Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері. Барысы



бет1/2
Дата01.11.2023
өлшемі19.32 Kb.
#482105
  1   2
Тәрбие сағаты 9 мамыр-Жеңіс күні


Тақырыбы: 9- мамыр –Жеңіс күні
Мақсаты: Елбасы мақаласының мағынасын түсіндіру. Отанын сүюге, оны қорғауға
баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.
Барысы: Әдеби монтажбен бастау.
Аяжан:
Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,
Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.
Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.
Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.
Ақжан:
Домбырада саусақтары жаралы,
Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.
Шаршағанда аңсағанда жас шағым,
Жеңіс деген сөзден ләззат алады.

Бекарыс:
Ағайлардан, апайлардан, інімнен,


Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.
Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,
Жазылғандай әжем белі бүгілген.


«9 мамыр- Жеңіс күні» ролик.

Жеңіс күні оңайлықпен келмеді. Сол жылдары қаза болған батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.


Мұғалім: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.
«Сен білесің бе?» айдарынан осы батырларымыз туралы мағлұмат естиік.
Мұғалім:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман
ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
Осы сұрапыл соғыс туралы Бауыржан Момышұлының өз ауызынан айтқан сөзін тыңдайық.
( бейнеролик)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет