2-жүргізуші:
2-жүргізуші: «Ағынды менің Ақсуым» — туған жерге арналған өлеңі. Осы өлеңді бейне жазбадан тыңдап тамашалайық.
Бейне жазба: «Ағынды менің Ақсуым»
1-жүргізуші: Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар жазған. Ақын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтығы биік шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады.
Мәнерлеп оқу: «Күйші» поэмадан үзінді
2-жүргізуші: Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – сюжетті поэма. Поэма сюжетін құрайтын оқиғалар асты бейнелеген тарауларда ат жарысын, Құлагердің мерт болуын, сонымен байланысты Ақанның қайғы-шерге көмілуін суреттеген тарауларда баяндалған. Тілінің байлығы, тазалығы, мөлдірлігі мен бейнелілігі жағынан «Құлагер» — қазақ поэзиясындағы ең үздік поэмалардың бірі.
1-жүргізуші: Қайырып қыстай баптап Құлагерді,
Осы астың дақпыртына Ақан келді.
Мінгізіп бәйге бала жайтаңдатып,
Аулына ас бергеннің тақау келді.
Араға алты қонып, алыс жерді
Алып ед жайлап жүріп Ақан сері.
Хабары Құлагердің осы жаққа
Келуші ед еміс-еміс көптен бері – деп атақты бәйге аты Құлагерді алып асқа келген Ақанды сүреттейді. Осы поэмадан үзінді тыңдап көрейік.
Мәнерлеп оқу: «Құлагер» поэмасынан үзінді
2-жүргізуші: І.Жансүгіров қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етіп, жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым, осымен «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» атты Ілияс Жансүгүровке арналған кешіміз де өз мәресіне келіп жетті. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
2-жүргізуші:
Достарыңызбен бөлісу: |