Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Штаттық режимде жеке сабақтар мен шағын топтарда білім беру процесін ұйымдастыру



бет45/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

6-тарау. Штаттық режимде жеке сабақтар мен шағын топтарда білім беру процесін ұйымдастыру

16. 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекциямен және қолайсыз санитарлық-эпидемиологиялық жағдаймен күрес жөніндегі шектеулі шараларға байланысты БҚББ ұйымдарында оқыту қашықтық форматында басталады.


Бұл ретте балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша білім алушылар үшін БҚББ ұйымдарында жағдай жасалған кезде білім беру процесін штаттық режимде жеке сабақтарда және шағын топтарда ұйымдастыруға болады.
Жеке сабақтарда және шағын топтарда білім беру процесін ұйымдастыру санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, оның ішінде осы ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады.
17. Жеке сабақтарға және шағын топтарда оқуға созылмалы аурулары жоқ (өтініште көрсетіледі) балалар жіберіледі.
Балаларды жеке сабақтарда және шағын топтарда оқытуды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері таңдау құқығын БҚББ ұйымы басшысының атына өтініш беру арқылы білдіреді.
18. Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды жеке сабақтарда және шағын топтарда оқуға жібере отырып, балалардың қоғамдық ортада болатындығына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсініктері мен келісімдерін білдіреді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларды санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: бетперделер, қолғаптар, қолды өңдеуге арналған жеке фланкондағы антисептик немесе дымқыл бактерияға қарсы салфеткалар, ауыз су.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік қашықтық қажеттілігі туралы түсіндіреді.
Даярлық тобы және бірінші оқу жылы тобы балаларының ата-аналары немесе заңды өкілдері сабақ басталар алдында БҚББ ұйымына кіру есіктеріне дейін балаларды алып жүруді және сабақ аяқталғаннан кейін БҚББ ұйымынан шығу есіктерінен үйге дейін балаларды алып жүруді жүзеге асырады.
БҚББ ұйымы дезинфекциялау құралдарының (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар) қорын қамтамасыз етеді;
БҚББ ұйымында жағдайлардың болуы барлық санитарлық талаптарға сәйкестігі, штаттық режимде жұмыс істеуге келіскен педагогтердің болуын білдіреді.
Педагог штаттық режимде жұмыс істеуге өз келісімін еркін нысанда жазбаша ресімдейді. Егер педагог штаттық режимде жұмыс істеуге келіскен жағдайда, ол қоғамдық ортада болатынын және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екенін түсінеді және келіседі.
Егер БҚББ ұйымы жеке сабақтарда және шағын топтарда педагогтің штаттық режимде жұмыс істеуден бас тартуына байланысты оқытуды қамтамасыз ете алмаған жағдайда, ата-аналарға топтар ашудан бас тартылады. Бұл жағдайда білім алушылар қашықтық режимінде оқиды.
19. Сыртқы байланыстарды азайтуға қойылатын талаптар:
1) «Бір топ – бір педагог» принципі;
2) топтың толымдылығы – 5 баладан аспайды;
3) САН ПИН-ге сәйкес сабақтардың ұзақтығы;
4) шағын топтарда оқуға созылмалы ауруы жоқ балалар қатыстырылады.
20. Жеке сабақтар мен шағын топтарда жұмысты ұйымдастыру тәртібі:
1) жеке сабақтарға және шағын топтарға қабылдау БҚББ ұйымдарында Қосымша білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмаумен байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 1-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады. Балаларды шағын топқа қабылдау топта бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады. Өтініш электронды форматта қабылданады;
2) БҚББ ұйымы ата-аналарды штаттық режимде жеке сабақтарға және шағын топтарға қол жетімді байланыс құралдары арқылы өтініштерді қабылдау туралы алдын ала хабардар етеді;
3) контингент, сабақ кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрам педагогикалық кеңестің шешімімен анықталады және БҚББ ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі. Білім беру процесі БҚББ ұйымының бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады;
4) штаттық режимде және қашықтан режимде сабақ кестесі синхронды түрде құрылады;
5) штаттық режимде білім беру процесі санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады;
6) кабинеттер бойынша қозғалуға, іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады;
7) барлық жедел кеңестер қашықтан форматта өткізіледі;
8) асханалар/ буфеттер (бар болған жағдайда) жұмыс істемейді;
9) білім алушыларды ата-аналардың сабаққа дейін және одан кейін БҚББ ұйымына кіргенге дейін алып жүруі жүзеге асырылады.
21. Штаттық режимде сабақтарды ұйымдастыру кезінде қамтамасыз етілуі қажет:
1) әлеуметтік қашықтық үшін ауысымды ұлғайту және қосымша ауыстыру;
2) физикалық байланыстарды қысқарту;
3) балалар арасындағы әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін БҚББ ұйымдарында ұйымдастыру алаңын барынша пайдалану;
4) педагогтердің және білім алушылардың кіре берісте дене қызуын күнделікті өлшеу;
5) маскаларды кию режимі;
6) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
7) кабинеттерді, рекреацияларды желдету, кварцтау;
8) әрбір сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану;
9) әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау;
10) дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да бөлмелердегі ауысым, қосалқы ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
11) күн сайын температураны өлшеу, оқшаулау үшін медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі; ауру симптомдарын анықтау, сырқаттанғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық топты қашықтан оқытуға көшу анықталған жағдайда, топты штаттық режимге қайтару жағдайларында топтағы балалардың жай-күйін бақылау;
12) хореография бойынша сабақтарды және басқа да қозғалмалы сабақтарды таза ауада ұйымдастыру немесе залдарды үнемі желдету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет