дәуірінде жабы сияқты төзімді,
жекпе-жекке, үлкен ұрыстарға мінетін
қазанаттармен қатар осы екі тұқымның араласуынан шыққан тұрқы орташа
жылқы тұқымдары да болған. Олардың сүйектері
Шығыс Қазақстан жеріндегі
Кіші Красноярка қонысынан, Орталық Қазақстандағы Тасмола зиратынан
табылған. Бұл деректер сақтардың жылқының әр түрлі тұқымдарын өздері
сұрыптап шығара алғандығының белгісі. Сақ дәуірінде қалыптаса бастаған осы
жылқылардың
тұқымы ғұн, сармат, үйсін дәуірінде, одан соң көне түркілер
заманында кең таралып, өз жалғасын тапты. Ұзақ жорықтарға төзімді, аса күй
талғамайтын осындай жылқыларды қыпшақтар да өсірген. Қыпшақ жерін
аралаған ибн Баттута деген араб саяхатшысының пікірінше, Үнді жерінде
жорыққа мінуге арналған қыпшақ жылқыларына сұраныс өте күшті болған.
Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте
темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр
тұқымдарының болғандығын көрсетеді. Көшпелілер
малының құрамында ірі
қара аз болды. Қола дәуіріне қарағанда көшпелілік пайда болған ерте темір
дәуірінде сиыр малы азайды. Тек қана үлкен өзен-көлдердің (Сыр, Ертіс, Жетісу
аймақтары) маңын мекендеген жартылай көшпелі тайпалар сиыр өсірген.
Ортағасырлық моңғол көшпелілерінде қысы-жазы өз аяғымен жайылуға
бейімделген, жүні қалыңдау сиыр тұқымы өсірілген. Далалы, шөлейтті
аймақтарды мекендеген көшпелілерде сиырдың
осындай тұқымы кеңірек
таралған болуы керек.
Қазақтың ежелден
қолға
үйреткен
төрт
түлігінің
бірі
— түйе. Қазақстан, Орталық Азия жері қосөркешті түйенің қолға үйретілген
аймағы
болып
есептеледі.
Түйені
қолға
үйрету Арал, Маңғыстау өңірінде мөлшермен бұдан үш жарым мың жыл бұрын,
яғни б.з.д. 2-мыңжылдықтың ортасында іске асқан. Үй түйесі Қазақстанның
көптеген аймақтарында жабайы түйе — қаптағайды қолға үйретуден пайда
болған.
Достарыңызбен бөлісу: