Нұсқаулық № ___
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау.
Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн.
Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды.
· Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдар «соқыр» болып қалады. Сондықтан аса сақ болу қажет.
Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.
Көктем уақытында қар ақырындап ери бастағанда жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек.
Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.
Оталмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы- көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.
Нұсқаулық № ___
Көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Табиғаттың оянуына, құстардың салған әнiне, көктемнiң күн шуағына қуанбайтын адам жоқ шығар.
Бiрақ, су тасқыны кезеңiнде және мұздың осалдығы кезiнде өзiн-өзi ұстау ережесiн сақтамайтындарға көктем қуанышты жағдай әкелмейдi.
Су тасқыны және сең жүру кезiнде жарылайын деп тұрған жағалауда болу қауiптi, себебi судың тез ағуы оны шайып өтiп бұзады. Мiне, сондықтан көктемде әсiресе өзеннiң мұзы сетiлуi және сең жүрген кезде балаларды қадағалауды мейлiнше күшейткен жөн, олармен түсiндiру жұмыстарын өткiзу қажет.
Осы кезеңде көктемгi мұздың өте қауiптi екенiн ұмытпау керек, ол сырт жағынан қатты секiлдi көрiнсе де күн шуағы мен тұман су айдынының сетiлуiне дейiн оны қуыс, борпылдақ қылады. Мұндай мұз көлiктiк құралдарды айтпағанда адамның салмағын да көтере алмайды. Көктемде су айдындарынан өтуге қатаң тыйым салынады. Әсiресе өзеннiң сетiлуi кезiнде мұзда ойнауға жол берiлмейдi. Мұздан мұзға секiрiп және жағалаудан алыстауға болмайды. Мұндай қылықтар әрине, қайғылы аяқталады.
Су тасқыны кезеңiнде, әсiресе су басатын жергiлiктi жерлерде үнемi радионы қосып қоюлары қажет, өйткенi су күтпеген жағдайда келiп қалуы мүмкiн.
Алдын ала қауiпсiздiк шаралары бойынша iс-шаралар өткiзу қажет (қажеттi азық-түлiктермен, киiм-кешекпен, ауыз сумен және т.б. қамдану), қажеттi құжаттарды (төлқұжат, туу туралы куәлiк) бiр жерге жинап целлофан пакеттерге салып қою керек.
Тәртiп бойынша су деңгейi болжамдалып және халық су тасқыны жөнiнде алдын-ала құлақтандырылады.
Су басқан ауданда қалған әрбiр тұрғын өзiн-өзi ұстап және көмек келетiнiне сенiмдi болуы керек. Дүрбелеңнiң болуына жол бермеу мақсатында өзiн дұрыс ұстап және қоршаған ортаға ықпал етiп, алдымен науқастарға, сосын балалар мен қарттарға көмек көрсету керек.
Жергiлiктi атқарушы органдар және Азаматтық қорғау қызметтерiнiң көрсететiн көмектерiнен басқа әр адам өзi өмiрiне және су нысандарындағы қауiпсiздiкке өзi жауапты.
Көктемгi су тасқыны балалар үшiн үлкен қауiп.
Балалардың қорқыныш сезiмдерi қызығушылықтарынан әлсiздеу, ата-ананың және үлкендердiң қарауысыз қалып, қауiпсiздiк шараларын бiлмегендiктен олар опырылуға жақын жағалауда ойнап, кейде су айдынының мұзында сырғанайды.
Осындай немқұрайлылық кейде қайғылы аяқталады. Көктемде балалардың ойнайтын жерлерiн бақылауды күшейткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |