Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. 2020-2021 оқу жылында оқыту форматтары



бет37/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

4-тарау. 2020-2021 оқу жылында оқыту форматтары


20. Белгілі аумақтарда әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген, төтенше жағдай енгізілген кезде тиісті мемлекеттік органдармен шектеуші іс-шараларды жүзеге асыру жағдайында білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының жұмысы әр түрлі форматта ұйымдастырылуы мүмкін.


Базасында дайындық бағыттары бойынша РОӘК ОӘК жұмыс істейтін ЖЖОКБҰ 2020 жылдың 20 тамызына дейін өзінің қызмет бағыттары бойынша әдістемелік ұсыныстарды (дәрістік және тәжірибелік онлайн-сабақтарды өткізу, СӨБЖ-на тапсырмалар беру форматы бойынша, жеке пәндерге арналған онлайн ресурстар ен виртуалды зертханалар тізімі бойынша, бағалау әдістері бойынша, емтихандар өткізу және тәжірибе ұйымдастыру әдістері бойынша және т.б.) әзірлеп, барлық ЖЖОКБҰ-на бағыттайды.
21. ЖЖОКБҰ басшысы коронавирус жұқпалы ауруы қаупімен байланысты, оның ішінде білім беру үдерісінде онлайн-курстарды және қашықтықтан білім беру технологиялары мен құралдарды (LMS, электронды пошта, мессенджерлер, вебинарлар жүйелері, чаттар және басқалары) қолдануды қарастыратын білім беру үдерісін ұйымдастыру туралы бұйрық шығарады.
22. ЖЖОКБҰ алқалы орган шешімімен өзінің Академиялық саясатына тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, өзінің ұйымы, басқа ұйымдар базасында қолжетімді онлайн-курстар, КАОК тізімін бекітеді, формалды және формалды емес оқу нәтижелерін тану қағидасын, академиялық кредиттерді қайта сынақ тәртібін анықтайды, тиісті электронды ақпараттық-білім беру ортасын құру бойынша шаралар қабылдайды.
23. Қашықтықтан оқыту форматына өту кезінде:
1) оқытушы нақты пән бойынша қолдағы бар онлайн курсты қолдану туралы немесе қашықтықтан білім беру технологияларын қолданып сабақтар өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) онлайн-курстарды қолданумен немесе толық ауыстырумен оқу пәнін оқыту форматын өзгерту кезінде оқытушылармен қандайда бір келісімдер жасау талап етілмейді;
3) кез келген оқу форматы пәндердің бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) шеңберінде жүзеге асырылады;
4) ЖЖОКБҰ ЖОО-ның ресми сайтында немесе ақпараттық жүйесінде онлайн-курстарға білім алушылардың тіркелуінің аяқталу күнін көрсетіп онлайн-курстарды өткізу мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады.
24. Қашықтықтан оқытудың аралас модельдерін қолдануға рұқсат беріледі: синхронды немесе асинхронды оқыту, онлайн немесе оффлайн, аралас, вебинар немесе оқытушылармен алдын ала жазылған дәрістерге кіру мүмкіндігін беру түріндегі дәрістер сияқты балама форматтар; университетте әрекет ететін кестеге сәйкес семинарлар уақытында тапсырмаларды қашықтан орындау түрінде семинар сабақтарын өткізу және басқалары.
Онлайн режимде дәрістер өткізу 20 минут көлемінде рұқсат етіледі, бұл ретте білім алушыларға дәрістердің толық мәнмәтіні немесе толық презентациясы беріледі. Онлайн режимдегі дәрістер бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
25. Білім алушыларға білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін белгілі білім беру платформаларын немесе жетекші университеттерінің онлайн-курстарын таңдау мүмкіндігін беру ұсынылады.
26. ЖЖОКБҰ онлайн-курс тыңдаушысы онлайн аттестаттаудан өтетін тұлғаны тексеру технологиясын қолданады.
27. ЖЖОКБҰ екі негізгі модельді қолдана алады:
1) қашықтықтан оқыту форматында сабақтар өткізу;
2) жеке онлайн-курстарды немесе жетекші университеттермен әзірленген онлайн-курстарды қолдану.
Бірінші жағдайда университет жеке курстарын қашықтықтан оқыту форматына ауыстырады (LMS, қолжетімді платформаларды қолдана алады) және білім алушыларға қосылу алгоритмін және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, сабақтардың өзекті кестесін ұсынады.
Екінші жағдайда – білім алушыларға меңгеруі тиіс онлайн-курсты (курстарды) ұсынады және білім алушыларға платформаға қосылу алгоритмін ұсынады (мысалы, Сoursera курстары). Онлайн-курс қашықтықтан оқыту түрінде семинар сабақтарымен және өз бетімен үй жұмысымен қоса беріледі.
Онлайн-курсты меңгеру барысында білім алушы оқитын ЖЖОКБҰ оқытушысы оқу-әдістемелік қолдау көрсетеді, ағымдағы бақылау және аралық аттестаттау өткізеді.
28. Білім алушының жеке деректерін өңдеуге және онлайн-платформасының пайдаланушы келісімінің талаптарын қабылдауға келісімі ЖЖОКБҰ-ның саясатына сәйкес ресімделеді.
29. Сабақтарды қашықтықтан өткізу мүмкін болмаған жағдайда (мамандандырылған жабдықтармен немесе бағдарламалық қамтамасыз етілетін жұмыстарды талап ететін пәндер үшін) ұсынылады:
1) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын сақтап түрлі ауысымда аз топтармен практикалық пәндерді меңгеруді ұйымдастыру;
2) зертханалық/практикалық жұмыстарын кейінірек мерзімдерге ауыстыруға қатысты оқу сабақтарының кестесіне өзгертулер енгізу. Мысалы, қазан айынан желтоқсан айы бойынша кезеңде СЭР ескере отырып кампус аумағында 2-4(5) курс білім алушылары үшін зертхана сабақтарын ұйымдастыру ұсынылады; бұл ретте сабақтар модуль форматында ұйымдастырылады;
3) Кампус аумағында аудитория сабақтарын өткізуге 65 жастан асқан тұлғаларды және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған тұлғаларды тарту ұсынылмайды.
30. Оффлайн оқыту моделі пайдалану уақытында желіден сөндірілген бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен оқытудан тұрады немесе басқаша айтқанда, бұл нақты уақыт режимінде емес, кейбір уақыт аралығы арқылы қашықтықтан оқыту процесінде екі немесе одан көп қатысушылардың өзара әрекет.
31. Синхронды (бір уақытта) оқыту моделі оқытушының бекітілген кестесіне сәйкес Skype, Microsoft Teams, CiscoWebEx және басқа платформалар арқылы академиялық топтарға (дүрмектерге) арналған видеоконференцияларын немесе вебинарларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Білім алушылар осы шараға міндетті түрде қосылады және оған белсенді қатысады.
32. Асинхронды (түрлі уақытта) оқыту моделі білім ұйымдарының LMS, Open edX, Coursera және басқа білім платформаларын; LMS Moodle, электронды корпоративтік пошталарды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
Асинхронды жұмыс түрін қолдану кезінде топ мүшелері мен оқытушы ұзақ уақыт бойы түрлі уақытта жұмыс істейді. Жұмыстың негізгі платформасы - білім ұйымының LMS-і. LMS-тегі пәндердің тиісті тарауларында орналасқан тапсырмаларды уақытылы және айқын орындау керек. Білім алушылар тексеруге арналған орындалған тапсырмаларды тексеруге (Word, Excel файлдары немесе сканкөшірмелер, скриншоттар, суреттер және басқалары түрінде) келудің ағымдағы бақылауын және үлгерімділіктің ағымдағы бақылауын жүзеге асыруға үнемі жүктеуді орындауға міндетті.
Қажеттілік болғанда оқытушы пән бойынша көзбе-көз кеңес беруді ұйымдастыра алады. Оқытушы сонымен бірге Open edX, Coursera платформаларында жалпы қолжетімділікте орналасқан курстарды (курс бөліктерін); аралас оқыту түрін қолданып басқа білім ұйымдарын қолдана алады.
33. Blended Learning (аралас оқыту түрі) – бұл аудиторияда оқыту мен электронды қашықтағы ортада заманауи оқыту технологиясын қатар қолдануға мүмкіндік беретін оқытуды ерекше ұйымдастыру. blended-learning деп аталатын оқыту тұжырымдамасы жалпы оқудың әлеуметтік аспектілерімен электронды оқу түрлерінің тиімділігі мен жеделдігін біріктіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет