Көру мүшесінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы. Көз аурулары


Амблиопия— көзілдірік немесе контакті линзілер көмегімен коррекцияға берілмейтін көру анализаторының бұзылысы нәтижесінде дамыған пайда болуы әр түрлі көру нашарлауы



бет2/3
Дата14.09.2022
өлшемі15 Kb.
#460709
1   2   3
Көру мүшесінің анатомиясы, физиологиясы, патологиясы. Көз аурула-melimde.com

Амблиопия— көзілдірік немесе контакті линзілер көмегімен коррекцияға берілмейтін көру анализаторының бұзылысы нәтижесінде дамыған пайда болуы әр түрлі көру нашарлауы.

Қыли көз

Қыли, қылилық, гетерофория (strabіsmus) — көз ақауы; екі көздің көру бағытының бір нүктеде түйіспеуі. Қыли көздің бұлшық еттерінің қиысу қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болады. Әдетте екі көздің қалыпты қызметі 2 — 3 жаста орнығады. Қыли осы жастағы балаларда жиі кездеседі. Көздің қалыпты жағдайының бұзылуы жарақат, бас сүйектегі ми аурулары, психикалық зақым (қорқу), көздің оптикалық ақауы (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік), сондай-ақ, жұқпалы аурулар (қызылшакүлскарлатинатұмау, т.б.) әсерінен болады

Балалардағы көрудің бұзылысы – үлкен соцаолды-гигиеналық мәселе

Көру бұзылыстары тамақтану факторларымен дәрумендер жеткіліксіздігі, табиғи факторлар, климатка байланысты. Көру мүшесінің дамып-жетілуіне тұқымқуалаушылықтың және жүйке жүйесінің әсері зор.

Көрудің туа біткен бұзылуының этиологиясы:

патогендік агенттердің эмбрионалды даму кезеңіндегі әсері (токсоплазмоз және басқа жұқплы, қабыну процестері, зат алмасудың бұзылуы);

тұқымқуалаушылықтың әсер етуі көздің аномалды дамуына әкеліп соғады – а) микрофтальм – көз құрлымының дөрекі өзгеруі, көрудің едәуір төмендеуі және бір немесе екі көз көлемінің кішіреюі; б) анофтальм – туа біткен көзсіздік; в) катаракта – шыны тәрізді көздің мөлдір денесінің бұлдырауы.

көздің туа біткен аурулары - көздің тор қабығының пигментті дистрофиясы (дегенерация), көру аймағының кішірейіп оның толық жойылуы ерекшелігі және астигматизм – аномалды рефракция, яғни көздің икемделу қасиетінің бұзылуы.

туа біткен зарарсыз ми ісіктері

Жүре пайда болған аномалдар туа біткендерге қарағанда аз таралған. Бұл халыққа көрсетілген емді – профилактикалық көмектің жақсарғанына және денсаулық ақтаудың жетістіктеріне байланысты. Жүре пайда болған аномалдылықтың этиологиясы:

бала көзінің ауыр зақымдануы, өкпе ауруы, мерез, трахома, шешек көз ауруларының әсерінен;

көзге және миға қан құйылу, туу кезіндегі бас жарақаттары, көз және мидың түрліше жарақаттарынсыз зақымдануы (бастың соғылуы немесе жарақаты);

көздің жарақаттануы;

глаукома – көз ұлпаларының өзгеруі және көз іші қысымының көтерілуімен байланысы ауыр дәрежелі ауру;

көру нервісінің атрофиясы;

орталық нерв жүйесінің ауруы (менингит, менингоэнцефалит);

организмнің жалпы аурулардан кейін асқындауы, инфекция;



алыстан және жақыннан көрмеушілік;

  • Көрмей қалған балалар. Оларға ерте қалыптасқан көріп елестеудің сақталуы тән. Неғұрлым кеш көрмей қалған бала және неғұрлым оның есінде бұрынғы көріп елестетудің іздері сақталса, соғұрлым заттың бейнесі жеңіл құралады немесе ауызша суреттің негізінде пайдаболады. Осындай баланың қалыпты ойлау қызметі сақталған анализаторларға сүйенеді. Олардың көруі бастаушы анализатор болып қалады. Бірақ, олардың көріп қабылдауы тек жартылай сақталған, сондықтан толығымен құнды емес болады. Ол жоғары баяулығымен, шолудың тарлығымен, дәлдіктің төмендеуімен ерекшеленеді. Соңында олардың көру қорының әсері шектелген болып шығады, сандық көрсеткіші мөлшерден төмен, ал елестетулер түрліше сапаға ие: олар азырақ анық және ашық, қалыпты көретіндерге қарағанда, ал кейде бұрмаланған.

  • Нашар көретін балалар соқыр балаларға қарағанда көп топ құрайды – бұл – 0,05–тен 0,4-ке дейінгі қарапайым түзету амалын қолдануда жақсы көретін көзде өткір көретін балалар. Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды. Оларда кеңістікке бейімделу жиі байқалады. Нашар көретін балалар мінезінің түрлі ерекшеліктерімен ашушаңдығымен, тұйықтығымен, мінезінің кейбір жағымсыз белгілерімен ерекшеленеді. Бұл кемшіліктер оқудағы, ойындағы, құрдастарымен араласу барысындағы қиындықтар мен сәтсіздіктерді түсіндіреді. Көру жұмысы кезінде мұндай балалар тез жолығады, оны дамыту мен қорғау шараларының болмауы көрудің одан әрі нашарлауына әкеп соғады. Көрудің жалығуы ақыл-ой және физикалық іскеліктің төмендеуіне әкеледі.

  • Соқыр балалардың сөйлеу қызметі. Коррекциялық шаралардың арасында көрудің қалдық көріністерін дамытуды стимуляциялау үлкен орын алады. Кемістік емес сақталған функцияларды сақтауға қажетті көмек көрсету қажет.

  • Соқыр балалардың танып білу сферасы жағынан сипаттама. Сезінуі – баяу, аз, жеткіліксіз. Көру көріністері бұзылған –баяу сөздерді есте сақтау. Талдауда, синтездеуде, салыстыруда қиыншылықтар – теріс қорытындылар және тұжырымдық – заттық тәжірибелік дағдының жеткіліксіздігі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет