Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


ӘДІС ПЕН ӨНЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ САНАМЕН ШЫНДЫҚТЫТАНУДЫҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕГІ ОБРАЗДЫҚ ТАБИҒАТ



бет9/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
stud.kz-73494

ӘДІС ПЕН ӨНЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ САНАМЕН ШЫНДЫҚТЫТАНУДЫҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕГІ ОБРАЗДЫҚ ТАБИҒАТ.

  • Әдеби дарындылық, оның көрінуі мен дамуының жағдай шарттары. Әдетте дарынды тұлға деп — өз құрбыларынан ақыл-ойының дамуымен біршама озатын немесе аса көрнекті арнаулы қабілеттерін көрсететін (музыкалық, көркемдік т.б.)жанды айтамыз. Бұдан өзге жастайынан әдебиетке деген қызығушылығы артып, бойында әдеби дарындылықты дамытқан ақын-жазушыларды атауға болады. Мұнымен қатар дарындылықты өмір ағымымен дамып отыратын психика сапасының жүйелілігі ретінде түсінеді, ол белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда, бір немесе бірнеше әрекетте өте жоғары нәтиже көрсетуімен байқалатын жетістік мүмкіндігін аңғартады. Біздің айтайын деп отырғанымыз әдебиет саласына қатысы бар адамдардың ерекше қабілеттілігі және осы салаға қалай келгендігі. Олар жастайынан көп кітап оқып, өлең-жыр жаттап, жазуға құмартатын адамдар. Кейбіреуіне әдеби дарындылық түсінде аян беру арқылы келеді. Мысалы, бала кезінде Сүйінбай түсінде келіп, «Өлең аласың ба,көген аласың ба?» деген адамға «өлең аламын» деп шошып оянған екен. Әдеби дарындықылықтың көрінуіне келсек: 1) әдетте көпшілікпен салыстырғанда өте жоғары білімді ерекше, оқуға құштар, шығармашылық мүмкіндігі мен көзге түсуі байқалады; 2) өте басым боп келетін белсенді де саналы талап көрінеді; 3) білімді терең игергеннен, ой еңбегінен қуаныш сезінеді. 4) кітапты көп оқиды; 5) қағаз бен қалам болмаса, тасқа болмасын жазады; 6) әр түрлі себептермен, анда-санда ғана көрініс табатын шабыты болады; 7) жәй адам көре алмайтынды байқайды. Ал әдеби дарындылықты дамыту үшін қажырлы еңбек, яғни теорияны меңгерген соң, практиканы жүз есе, мың есе арттыру керек. Қай заманда да өнердің қасиетін танып, өнер иелерінің еңбектерін мақтап-марапаттау ісі қоғамның рухани атмосферасына шуағын төгіп, серпіліс әкелетіні анық.«Асыл тастан, ақыл жастан шығады» демекші, әдебиетке тосын идеямен кеп, тың қуатпен құлшына еңбек ететіндер, негізінен, жастар екені де талас туғызбайды. Әдебиет саласында «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығымен тұңғыш рет 1992 жылы талантты ақын Әубәкір Смайылов марапатталды. Әубәкірдің шығармашылығы да, есімі де ел аузында. Сондай-ақ, осы сыйлықтың иегері ақын Светқали Нұржан бүгінде орта буынның ең азулы ақындарының бірегейіне айналып, сыйлық иеленгеннен кейінгі кезеңде «Таң қауызын жарғанда» атты 3 томдық өлеңдер мен поэмалар жинағын, «Ай таранған түн» кітабын шығарып өнерін одан әрі өрістете түссе, бірнеше мүшәйралардың жеңімпазы Бауыржан Жақып секілді қаламгердің де дүниелерімен қалың оқырман жақсы таныс. Сонымен қатар, бұлардан кейінгі толқынның өкілдері, қазақтың жаңа әдебиетінде олжа салып жүрген Маралтай Ыбыраев, Нұржан Қуантайұлы, Айгүл Кемелбаева, Дидар Қосылбеков (Амантай), Ақсұңқар Ақынбабақызы сынды ақын-жазушылар да осы «Дарын» сыйлығымен марапатталғандар қатарында. ХХІ ғасырдың басында әдебиет көшіне келіп қосылған Алмас Темірбай, Ақберен Елгезек, Қалқаман Сарин, Азамат Тасқараұлы есімді жас қалам иелері де «Дарынға» қол жеткізген, шығармашылығы шыңдалу үстіндегі талапты жігіттер.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет