Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт



бет40/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
stud.kz-73494

Көркем шығарма құрылымы.

Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі.Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Шығарманың мазмұны сол шығарманың бүкіл құрамында қалыптасып шыңдалады. Шығарманың құрылысы, сюжеті, тіл мәнері соған қызмет істейді. Сондықтан да болар, көркем шығарманы оны құрап тұрған көркем элементтерінсіз түсіну мүмкін емес.
Әдеби тіл жай тіл емес, көркем тіл, сұлу сөз. Жаңа әдебиеттегі тіл көркемдігі мен сөз сұлулығы жасанды жалт-жұлтта, күлдібалам бояуда емес, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығында, нақтылығы мен тазалығында жатады. Алайда, әдеби тілде әдебиетші қолымен жасалатын әр түрлі ажарлаулар болатынын естен шығармау керек.
Бұл арада әр сөзге ажар беріп, оның мағынасын толықтыратын ең қарапайым тәсіл – интонация (лат.intonare – дауыс ырғағы), немесе әр сөздің айтылу мәнері. Мұның өзі көркем шығарманы оқығанда ғана емес, жазу үстінде де қатты ескеріледі. Әсіресе жазушы кейіпкерлерді сөйлеткенде, оның әр сөзін көңіл-күйіне лайық мәнерде айтқызады. Дауыс ырғағы әсіресе өлеңді шығармаларда айрықша міндет атқарады. Өлеңді енжар жазуға болмайтыны сияқты, селқос оқуға да болмайды.
Әдеби тілге дауыс ырғағы емес-ау, тіпті дыбыс қайталаулар арқылы да ажар бітіруге болады.Бұл тәсіл екі түрлі: аллитерация – бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау және ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстарды қайталау. Бұлар поэзияда да, прозада да кездеседі. Мысалы:
Ираншахқа мұңын шақпа; Низами!
Біздің шақта гүл құшақта, Низами!
Ендігі ажарлау құралдары: айқындау(эпитет), теңеу
Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет – адамның, сан-алуан өмір құбылыстарының ерекше белгі, сипатын, сапасын айқындау, олардың нақты да затты оқырмнның көз алдына көркем елестету мақсатында қолданылатын көріктеу құралы. Мысалы: «Адамның кейбір кездері»
Ызалы жүрек, долы қол
Улы сия, ащы тіл.
Не жазып кетсе, жайы сол
Жек көрсеңдер өзің біл.
Теңеу (орысша сравнение) – заттың, құбылыстың ерекше белгілерін көрсетпей-ақ, оны басқазатпен, құбылыспен салыстыра суреттейтін көркемдеуіш құрал. Мысалы: «Алпамыс батыр»
Кеуделері кепедей,
Мұрындары төбедей,
Күрек тісі кетпендей
Кеңірдегі жүһіттің көріндей.
ІІ.Құбылту, оның мәні, ерекшеліктері мен түрлері.
Әдеби тілді ажарлаумен қатар құбылту қажет. Құбылту, немесе троп(грек. tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағынада емес, бұрма мағынада қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылтудың түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтудың бірі – ауыстыру, немесе метафора (грек. metaphora — көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балай; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту. Мысалы: (І. Жансүгіров)
Гималай – көктің кіндігі,
Гималай – жердің түндігі.
Жансыз табиғат құбылысы кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырыла суреттелу – кейіптеу деп аталады. Ол да құбылудың бір түрі. Мысалы:(Абай)
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты…
Кейіптеу – ертегілер мен аңыздарда жиі қолданылатын тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбінесе, пернелеу, немесе аллегория түрінде келеді. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзгк көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Мысалы, қулық, зорлық, қастық секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын. Соған орай, қулық –Түлкі, зорлық – Арыстан, қастық – Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленеді.
Троптың бір түрі – астарлау,яғни символ – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұарға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия еліп, жасыра жарыстырып, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет