Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


Санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, толық штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру



бет9/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

2.5 Санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, толық штаттық форматта оқытуды ұйымдастыру

36. Қолайлы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайда мектеп санитариялық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, толық штаттық режимде жұмыс істей бастайды. Барлық сыныптарда, оның ішінде мектептердің мектепалды сыныптарында оқыту штаттық режимде жүргізіледі. Сабақ кестесі, ауысым режимі, өзгерістер қалпына келтіріледі.


37. Мектеп қашықтан оқытудан штаттық оқу режиміне ауысқан кезде білім алушыны ата-анасының қалауы бойынша қашықтан оқытуды жалғастыруға болады. Ол үшін ата-аналар 1-қосымшада ұсынылған үлгі бойынша өтініш беруі керек.
38. Мектептерде оқу процесін штаттық режимде ұйымдастыру кезінде:
1) сабақтың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, икемді сабақ кестесін құру;
2) әлеуметтік алшақтату үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;
3) әрбір сынып белгілі бір кабинетте болатын кабинеттік жүйеден бас тарту;
4) білім алушылардың кабинеттер бойынша жүріп-тұруына тыйым салу;
5) әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;
6) мектепке кіру кезінде білім алушылардың температурасын күн сайын өлшеу;
7) маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;
8) оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
9) желдету, кварцтау,
10) әрбір сабақтан кейін қолды арнайы құралмен жуу;
11) әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерді ылғалды жинау;
12) дәліздердегі, рекреациялардағы, холлдардағы және басқа да үй-жайлардағы ауысымдар, шағын ауысымдар арасындағы ылғалды жинау;
13) күн сайын температураны өлшеуге, ауру белгілерін анықтауға, ауырғандар анықталған, карантин жарияланған және барлық сыныпты қашықтан оқытуға көшкен жағдайда, сынып балаларының жай-күйін бақылауға, содан кейін сынып штаттық режимге оралған жағдайларда оқшаулауға арналған медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі;
14) таза ауада дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету.


3-тарау. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар, оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мектеп- интернаттарда оқу процесін ұйымдастыру

39. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттарда (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттарда, дарынды балаларға арналған мектеп- интернаттарда ата-аналардың өтініштері негізінде, жағдайлар болған кезде оқыту қатаң санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, барлық сыртқы байланыстарды шектей отырып тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде, жабық режимде жүзеге асырылатын болады.


40.Оқу процесін жабық форматта ұйымдастыру кезінде мынадай шараларды сақтау қажет:
1) оқу жылының басында мектеп-интернатта тұру үшін білім алушылар мен қызметкерлердің бір мезгілде келуі;
2) білім беру ұйымының әкімшілігі жасаған және бекіткен кестеге сәйкес ауысыммен (7-14 күн) педагогикалық қызметті жүзеге асыру (мұғалімдер, тәрбиешілер, психологиялық-педагогикалық қолдаумамандары) ;
3) білім беру ұйымдары үшін белгіленген тәртіппен ауысымға түсетін педагог қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды жүзеге асыру;
4) білім беру процесін жабық режимде жүзеге асыратын мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар үшін тұру, тамақтану, педагогикалық процеске дайындалу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
5) оқу-тәрбие процесіне тікелей қатысы жоқ әкімшілік-басқару құрамының, қосалқы және техникалық қызметтердің қызметі қашықтан да, штаттық режимде де жүзеге асырылуы мүмкін.
6) штаттық режимде қызметті ұйымдастыру кезінде педагогикалық ұжымның, техникалық қызметтердің байланыстарын болдырмау.
7) интернет-ресурстарды, басқа да қолжетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып, ата-аналармен қашықтан байланыс жүргізу.
41. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (ППТК) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке және шағын топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
ППТК қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, екі ауысымда штаттық режимде жұмыс істейді.
Ата-аналардың қалауы бойынша (ППТК басшысының атына берілген өтінішке сәйкес) интернет-платформаларды, бейне сабақтарды, цифрлық білім беру ресурстарын және т.б. пайдалана отырып, қашықтан оқыту форматында сабақтар өткізуге болады.
ППТК ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып сабақтар өткізеді, әзірленген жеке -дамыту бағдарламаларына сәйкес жеке және шағын топтық бағдарламаларды іске асырады.
Қажет болған жағдайда психологиялық-педагогикалық процестің кестесіне, жеке, шағын топтық бағдарламалардың мазмұнына оқытудың икемді ұйымдастырушылық формасын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.
Жеке және шағын топтық сабақтарды оларды кезектестіре отырып өткізуге жол беріледі: біреуі штаттық режимде – біреуі педагогтің қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен қашықтан форматта (ұйымнан тыс).
ППТК жағдайындағы сабақтардың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды;
Сабақтар арасындағы интервал 10-15 минутты құрайды.
ЕДШ ата-аналар мен педагог арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып (1,5 м.) сабаққа ата-аналарды қоса отырып, залда қатаң өткізіледі. ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
Сабақтарға балаларды алып жүретін адамдардың мынадай санаттары жіберілмейді:
– расталған COVID-19 жағдайларымен байланыс;
– соңғы 14 күн ішінде шет елдерден немесе өңірлерден келген;
– жүкті әйелдер;
– 55 жастан асқан тұлғалар;

  • жіті респираторлық аурулардың белгілері бар тұлғалар.

Ауруға шалдыққан балаға және (немесе) ол COVID-19 науқаспен байланыста болған жағдайда, ППТК-да сабақтарды жалғастыру үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі.
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында ППТК-да дене температурасын өлшейтін, маска режимін бақылайтын, антисептикті қолданатын санитарлық пост орнату қажет.
42. Оңалту орталықтарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен оқу-дамыту және психологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастыру белгіленген оқу жүктемесіне, жеке, топтық және шағын топтық бағдарламаларға, жеке кесте мен сабақ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Психологиялық-педагогикалық және оқу-дамыту процесін ұйымдастыру үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларына электрондық платформаларға және басқа да электрондық көздерге (бейнесабақ, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, чат-сабақтар, веб-сабақтар, электрондық пошта және т.б.) қолжетімділік беріледі.
Жеке және шағын топтық сабақтарды кезектестіре отырып өткізу: біреуі штаттық режимде – біреуі коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қашықтық форматта. Педагогтің қашықтан қол жеткізу мүмкіндігімен (ұйымнан тыс) қашықтан оқыту форматында сабақтар өткізу.
Сабақтарды штаттық режимде ұйымдастыру кезінде мүмкіндігінше баламен дене байланысын шектеу, мүмкіндігінше баланың қажетті ойыншықтары мен үйдегі дидактикалық материалдарын пайдалану қажет.
Баланың ата-анасын қосумен құрамында екі баладан аспайтын шағын топтық сабақтарды ұйымдастыру кезіндегі шектеулер
Ата-аналардың қалауы бойынша (ОО басшысының атына берілген өтінішке сәйкес) интернет-платформаларды, бейнесабақтарды, цифрлық білім беру ресурстарын және т.б. пайдалана отырып, баланың барлық сабақтарын (жеке/шағын топтық) қашықтан өткізуге болады.
Сабақтың ұзақтығы ерте жастағы балалар үшін 20-25 минутты, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін 30-35 минутты құрайды.
Сабақтар арасындағы интервал 10-15 минутты құрайды.
ЕДШ ата-аналар мен педагог арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып (1-1,5 м.) сабаққа ата-аналарды қоса отырып, залда қатаң өткізіледі. ЕДШ нұсқаушысының баламен жұмысы бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
Сабақтарға балаларды алып жүретін адамдардың мынадай санаттары жіберілмейді:
– расталған COVID-19 жағдайларымен байланыс;
– соңғы 14 күн ішінде шет елдерден немесе өңірлерден келген;
– жүкті әйелдер;
– 55 жастан асқан тұлғалар;
– жіті респираторлық аурулардың белгілері бар тұлғалар;
43. Ауруға шалдыққан бала және (немесе) COVID-19 науқаспен байланыста болған жағдайда дәрігердің ОО-да сабақтарды жалғастыру үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі.
Ата-аналар үшін ыңғайлы байланыс құралында (электрондық пошта, білім беру платформасы және т.б.) мемлекеттік қызметті алу бойынша кезекке балаларды қашықтан орналастыруды қамтамасыз ету.
Орталыққа жаңадан келген балаға командалық бағалау жүргізу алгоритмі анықталады:
– баламен алғашқы сабақ ата-аналармен әңгімелесу және сұхбат барысында баланың даму ерекшеліктерін зерттеу мақсатында онлайн-режимде өткізіледі;
– екінші және үшінші сабақтар штаттық режимде, орталықта;
– төртінші сабақ бейнетүсірілім жүргізетін ата-ананың қатысуымен жетекші педагогтің өзі топтық бағалау жүргізуі. Топтық бағалау диагностикалық материалды мұқият дайындаумен және 2-ден аспайтын маманды қосумен онлайн-режимде жүргізілуі мүмкін.
Топтық талқылау (4 маманнан артық емес) баланың жеке-дамыту бағдарламасына ұсыныстар мен ұсынымдарды топтық бағалау бейнежазбасын, баланың үй бейнежазбаларын (5-7 минут) қарау нәтижелері бойынша (өзіне-өзі қызмет көрсету және ұқыптылық дағдылары, баланың еркін іс-әрекеті, ойын, құрдастарымен (сиблингтермен) қарым-қатынас, ірі және ұсақ моторика). Командалық талқылау онлайн режимінде мүмкін.
Ата-аналардың қалауы бойынша ОО-да штаттық режимде жұмыс істейтін 12 адамнан аспайтын күндізгі және қысқа мерзімді топтары жұмыс істей алады.
Физиопроцедураларды, массаждарды жүргізу кезінде кушеткалар арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтай отырып, бөлмеде 2-ден аспайтын баланың болуын шектеу. Баламен медициналық процедуралар бір рет қолданылатын қолғаптар мен маскаларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Өндірістік, әдістемелік жиналыстарды өткізуді шектеу немесе қажет болған жағдайда оларды онлайн-режимде ұйымдастыру.
Дене температурасын өлшей отырып, бетперде режимін, антисептикті пайдалана отырып, ОО-да санитариялық пост орнату.
45. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) телефон арқылы қабылдауға алдын ала жазылу бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен қызметті жүзеге асырады.
Медициналық және әлеуметтік-психологиялық анамнез жинау электронды пошта бойынша немесе байланыстың өзге түрлерімен медициналық не басқа құжаттардың фотокөшірлемелерін ала отырып телефон арқылы (әңгімелесу) сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы түрінде жүргізілуі мүмкін.
Даму ерекшеліктерін анықтау мақсатында балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру онлайн-режимде не ПМПК мамандары электронды пошта немесе байланыстың өзге түрлері бойынша жіберген сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы түрінде жүргізілуі мүмкін.
Онлайн режимде психологиялық тексеруді психолог баланың мінез-құлығы мен ойынын бақылау, баламен әңгімелесу, онлайн-режим форматында эмоционалдық-коммуникативтік, танымдық қызметінің ерекшеліктерін зерттеу мақсатында вербалдық әдістемелер мен тестерді орындау түрінде жүргізеді. Электронды пошта немесе байланыстың өзге түрлері арқылы жіберілген суреттер, графикалық тестер мен жазбаша жұмыстарды талдау жүргізіледі.
Онлайн режимде логопедиялық тексеруді логопед баламен әңгімелесу, сөйлеу тілінің әртүрлі жақтарын зерттеуге арналған тесттік материалды беру түрінде жүргізеді. Жазбаша сөйлеу тілін зерттеу мақсатында жазбаша жұмыстар мен оқуға арналған мәтіндер ұсынылады. Жазудың бұзылысын анықтау мақсатында жазбаша жұмыстарды талдау жүргізіледі.
Онлайн режимде педагогикалық тексеруді педагог-дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог зерде, есту, көру қабілеттерінің бұзылыстары бар балаларды бақылау және олармен әңгімелесу түрінде жалпы білім қорын және қоршаған орта туралы түсініктерін және жетекші қызметінің даму деңгейін анықтау мақсатында жүргізеді. Мектепке дейінгі және мектептегі оқу бағдарламалары бойынша білімдерді меңгеруін зерттеу үшін электронды пошта немесе байланыстың өзге құралдары арқылы негізгі оқу пәндері бойынша жазбаша тапсырмалар ұсынылады.
Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу телефон бойынша немесе әртүрлі қашықтық технологиялары құралдары арқылы жүргізіледі: ата-аналармен әңгімелесу, әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының құжаттары және медициналық құжаттардың фотокөшірмелері, электронды пошта бойынша жіберілген сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы.
Неврологиялық зерттеуді онлайн- дәрігер-невропатолог ата-аналармен (заңды өкілдер) және баламен әңгімелесу, мінез-құлығын бақылау (қозғалу саласының күйін зерттеу шеңберінде), жүргізілген параклиникалық (бас миының магниттік-резонанстық томографиясы, эхоэнцефалограмма, электроэнцефалограмма, электромиограмма жүргізу, көз түбін тексеру және т.б.) және медициналық ұсынымдар мәліметтерін зерттеу түрінде жүргізеді.
Психиатриялық тексеру онлайн-режимде психиатрдың баламен әңгімелесуі, оның мінез-құлығын бақылау, оның психологиялық тапсырмаларды орындауы, ойын әрекеттерін жүзеге асыруы арқылы жүргізіледі. Баланың психологиялық қызметінің диагностикалық маңызды аспектілері оның ата-аналары (заңды өкілдері) арқылы нақтыланады, жүргізілген тексерулер мен медициналық ұсынымдардың мәліметтері зерттеледі.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды еңсеру және олардың алдын алу, емдеу, оқыту мәселелері бойынша отбасына кеңес беру төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:
– әр маманның жеке қосымша беті қарастырылған ПМПК-ның ресми сайты, онда ата-аналар жазбаша сұрақ қоя алады, ал ПМПК мамандары жауап береді;
– қашықтық технологиялары құралдары (қызмет алушының мүмкіндігіне қарай) арқылы бейнебайланыс.
ПМПК мамандарының консультация беруі мынадай түрде іске асырылады:
– онлайн-режим форматында және телефонмен әңгімелесу түрінде дәрігер-невропатологтың жүйке аурулары бар балалардың жүйке жүйесінің күйі, қажет болғанда дәрі-дәрмекпен емдеу, ЕДШ дәрігерінің (нұсқаушысының) және оқуды қашықтық режимде ұйымдастыру бойынша арнайы педагогтың ұсыныстарын ескере отырып, оңтайлы күн тәртібін ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке кеңес беру;
– психиатр-дәрігердің онлайн және телефон бойынша әңгімелесу форматында психикалық және мінез-құлығында бұзылыстары бар балалардың психикалық күйі, уақытында ұсынымдарды түзету және психикасын қорғау режимін ұйымдастыру арқылы асқынудың алдын алу, баланың білім алу және дамыту көмегін алуға ықпал ететін жағдаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке кеңес беру;
– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында психологтың баланың дамуы үшін қажетті психологиялық жағдай жасау, зерде дамуын ынталандыру, әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, эмоционалдық күйін қалыпқа келтіру мақсатында бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;
– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында педагог-дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагогтың баланың дамуы үшін қажетті педагогикалық жағдай жасау, жасы мен мектепке дейін жалпы білім беру және мектеп бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім, икем және дағдыларын қалыптастыру бойынша бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;
– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында логопедтің баланың сөйлеу тілінің дамуы үшін қажетті жағдай жасау, сөйлеу тілінің дамуының түрлі жақтарын қалыптастыру, отбасылық қатынас барасында тілдік қатынасты қалыптастыру бойынша бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;
– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында әлеуметтік педагогтың баланың әлеуметтік дамуы үшін қажетті жағдай жасау, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын: тазалық, өзіне өзі қызмет көрсету, үй еңбегі қызметін көрсету, әлеуметтік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру.
Тексеру нәтижелері, баланың құжаттарын зерттеу негізінде ата-аналардың келісімі бойынша білім беру бағдарламасының түрі және қажетті түзете-педагогикалық қолдау көрсету туралы қорытынды дайындалады.
Қорытынды тіркеледі және скандалған түрде ата-аналардың электронды поштасына жіберіледі. Қорытындының түпнұсқасын атааналар өздеріне қолайлы кез келген уақытта ала алады.
Егер арнайы педагогикалық, әлеуметтік немесе медициналық қызмет алу үшін ата-аналарға ПМПК қорытындысының түпнұсқасы қажет болса, олар оны санитарлық-эпидемиялогиялық іс-шараларды сақтаған (маскалық режим) жағдайда ПМПК-дан тікелей ала алады.
ПМПК-да диагностикалық топ бар болғанда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс ОО және ППТК-ға арналған шараларға сәйкес қашықтан жұмыс жүргізу режимінде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет