Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы білім алушыларға жүктемені төмендету бойынша ұсынымдар



бет47/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

8-тарау. Қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы білім алушыларға жүктемені төмендету бойынша ұсынымдар

Аралас және толық қашықтан оқыту жағдайында үй тапсырмасының форматы өзгереді, себебі барлық оқу тапсырмалары үй жағдайында орындалады.


Осыған байланысты білім алушылардың артық жүктемесін болдырмау мақсатында педагогтердің Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 38 бұйрығымен бекітілген "Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейнетерминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бұлжытпай орындауы қажет.
9-тарау. Қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бейнесабақтарды әзірлеуге қойылатын талаптар


Жалпы талаптар:
1. Ұйымдастырушылық:
- білім беру бағдарламаларына сәйкестігі;
- дидактикалық қағидаларды іске асыру;
- телевизиялық, ақпараттық-коммуникативтік және мультимедиялық технологияларды пайдалану;
- сабақ құрылымы:
сабақтың басталуы: титрлар (бірлестік, топ, сынып) үйірме, пән;
оқыту мақсатын тұжырымдау;
жаңа оқу материалын түсіндіру, сұрақтар;
қорытындылау бөлімі: қорытындылар, кері байланыс.
- кері байланыс: электронды журналдар, интернет-платформалар; электрондық пошта; мессенджерлер; мобильді және стационарлы телефон байланысы арқылы жүзеге асырылады;
- оқу материалын өздігінен оқуға, әрбір білім алушыны белсенді оқуға тартуға баса назар аудару;
- аудиовизуалды құралдар: графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар;
- материалды бекітуге арналған тапсырмалардың оңтайлы көлемі;
- дифференциалды оқу тапсырмалары;
- тапсырмаларды өз бетінше орындау үшін нұсқаулықтар, алгоритмдер, ұсынымдар әзірлеу;
- сабақты ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін қолдану (ішінара-іздеу, эвристикалық, зерттеу, жобалау жұмыстары, зерделеу, чаттарда, әлеуметтік желіде талқылау, пошта арқылы хат алмасу);
- білім алушыларға кез келген уақытта қарау мүмкіндігі (офлайн режимі).
- білім алушыларға, оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған жеке консультациялар (қажет болған жағдайда).
2. Сабақтың мазмұны:
- Қазақстан Республикасының заңнамасында таратуға тыйым салынған ақпараттың болмауы;
- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169 - VI Заңының талаптарына қайшы келмеуі;
- оқу мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етпейтін ақпаратты қамтымайды;
- сабақ мазмұнын оңтайлы таңдау;
- ғылыми сенімді мәліметтер, терминология дәл, нақты құрылымдалған ақпарат;
- теориялық материалды беру: логикалық, нақты, толық, дәйекті;
- «классикалық» (баяндау) және стандартты емес стильдердің үйлесімі;
- табиғи түсірілім мен символ толтырудың ақылға қонымды арақатынасы (сақтағыш, мәтін және т. б.);
- слайдтар саны-бір сабаққа 8-10.
- алынған материалдың авторы және (немесе) ақпараттың алынған көзі көрсетілген;
3. Эмоциялық фон:
- педагогтің дауысы сабырлы, мейірімді, дыбысты қабылдауға жеткілікті, сөйлеуі анық, дикциясы жақсы;
- мазмұндауы сенімді, еркін, жеткілікті түрде эмоциялы (қатысу әсері), мазмұндау қарқыны жайлы;
- психологиялық әсер етуі: айтылатын мәтіннің стилі мен тілі, интонация, жеке сөйлемдерді акцептациялау, эмоциялы жоғарылау, үзіліс;
- адекватты (эмоциялық тұрғыда) музыкалық сүйемелдеу;
4. Сабақтың дизайны:
- түс фоны тұрақты - түс гаммасы жақын үш түстен;
- экрандағы мәтін қысқа, анық, шамадан тыс жүктелмеген;
- су белгілерінің, бөгде жазулардың, жарнамалардың болмауы;
- маңызды ақпаратты ерекшелеу: түспен, қалың қаріппен, басқа қаріппен;
- контраст қаріптердің аз саны;
- дыбыс анық (бөгде дыбыссыз), дыбыс деңгейі біркелкі;
- бейнеқатар - экран ауданының 75-100%.
5. Педагогтің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.
Психологиялық-педагогикалық дайындық:
- білім алушының жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;
- электрондық оқыту ресурстарын әзірлеу және құру талаптарын білу;
Әдістемелік дайындық:
- электрондық білім беру материалдарын әзірлеу және пайдаланудың әдістемелік тәсілдерін меңгеру;
- сабақтың оқу мақсаттарын стандартты емес жағдайларда жүзеге асыра білу;
IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары:
- IT-құзыреттіліктің болуы;
- электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу және пайдалану дағдылары.
7. Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар үшін оқытудың қолжетімділігі:
- білім беру бағдарламалары мен оқытудың жеке жоспарларын пайдалану;
- субтитрлердің, сурдоаудармалардың болуы;
- арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету;
- бейімделген сандық ресурстарды таңдау немесе әзірлеу;
- дифференциалды оқу тапсырмаларын қолдану.
Бейнетаспаға қойылатын талаптар
Ұйымдастыру:
- ұзақтығы: 15 минуттан аспайды;
- икемді жеке кесте;
- кез келген уақытта қарау мүмкіндігі;
- үлгерімді ағымдағы бақылау арқылы:
а) коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы «on-line» режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей қарым-қатынасы;
б) автоматтандырылған тестілеу кешендері;
в) жеке тапсырмаларды тексеру.
Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы сабаққа қойылатын талаптар
Ұйымдастыру:
- ұзақтығы: 15-30 минут;
- сандық технологияларды қолдану арқылы нақты уақыт режиміндегі сабақ:
- видеоконференциялар (вебинарлар, конференциялары, стриминг);
- Интернет желісінде хабар алмасу арқылы асинхронды форматтағы сабақтар: тапсырмаларды өз бетінше орындауға екпін (электрондық пошта т. б.);
- чатта, әлеуметтік желіде, пошта арқылы топтық хат алысуда білім алушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру мүмкіндігі;
- педагог білім алушыларға өздігінен оқу/ тапсырмаларды орындау үшін оқу материалын ұсынады;
- педагог интернет-платформаларда орналасқан сабақтарды, сондай-ақ қолжетімді сандық білім беру ресурстарын пайдалануды ұсынады;
- үлгерімді ағымдағы бақылау арқылы:
а) телекоммуникациялық құралдарды қолдану арқылы «on-line» режимінде білім алушы мен педагогтің тікелей қарым-қатынасы;
б) автоматтандырылған тестілеу кешендері;
в) жеке тапсырмаларды тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет