2044 – егер резидент емес заңды тұлғаның осындай қатысу үлестерінің немесе активтерінің құнының 50 пайызынан астамын Қазақстан Республикасында орналасқан мүлік құрайтын болса, резидент емес заңды тұлғада, консорциумда қатысу үлестерін сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;
2050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;
2060 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;
2070 – резиденттің мiндеттемелерiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға жасасқан келiсiмшарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн резидент еместен алынатын тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмақылар)
2080 – резидент емес заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;
2081 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;
2090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындаудың басқа жағдайларында пайда алушы болып табылатын резидент үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде салық міндеттемесін орындау жүктелмеген резидент емес сенімгерлікпен басқарушыдан мүлікті сенімгерлікпен басқаруды белгілеу туралы акті бойынша алынған табыстар;
2100 – резидент еместен алынан борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда сыйақылар түріндегі табыстар;
2110 – резидент емес эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыстар;
2120 – резидент еместен алынатын роялти түріндегі табыстар;
2130 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан мүлкін жалға беруден түсетін табыстар;
2140 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;
2150 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс туындайтын сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;
2151 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;
2160 – резидент еместен алынатын, халықаралық тасымалдарда көліктік қызмет көрсетуден табыстар;
2161 – резидент еместен алынатын, Қазақстан Республикасының шегінен тыс көліктік қызмет көрсетуден табыстар;
2170 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан құбыр жолдарын, электр беру желілерін (ЭБЖ), оптикалық–талшықты байланыс желілерін пайдаланудан алынатын табыстар;
2180 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазастан Республикасының шегінен тыс қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табысы;
2181 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазастан Республикасының шегінен тыс қызметтен түсетін резидент жеке тұлғаның табысы;
2190 – өздерiне резидент емеске қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқарушылық міндеттерін нақты орындайтын орнының маңызы жоқ;
2200 – резидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент емес оған төлейтін үстемеақы;
2201 – резидент жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс тұруына байланысты жұмыс беруші болып табылатын резидент оған төлейтін үстемеақы;
2210 – еңбек шарты (келісімшарт) негізінде жұмыс беруші (резидент немесе резидент емес) төлеген резидент жеке тұлғаның материалдық, әлеуметтiк игiлiктерін қоса алғанда, материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызметінен резидент жеке тұлғаның табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оқу мекемелерiнде оның балаларын оқытуға шығыстар, олардың отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;
2211 – қызмет көрсетуге (жұмыстарды орындауға) шарт негізінде өзге тұлға төлеген резидент жеке тұлғаның материалдық, әлеуметтiк игiлiктерін қоса алғанда, материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасының шегінен тыс қызметінен резидент жеке тұлғаның табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оқу мекемелерiнде оның балаларын оқытуға шығыстар, олардың отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келуін қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;
2220 – резидент емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;
2230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино артистеріне, радио, теледидар қызметкеріне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасынан тыс қызметтен төленетін табыстар;
2240 – резидент еместер төлейтiн ұтыстар;
2250 – Қазақстан Республикасынан тыс жеке (кәсiби) тәуелсiз қызмет көрсетуден алынған табыстар;
2260 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан мүлiктi өтеусіз алу түріндегі табыстар;
2261 – Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан мүлiктi өтеусіз алудан табыстар;
2270 – туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;
2280 – міндеттемені есептен шығарудан табыстар;
2290 – күмәндi мiндеттемелер бойынша табыстар;
2300 – резидент еместен алынатын, лицензия негізінде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерiн азайтудан табыстар;
2310 – резидент еместен алынатын, сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан табыстар;
2320 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алынған табыстар;
2330 – Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген активтерді шығарудан түскен табыстар;
2340 – Қазақстан Республикасынан тыс геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар;
2350 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар;
2360 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар;
2370 – бұрын Қазақстан Республикасының шегінен тыс резидент еместен жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
2380 – оң бағамдық айырма сомасының қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
2390 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс әлеуметтiк сала объектiлерiн пайдалану кезiнде алынған табыстар;
2400 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс мүліктік кешен ретінде кәсіпорынды сатудан түскен табыстар;
2410 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы не сенімгерлікпен басқару туындаудың өзге де жағдайларында пайда алушы алған (алуға тиіс) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан табыстар;
2420 – Қазақстан Республикасының шегінен тыс кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде туындайтын басқа да табыстар.
56. Валюта кодын толтыру кезінде «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының
2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 23 «Валюталар жіктеуіші» қосымшасына сәйкес валюталардың кодын пайдалану қажет.
57. Ел кодын толтыру кезінде шешімнің «Әлем елдерінің жіктеушісі»
22–қосымшасына сәйкес елдердің кодын пайдалану қажет.
58. Декларацияны толтыру кезінде халықаралық шарт (келісім) түрлерінің мынадай кодтарын пайдалану қажет:
01 – табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;
02 – Ислам Даму Банкiнiң құрылтай шарты;
03 – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi келісім;
04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;
05 – жаңа үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;
06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;
07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;
08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;
09 – Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң келісімі;
10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;
11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;
12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;
13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкiн құру туралы келесім;
14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;
15 – Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт;
16 – Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiн құру туралы конвенция;
17 – «Нұр–Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;
18 – Әуе қатынасы туралы келісім;
19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Қазақстан Республикасына Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;
20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;
21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;
22 – Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).
___________________________
Достарыңызбен бөлісу: |