Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?



бет4/4
Дата25.04.2024
өлшемі364.5 Kb.
#499793
1   2   3   4
ЦТ-тест-4-курс-каз-380

әкелмейтін себеп?
А) склераның әлсіздігі
Б) аккомодацияның әлсізігі
В) тұқым қуалайтын фактор
+Г) көзішілік қысымның төмендеуі
Д) жалпы созылмалы ауру және ошақты инфекциялар

219. Аккомодация түйілуін қандай дәрілермен босатуға болады?


А) сульфацил-натрий
Б) левомицетин
+В) атропин
Г) пилокарпин
Д) дексаметазон

220. Миоптың алыстан анық көретін нүктесі қайда орналасады?


А) шексіздікте (аккомодация барынша босаңсыған жағдайда)
Б) көздің артқы жағында теріс кеңістікте
В) аккомодация кернелуінің дәрежесіне қарай әртүрлі қашықтықта
Г) аккомодация барынша кернелгенде, көзден өте алыс қашықтықта
+Д) көздің алдында белгілі бір қашықтықта

221. Гиперметропияны түзету үшін қандай шыныларды пайдаланған жөн?


А) ең әлсіз оң шынымен
Б) ең әлсіз теріс шынымен
В) ең күшті теріс шынымен
+Г) ең күшті оң шынымен
Д) науқас жақсы көтере алатын шынылардың біреуімен

222. Астигматизмге жатпайды?


А) бір көзде эмметропия мен миопияның бірге болуы
Б) бір көзде эмметропия мен гиперметропияның бірге болуы
В) бір көзде миопия мен гиперметропияның бірге болуы
Г) бір көзде миопия мен гиперметропияның әртүрлі дәрежесінің болуы
+Д) бір көзде миопия мен пресбиопия бірге

223.Эмметроптың алыстан жақсы көретін нүктесі қайда орналасады?


А) аккомодация барынша кернелгенде, көзден алыс қашықтықта
+Б) шексіздікте (аккомодация барынша босаңсыған жағдайда)
В)көздің алдында нақты бір қашықтықта
Г) көздің артында теріс кеңістікте
Д) аккомодацияның кернелу дәрежесіне қарай, әртүрлі қашықтықта

224. Бұршақтың қоректенуі:


А) тор қабықтың орталық артериясынан
Б) алдыңғы цилиарлы артериядан
В) көздік артериядан
+Г) көзішілік сұйықтықтан
Д) артқы қысқа цилиарлы артериядан

225.Біріншілік глаукомамен науқастардың шағымы:


А) көздің қышуы
Б) шырышты-іріңді бөлініс
+В) көздің оқтын - оқтын тұмандануы
Г) көз алмасының қимылының шектелуі
Д)жас ағу
226. Көздің қандай құрылымы көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?
А)шыны тәрізді дене
+Б) цилиарлы дене
В) хориоиея
Г) нұрлы қабық
Д)бұршақ

227.Ашық бұрышты глаукоманың патогенезі:


А) алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықпен жабылып қалуы
+Б) көздің дренажды жүйесінің дистрофиялық өзгерістері
В) алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің толық сіңбеуі
Г) нұрлы қабықтың бомбажы
Д) қарашықтың жабысып қалуы

228. Қандай ота көзішілік қысымды төмендетеді?


+А) циклокриодеструкция
Б) витрэктомия
В) кератопластика
Г) энуклеация
Д) дакриоцисториностомия

229. Эпидемиялық конъюнктивитке әкелетін себеп:


А) Френкель- Вексенбаум пневмококкі
+Б) Кох -Уикс таяқшасы
В) Нейссер гонококкі
Г) хламидии
Д) стафилококк

230. Көздің айналмалы бұлшықеті салының (паралич) белгісі?


А) птоз
+Б) лагофтальм
В) экзофтальм
Г)энофтальм
Д) эктропион

231. Блефаритке тән белгілер:


А) қабақтың сыртқа айналуы, жас ағу, көзден іріңді бөлініс
Б) қабақтар толық жабылмайды, жарықтан жасқану, жас ағу
+В) қабақтардың шеттерінің қызаруы, қалыңдауы, кірпіктердің түбінде жараның болуы
Г) кірпіктердің дұрыс өспеуі, көзден жіп тәріздес бөлініс, қабақтардың таңертең жабысып қалуы
Д) көзден шырышты бөлініс, жарықтан жасқану

232. Қабақтағы абсцесті ашуға көрсетім:


А) қабақ терісінің гиперемиясы
Б) қабақтың ісінуі
+В) флюктуацияның пайда болуы
Г) пальпациялағанда, ауырмауы
Д) қабақ терісінің кернелуі
233. Қабақтардың даму ақауы:
+А)эпикантус
Б)поликория
В)кератоконус
Г) лентиконус
Д) афакия

234. Созылмалы дакриоциститтің себебі?


А) жас нүктелерінің тарылуы
Б) жас өзегінің тарылуы
В) жас қапшығының тарылуы
+Г) мұрын- жас өзегінің тарылуы
Д) жас безінің төмен түсуі

235. Алдыңғы увеит кезінде көздің тамырлы қабығының қандай бөлігі зақымданады?


+А) нұрлы қабық және цилиарлы дене
Б) тек қана нұрлы қабық
В) тек қана цилиарлы дене
Г) тек қана хориоидея
Д) тор қабық

236. Аталғандардың ішінде қайсысы көз алмасының тамырлы қабығына жатады?


А) қасаң қабық
Б) көру нерві дискі
В) склера
+Г)цилиарлы дене
Д) тор қабық

237. Увеит пен ревматоидты артриттің бірге жүруі аталады?


А) Рейтер синдромы
Б) Фогта –Коянаги- Харада синдромы
+В) Стилл ауруы
Г) Бехчет ауруы
Д) Бенье -Бек- Шауман синдромы

238. Гранулематозды увеит жиі кездеседі?


А) стафилакоккты конъюнктивиттерде
Б) экзогенді ауруларда
В) пневмококкты кератитте
Г) стрептококкты кератоконъюнктивитте
+Д) эндогенді ауруларда

239. Туберкулезді увеит жиі жұғады?


А) ауамен
Б) қатынасты жолмен
+В)қанайналым жолымен
Г)тамшы түрінде
Д) тұрмыстық жолмен

240. Алдыңғы увеиттің емі басталады?


+А) көзге мидриатиктер тамызумен
Б) этиологиясын анықтаумен
В)этиотропты еммен
Г) анестетик тамызумен
Д) аллергияға қарсы дәрілермен

241. Науқаста бір жақты нұрлы қабықтың гетерохромиясы, қасаң қабықта преципитаттар, катарактаның асқынуы. Диагнозды таңдаңыз?


А) глаукомациклді криз
Б)Бехчет синдромы
+В) Фукс синдромы
Г)нұрлы қабықтың эссенциалді мезодермалді дистрофиясы
Д) псевдоэксфолиативті синдром

242. Емханаға әйел науқас екі көзінің көруінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен белгілі болғандай, оның бала кезінде тізе буыны ауырған. Қарап тексергенде: OU- жеңіл түрде жарықтан жасқану, көз алмасының инъекциясы, көз алмасын пальпацияланғанда, ауыру сезімі жоқ, қасаң қабықтың таспа (лента) тәрізді дистрофиясы, майда преципитаттар, қарашықтың пішіні жұлдызша тәріздес және жабысқан. Көру жітілігі OU – 0,2. Сіздің диагнозыңыз?


А) увеит, Бехчет ауруы
Б) туберкулезді -аллергиялық кератоувеит
+В) увеит, Стилл ауруы
Г) Увеит, Рейтер ауруы
Д) Увеит, Стивенс Джонс ауруы

243. Диабеттік ретинопатияның кезеңдерін атаңыз?


+А) пролиферативті емес, пролиферация алды, пролиферативті
Б) пролиферация алды, экссудативті, геморрагиялық
В) пролиферативті емес, пролиферативті, васкулярлы
Г) пролиферация алды, пролиферативті, геморрагиялық
Д) пролиферативті емес, геморрагиялық, тыртықтық

244. Салюс – Гунн белгісі қандай ауруға тән:


А) диабеттік ретинопатияға
Б) жүкті әйелдердің ретинопатиясына
+В) гипертониялық ангиопатияға
Г)тор қабықтағы жедел қанайналымның бұзылысына
Д) уытты (токсикалық) хориоретинит

245. Электроретинография тәсілімен нені зерттеуге болады?


+А) тор қабықтың функционалдық жағдайын бағалау үшін
Б) көз түбінің қантамырларын
В) тор қабықтың тамырларындағы жылдамдықты анықтау үшін
Г) алдыңғы камера бұрышын зерттеу
Д) қасаң қабықтың сезімталдығын анықтау үшін

246. Көздің тамырлы қабығынан дамитын ісіктерді қандай аспаппен анықтауға болады?


А)альгезиметрия
Б) экзофтальмометрия
В) саңылаулы шам
+Г) диафаноскоп
Д) кератометр

247. Конъюнктиваны зерттеуге арналмаған тәсіл?


А) биомикроскопия
Б) сыртқы байқау
В) бифокалді жарықтандыру
+Г) офтальмоскопия
Д) бактериологиялық, цитологиялық зерттеу
248. Аталған белгілердің қайсысы конъюнктивиттің белгісіне жатпайды?
А) қабақтардың және көз алмасының дәнекер қабығының ісінуі, қызаруы
Б) конъюнктивалық қуыстан патологиялық бөлінісің ағуы
В) көздің ластанған сезімі, дискомфорт
Г) конъюнктивада фолликула, бүртіктер және жабындының болуы
+Д) экзофтальм
249. Мұрын-жас сынамасы авторы бойынша қалай аталады?
А) Ширмер
Б) Маклаков
В)Норн
+Г) Вест
Д) Дондерс

250. Конъюнктиваны тексеруге керек емес тәсіл:


А) биомикроскопия
Б) сыртқы байқау
В) бифокалді жарықтандыру
+Г) көз ішіне жарық енгізу тәсілі
Д) бактериологиялық және цитологиялық зерттеу

251. Науқас 45 жастағы слесарь жоғарғы қабағында ауырмайтын түзілімнің бес ай бұрын пайда болғанын айтады. Соңғы бір айда түзілімнің үлкейгенін байқаған. Объективті: қабақтың үштен бір бөлігінде шетінен 3мм жерде ауырмайтын диаметрі 4мм болатын түзілім байқалады. Көздің қалған бөліктері өзгеріссіз. Vis – 1,0; Vis – 1,0.


Диагноз? Ұсынылатын ем?
А) теріскен, антибиотик тағайындау
Б) теріскен, бриллиант көгімен өңдеу
В) Сыздауық, Вишневский майын жағу
Г) Пингвекула, антибиотик тамызу
+Д) Халазион, хирургиялық жолмен алып тастау

252. Жастың бактериоцидтік әсерін қамтамасыз етеді?


А) лидаза
+Б) лизоцим
В) химопсин
Г) фосфатаза
Д) гиалуронидаза

253. Бала -бақшаға барып жүрген 5 жастағы баланың көзінен жас ағу, жарықтан жасқану, көз алмасы конъюнктивасының қызаруы, көз саңылауының ашық жерлерінде петехиалді қанқұйылу байқалады, бульбарлы конъюнктивада екі ақшыл -сұрғылт үшбұрыш тәрізді түзілім лимбке қарай бағытталған. Көзден шырышты іріңді бөлініс ағады. Бұл неге тән?


А) гонобленнорея
Б) дифтериялық конъюнктивит
+В) Кох -Уикс жедел эпидемиялық конъюнктивиті
Г) аденовирусты конъюнктивит
Д) пневмококкты конъюнктивит
254. Науқас екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтарының жабысып қалуына шағымданады. Оның ауырғанына 2 күн болған, алғашында бір көз кейін екінші көзі. Объективті: кірпіктерінің жабысып қалуы, қабақтың конъюнктивасы қызарған, борпылдақ, склераның конъюнктивалық инъекциясы әлсіз қызарған. Диагноз?
+А) жедел бактериалдық конъюнктивит
Б) күлдік конъюнктивит
В) эпидемиялық кератоконъюнктивит
Г) пневмококкты конъюнктивит
Д) диплобациллярлы конъюнктивит

255. Науқас жоғарғы қабақтың сыртқы аймағының ауырғанына, ісінгеніне, қосарлануға және басының ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде, жоғарғы қабақ S пішінді, көз саңылауы тарылған және көз алмасы төмен және ішке ығысқан.Диагноз?


А) дакриоцистит
Б) халазион
В) теріскен
Г) птоз
+Д)дакриоаденит
256. Көздің қандай бөлігінің ауруында беткейлік инъекция болады?
+А) конъюнктива
Б) қасаң қабық
В) нұрлы қабық
Г) тор қабық
Д) цилиарлы дене
257. Конъюнктивалді инъекцияға тән емес белгілер:
А) беткейлік
Б) ашық қызғылт түсті
В) тамырлар жақсы көрінеді
+Г) лимбтің маңында түсі көкшіл
Д) күмбезден лимбке қарай күшееді

258.Науқас қабақтарының қызаруына, қышуына, екі көзінің қоқымға толып тұрғандай сезімге шағымданады. Қабақтардың шеттері қалыңдаған, қызарған, кірпіктердің түбінде қабыршақтар бар, аздап қызарған, конъюнктива кедір-бұдыр. Диагноз?


А) жәй блефарит, жедел конъюнктивит
Б) жәй блефарит, созылмалы конъюнктивит
+В)қабыршақты блефарит, созылмалы конъюнктивит
Г) жаралы блефарит, жедел конъюнктивит
Д) жаралы блефарит, созылмалы конъюнктивит
259. Окулистке 1,5айлық баламен әйел келді. Анасының сөзінен, туылғаннан кейін 2 апта өткен соң қызының сол көзінде жастың тұруын, одан кейін шырышты бөліністің ағуын байқаған. Қарап тексергенде, жас тұру, қабақтардың шеттерінен шырышты-іріңді бөлініс, көз алмасының жеңіл конъюнктивалық инъекциясы. Жас қапшығының аймағын басқанда, төменгі жас нүктесінен шырышты-іріңді бөлініс ағады. Диагноз қойыңыз? Этиологиясы?
+А) нәрестелердің дакриоциститі, жас-мұрын өзегінің бітеліп қалуы
Б) каналикулит, саңырауқұлақты инфекция
В)нәрестелердің гонобленнореясы, туу бөлімінде оны алдын –алу шаралары жүргізілмеген
Г) дакриоаденит, жастың көп шығуы
Д)хламидиялық конъюнктивит, туу бөлімінде оны алдын –алу шаралары жүргізілмеген.

260. Блефаритке тән емес белгілер:


А) қабақтың шеттері қызарған
Б) кірпіктердің түсуі
В) оның ағымы күшті
Г) кірпіктердің түбінде қабыршақтар бар
+Д) экзофтальм

261. Созылмалы дакриоциститтің себебі?


А) жас өзектерінің тарылуы
+Б) жас -мұрын өзегінің тарылуы
В) созылмалы конъюнктивит
Г) созылмалы мейбомит
Д) демодекозды блефарит
262. Науқас салқын тиіп ауырғаннан кейін, жоғарғы қабақтың айқын қызаруына, ісінуіне, ауыру сезіміне, сол көзінің ашылмай қалуына шағымданды. Сол көзінің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қимылдайтын түзілім байқалады. Конъюнктива жағынан 2х2 өлшемді сары түсті түзілім көрінеді. Диагноз қойыңыз және қандай асқынуға әкелуі мүмкін?
А) халазион, лагофтальм
Б) халазион, трихиаз
+В)теріскен, птоз
Г) теріскен, қабақтың абсцесі
Д) сыздауық, қабақтың абсцесі

263. Перикорнеалді инъекция қалай көрінеді?


А) түсі көкшілтім, күмбезге қарай күшееді
Б) түсі ашық қызғылт, тамырлар барлық жерінде байқалады
+В) қасаң қабықтың айналасында, түсі көкшілтім, күмбезге қарай әлсірейді
Г) көздің қызаруы біркелкі
Д) лимбтің маңында ашық- қызғылт
264. Қасаң қабықтың негізгі қызметі:
А) жарықты өткізу, сұйықтық бөліп шығару
+Б) жарықты өткізу, жарықты сындыру, қорғаныш
В) тіректік, жарықты сындыру, сұйықтық бөліп шығару
Г) түсті ажырату, жарықты сезу
Д) трофикалық

265. Мерездік кератит басқаша қалай аталады?


А) терең диффузды
Б) терең шектелген
В) қасаң қабықтың терең инфильтраты
Г) склерозды
+Д) паренхиматозды

266. Қасаң қабықтық синдромға жатпайды?


А) жарықтан жасқану
Б) жас ағу
В) блефароспазм
Г) бөгде дене сезімі
+Д) фотопсия

267. 40 жастағы науқас сол көзінің ауырғанына шағымданады. Қасаң қабықтың ортасында домалақ пішінді, сұрғылт ақшыл түсті шеттері айқын инфильтрат байқалады. Қасаң қабықтың сезімталдығы төмендеген. Науқас тұмаумен ауырған. Қандай кератит?


+А) ұшықтық
Б) туберкулезді
В) нейросалдық
Г) мерездік
Д) саңырауқұлақтық

268. Алдыңғы камерадағы іріңді қалай атайды?


А) гифема
Б) лейкома
+В) гипопион
Г) гемофтальм
Д) халькоз

269. Дәрігерге науқас оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне, қызаруына, ауыруына шағымданады. Ауыру сезімі түнде күшейіп, жас ағумен, жарықтан жасқанумен бірге жүреді. Объективті: көз алмасының айқын перикорнеалді инъекциясы, гипопион, қарашықтың тұсында сұр түсті экссудат, артқы синехиялар байқалады. Көзішілік қысым 21мм.с.б. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:


А)жедел иридоциклит, миотиктер тамызамыз
Б) глаукоманың жедел ұстамасы, мидриатиктер тамызамыз
+В) жедел иридоциклит, мидриатиктер тамызамыз
Г) глаукоманың жедел ұстамасы, миотиктер тамызамыз
Д) жедел хориоидит, гормондар тамызамыз

270.Цилиарлы дененің қабынуы қалай аталады?


+А) циклит
Б) ирит
В) увеит
Г) хориоидит
Д) хориоретинит

271. Преципитат бұл?


+А) қасаң қабықтың артқы жағындағы нүктелі бөліністер
Б) шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы
В) бұршақтың алдыңғы капсуласының нұрлы қабықпен жабысып қалуы
Г) алдыңғы камерадағы ірің
Д) алдыңғы камерадағы қан

272. Артқы синехия бұл:


+А) нұрлы қабық пен бұршақтың жабысуы
Б) қасаң қабықтың артқы бетінде нүктелі түзілімдер
В) шыны тәрізді денеде жүзіп жүрген бұлыңғырлану
Г) бұршақтың алдыңғы бетінде қабыну түзілімдері
Д) алдыңғы камерада ірің

273. Хориоидиттің негізгі белгілеріне не жатпайды?


А) көрдің төмендеуі
Б) көру кеңістігінің өзгеруі
В) фотопсия
Г) метаморфопсия
+Д) көздің ауыруы

274. Гемералопия дегеніміз не?


А) көру кеңістігінің өзгеруі
Б) бір түстің түсіп қалуы
В) көру кеңістігінің екі жақты түсіп қалуы
+Г) ымырттық көрудің бұзылысы
Д) аккомодация бұзылысы

275. Гемералопия қандай дәруменнің жетіспеушілігінен болады?


А) С дәрумені
Б) Е, Д дәрумені
+В) А дәрумені
Г) Р дәрумені
Д) К дәрумені
276. Скотома бұл?
+А) көру кеңістігінің ошақты ақауы
Б) көру кеңістігінің тарылуы
В) ымырттық көрудің бұзылысы
Г) көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы
Д) түсті ажыратудың бұзылысы

277. Хориоидея нені қоректендіреді?


+А) тор қабықтың сыртқы қабаттарын
Б) тор қабықтың ішкі қабаттарын
В) тор қабықтың барлық қабаттарын
Г) тор қабықтың барлық қабаттары мен склераны
Д) тор қабықтың барлық қабаттары мен шыны тәрізді денені

278. Төменде аталған қандай белгі іштен туа біткен глаукомаға тән?


А) гифема
Б) гемофтальм
В) иридоденез
Г)гипопион
+Д) буфтальм

279. Көздің сындыру орталары бұлыңғыр болғанда, тор қабықтың сылынуын қандай тәсілмен анықтауға болады?


А) көз ішіне жарық өткізу
Б) биомикроофтальмоскопия
В) офтальмоскопия
+Г) ультрадыбысты тәсіл
Д) оптикалық когеренті томография
280. Соқыр дақ бұл?
А) көру кеңістігіндегі сары дақтың проекциясы
+Б) көру нерві дискінің көру кеңістігіндегі проекциясы
В) көру нервінің әрбір бөлігінің көру кеңістігіндегі ақауы
Г) тор қабықтағы тамырлардың көру кеңістігіндегі ақауы
Д) жаңа түзілімдердің көру кеңістігіндегі ақауы

281. Гемианопсия бұл?


А) оң көздің көру кеңістігінің жартылай түсіп қалуы
Б) сол көздің көру кеңістігінің жартылай түсіп қалуы
В) бір көздегі көру кеңістігінің болмауы
Г) айқын екі жақты көру кеңістігінің тарылуы
+Д) екі жақты көру кеңістігінің түсіп қалуы

282. Тор қабықтың пигментті дегенерациясында көру кеңістігінің зақымдануы сипаты?


А) көру кеңістігінің мұрын жақтан тарылуы
Б) көру кеңістігінің самай жақтан тарылуы
+В) концентрациялық тарылу
Г) көру кеңісігінің жоғарыдан тарылуы
Д) Бьеррум дағы
283. Көз алмасын ішке бұратын бұлшықет?
А) цилиарлы бұлшықет
Б) көздің сфинктері
В) нұрлы қабықтың дилататоры
Г) жоғарғы қиғаш бұлшықет
+Д) ішкі тік бұлшықет
284. Көз алмасын төмен бұратын бұлшықет?
А) жоғарғы тік бұлшықет
+Б) төменгі тік бұлшықет
В) ішкі тік бұлшықет
Г) төменгі қиғаш бұлшықет
Д) сыртқы тік бұлшықет

285.Боумен қабаты орналасқан?


+А) қасаң қабықтың эпителиі мен строманың арасында
Б) строма мен десцемет қабатының арасында
В) десцемет қабаты мен эндотелийдің арасында
Г) строма мен эндотелидің арасында
Д) эпителий мен десцемет қабатының арасында

286. Ересек адамның алдыңғы камерасының тереңдігі қалыпты жағдайда неше?


+А) 3мм
Б)1мм
В) 6мм
Г) 7-8мм
Д) 0,3-0,5мм
287. Склераның құрылысы:
А) барлық жерінде бірдей
Б) көру нерві дискінің шығатын жерінде қалың
+В) көру нерві дискінің шығатын жерінде құрылысы кереге тәрізді
Г) көру нерві дискінің шығатын жерінде жоқ
Д) көзді қимылдатқыш бұлшықеттердің біріккен жерлерінде кереге тәрізді
288. Қасаң қабықтың сезімталдығы жүзеге асады?
А) қайтымды нервпен
Б) шығыршық нервпен
В) әкететін нервпен
+Г) үшкіл нервпен
Д) бет нервімен

289. Цилиралы дене бұл?


А) көздің фиброзды қабығы
Б) көздің қорғаныш аппараты
В) көздің ядросы
+Г) көздің тамырлы қабығы
Д) көздің тор қабығы

290. Нұрлы қабықтың қызметі:


+А) диафрагмалық
Б) жарықты сындыру
В) тіректік қызмет
Г) көзішілік сұйықтығын шығарады
Д) жарықты қабылдау

291. Тор қабық гистологиялық неше қабаттан тұрады?


А) 5
Б) 8
+В) 10
Г) 4
Д) 7

292. Сары дақтың маңында қандай фоторецепторлар орналасады?


А) таяқшалар
Б) фоторецепторлар жоқ
В) таяқша және сауытша бірдей мөлшерде
+Г)сауытшалар
Д) пигменттер
293. Көзішілік сұйықтық түзіледі?
А) шыны тәрізді денеде
Б) нұрлы қабықта
В) хориоидеяда
+Г) цилиарлы денеде
Д) тор қабықта

294. Көзді қимылдатқыш қанша бұлшықет бар?


+А) 6
Б) 8
В) 4
Г) 7
Д) 10

295. Маклаков тонометрін қандай жүктемемен жүргізу керек?


А) 5гр
+Б)10гр
В)20гр
Г) 16гр
Д) 17гр

296. Бинокулярлы көру қанша жаста түзіледі?


+А) 7-15жаста
Б) 1жаста
В) 1айдан 3 айға дейін
Г) 6айда
Д) 3-6жаста

297. Дәрігерге тек қана айналы офтальмоскоп қандай зерттеу тәсілін жүргізуге керек?


+А) көз ішіне жарық енгізу тәсілін
Б) жанынан жарық түсіру тәсілін
В) тура офтальмоскопия
Г) кері офтальмоскопия
Д) гониоскопия
297. Науқас жасыл түсті қабылдауы дұрыс емес. Осы дихромазияның варианты қалай аталады?
А) протанопия
+Б) дейтеранопия
В)тританопия
Г)диплопия
Д) трихромазия
298. Қабақтың конъюнктивасы қалыпты жағдайда қалай көрінеді?
А) сары сұрғылт түсті, ылғалды
Б) қызыл түсі, кедір- бұдыр
В) ақ сұрғылт түсті, құрғақ
Г) қызыл, тегіс, ылғалды
+Д) ақшыл қызғылт, тегіс, мөлдір, ылғалды

299. Экзофтальмометрия бұл:


А) көзішілік қысымды өлшеу
+Б) көз алмасының алға қарай шығуы немесе ішке қарай ығысуын анықтау
В) тор қабықтың функционалдық жағдайын анықтау
Г) алдыңғы камера бұрышын анықтау
Д) нұрлы қабықты қарап шығу

300. Қызыл түсті қабылдаудың бұзылысы:


А) дейтеранопия
+Б) протанопия
В) тританопия
Г) циапонсия
Д) ксантопсия

301.Қандай ауруда гонископия жүргізген дұрыс?


А) конъюнктивит
Б)иридоциклит
В)блефарит
Г)хориоретинит
+Д) глаукома

302. Күндізгі көруді қамтамасыз етеді?


+А) сауытша
Б) таяқша
В) тор қабықтың ганглиозды жасушалары
Г) пигментті эпителидің жасушалары
Д) тор қабықтың биполярлы жасушалары

303. Ымырттық көруді қамтамасыз етеді:


А) сауытшалар
+Б) таяқшалар
В) тор қабықтың ганглиозды жасушалары
Г) пигментті эпителидің жасушалары
Д)тор қабықтың биполярлы жасушалары

304. Орбитаның жоғарғы қабырғасы шекараласады?


А) қанаттаңдай шұңқырымен
Б) гаймор қойнауымен
В) негізгі қойнаумен
+Г) маңдай қойнауымен
Д)мұрын қуысымен

305. Ең жоғарғы көру жітілігі ненің қызметіне байланысты?


А) склераның
Б) тамырлы қабықтың
В)нұрлы қабықтың
+Г) тор қабықтың орталық шұңқырының
Д)тор қабықтың оптикалық қызметі жоқ бөліктің

306. Фотопиялық көру дегеніміз не?


+А) күндізгі көру
Б) ымырттық көру
В) түнгі көру
Г) шеткі көру
Д) орталық көру

307. Мезопиялық көру дегеніміз не?


+А) ымырттық көру
Б) күндізгі көру
В) түнгі көру
Г) шеткі көру
Д) орталық көру
308. Скотопиялық көру:
+А) түнгі көру
Б) ымырттық көру
В) күндізгі көру
Г) тауықтық зағиптық
Д) түсті көрудің бұзылысы

309. Бұршақты алып тастағаннан кейін көз қандай қызметін жоғалтады?


А) түсті ажырату
Б) ымыртта көруді
+В) аккомодация
Г) көзішілік сұйықты бөліп шығару
Д) жарықты сезу

310. Катарактаны консервативті емдеу тәсілі:


А) иммунотерапия
Б) ісінуге қарсы
В) қабынуға қарсы
+Г) зат алмасу процесін жақсарту
Д)десенсибилизация

311. Фликтена деп атаймыз?


+А) түйін түріндегі қасаң қабықтағы инфильтрат
Б) десцемет қабатының жарық (грыжа) тәрізді томпаюы
В) көз алмасының сұқпалы жарақатында ішкі қабықтардың қысылып қалуы
Г) қасаң қабықтың тыртықтық бұлыңғыры
Д) ұшықтық көпіршіктер

312. Кератоглобус бұл?


А) қасаң қабықтағы қабыну процесі
Б)қасаң қабықтағы ісік
+В)қасаң қабықтың пішінің өзгеруі
Г) қасаң қабықтағы тыртық
Д) қасаң қабықтың дистрофиясы

313. Екінші катарактаға әкелетін себеп:


А) көздің аурулары
Б) афакия
В) жасқа байланысты катаракта
Г) сферофакия
+Д) катарактаның экстракапсулярлы экстракциясы

314. Қасаң қабыққа енген қантамырларын қалай атайды?


А) инфильтрация
+Б) васкуляризация
В) лейкома
Г)склероза
Д) ноғала (бельмо)

315. Катарактамен ауыратын науқастардың шағымы:


А) көздің қызаруына
Б) ауыру сезіміне
В) жарықтан жасқану
+Г) көрудің төмендеуіне
Д) көз алмасы қимылының шектелуіне

316. Птозды емдеу:


+А) оталық
Б)1% атропин сульфат ерітіндісін тамызу
В) қабақтың астына антибиотиктермен дәрілік пленканы қою
Г)жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықетті шынықтыру
Д) гипноз

317. Паренхиматозды кератиттің дұрыс емдегендегі нәтижесі:


+А) жақсы
Б) қанағаттанарлық емес
В) күдікті
Г) ноғала түзіледі
Д) кератопластикамен аяқталады

318. Қарашықтың сфинктерінің иннервациясын қамтамасыз етеді:


+А) парасимпатикалық нерв жүйесімен
Б) симпатикалық нервпен
В)үшкіл нервпен
Г)әкететін нервпен
Д) шығыршық нервпен

319. Мидриатик қандай әсер етеді?


+А) қарашықты кеңейтеді
Б) қарашықты тарылтады
В) көзішілік қысымды төмендету
Г) қабынуға қарсы
Д) вирусқа қарсы

320. Иридоциклитті емдеуге қажет емес дәрі:


А) атропин
+Б)пилокарпин
В)мезатон
Г) кортикостероид
Д)антибиотик

321.Тританопия бұл?


А) жасыл түсті дұрыс қабылдамау
Б) сары түсті дұрыс қабылдамау
В) қызыл түстің түгелдей түсіп қалуы
Г) жасыл түстің түгелдей түсіп қалуы
+Д)көк түстің түгелдей түсіп қалуы
322. Шеткі көрудің мәні қандай?
А) заттың пішінін және көлемін анықтайды
Б) заттың түсін анықтайды
В) орталық көруді
+Г) кеңістікте бағыттайды
Д) кеңістікте көлемді анықтайды

324. Офтальмологқа 48 жастағы науқас келді. Ол оң көзі қабағының ісінуіне, ашуына, көзде бөгде тұрғандай сезімге шағымданды. 20 минут оның көзіне қышқыл түскен. Қандай ем ұсынасыз?


+А) конъюнктивалық қуысты сумен ұзақ жуу
Б) анестетикті тамызу
В) бикарбонат натрий ерітіндісін тамызу
Г) гидрокортизон ерітіндісін тамызу
Д)сульфацил натрий ерітіндісін тамызу

325. Қасаң қабықтағы патологиялық процесті қандай тәсілмен анықтаған дұрыс?


А) гониоскопия
+Б)биомикроскопия
В) циклоскопия
Г)офтальмоскопия
Д) көз ішіне жарық енгізу

326. Нұрлы қабықтағы патологиялық процесті қандай тәсілмен анықтаған дұрыс:


А) циклоскопия
Б) гониоскопия
В) офтальмоскопия
+Г) биомикроскопия
Д) периметрия

327.Жастың ұлғаюына байланысты аккомодациялық қызметтің бұзылысы қалай аталады?


А) амблиопия
Б) артифакия
+В)пресбиопия
Г)астенопия
Д) аккомодацияның түйілуі

328. Пресбиопияда бұршақтың қандай қызметі зардап шегеді?


А)жарықты өткізу
Б) жарықты сындыру
+В) аккомодациялық
Г)диафрагмалық
Д) Ультрафиолет сәулесінен қорғау

329.Бұршақтың жақсы аккомодациялық қызметін не түсіндіреді?


А) мөлдірлігі
Б) екі жақты дөңес пішіні
+В) бұршақтың серпімділігі
Г) қабының мықтылығы
Д) иннервацияның болмауы

330.Жақыннан аккомодация механизмі қосылғанда, бұршақтың сындыру күшімен не болады?


+А) бұршақтың сындыру күші күшееді
Б) бұршақтың сындыру күші өзгермейді
В) бұршақтың сындыру күші азаяды
Г)бұршақтың сындыру күші күшееді, ал көздің жалпы рефракциясы азаяды
Д) бұршақтың сындыру күші азаяды, ал көздің жалпы рефракциясы күшееді

331. Гифема бұл?


А) шыны тәрізді денеге қан құйылу
Б) алдыңғы камерадағы ірің
+В) алдыңғы камерадағы қан
Г)нұрлы қабықтың ажырауы
Д)нұрлы қабықтың дірілдеуі

332.Қасаң қабықтың ксерозы дегеніміз не?


А) жаңа түзілімі
Б) қабынуы
+В) кебуі
Г) күйігі
Д)еруі

333.Науқастың көру кеңістігін тексергенде, битемпоралді гемианопсия анықталды. Көру анализаторының қандай бөлігінде патологиялық процесс бар?


А) ОД макулада
Б) OS көру нервінің интраорбиталді бөлігінде
В) шүйде бөлігінде
+Г) хиазма тұсында
Д) OS макулада



  1. Иридоденез деген не?

А) нұрлы қабықтағы жаңадан түзілген қантамырлар
Б) нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің жыртылуы
+В) нұрлы қабықтың дірілдеуі
Г) нұрлы қабықтың түбінен ажырауы
Д) нұрлы қабықтың семуі



  1. Қандай рефракцияда аккомодация үнемі кернеледі?

А) миопия
Б) эмметропия
+В)гиперметропия
Г)пресбиопия
Д)астигматизм



  1. Жас безі қызметін атқаратын кез?

А) туылғаннан бастап
Б) 1 айдан
+В) 2 айдан
Г)3 айдан
Д)6айдан



  1. Қасаң қабықтың тесілуі әкеледі?

А) гемофтальмге
Б) тор қабықтың сылынуына
+В) эндофтальмитке
Г)экзофтальмге
Д)энофтальмге



  1. Көздің тамырлы қабығынан өсетін ісіктерді анықтайтын тәсіл?

А) биомикроскопия
Б) тура офтальмоскопия
+В) диафаноскопия
Г) флюоресцентті ангиография
Д) алгезиметрия



  1. Балаларда заттық көру басталады?

А) туылғаннан бастап
Б)2 аптасынан
+В)2 айдан
Г)6-8айдан
Д)2 жастан



  1. Аккомодация кернелгенде, бұршақ қалай өзгереді?

А) өзгермейді
Б) жалпақтанады
+В)дөңес болады
Г)жоғарыға қарай жылжиды
Д) қасаң қабықтан алыстайды

341. Аккомодация кернелгенде, қарашық қалай өзгереді?


А) өзгермейді
Б) кеңейеді
В)тек кейбір жағдайларда ғана тарылады
+Г) тарылады
Д)тек кейбір жағдайларда ғана кеңейеді

342.Бас фокус тор қабыққа сәйкес келеді:


А) аметропияда
+Б)эмметропияда
В)гиперметропияда
Г)миопияда
Д) анизометропияда

343. Эндофтальмит бұл?


+А) шыны тәрізді дененің қабынуы
Б) көздің барлық қабықтарының іріңді қабынуы
В) нұрлы қабық пен цилиарлы дененің іріңді қабынуы
Г) орбита тінінің іріңдеуі
Д)конъюнктивалық қуыстан іріңді бөлініс

344.Адам көзінің көру жітілігі нені сипаттайды?


А) заттың түсін анық көруді
Б) заттарды орталық және шеткі қашықтықтан нақты ажырату
+В) минималді арақашықтықта орналасқан заттардың жеке нүктелерін ажырату
Г) көзді қимылдатпай тұрғанда, кеңістіктегі заттарды көру
Д) ортада орналасқан заттарды нақты ажырату

345. Анизометропияны түзету тәсілдері:


А) сфералық линзалармен
Б) цилиндрлік линзалармен
+В)жанаспалы линзалармен
Г) призмалық линзалармен
Д) интраокулярлы линзалармен
346. Анизейкония дегеніміз?
А) екі көздегі рефракцияның әртүрлі болуы
+Б) екі көздің түбіне түскен заттардың бейнесі әртүрлі
В)бір көздің екі меридиандарындағы рефракцияның бірдей болмауы
Г) көздің бір меридиан бойынша рефракцияның өзгеруі
Д) көздегі меридианда рефракцияның үлкен болуы

347. Глаукомада зағиптыққа не әкеледі?


А) тор қабықтың дистрофиясы
Б) бұршақтың бұлыңғырлануы
+В) көру нервінің семуі
Г) қасаң қабықтың бұлыңғыры
Д) шыны тәрізді дененің бұлыңғыры

348.Қарашықтың сфинктерінің иннервациясы қамтамасыз етіледі?


А) парасимпатикалық нерв жүйесімен
+Б) симпатикалық нерв жүйесімен
В) үшкіл нервпен
Г) шығыршық нервпен
Д) әкететін нервпен

349. Орталық хориоретиниттің белгілеріне жатпайды?


+А) көздің ауыру сезімі
Б) көру жітілігінің төмендеуі
В) фотопсия
Г)метаморфопсия
Д)көру кеңістігінің өзгерісі

350. Цилиарлы дененің қабынуын атайды?


А)ирит
+Б)циклит
В) хориоидит
Г) увеит
Д) кератит

351.Көз шарасының төменгі қабырғасы немен шекараласады?


А) самай шұңқырымен
Б) торлы лабиринтпен
+В) гаймор қойнауымен
Г) фронтальді қойнаумен
Д) ортаңғы бассүйек шұңқырымен

352.Көру анализаторының шеткі бөлігіне не жатады?


А) сыртқы иінді дене
Б) көру нерві
В) көру жолы
+Г) тор қабық
Д) бас ми қыртысының шүйде бөлігі

353.Рефракциясы эмметропты ересек адамның көз алмасы білігінің орташа ұзындығы қанша?


А) 20мм
Б) 25мм
В) 23мм
+Г) 24мм
Д) 22мм

354. Көру кеңістігінін анықтау үшін керек тәсіл қалай аталады?


А) офтальмоскопия
Б) гониоскопия
+В) периметрия
Г) циклоскопия
Д) визометрия

355.Қандай нерв көзді сыртқа бұрады?


А) көздік
+Б) әкететін
В) көзді қимылдатқыш
Г)шығыршық
Д)үшкіл

356.Көру нервінің каналы не үшін керек?


А) көру нерві өту үшін
Б)көру нерві, көздік артерия және вена өту үшін
+В)көру нерві және көздік артерия өту үшін
Г)көру нерві, көздік артерия және үшкіл нерв өту үшін
Д) көру нерві, көздік вена және үшкіл нерв өту үшін

357.Нәрестелердің көз алмасының алдыңғы-артқы ұзындығы неше?


А) 13мм
+Б) 16мм
В) 18мм
Г) 20мм
Д) 22мм

358. Көру нерві орбитадан қалай шығады?


А) жоғарғы көздік саңылау арқылы
+Б) foramen opticum
В) төменгі көздік саңылау арқылы
Г) foramen rotundum
Д) foramen ethmoidalia

359. Жасты әкету жолының ретімен бөліктерін атаңыз?


А) жас нүктелері, мұрынжас өзегі, жас түтікшелері, жас қапшығы
Б) жас көлі, жас нүктесі, жасмұрын өзегі, жас қапшығы
В) жас түтікшелері, жас көлі, жас қапшығы, жасмұрын өзегі
+Г) жас көлі, жас нүктесі, жас түтікшелері, жас қапшығы, жасмұрын өзегі
Д) жас қапшығы, жас түтікшелері, жас көлі, жас нүктелері, жасмұрын өзегі

360.Жас безінінің қызметі қай жастан басталады?


А) 4 айдан
Б) 6 айдан
+В) 2 айдан
Г) туылғаннан
Д) бір жастан

361.Қарашықты тарылтатын бұлшық ет:


А) дилятатор
+ Б) сфинктер
В) леватор
Г) қабақтық
Д) тегіс

362.Көздің физикалық рефракциясын анықтайды?


А) бұршақтың сындыру күші
Б) қасаң қабықтың сындыру күші
В) бас фокустың тор қабыққа қатынасы
+Г) көздің барлық оптикалық орталарының сындыру күші
Д) көздің барлық оптикалық орталарының сындыру күші және бас фокустың тор қабыққа қатынасы
363. Көздің клиникалық рефракциясын анықтайды:
А) бұршақтың сындыру күші
Б) қасаң қабықтың сындыру күші
В) көздің барлық оптикалық орталарының сындыру күші
Г) көздің барлық оптикалық орталарының сындыру күші және бас фокустың тор қабыққа қатынасы
+Д) бас фокустың тор қабыққа қатынасы

364. Орбитаның жұмсақ тіні жарақаттанғанда көрсетілетін жедел көмек:


А) күшті антибактериалды терапия
+Б) алғашқы хирургиялық көмек
В) қабынуға қарсы ем
Г) дегидротация
Д)десенсибилизация

365.Қабақтың қыры зақымданғанда, алғашқы көмек көрсетудегі ереже:


А) жараны толық герметизациялау
+Б) қабақтың маргиналді қырын қалпына келтіру
В) жарақаттанған қабақтың аймағындағы иннервация мен қанайналымын қалпына келтіру
Г) дренаждық қызметін қалпына келтіру
Д) кірпіктерді сақтап қалу

366. Алдыңғы камераға бұршақ ығысқанда көрсетілетін ем:


А) дәрілік ем
+Б) оталық ем
В) диамикалық бақылау
Г) ауруханаға жоспарлы жатқызу
Д) сәулелі ем

367. Комберг- Балтин протезі не үшін керек:


А) рентген суреттерінен көзішілік бөгде денелерді анықтау
+Б) көзішілік бөгде денелердің орналасуын анықтау
В) ота кезінде шыны тәрізді дененің ағып кетуін алдын алу
Г) магнитті сынамаларды жүргізу
Д) орбитаны шолу суреттерін жасау

368.Симблефарон - бұл:


А) кірпіктердің дұрыс өспеуі
Б) қабақтың ішке қарай айналуы
В) қабақтың сыртқа қарай айналуы
+ Г) қабақ пен көз алмасы конъюнктиваларының жабысулары
Д) конъюнктива мен қасаң қабықтың кебуі

369.Созылмалы дакриоциститтің себебі:


А) көз жасы тесіктерінің тарылуы
Б) көз жасы түтікшелерінің тарылуы
. В) көз жасы қалтасының тарылуы
+Г) мұрын-көз жасы каналының тарылуы
Д) көз жасы безінің төменге ығысуы

370.Қасаң қабықтың эпителиінің бүтіндігін анықтау үшін конъюнктивалық қуысқа тамызамыз:


А) 0,5% алкаин ерітіндісін
+Б) 1% флюоресцеин ерітіндісін
В) 0,25% левомицетин
Г) 30% сульфацил-натрий ерітіндісін
Д) 1% бетадин ерітіндісін

371. Терең ұшықтық кератитке жатады:


+А) диск тәріздес кератит
Б) везикулезды
В) паренхиматозды
Г) ағаш тәріздес
Д) склерозды

372. Беткейлік ұшықтық кератитте болады:


+А) ағаштың бұтағы тәріздес инфильтрат
Б) тиын тәріздес инфильтрат
В) диск тәріздес инфильтрат
Г) паннус
Д) катаракта

373.Қасаң қабықтағы патологияны анықтайтын тәсіл:


А) гониоскопия
+Б) биомикроскопия
В) диафаноскопия
Г) офтальмоскопия
Д) экзоофтальмометрия

374.Хориоидея нені қоректендіреді?


+А) тор қабықтың сыртқы қабаттарын
Б) тор қабықтың ішкі қабаттарын
В) тор қабықтың барлығын
Г) тор қабық пен склераны
Д) тор қабық пен шыны тәрізді денені

375. Көз түбіндегі «дене сүйектері» белгілері қандай патологияға тән?


А) шеткі хориоретиналық дистрофияға
+Б) пигментті дистрофияға
В) гипертониялық ангиоретинопатияға
Г) миопиялық ауруға
Д) диабеттік ретинопатияға

376. Көздің ымырттық көрмеуі аталады:


+А) гемералопия
Б) тританопия
В) протанопия
Г) скотома
Д) дейтеранопия

377. Қандай симптом орбитаның патологиясына жатады?


А) Эктропион
+Б) экзофтальм
В) Миоз
Г) Буфтальм
Д) Гемофтальм

378. Диабеттік ретинопатияның қанша кезеңдері бар?


+А) 4
Б) 2
В) 5
Г) 3
Д) 6

379. Бас фокус тор қабықа сәйкес келеді:


А) аметропияда
+Б) эмметропияда
В) гиперметропияда
Г) миопияда
Д) анизометропияда
380. Иридоденез деген не?
А) нұрлы қабықтағы жаңадан түзілген қантамырлар
Б) нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің жыртылуы
+В) нұрлы қабықтың дірілдеуі
Г) нұрлы қабықтың түбінен ажырауы
Д) нұрлы қабықтың семуі






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет