Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (150. 00-нысан) Жалпы ережелер



бет2/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.83 Mb.
#23288
1   2   3   4

4. Келісімшарттан тыс қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы – 150.02-нысанын жасау

 

32. Бұл нысан жер қойнауын пайдаланушының Салық кодексінің


310-бабы ережелерін ескере отырып, келісімшарттан тыс қызмет бойынша, оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын, емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес құрылысқа және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберіндегі қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.

33. «Жылдық жиынтық табыс» деген бөлімде:

1) 150.02.001 жолында Салық кодексінің 86-бабына сәйкес өткізуден түскен табыс көрсетіледі;

2) 150.02.002 жолында Салық кодексінің 87-бабына сәйкес құн өсімінен түсетін табыс көрсетіледі.

3) 150.02.003 жолында алдыңғы салық кезеңінен көшірілген залалдар ескеріле отырып, туынды қаржы құралдар, оның ішінде своп бойынша табыс көрсетіледі;

4) 150.02.004 жолында Салық кодексінің 88-бабына сәйкес міндеттемелерді есептен шығарудан табыс көрсетіледі;

5) 150.02.005 жолында Салық кодексінің 89-бабына сәйкес күмәнді міндеттемелер бойынша табыс көрсетіледі;

6) 150.02.006 жолында Салық кодексінің 91-бабына сәйкес талап ету құқығын беруден түскен табыс көрсетіледі;

7) 150.02.007 жолында Салық кодексінің 92-бабына сәйкес айқындалатын тіркелген активтерді шығарудан түскен табыс көрсетіледі;

8) 150.02.008 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


14) тармақшасына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген егер бұрын шегерімге жатқызылмаса, бұрын негізсіз бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, сот таңылған немесе борышты деп танылған айыппұлдар, өсімақылар және санкциялардың басқа да түрлері көрсетіледі;

9) 150.02.009 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


17) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген дивидендтер және Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының 18) және
20 тармақшаларына сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін депозит, ағымдағы шот, борышты бағалы қағаз, вексель, исламдық жалға беру сертификаты, ұтыстар бойынша сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

10) 150.02.010 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының


19) тармақшасына
сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілген қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес айқындалған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі көрсетіледі;

11) 150.02.011 жолында Салық кодексінің 85-бабы 1-тармағының
22-1) тармақшасына сәйкес
айқындалатын исламдық банкте орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс көрсетіледі;

12) 150.02.012 жолында Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа енгізілетін салық төлеушінің өзге де табыстары көрсетіледі;

13) 150.02.013 жолында 150.02.001-ден 150.02.012-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы көрсетіледі;

14) 150.02.014 жолында Салық кодексінің 99-бабына және Енгізу туралы Заңының 3-1-бабына сәйкес жылдық жиынтық табысты түзетудің жалпы сомасы көрсетіледі;



15) 150.02.015 жолында тауарлық-материалдық запастарды бағалаудың өзге әдісіне көшу кезінде қалыптасқан оң немесе теріс айырма көрсетіледі;

16) 150.02.016 жолында 150.02.013 жолы мен 150.02.014 жолы сомасының айырмасы ретінде айқындалған, 150.02.015 жолына ұлғайтылған (егер бұл жолдың мәні оң болған жағдайда) немесе 150.01.015 жолына азайтылған (егер бұл жолдың мәні теріс болған жағдайда) түзету ескеріле отырып, жылдық жиынтық табыс көрсетіледі.

34. «Шегерімдер» деген бөлімде:

1) 150.02.017 жолда 150.02.017 I алу 150.02.017 II қосу 150.02.017 III қосу 150.02.017 IV қосу 150.02.017 V алу 150.02.017 VI алу 150.02.017 VII алу 150.02.017 VIII алу 150.02.017 IX ретінде айқындалатын, Салық кодексінің


100-бабы 1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын сатылған (жұмсалған) тауарлардың, сатып алынған және өтеусіз алынған жұмыстар, қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі.

150.02.017 I жолында салық кезеңінің басына тауарлардың, шикізаттардың, материалдардың (соның ішінде сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жинақталатын бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, отын, қосалқы бөлшектер және тағы басқалары) (бұдан әрі – ТМҚ) өзіндік құны көрсетіледі. Бастапқы декларацияда аталған жол салық кезеңінің басына бухгалтерлік теңгерім бойынша айқындалған деректерге сәйкес толтырылады. Өзінің бастапқы декларациясын беретін салық төлеушіде салық кезеңінің басында ТМҚ болмауы мүмкін;

150.02.017 II жолы салық кезеңінің соңына бухгалтерлік теңгерім деректеріне сәйкес толтырылады. Салық кезеңінің ішінде салық төлеуші табыс еткен тарату декларациясында 150.02.017 II жолы жою балансының негізінде толтырылады;

150.02.017 III жолында салық төлеуші салық кезеңінің барысында сатып алған ТМҚ, оның ішінде өтеусіз алған, тарапты ұйымдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар орындаған жұмыстар мен көрсеткен қызметтердің құны көрсетіледі. Осы жолда келтірілген деректер декларацияның 150.02.017 жолынан бастап 150.02.038 жолдар бойынша шегерімге жатқызылатын шығыстарды қамтымауы тиіс. 150.02.017 III А бастап 150.02.017 III H дейінгі жолдар мәндерінің сомасы ретінде айқындалады:

150.02.017 III А жолында салық төлеуші есепті салық кезеңінде сатып алған, өтеусіз алған ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.02.017 III B жолында қаржылық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.02.017 III C жолында жарнамалық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.02.017 III D жолында консультациялық қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.02.017 III Е жолында маркетингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.02.017 III F жолында дизайнерлік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.02.017 III G жолында инжинирингтік қызмет көрсетулердің құны көрсетіледі;

150.02.017 III Н басқа да жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға шығыстар көрсетіледі;

150.02.017 IV жолында:

150.02.023 жолы бойынша көрсетілетін және Салық кодексінің 155-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында беліленген тәуліктік мөлшерінің асып кетуін білдіретін;

тіркелген активтердің, преференциялар объектілерінің алғашқы құнына енетін;

Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес кейінгі шығыстар ретінде танылатын;

Салық кодексінің 87-бабына сәйкес амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнына енетін қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 110-бабында сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметкерлердің есептелген табыстары мен жеке тұлғаларға өзге де төлемдер бойынша шығыстар көрсетіледі

150.02.017 V жолында өткен салық кезеңдерінде алдағы кезеңдер шығыстары ретінде танылған және есепті салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылған жұмыстар мен қызметтердің құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.02.017 VI жолында салықтық есебі Салық кодексінің 122-бабына сәйкес жүргізілетін кейінгі шығыстар болып танылған жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.02.017 VII тіркелген активтердің, преференция объектілерінің, амортизацияға жатпайтын, активтердің бастапқы құнына енетін, жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.02.017 VIII жолында 150.02.017 VI жолы бойынша көрсетілетін құнды қоспағанда, Салық кодексінің 115-бабының негізінде шегерімдерге жатқызылмайтын жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

150.02.017 ІX жолында алдағы кезеңдердің шығыстары ретінде танылатын және кейінгі салық кезеңдерінде шегерімдерге жатқызылуы тиіс жұмыстар мен қызметтердің нақты құны, ТМҚ өзіндік құны көрсетіледі;

2) 150.02.018 жолында Салық кодексінің 100-бабы 6-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын айыппұлдардың, өсімақылардың, тұрақсыздық айыптарының жалпы сомасы көрсетіледі;

3) 150.02.019 жолында қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі, ол барабар әдісін қолдануға байланысты шегерімге есептеуге жатпайды және Салық кодексінің 100-бабы 12-тармағының екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатады;

4) 150.02.020 жолында 2009 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан, есептелген қосылған құн салығының сомасынан есепке жатқызылған және Салық кодексінің 100-бабы 13-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының артуы көрсетіледі;

5) 150.02.021 жолында Салық кодексінің 100-бабы 14-1-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық төлеушінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар бойынша шығыстар сомасы көрсетіледі;

6) 150.02.022 жолында Салық кодексінің 103-бабына, Енгізу туралы Заңның 14-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақылардың жалпы сомасы көрсетіледі;

7) 150.02.023 жолында Салық кодексінің 101-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақы сомалары көрсетіледі;

8) 150.02.024 жолында Салық кодексінің 104-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын, оның ішінде Салық кодексінің 104-бабы екінші бөліміне сәйкес шегерімге жатқызылатын төленген күмәнді міндеттемелер, Салық кодексінің 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған төленген міндеттемелердің сомасы көрсетіледі;

9) 150.02.025 жолында Салық кодексінің 105-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын күмәнді талаптар көрсетіледі;

10) 150.02.026 жолында жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларды қоспағанда, Салық кодексінің 109-бабы
1-тармағына
сәйкес шегерімге жатқызылатын сақтандыру шарттары бойынша төленуі тиіс немесе төленген сақтандыру сыйлықақылары көрсетіледі;

11) 150.02.027 жолында Салық кодексінің 113-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын оң бағамдық айырма сомасынан теріс бағамдық айырма сомасының артуы көрсетіледі;

12) 150.02.028 жолында Салық кодексінің 114-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көрсетіледі;

13) 150.02.029 жолында Салық кодексінің 116 – 122-баптарына сәйкес жүргізілетін тіркелген активтер бойынша шегерімдер көрсетіледі:

150.02.029 І жолында Салық кодексінің 117-бабы 10-тармағына және 120-баптың 2-1-тармағына сәйкес салық есебі жүргізілетін, Инвестициялар туралы Заңға сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалған корпоративтік табыс салығын төлеуден босатуды берумен келісімшарт бойынша инвестициялық жоба шеңберінде 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін және (немесе) кейін пайдалануға енгізілген тіркелген активтер бойынша шегерімдер анықтама ретінде көрсетіледі;

14) 150.02.030 жолында Салық кодексінің 123 – 125-баптарына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 15-бабына сәйкес инвестициялық салық преференциялары бойынша шегерімдер көрсетіледі;

15) 150.02.031 жолында Салық кодексіне сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі.

150.02.031 жолына оның ішінде Салық кодексiнiң 107, 111 және


112-баптарына сәйкес шегерімге жатқызылатын кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдiк балшықты өндіру жөнiндегi келiсiмшарттар шеңберiнде, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға кеткен шығындар қосылады.

Бұл жол өзіне басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары көрсетiлетiн 150.02.031 I жолын да қамтиды;

16) 150.02.032 шегерімге жатқызылуы тиіс сома көрсетіледі;

150.02.032 І жолында шегерімге жатқызылатын шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 150.02.017-ден 150.02.031-ге дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады;

150.02.032 ІІ жолында бір мезгілде 130.00–нысан бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ететін коммерциялық емес ұйымдардың Салық кодексінің 134-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын шығыстарының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 130.00.029 жолы көшіріледі;

150.02.032 ІІІ жолында Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты мекеме(лері)сі бар резиденттер шегерімге жатқызуы тиіс шығыстардың сомасы көрсетіледі.

35. «Табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

150.02.033 жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстар мен шегерімдерді түзетулердің жалпы сомасы көрсетіледі. 150.02.033 І және 150.02.033 ІІ жолдарының сомасын айырмасы ретінде айқындалады:

150.02.033 І жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін табыстарды түзетулердің сомасы көрсетіледі;

150.02.033 ІІ жолында Салық кодексінің 131, 132-баптарына сәйкес жүргізілетін шегерімдерді түзетулердің сомасы көрсетіледі.

36. «Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстар мен шегерімдерді түзету» деген бөлімде:

1) 150.02.034 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес табыстарды түзетудің сомасы көрсетіледі;

2) 150.00.035 жолында Трансферттік баға белгілеу туралы Заңға сәйкес айқындалатын, шегерімдерді түзетудің сомасы көрсетіледі.

37. «Салық салынатын табысты есептеу» деген бөлімде:

1) 150.02.036 жолында салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 150.02.033 және 150.02.034 жолдарына ұлғайтылған 150.02.016, 150.00.032 және 150.02.035 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

2) 150.02.037 жолында резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс көздерден алған табыстарының сомасы көрсетіледі. 150.02.037 жол анықтамалық сипатқа ие. Бұл жол өзіне 150.02.037 І жолын да қамтиды:

150.02.037 І жолында Салық кодексінің 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салуда жеңілдігі бар елде алған табыс көрсетіледі.

150.02.037 І жолының мәні салық салынатын табысты есептеуге қосылады;

3) 150.02.038 жолында Салық кодексінің 2-бабы 5-тармағына,


212, 213-баптарына сәйкес халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуы тиіс табыс сомасы көрсетіледі;

4) 150.02.039 жолында халықаралық салық салу ерекшелігі есепке ала отырып, салық салынатын табыс (залал) сомасы көрсетіледі. 150.02.038 жолын алып тастаумен, 150.02.036 және 150.02.037 I жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

5) 150.02.040 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына сәйкес көшірілуі тиіс залал көрсетіледі;

6) 150.02.041 жолында Салық кодексінің 133-бабына немесе Енгізу туралы Заңның 3-2-бабына сәйкес салық салу табысын кеміту сомасы көрсетіледі. 150.02.041 А және 150.02.041 В жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.02.041 А жолында Салық кодексінің 133-бабы 1-тармағына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы шығыстар көрсетіледі.

150.02.041 В жолында Салық кодексінің 133-бабы 2-тармағына немесе Енгізу туралы Заңның 3-2-тармағына сәйкес салық төлеуші салық салу табысын кемітуге құқылы табыстар көрсетіледі;



7) 150.02.042 жолында Салық кодексінің 133-бабына, сондай-ақ Енгізу туралы Заңның 3-2-тармағына сәйкес жүргізілетін азайту ескерілген салық салынатын табыс көрсетіледі. 150.02.039 және 150.02.041 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер 150.02.041 жолы 150.02.039 жолынан артық болса, 150.00.042 жолда нөл көрсетіледі;

8) 150.02.043 жолында Салық кодексінің 137-бабы 1-тармағына және Енгізу туралы Заңның 15-1-бабына сәйкес алдыңғы салық кезеңдерінен көшірілген залалдар көрсетіледі;

9) 150.02.044 жолында көшірілген залалдар қосылған салық салынатын табыс көрсетіледі. Егер 150.02.042 жолында оң мән көрсетілген жағдайда толтырылады. 150.02.042 және 150.00.043 жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалады. Егер 150.02.043 жолы 150.02.042 жолынан артық болса, 150.02.044 жолда нөл көрсетіледі.

38. «Салық міндеттемесінің есебі» деген бөлімде:

1) 150.02.045 жолында Енгізу туралы Заңның 4-бабына сәйкес немесе Салық кодексінің 147-бабы 2-тармағына сәйкес корпоративтік табыс салығының ставкасы пайызда көрсетіледі;

2) 150.02.046 жолында Салық кодексінің 223-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу кезінде ескерілетін Қазақстан Республикасынан тыс төленген табысқа салықтардың немесе резидент салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс көздерден алған табыстарға соған ұқсас табыс салығының түрлерінің сомасы көрсетіледі;

3) 150.02.047 жолында шетел салығын есепке жатқызу ескерілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. 150.02.044 және
150.02.045 жолдарының және 150.02.046 жолының туындысының айырмасы ретінде айқындалады;

4) 150.02.048 жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде ұтыс түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

5) 150.02.049 I жолында алдыңғы салық кезеңдерінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған және Салық кодексінің 139-бабы 3-тармағына сәйкес көшірілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

150.02.049 II жолында Салық кодексінің 139-бабы 2-тармағына сәйкес бюджетке төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасына кемітілетін салық кезеңінде сыйақы түріндегі табыстан төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

6) 150.02.050 жолында Салық кодексінің 200-бабына сәйкес табыстың төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

7) 150.02.051 жолында 150.02.051 I және 150.02.051 II және


150.02.051 III және 150.02.051 IV және 150.02.051 V жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі;

150.02.051 I жолында Салық кодексінің 139-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. 150.02.047, 150.02.048, 150.02.049 I, 150.02.049 II, 150.02.050 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады. Егер алынған айырма нөлден төмен болса, онда 150.02.051 I жолда нөл көрсетіледі. Бұл жолдың мәні 150.02.058 І жолына көшіріледі;

150.02.051 ІІ жолында Салық кодексінің 451-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының азайту сомасы көрсетіледі. Салық кодексінің 448 – 452-баптарында көзделген арнаулы салық режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер толтырады. 150.02.051 І жолының 70 пайызы ретінде айқындалады. Бұл жолдың мәні 150.02.058 ІІ жолына көшіріледі;

150.02.051 ІІІ жолында инвестициялар бойынша уәкілетті органмен жасасқан келісімшартқа сәйкес стандартты салық жеңілдіктерін қолдануға байланысты кемітілген корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні 150.02.058 ІІІ жолына көшіріледі;

150.02.051 IV жолында Инвестициялар туралы Заңға сәйкес салық төлеуші инвестициялар бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін жасасқан келісімшарт негізінде есептелген корпоративтік табыс салығына кемітуге құқылы сома көрсетіледі. Бұл жолдың мәні 150.02.058 IV жолына көшіріледі;

150.02.051 V жолында 150.02.051 I жолынан 100% ретінде айқындалатын Салық кодексінің 151-бабына сәйкес салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасының кемітілуі көрсетіледі. Бұл жолдың мәні 150.02.051 V жолына көшіріледі;

8) 150.02.052 жолында Салық кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметінен түскен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы көрсетіледі. 150.02.044 және 150.02.051 жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

9) 150.02.053 жолында таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі:

150.02.053 І жолында 150.02.052 жолының 15% ретінде айқындалатын,
Салық кодексінің 199-бабы 1-тармағына сәйкес 15 пайыз ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні 150.02.060 І жолына көшіріледі;

150.02.053 ІІ жолында Салық кодексінің 212-бабына сәйкес халықаралық шартта көзделген ставка бойынша есептелген таза табысқа корпоративтік табыс салығының сомасы көрсетіледі. Егер салық төлеуші таза табысқа корпоративтік табыс салығына қатысты халықаралық шарт ережесін қолданса, таза табысқа корпоративтік табыс салығының ставкасы көрсетіледі. Бұл жолдың мәні 150.02.060 ІІ жолына көшіріледі;

150.02.053 ІІІ жолы егер 150.02.053 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аталған халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі;

150.02.053 ІV жолы егер 150.01.053 ІІ жолы толтырылған жағдайда толтырылады. Бұл жолға аталған халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

10) 150.02.054 жолында есептелген корпоративтік табыс салығының жиынтық сомасы көрсетіледі. (150.02.051 + 150.02.053 I немесе 150.02.053II) ретінде айқындалады. Бұл жолдың мәні 150.00.061 жолына көшіріледі.

  


5. Геологиялық зерттеуге, барлауға және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары – 150.04-нысанын жасау

 

39. Бұл нысан Салық кодексінің 111-бабына сәйкес шегерімдерге жатқызылуға жататын, жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейін өндіру басталған уақытқа дейінгі геологиялық зерттеуге, барлауға, табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына жұмсаған шығыстарын, соның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықты өндіруді, сондай-ақ барлауды және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының басқа да шығыстарын айқындауға арналған.



40. «Көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетіледі;

3) С бағанында геологиялық зерттеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

4) D бағанында бағалау, орналасу бойынша шығыстарды қоса алғандағы, барлауға және пайдалы қазбаларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар көрсетіледі;

5) Е бағанында жалпы әкімшілік шығыстар көрсетіледі;

6) F бағанында төленген қол қою бонусының сомасы көрсетіледі;

7) G бағанында төленген коммерциялық табу бонусының сомасы көрсетіледі;

8) Н бағанында салық кезеңі үшін қазақстандық кадрларды оқытуға, аймақтардың әлеуметтік салаларын дамытуға нақты жұмсалған шығыстар;

9) І бағанында салық кезеңі үшін келісімшарт шеңберінде айқындалған қазақстандық кадрларды оқытуға, аймақтардың әлеуметтік саласын дамытуға арналған шығыстар сомасы көрсетіледі;

10) J бағанында қазақстандық кадрларды оқытуға, аймақтардың әлеуметтік саласын дамытуға арналған шегерімге жатқызылатын шығыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл жолға Н және I бағандарының ең кіші мәндері көшіріледі;

11) К бағанында бағанында негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығыстар көрсетіледі;

12) L бағанында бағанында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алуға байланысты жұмсалған материалдық емес активтерді сатып алуға арналған шығыстар көрсетіледі;

13) М бағанында өзге де материалдық емес активтерді сатып алу бойынша шығыстар көрсетіледі;

14) N бағанында Салық кодексінің 111-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын өзге де шығыстар көрсетіледі;

15) О бағанында жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған кезге дейінгі шығыстарының жалпы сомасы көрсетіледі. С-дан G-ға дейінгі және J-ден N-ге дейінгі бағандарының сомасы ретінде айқындалады ((С-дан G-ға дейінгі сома) қосу (J-ден N-ға дейінгі сома));

16) P бағанында Салық кодексінің 99-бабына немесе Енгізу туралы Заңның 3-1-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған кезге дейін геологиялық зерттеу, барлау және табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарын жүргізу кезеңінде жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асыратын қызметі бойынша жер қойнауын пайдаланушы алған табыстары көрсетіледі;

17) Q бағанында коммерциялық табудан кейін өндіруді бастаған кезге дейін өндірілген пайдалы қазбаларды өткізу кезінде алынған табыстар көрсетіледі;

18) R бағанында жер қойнауын пайдалану құқығының бір бөлігін сатудан түскен табыстар көрсетіледі;

19) S бағанында табыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. P-дан R-ға дейінгі бағандарының сомасы ретінде айқындалады;

20) Т бағанында салық кезеңі ішінде жиналған коммерциялық табудан кейін өндіру басталған сәтке дейін жүргізілген шығыстардың сомасы көрсетіледі. O және S бағанындарының айырмасы ретінде айқындалады;

21) U бағанында салық кезеңiнiң басына жиналған шығындардың тобының құн балансы көрсетiледi;

22) V бағанында Салық кордексінің 116-бабы 2-тармағының
1) тармақшасында көрсетілген активтер бойынша коммерциялық табудан кейін пайдалы қазбаларды өндіру басталған сәттен жұмсалған кейінгі шығыстардың сомасы көрсетіледі;

23) W бағанында салық кезеңiнiң ішінде жиналған шығыстар тобынан шығарылған активтердiң құны көрсетiледi;

24) Х бағанында салық кезеңінің соңына жиналған шығыстар тобының теңгерімінің құны. U, Т және V бағанындарының сомасы алу W бағаны ретінде айқындалады. Бұл ретте егер жолдардың сомасы теріс мәнде болса, 150.03-нысаны бойынша әрі қарай есеп тоқтатылады;

25) Y бағанында 25 пайыз мөлшерiнде Салық кодексiнiң 111-бабы


1-тармағында
айқындалған амортизацияның шектi нормасы көрсетiлген;

26) Z бағанында Y бағаны көрcетiлген амортизацияға көбiрек шектi норма болуы керек болатын амортизацияның қолданылатын нормасы көрсетiледi;

27) АА бағанында шегерімге жатқызылатын сома көрсетiледi. Y және XZ бағандарының көбейтумен айқындалады;

28) AB бағанында шығындардың келесi салық кезең алып жүруге болатын сомасы көрсетiледi. X және AA жолдарының айырмасы ретінде айқындалады;

29) AС бағанында Салық кодексінің 111-бабы 1-тармағының


2-бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылатын, соңғы салық кезеңінің соңына қалыптасқан амортизацияланатын активтер тобының құндық теңгерімі көрсетіледі.

 

6. Сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша бойынша ҚҚС төлеушi болып табылмайтын салық төлеушiлердiң шығыстары – 150.04-нысанын жасау


41. Бұл нысанды қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғалар толтырады. Нысанда шегерімге жатқызылмайтындарды қоса алғанда, сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы мәліметтер көрсетіледі. Осы нысандағы мәліметтер декларацияға және оған қосымшаларға көшірілмейді.

42. «Шығыстар» деген бөлімде:

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында СТН көрсетіледі;

3) С бағанында контрагенттің БСН (ЖСН) көрсетіледі;

4) D бағанында осы Қағидалардың 57-тармағына сәйкес резидент емес контрагенттің резиденттік елінің коды көрсетіледі;

5) Е бағанында резидент емес контрагенттің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі. Баған D бағанында резиденттік елінің коды көрсетілген кезде толтырылады;

6) F бағанында шығыс түрлерінің коды көрсетіледі:

1 – қаржылық қызметтері;

2 – жарнамалық қызметтер;

3 – консультациялық қызметтер;

4 – маркетингтік қызметтер;

5 – дизайнерлік қызметтер;

7 – инжинирингтік қызметтер;

8 – өзгелері;

7) G бағанында сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша құны көрсетіледі.


7. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер – 150.05-нысанын жасау

 

43. Бұл нысан Салық кодексінің 116 – 122-баптарына сәйкес тіркелген активтер бойынша шегерімдерді айқындауға, сондай-ақ Салық кодексінің


137-бабы 1-тармағына сәйкес кейінгі салық кезеңдеріне көшірілетін 1-топтың тіркелген активтерін шығарудан залалды айқындауға арналған.

Жер қойнауын пайдаланушы жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша шегерімдерді, сондай-ақ ол Салық кодексінің 122-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын, салық есебі саясатында жер қойнауын пайдаланушының қабылдаған бөлек салық есебін жүргізудің бір немесе бірнеше әдістерінің негізінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) арасындағы бірнеше жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен және (немесе) келісімшарт және келісімшарттан тыс қызметпен байланысты, жалға алынатын негізгі құралдарға қатысты жүргізген кейінгі шығыстарды өз бетінше бөледі.



Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға бөлінген жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының жалға алатын негізгі құралдарға қатысты жүргізгеннен кейінгі шығыстары бойынша шегерімдер әрбір жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша 150.01-нысанда келісімшарттан тыс қызметке бөлінген бөлігінде шегерімдер сомасы 150.02-нысанда көрсетіледі.

44. «Жалпы және жанама тікрелген активтер бойынша шегерімдер» деген бөлімде:

1) 150.05.001 жолында салық кезеңінің басына жалпы және жанама активтер бойынша топтардың құндық теңгерімнің жалпы сомасы көрсетіледі. 150.05.001 І-ден 150.05.001 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.001 І жолында Салық кодексінің 117-бабы 7-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің басына І топ жалпы және жанама тіркелген активтерінің кіші топтары бойынша құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

150.05.001 ІІ жолында Салық кодексінің 117-бабы 7-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің басына ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

150.05.001 ІІІ жолында Салық кодексінің 117-бабы 7-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің басына ІII топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

150.05.001 ІV жолында Салық кодексінің 117-бабы 7-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің басына ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

2) 150.05.002 жолында салық кезеңінде келіп түскен жалпы және жанама тіркелген активтердің құны көрсетіледі. 150.05.002 І-ден 150.05.002 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.002 І жолында Салық кодексінің 118-бабына сәйкес айқындалатын, келіп түскен І топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

150.05.002 ІІ жолында Салық кодексінің 118-бабына сәйкес айқындалатын, келіп түскен ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

150.05.002 ІІІ жолында Салық кодексінің 118-бабына сәйкес айқындалатын, келіп түскен ІІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

150.05.002 ІV жолында Салық кодексінің 118-бабына сәйкес айқындалатын, келіп түскен ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

3) 150.05.003 жолында шығарылған жалпы және жанама тіркелген активтердің құны көрсетіледі. 150.05.003 І-ден 150.05.003 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.003 І жолында Салық кодексінің 119-бабына сәйкес айқындалатын, І топтың шығарылған жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

150.05.003 ІІ жолында Салық кодексінің 119-бабына сәйкес айқындалатын, ІІ топтың шығарылған жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

150.05.003 ІІІ жолында Салық кодексінің 119-бабына сәйкес айқындалатын, ІІІ топтың шығарылған жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

150.05.003 ІV жолында Салық кодексінің 119-бабына сәйкес айқындалатын, ІV топтың шығарылған жалпы және жанама тіркелген активтерінің құны көрсетіледі;

4) 150.05.004 жолында Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша топтардың (кіші топтардың) құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын кейінгі шығыстар көрсетіледі. 150.05.004 І-ден 150.05.004 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.004 І жолында Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес кіші топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын І топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;

150.05.004 ІІ жолында Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;

150.05.004 ІІІ жолында Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын ІII топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;

150.05.004 ІV жолында Салық кодексінің 122-бабы 3-тармағына сәйкес топтардың құндық теңгерімін ұлғайтуға жатқызылатын ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;

5) 150.05.005 жолында салық кезеңінің аяғына жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша топтардың құндық теңгерімнің жалпы сомасы көрсетіледі. 150.05.005 І-ден 150.05.005 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.005 І жолында Салық кодексінің 117-бабы 8-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің аяғына І топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің кіші топтары бойынша құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

150.05.005 ІІ жолында Салық кодексінің 117-бабы 8-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің аяғына ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

150.05.005 ІІІ жолында Салық кодексінің 117-бабы 8-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің аяғына ІII топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

150.05.005 ІV жолында Салық кодексінің 117-бабы 8-тармағына сәйкес анықталған салық кезеңінің аяғына ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтерінің құндық теңгерімнің сомасы көрсетіледі;

6) 150.05.006 жолында Салық кодексінің 120-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес салық кезеңінің қорытындысы бойынша есептелген жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі. 150.05.006 І-ден 150.05.006 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.006 І жолында Салық кодексінің 120-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес есептелінген І топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;

150.05.006 ІІ жолында Салық кодексінің 120-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес есептелінген ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;

150.05.006 ІІІ жолында Салық кодексінің 120-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес есептелінген ІІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;

150.05.006 ІV жолында Салық кодексінің 120-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес есептелінген ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша амортизациялық аударымдар көрсетіледі;

7) 150.05.007 жолында Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес амортизацияның екі нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі. 150.05.007 І-ден 100.16.007 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.007 І жолында І топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес амортизацияның екі нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;

150.05.007 ІІ жолында ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес амортизацияның екі нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;

150.05.007 ІІІ жолында ІІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес амортизацияның екі нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;

150.05.007 ІV жолында ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Салық кодексінің 120-бабы 6-тармағына сәйкес амортизацияның екі нормасы бойынша есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі;

8) 150.05.008 жолында Салық кодексінің 121-бабы 3-тармағын ескере, Салық кодексінің 121-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес шегерімге жатқызылатын (ІІ, ІІІ, ІV топтары) немесе залал деп танылатын (І тобы) барлық жалпы және жанама тіркелген активтерді шығару кезіндегі топтардың (кіші топтардың) құндық теңгерімі көрсетіледі. 150.05.008 І-ден 150.05.008 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.008 І жолында Салық кодексінің 121-бабы 3-тармағын ескере, Салық кодексінің 121-бабы 1-тармағына сәйкес залал деп танылатын І топтың шығарылған жалпы және жанама тіркелген активтерінің (өтеусіз бергенді қоспағанда) кіші топтарының құндық теңгерімі көрсетіледі;

150.05.008 ІІ жолында Салық кодексінің 121-бабы 3-тармағын ескере, Салық кодексінің 121-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын топтардың барлық жалпы және жанама тіркелген активтерінің шығарылуы (өтеусіз бергенді қоспағанда) кезіндегі ІІ топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

150.05.008 ІІІ жолында Салық кодексінің 121-бабы 3-тармағын ескере, Салық кодексінің 121-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын топтардың барлық жалпы және жанама тіркелген активтерінің шығарылуы (өтеусіз бергенді қоспағанда) кезіндегі ІІІ топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

150.05.008 ІV жолында Салық кодексінің 121-бабы 3-тармағын ескере, Салық кодексінің 121-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын топтардың барлық жалпы және жанама тіркелген активтерінің шығарылуы (өтеусіз бергенді қоспағанда) кезіндегі ІV топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

9) 150.05.009 жолында Салық кодексінің 121-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына топтардың (кіші топтардың) құндық теңгерімі көрсетіледі. 150.05.009 І-ден 150.05.009 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.009 І жолында Салық кодексінің 121-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын І топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

150.05.009 ІІ жолында Салық кодексінің 121-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

150.05.009 ІІІ жолында Салық кодексінің 121-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

150.05.009 ІV жолында Салық кодексінің 121-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша Республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 300-еселенген мөлшерден кем соманы құрайтын салық кезеңінің соңына кіші топтың құндық теңгерімі көрсетіледі;

10) 150.05.010 жолында қызметкерлердің есептелген табыстары бойынша шығыстарды қоспағанда, Салық кодексінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын кейінгі шығыстардың жалпы сомасы көрсетіледі. 150.05.010 І-ден 150.05.010 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.010 І жолында Салық кодексінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын І топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі.

150.05.010 ІІ жолында Салық кодексінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша жұмсалатын кейінгі шығыстар көрсетіледі.

150.05.010 ІІІ жолында Салық кодексінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі:

150.05.010 ІV жолында Салық кодексінің 122-бабы 2-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша кейінгі шығыстар көрсетіледі;

11) 150.05.011 жолында жалпы және жанама тіркелген активтер бойынша салық кезеңінің шегерімдерінің жалпы сомасы көрсетіледі. 150.05.011 І-ден 150.05.011 ІV-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады:

150.05.011 І жолында І топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 150.05.006 І, 150.05.007 І, 150.05.009 І, 150.05.010 І жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.05.011 ІІ жолында ІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 150.05.006 II, 150.05.007 II, 150.05.008 II, 150.05.009 II, 150.05.010 II жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.05.011 ІІІ жолында ІІІ топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 150.05.006 III, 150.05.007 III, 150.05.008 III, 150.05.009 III, 150.05.010 III жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

150.05.011 ІV жолында ІV топтың жалпы және жанама тіркелген активтері бойынша шегерімдер көрсетіледі. 150.05.006 IV, 150.05.007 IV, 150.05.008 IV, 150.05.009 IV, 150.05.010 IV жолдарының сомасы ретінде айқындалады;

12) 150.05.012 жолында Салық кодексінің 122-бабы 4-тармағына сәйкес шегерімге жатқызылатын, жалға алушы жалға алынған негізгі құралдарға қатысты жүргізген кейінгі шығыстарының сомасы көрсетіледі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет