Лупа (оптикада)[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Лупа - бұл шыныдан жасалған қосдөңес қысқа фокусты линза. Ол арқылы кішкентай нәрселердің бөліктерін көре аламыз . Бұл үшін нәрсені линза мен оның фокусының арасында қояды, яғни d
Микроскоптардың негізгі түрлері
Оптикалық микроскоп
Күрделі микроскоп
Стереоскопиялық микроскоп
Петрографиялық микроскоп
Конфокальды микроскоп
Флуоресценттік микроскоп
Электронды микроскоп
Трансмиссиялық электронды микроскоп
Электронды микроскопты сканерлеу
Зондтық микроскопты сканерлеу
Туннельдік микроскоп
Иондық өріс микроскопы
Сандық микроскоп
Виртуалды микроскоп
Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және грек. skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор.
Микроскоп бактериялар, органикалық жасушалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |