Көркемдік әдіс және бағЫТ. Әдеби бағыт


М.Храпченко көркемдік әдіс пен стиль туралы



бет17/43
Дата20.05.2024
өлшемі98.92 Kb.
#501579
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
stud.kz-73494

27.М.Храпченко көркемдік әдіс пен стиль туралы.
«Стиль концепциясы көркемдік форма элементінің синтезі ретінде күдік тудырады» деген М.Б. Храпченко тұжырымына сүйене отырып, М. Поляков мәтіннің мазмұндық деңгейі стильдік түр мен сөйлеуден тыс әрекет етпейді дейді. Әрине, стиль «мазмұн» болып табылмайды десек те, ол сол мазмұнның тәні, нақтырақ айтсақ, болмысы, идеалды нәрсенің материалды (нақты) түрі. Я.Эльсберг «Стиль көркем түр доминанты, оның ұйымдастырушылық ықпалы», В. Ковалев «Стиль дегеніміз – түр мен мазмұн», В.Днепров «Стиль көркем мазмұнның тұтастығын танытатын түрлік байланыс», Т.Томашевский «Стиль – көркемдік әдістің көзге көрініп тұратын сыртқы қабығы» деген тұжырымдар жасайды. Б. Храпченко болса «Стильді көркем бейнелер арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің амалы, оқушыны әрлендіру мен иландырудың жолы деп түсінген жөн. Әдісті мазмұнмен теңестіруге болмайтыны сияқты көркем бейне арқылы игерілген өмірлік шындықты жеткізудің идеялық, эмоциялық ықпал етудің амалы ретінде қарастырылатын стильді де шығарманың түрімен шатастыруға болмайды»деген тұжырымға келеді. Стильге қатысты ой-тұжырымдардың қай-қайсы да айналып келгенде сөздің бейнелі әрі көркем түрде қолданысына келіп тіреледі. Потебня сөздің үш түрлі сипатын көрсетеді: біріншісі – мән-мазмұны, екіншісі – ішкі құрылысы, үшіншісі – дыбыстық жағы, естілуі. Көркем әдебиеттің басты негізі – сөз болса, сөз қолданысының әрбір суреткердің даралығын байқатар қыры стиль ауқымына қатысты. «Біз композициялық стиль туралы, кейіпкерлерді бейнелеу туралы, тілдік стиль туралы айта аламыз. Бірақ идея стилі, шығармашылық әдіс стилі, тақырыптық стиль деген сөз тіркестерін қолдана алмаймыз. Оқырман идеялық-эмоциялық құрылымның стильмен бірлігін еріксіз сезінеді, және Пушкиннің стилін, «Соғыс және бейбітшіліктің» стилін автордың өзіндік ерекшелігі ретінде айтуға мүмкіндік бар. Бірақ, күнделікті тәжірибеде шығармашылық әдіс стилін анықтауға талпынуды кездестірген емеспіз, керісінше, шығармашылық әдістің жазушы стилінің сипатын анықтайтынына көз жеткіземіз», — деп жазады М.Храпченко. Бұл тұста зерттеушілерге әдіс пен стилдің айырмашылығын олардың бір-біріне өзара тәуелділігін ескере отырып, анықтау белгілі екенін айта кеткен жөн. Әдебиет тарихының деректері «стиль» терминінің көп мәнділігін түсіндіріп береді. Әдеби туындының күрделі табиғаты, мәтіннің жоғары деңгейден (ойлау – көркемдік концепция — тақырып) төменгі деңгейге (жоғары деңгейдің нақты таратылуы) реттелген ағыны, қозғалысы түрінде көрінеді. Бұл қозғалыста поэтикалық әлемнің барлық белгілері бірігіп, алдыңғы орынға көркемдік ойлаудың заңдылықтары мен тетігі шығады. Әдебиет тіл арқылы берілген және танытылған әлем бейнесін жасайды. Шындық пен туынды арасындағы қарым-қатынас мәтінде мазмұн мен бейнелеу арқылы көрсетіледі. Яғни, теоретиктер тұжырымында көп айтылатындай, стиль тілдік және тақырыптық деңгейдің теңелген дәрежесінде реттеледі, осы екі деңгейдің бірігу қағидасын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет