1-жүргізуші:
2. «Жаз!Жаз!қалам,жорғалап»- жас ақындар номинациясы. Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың біреуін таңдап,90 минут ішінде 4- шумақтан кем емес өлең жазады. Тақырыптар байқау кезінде беріледі. Жазған өлеңін қазылар алқасының алдында мәнерлеп оқиды.
2-жүргізуші:
3 . «Ілияс – қарасөз шебері» - көркем сөз оқу номинациясы .
Қатысушылар Ілияс Жансүріров прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқиды. ( монолог,диалог т.б.)Әр қатысушыға 5-7 минут беріледі.
1-жүргізуші:
4. «Сұлу сөздің сүлейі» - шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы .Қатысушы қазылар алқасы ұсынған Ілияс Жансүгіров өлеңдерінің біреуін таңдап алып, композициялық құрылысын,көркемдегіш құралдары тауып, жазбаша талдайды. Талдауды ауызша түсіндіреді. Дайындау-5 минут,талдау-3минут.талданатын өлеңдер тізімі алдына –ала қосымшада беріледі.
5. «Заманның заңғар тұлғасы » - буктрейлерлер номинациясы.
Буктрейлер І.Жансүріровтың бір ғана шығармасына арналу керек
Номинация бойынша бейне роликтер, аралас электорндық ресурстар қабылданады. Жұмысты көрсетілген компьютерлік бағдарламада. (Inshot,bendicam,capcut,kanva т.б.) жасауға болады. Буктрейлер кез келген жанрда жоғары сапалық коэффицентімен жасалуы мүмкін:мультфильм,анимация,ойын ролигі,қысқа метражды фильм ,бейне фильм ,жарнамалық ролик, компьютерлік графика,бейне клип ,музыкалық клип және т.б. Бейнесюжеттер дыбыс жолымен немесе титрлермен сүйемелденуі мүмкін. Буктрейлер ұзақтығы -3 минутқа дейін.Буктрейлерде шығарма мен шығарма авторы міндетті түрде аталуы керек. Жұмыс ютуб.каналына жүктеліп,сілтемесі жіберілетін өтінішке жазылады. ЕСКЕРТУ:
Қатысушының өзін таныстыруы, жұмысына сипаттама беруі қажет емес, тек қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.
Буктрейлер – кез келген еркін немесе көркем формадағы кітап туралы баяндайтын қысқа бейне. Бұл бейнематерикалдардың мақсаты – кітіапты жарнамалау және кинотрейлерлерге тән көрнекі құралдарыд пайдаланып, кітапқа назар аудара отырып оқуды насихаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |