Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі



бет35/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

2-тарау. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі


11. COVID-19 пандемиясы жағдайында дүние жүзі бойынша ЖЖОКБҰ-мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды.


12. АҚШ-та қашықтықтан оқытудың бірыңғай форматы жоқ, әрбір оқытушы форматты өз бетімен таңдайды. Дәрістің ең кең таралған түрлері: (1) course capture (оқытушы камерамен жабдықталған аудиторияда дәріс оқиды және осыдан кейін дәріс жазбасы жүйеге салынады), (2) Zoom –да бейнелі дәріс (білім алушылар чатта немесе дауыспен сұрақтар қоя алады), (3) білім алушылардың оқытушысыз материалдарды өз бетімен игеруі.
АҚШ университеттері оқу үдерісін ұйымдастыру нысандары мен оқыту түрлерін өз бетімен анықтайды, тиімді әлеуметтік қашықтандыру кестелерін қарастырады және қажеттілік болғанда карантин режимін айқындайды.
АҚШ-тың ЖОО-да оқытуды ұйымдастыру сатылары:
1) 1-саты – қашықтағы әдістер көмегімен толығымен ұсынылатын/жеткізілетін кез келген сыныпқа, оқиғаға, кездесуге немесе жиналысқа жатады. 1-саты – бұл барлық оқыту мақсаттары түрлі қашықтан оқыту әдістерінің көмегімен қол жеткізілетін және бағаланатын курс. Қолданылатын қашықтық әдістері синхронды және/немесе асинхронды болады;
2) 2-саты гибридтік модалдылық арқылы – қашықтықта және тікелей жақындықта өткізу дұрыс болатын кез келген сыныпқа, оқиғаға, кездесуге немесе жиналысқа жатады. 2-саты – бұл қашықтықтан оқыту көмегімен барлық оқу мақсаттарына қол жеткізілетін және бағаланатын курс; алайда басымдылық білім алушылар мен оқытушы арасында көзбе-көз өзара әрекет ету арқылы кейбір оқу мақсаттарына қол жеткізуге беріледі. Мысалы, зертханалық курстар; клииникалық тәжірибе;
3) 3-саты - жеткізу көзбе-көз өзара әрекетті талап ететін кез келген кез келген сыныпқа, оқиғаға, кездесуге немесе жиналысқа жатады. Бұл барлық оқу мақсаттары оқу орнында оқытудың түрлі әдістемелерінің көмегімен ғана қол жеткізілетін және бағаланатын курс.
13. Ұлыбританияда шағын топтарда дәстүрлі күндізгі оқыту және пандемиямен туындаған бірқатар себептер бойынша елге келу мүмкіндігінің болмауы кезінде – аралас оқыту ұсынылады.
Кембридж университеті барлық дәрістерді онлайн-форматқа көшіру туралы шешім қабылдады. Сабақтарды күндізгі өткізу әлеуметтік қашықтандыру қағидаларын сақтау кезінде білім алушылардың тек шағын топтары үшін рұқсат беріледі.
14. Канада ЖОО-да оқу жылын шағын курстардан, семинарлардан, зертхана сабақтары мен кампустағы оқытудан тұратын аралас оқытумен, ал ірілерін – қашықтық курстарымен және дәрістерімен үйлестіретін аралас оқытумен ұйымдастыру жоспарланған. Бұл үшін оқытушыларды онлайн-оқытуда қолдайтын веб-сайт құрылған. Кампус аумағында зерттеулер өткізу кампус аумағындағы ресурстарға мұқтаж және осы жұмысты қашықтан орындай алмайтындармен шектелген. Оқытушылар мен қызметкерлердің көпшілігі қашықтықтан жұмыс істейді.
15. Қытайда ЖОО-дары барлық сабақтарды ClassIn, Canvas электронды платформалары және ЖОО веб-сайты арқылы онлайн-форматқа көшірді. Бұл ретте ПОҚ дәрістерді оқудың бірнеше мүмкіндіктері болады: (1) live режиміндегі дәрістер, (2) алдын ала жазылған дәрістер, (3) вебинарлар, (4) көпшіліктік ашық онлайн-курстар (КАОК). Материалдар ЖОО-ның веб-сайтына жүктеледі. Кейбір ЖОО-ы психологиялық онлайн-қолдау, дипломдық жұмысты онлайн-басқару, жұмысқа орналасу бойынша онлайн-кеңес беру және басқа электронды қызметтер көрсетіледі. ПОҚ және білім алушылардың сұрақтар қоятын және көмек сұрайтын, күніне 16 сағат жұмыс істейтін чатқа кіру мүмкіндігі болады.
16. Австралияда университеттер білім алушыларға оқуда көп икемділік беретін алдын ала жазылған дәрістер қолданылады. Білім алушылардың өздері өздеріне қызықты дәрісті таңдап, оқу контентін басқаруға құқылы. Сонымен бірге алдын ала жазылған дәрістер бөліктерге бөлінеді. Білім алушыларға барлық дәрісті тыңдау міндетті емес, оның орнына ол секциялар бойынша навигацияны қолдана алады. Жалпы бұл әдіс білім алушыларға өте қолайлы, себебі олардың Ғаламтор жылдамдығына тәуелділігі азаяды және болашақта материалды қайталауға арналған ресурсы болады.
17. Малайзия Жоғары білім министрлігімен онлайн оқуға 31 желтоқсанға дейін толығымен өту туралы шешім қабылданған. Келесі білім алушылар санаты ол тізімге кірмейді: 1) магистранттар/ докторанттар, оларға зертханаларда, шеберханаларда, дизайн-студияларда қатысу қажеттілігімен негізделген зерттеуді жалғастыру қажет және бұған рұқсат бар (мемлекеттік және жеке ЖОО); 2) түлектер, университеттегі оқуын тәмәмдау үшін клиникалық жұмыстарды, тәжірибелік тапсырмаларды, дизайн студияларындағы жұмыстарды өткізу қажет түлектерге кампуста өткізуге рұқсат берілді, сонымен бірге техникалық мүмкіндіктері жоқтарға да көрсетілген жұмыстарды өткізу үшін кампусқа оралуға болады; 3) ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар.
18. Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ академиялық және басқарушылық дербестік шеңберінде жиналған әлемдік оң тәжірибені қолданып және осы Нұсқаулықтарды басшылыққа ала отырып, оқу үдерісінде СЭР сақтай отырып тиімді ұйымдастыру туралы шешімді өз бетімен қабылдай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет