Реализм (латынша relis – заттылық, шындық) — әдебиет пен өмірдегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық, сипат белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы, сан алуан жайларды мейілінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер Романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға назар аударса Реализм айналадағы нақты өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа сипатқа ме болып әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғасын тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы іс – жағдайларды, адамның іс — әрекеттерін бейнелеуді басты мақсат санайды дегенде, әрине қиялға бой ұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне тұлғалар жасау дейміз. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин творчествосы арқылы биік дәрежеге көтерілді. Реализм әдісін одан әрі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш. Құдайбердиев, М. Дулаттов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті. орыс халқының ең бір керемет күшті жері — өзін-өзі қатты сынай білуінде. Бұл ретте орыстың көркем классикалық әдебиеті адам айтқысыз тарихы роль атқарады. Гоголь мен Гончаров, Салтыков пен Толстой орыс халқының денесінен қаншама тікенек алды, қаншама шаңын жуды. Ұрыса отырып міней отырып, халқын аспанға көтереді. Ал олар болса туған халқын үлкен жүрегімен сүйетін адамдар еді. Абайдың да халық тәрбиесіндегі негізгі құралының бірі – халқын айтып емірену, сол елді бүлдіруші, бұзушы жандарды «улы сия, ащы тілмен» күйрете сынау. Одан халық өспесе, кемімейтінін Абай да мейілінше жақсы түйсінген.
Реалистік әдебиеттің міндеті — өмір құбылысын, заман сипатын шынайы бейнелеу. Абай тозығы кетіп қаусаған феодалдық қоғамға: «Несі өмір, несі жұрт?, Өңшең қырт, Бас қаңғырт» деп өз кесімін айтып, болашаққа зер сала қарайды. Мұнда Абайдың феодалдық қоғамынан мүлде безінумен бірге, сол қоғамның болашағы жоқтығын сезінген сыншыл реализм әдісі де анық танылады. Бұл Абай реализімінің демократияшылдығын ғана емес, сонымен бірге, оның халықшыл бағытын да әйгілей түседі, әріректе Гоголь, Гончаров, Шедрин суреттегенде орыс чиновниктерінің жаман мінезінен жирену тәсілінің Абай творчествосындағы қазақ шындығы тудырған өмір объектісі еді. Абай өзінің сыншылдық өлеңдерінде Гогольдің, Гончаровтың, С, Шедриннің, Толстойдың тамаша үлгілерімен халықтың сана – сезіміне қатты әсер етіп отырды. Гогольдің «Өлі жандары» мен «Ревизорын» оқығанда көз алдымызға кілең бір помещиктер, бірінен бірі өткен жексұрындар шыға келері анық. Шындығында да Пушкинді былай қойғанда орыс әдебиетінде әлеуметтік тіршілікті Гогольдің осы екі шығармасындай суреттеген шығарма болған емес.
Ұлы Абайдың қазақ даласындағы озбырлық пен зұлымдықты әшкерлеп сықық етуі, қазақ қоғамындағы үстем топтың іс — әрекетін саралап көрсетеді, олардың қолы бос, жұмыссыз ерігіп отырғанын сынады, қазақ кедейлерінің аянышты халіне жаны ашып, күйзелу сарыны көп ретте оны орыстың ұлы жазушысы Гогольмен жақындастырады.
Гоголь өзінің «Өлі жандарында» қолынан іс – келмейтін, майда тілді не онда, не мұнда жоқ, тоғышар, тұрақсыз Маниловты, ар – ұяттан безген ұсқынсыз Собакеевичті, сараңдық пен арамза пиғылдың иегері Плюшкин мен Коробочканы, маскүнем, құмарпаз, зорлықшыл, өтірік десе жүзі жанбайтын Ноздревті, қулық – сұмдық пен айлакерліктің символы – Чичиковты, қысқаша айтсақ, сол кездегі орыс қоғамындағы үстем тап өкілдерінің әр түрлі типтерінің барлық шындығын саралап көрсетіп, жұрт алдына жайып салған.