдың болмысқа қатысы туралы сөйлеушінің түсінігін, көзқарасын білдіреді.

Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар:

  • Қазақ тілінде 4 түрлі рай бар:
  • 1.Бұйрық рай.
  • 2. Қалау рай.
  • 3. Шартты рай.
  • 4. Ашық рай.

БҰЙРЫҚ РАЙ. Біреуге арналып, бұйыра айтылған етістік мағынасын бұйрық рай дейміз.

  • БҰЙРЫҚ РАЙ. Біреуге арналып, бұйыра айтылған етістік мағынасын бұйрық рай дейміз.
  • Бұйрық мағына түбір етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтын қай жаққа қатысын білдіру үшін, түбір етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады. Ол жіктік жалғау осы райдан басқа жерде қолданылмайды. Бұйрық райдық жіктелуі төмендегіше:
  • Жекеше Мен қел-ейін, сана-йын Сен кел, сана Сіз кел-іңіз, сана-ңыз Ол кел-сін, сана-сын
  • Көпше Біз кел-ейік, сана-йық. Сендер кел-індер, санак-дар. Сіздер кел-іңіздер, сана-ңыз-дар. Олар кел-сін, сана-сын.

ҚАЛАУ РАЙ. Қимылды субъектінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін етістіктің түрін қалау рай дейміз. Мысалы: Менің аралай қайтқым келеді (С. М.). Сонда да айтқыза түсіп, танығысы келеді. (М. Ә.)

  • ҚАЛАУ РАЙ. Қимылды субъектінің қалайтынын, тілейтінін білдіретін етістіктің түрін қалау рай дейміз. Мысалы: Менің аралай қайтқым келеді (С. М.). Сонда да айтқыза түсіп, танығысы келеді. (М. Ә.)
  • Қалау рай мағынасына қарай 2-ге бөлінеді: е р і к т і қалау рай, тілекті қалау рай, Ерікті қалау рай. Ерікті қалау рай етістіктің, түбіріне -ғы, -гі, -ңы, -кі жұрнақтары жалғанып, оған кел көмекші етістігінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Амантайдың жігітке көмектескісі келеді.
  • Ерікті қалау райдағы етістікке жіктік жалғауы жалғанбайды, жақтық мағына тәуелдік жалғауы арқылы беріледі: Мысалы: Менің оқығым келеді. Сенің оқығың келеді. Оның оқығысы келеді. Ерікті қалау рай тәуелдік жалғауында тұрғандықтан, қимыл иесі білдіретін сөз ілік септікте тұрады.
  • Ерікті қалау рай тәуелдік жалғауында тұрғандықтан, қимыл иесі білдіретін сөз ілік септікте тұрады. Мысалы: Сенің білгің келеді. Ерікті қалау райы жақсыз сөйлем жасайды

Тілекті қалау рай. Тілекті қалау рай төмендегіше жасалады:

  • Тілекті қалау рай. Тілекті қалау рай төмендегіше жасалады:
  • 1. Етістіктің түбіріне -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнақтары жалғанады. Мысалы: Ол естігей еді.
  • 2. Етістіктің түбіріне шартты райдын, -са, се жұрнағы жалғанып, оған игі сөзі мен е көмекші етістігінін, тіркесуі арқылы жасалады. Қейде игі сөзінін, тіркесінсіз де жасала береді. Мысалы: Қөрсе игі еді, алса екен. Тілекті қалау райдың жақтық мағынасы жіктік жалғауы арқылы беріледі. Мысалы: Мен білгеймін. Мен қалсам игі еді

ШАРТТЫ РАЙ. Қимыл-әрекеттің болу я болмау шартын білдіретін етістікті шартты рай дейміз. Мысалы: Осыған уәде бермесең, жөнімді айтпаймын (М. Ә.). Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың жақтық мәні жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі.

  • ШАРТТЫ РАЙ. Қимыл-әрекеттің болу я болмау шартын білдіретін етістікті шартты рай дейміз. Мысалы: Осыған уәде бермесең, жөнімді айтпаймын (М. Ә.). Шартты рай етістіктің түбіріне -са, -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Шартты райдың жақтық мәні жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі.

Шартты рай негізгі шарт мағынасынан басқа мынадай мағыналарды білдіре алады:

  • Шартты рай негізгі шарт мағынасынан басқа мынадай мағыналарды білдіре алады:
  • 1) Мезгіл мағынасын береді. Мысалы: Жайлауға ерте көшсе, Керейдің қонысын көздейтін (М. Ә.).
  • 2) Салыстыру мағынасын береді. Мысалы: Ежелден мәлім: қай ауылдыц үстінде болса, сол ауыл мол болса, шығасылы болмақ (М. Ә.).
  • 3) Қарсылық мағынасын білдіруге қатысады. Мысалы: Ербол ат ауыстырып мінсе де, курең төбелдің екпні әлі басым (М. Ә.). Шартты рай көбіне қүрмалас сейлем жасайды. Мысалы: Енді аз бөгелсе, жұрт тағы кернеп кететін сияқ-ты (М. Ә.). Шарт мағынасын бермегенде, шартты райдағы етістік жай сөйлемде қолданыла береді. Мысалы: Осы мен тегі ақын болсам керек М. Ә.).—Жесеңші, Абай! (М. Ә.).— Айтса екен, айналайын (М.Ә)

4. АШЫҚ РАЙ. Іс-әрекеттін, осы шақта, өткен шақта және келер шақта болғанын, болатынын көрсетіп, үш жақта жекеше-кепше түрде айтылатын райды а ш ы қ р а й дейміз. Мен келіп отырмын — Мен келдім — Мен келермін. Сен келіп отырсың — Сен келдің — Сен келерсің. Сіз келіп отырсыз — Сіз келдіңіз — Сіз келерсіз. Ол келіп отыр — Ол келді — Ол келер. Біз келіп отырмыз — Біз келдік—Біз келерміз т. б. Ашық рай көсемше, есімше түрлеріне және шақ жұрнақтарынан кейін жіктік жалғаулардың жалғануы арқылы жасалады. Дара және күрделі етістіктер ашық рай тұлғасында тұра береді: Айтамын — айта беремін — ай-тып беремін

  • 4. АШЫҚ РАЙ. Іс-әрекеттін, осы шақта, өткен шақта және келер шақта болғанын, болатынын көрсетіп, үш жақта жекеше-кепше түрде айтылатын райды а ш ы қ р а й дейміз. Мен келіп отырмын — Мен келдім — Мен келермін. Сен келіп отырсың — Сен келдің — Сен келерсің. Сіз келіп отырсыз — Сіз келдіңіз — Сіз келерсіз. Ол келіп отыр — Ол келді — Ол келер. Біз келіп отырмыз — Біз келдік—Біз келерміз т. б. Ашық рай көсемше, есімше түрлеріне және шақ жұрнақтарынан кейін жіктік жалғаулардың жалғануы арқылы жасалады. Дара және күрделі етістіктер ашық рай тұлғасында тұра береді: Айтамын — айта беремін — ай-тып беремін

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет