Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдастырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Сапаны қамтамасыз ету және бағалау жүйесі



бет40/50
Дата09.03.2023
өлшемі1.33 Mb.
#470569
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
2020-2021ж. Әдістемелік ұсынымдар

7-тарау. Сапаны қамтамасыз ету және бағалау жүйесі


54. Бағалау тәсілдемелері пәндер мазмұнына және қолданылатын технологияларына байланысты бағаланады.


55. ҚОТ немесе аралас оқыту кезінде ЖЖОКБҰ-да бағалау жүйесін дайындау мақсатында академиялық саясатқа өзгерістер енгізу және бағалаудың алуан түрлері мен нысандарын қарастыру талап етіледі.
56. Қашықтықтан оқыту кезінде шолу талқылаулары, негізгі мәселелер бойынша пікірталастар өткізілетін, тренингтік сабақтар, мастер-класстар және т.б. ұйымдастырылатын дәрістік, семинар және зертхана сабақтарын өткізу әдістемесі өзгереді.
57. Бағалау әдістері бағалау талаптарын қанағаттандыруға бағытталған білім алушылардың «үлгерімділігін» емес, белсенді қатысуды және шынайы ынтымақтастықты ынталандыруы тиіс.
58. Бағалаудың тағы бір түрі – білім алушының өзін-өзі бағалауы, әрбір білім алушы өзінің жетістіктерін немесе үлгерімділігін бағалайтын процесті сипаттайды. Бұл «Менің қолымнан келеді» тұжырымдамаларының, білім алушылармен келісімшарттарының, ойларының, портфолиоға шолуы мен өзіне жазбаларының түрін қабылдайды. Зерттеулер білім алушылармен бірге өзін-өзі бағалауды қолдану білім алушыларда өзіндік қажеттілік пен ынталандырудың ішкі деңгейлеріне оң әсер ететінін көрсетті.
59. Қорытынды бақылауда (емтиханда) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрімен 2020 жылдың 4 мамырындағы №179 бұйрығымен бекітілген COVID-19 коронавирус жұқпалы ауруының пандемиясы кезеңінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарында сипатталған тәсілдемелерді қолдану ұсынылады.
60. Білім беру үдерісінің тиімділігін бақылау және талдау үшін білім алушылар мен оқытушының сандық ізін талдау сияқты құралын қолдану ұсынылады.
61. ЖЖОКБҰ өзінің ресми сайттарында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының бекітілген жұмыс регламенті мен және күнтізбелік жоспарлауын, сонымен бірге жастарды тәрбиелеудің тақырыптық бағыттары бойынша түрлі белсенді интернет-сілтемелерді орналастырып тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша веб-парақшалар жасайды. ЖОО-ның жастар ұйымдары ЖОО сайтында ұйымның қызметі туралы толық ақпаратты (ұйым бағдарламасы, байланыс ақпараты және т.б.) орналастыруы тиіс.
ЖЖОКБҰ тәрбие үдерісін анықтайтын жергілікті нормативтік актілерге («Тәлімгерлік жұмыс туралы ереже», «ЖІК туралы ереже», «Студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру») 2020-2021 оқу жылына қашықтықтағы жұмыс жағдайларын ескере отырып өзгертулер енгізеді.
62. Білім беру үдерісінің қатысушылары арасындағы кері байланыс телефонмен кеңес беру, мессенджерлер, дауыс хабарламалары, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, Cаll-орталығының жұмыстары және т.б арқылы қамтамасыз етіледі. ЖЖОКБҰ білім алушылардың, топ тәлімгерлерінің әкімшілікпен кездесу, мүдделер бойынша жетекшілік сағаттарды, ЖІК отырыстарын, студенттік клубтардың отырыстарын өткізу регламентін ZООМ немесе басқа платформалар арқылы әзірлейді және жариялайды.
63. ЖЖОКБҰ бірінші жыл оқитын білім алушыларрмен жұмыстарды ұйымдастыру кезінде осы әдістемелік ұсыныстардың 41-тармағының 12) және 13) тармақшасында сипатталған ұсыныстарды қарастырады және білім алушылар – бірінші курс студенттері арасында ҚББТ жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша сауалнама не сұрақ алуды тұрақты негізде өткізеді.
64. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие жұмыстары бойынша жоспарларға байқаулар, олимпиадалар, тренингтер мен өзге іс-шаралар өткізу кіреді.
Кездесулер, семинарлар, вебинарлар тақырыбына «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын, ҚР 2025 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларын және басқа бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде Қазақстан жастарын тәрбиелеудің негізгі бағыттарын енгізу ұсынылады.
65. Қашықтықтан оқыту кезеңінде тәрбиелеу жұмысының негізгі бағыттары: азаматтық-патриоттық тәрбиелеу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және академиялық адалдық қағидаларын сақтау; экологиялық тәрбиелеу; рехани-адамгершілік тәрбиелеу; салауатты өмір салтын насихаттау; терроризмге қарсы ағарту; құқықтық тәрбиелеу және діни экстремизмнен сақтандыру; студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру; еріктілер қозғалысын дамыту және т.б. келесі түрлерді қолданып ұйымдастырылуы тиіс:
- онлайн-зияткерлік-құқықтық ойындар;
- онлайн-кездесулер, онлайн-вебинарлар;
- алуан түрлі дәстүрлі шығармашылық байқаулар;
- онлайн-акциялар, қашықтықтағы олимпиадалар;
- онлайн-фотокөрмелер;
- жұмысқа орналастыруға арналған онлайн-жәрмеңкелер;
- алуан түрлі әлеуметтік роликтердің онлайн-трансляциясы;
- еріктілердің қашықтықтағы мектептері және басқалары.
66. ЖЖОКБҰ тәрбие жұмысы бойынша бөлімдерді үйлестіру кезінде білім алушылар мен ПОҚ психологиялық қолдау қызметтерін құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет