Тіркемелік конспектісі. Тақырыбы: Жүрек ақаулары: Митральді қақпақшасының ақауы. Аорта қақпақшасының ақауы



бет1/5
Дата02.04.2024
өлшемі30.77 Kb.
#497343
түріКонспект
  1   2   3   4   5
журек акаулары


Тіркемелік конспектісі.

Тақырыбы: Жүрек ақаулары: Митральді қақпақшасының ақауы. Аорта қақпақшасының ақауы.


Жүрек ақауы- жүрек қақпашаларының морфологиялық өзгерісінен жүрек ішілік қанайналымының (гемодинамика) өзгерісіне әкелетін патологиялық жағдайлар. Жүрек ақауы туа біткен және жүре біткен болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сонымен қатар, жүрек ақауы органикалық (қақпақшалардың зақымдалуы), функциональды (қарыншаның ұлғаюынан) болып бөлінеді.
Жіктелуі:
І. Қақпақшалардың зақымдалуына байланысты:

ІІ. Морфологиялық өзгерісіне байланысты:

  • Митральды қақпақша;

  • Трикуспидальды қақпақша;

  • Аортальды қақпақша;

Митральді қақпақшасының ақауы.
Митральді қақпақшасының ақауы- митральді қақпақшаның морфологиялық өзгерісі.


Митральді қақпақшасының жетіспеушілігі

1832 жылы тұңғыш суреттеген Норе екі түрін анықтаған.



  • функциональды- жүректің қуысының кеңуінен қақпақша кеңейген қуысты толық жаппайды.

  • органикалық – қақпақшаның морфологиялық өзгерістерінен қақпақша кеңейген қуысты толық жаппайды.

Этиологиясы:

  • Ревматизм;

  • Атеросклероз.

Митральді қақпақшасының жетіспеушілігі жүректің систолы кезеңінде жүрекше мен қарыншаның қуысының толық жабылмауы. Ең жиі кездесетін жүрек ақауы.
Патогензі:

  • қақпақтар толық жабылмай, жармаларының арасында саңылау болуы немесе қақпақтың тесілуі.

  • систола кезінде қанның біршамасы жабылған қақпақтың арасындағы саңылаулардан немесе тесілген қақпақтан сол жүрекшеге оралуы. Кері оралатын қанның көлемі қақпақ кемістігінің аумағына және митральді тесіктің сақиналық бұлшықетінің жиырылу мүмкіндігіне тәуелді.

Гемодинамикалық бұзылыстар регургитацияның көлеміне тәуелді, мәселең 5 мл шамасындағы регургитация гемодинамикалық бұзылыстар болмайды, 10 мл – орташа, 25-30 мл –ауыр регургитация, айқын гемодинамикалық бұзылыстар дамиды. Регургитация көлемі неқұрлым көп болса, сол құрлым гемодинамикалық бұзылыстар тез дамиды.
Гемодинамикасы:
Жүректің систолы кезеңінде сол жүрекше мен қарыншаның қуысы толық жабылмай, қарыншадағы қан аортаға және кері жүрекшеге кері кетуі (регургитация). Сол жүрекше қалыпты қанмен және кері кеткен қанмен толады. Диастолы кезеңінде қарыншаға қан мөлшерден көп құйылып сол қарыншаға күш түсіреді. Сол жүрекше тоногенді кеңейіп кіші қанайналымның шеңберінде қан қысымы ұлғаяды, (Китаев рефлексі- науқаста жөтел пайда болады.)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет