Қабақ - Қабақ- көз алмасының сыртынан қорғап тұратын, жылжымалы тері-бұлшықетті қабаты. Екі қабаты: алдыңғы- тері бұлшықетті және артқы шырышты шеміршекті қабатынан тұрады.
Қабақ шеттерінің және бездерінің ауруы: - Блефарит қабақ шетінің қабынуы (мейбомиев, май безшелерінің) және оның үш формасын ажыратады: жәй, қабыршақты және жаралы. Басқа тұрлері-мейбомиевті, демодекозды дегендері де бар.
- Жаралы блефаритте айтылғандарға қосымша кірпіктердің шетінде жаралану, қатқан қабыршақтар пайда болады және қабыршақтарды алғанда орнында қанаған жара қалады, кірпіктер де бірге алынады.
- Теріскен-май безінің немесе кірпік түбіндегі қалташықтың (сыртқы) немесе мейбомиев безшелерінің (ішкі теріскен) жедел іріңді қабынуы. Жиі стафилоктармен шақырылады.
- Қабақтың абсцессі: қабақтың бүкіл бойында тінінің диффузды іріңді қуыс қалыптасуымен қабынуы.
ЭКЗОФТАЛЬМ - көз алмасының ілгері шығуы. Ол патологиялық процестердің түзілуінен, қатерлі-қатерсіз ісікте кездеседі.
- көз шарасының ұлғаюы мен көз шел майының солуымен сипатталады.
ЭНОФТАЛЬМ Крептофтальм Көз алмасының, көз қабағының, көз қуысының туа пайда болған жетілмеуі. Эктропион Эктропион - Қабақтың сыртқа айналуы (эктропион) – кірпікті шеті сыртқа қарай айналуы. Ол жас нүктесінің теріс айналуымен өтеді. Жиі көзден жас ағумен, терінің сулануымен, дәнекер қабықтың созылмалы конъюктивиті мен гипертрофиясы мен, құрғауымен, кератитпен, қасаң қабықтың жарасымен сипатталады.
- Энтропион – қабақтың кірпікті қыры (жиі төменгі қабақтың) көз алмасына қарай қайрылуы. Ол қасаң қабықты тітіркендіріп, қабындырады. Қасаң қабықта эрозия пайда болады, конъюктива зақымдалады.
Энтропион Микроблефарон- қабақтың қысқару. Соның салдарынан көз саңылауының жабылмауы. - Микроблефарон- қабақтың қысқару. Соның салдарынан көз саңылауының жабылмауы.
Достарыңызбен бөлісу: |