Күрделі деңгей: Социолингвистикадағы үш ағымды талдаңыз



бет2/3
Дата03.01.2022
өлшемі19.81 Kb.
#451390
1   2   3
13 апта жтб

Орта деңгей:

Дифференциация және интеграция процестерін түсіндіріңіз.

Тілдер дамуында болатын дифференциациялық процесс те, интеграциялық процесс те қоғамға байланысты болды. Біртұтас тілде сөйлейтін белгілі бір қауымның әр түрлі тарихи себептермен ыдырауы, бір - бірімен байланысы, қарым-қатынасы жоқ жеке – жеке топтарға бөлшектенуі ол бастағы біртұтас тілдің де ыдырауын, бөлшектенуін туғызады. Осының керісінше, әр түрлі диалектілерде, тілдерде сөйлейтін қауымдардың белгілі бір тарихи себептермен бірігулері, қосылулары олардың тілдерінің де өзара жақындасуын, бірігуін туғызады. Сөйтіп, қоғам мүшелерінің ыдырауы тілдің ыдырауына олардың бірігуі тілдік ерекшеліктердің жойылуына, тілдердің бірігуіне себеп болады. Тілдердің ыдырап бөлшектенуі немесе бірігіп күрделенуі қоғам дамуының барлық дәуірінде бірдей дәрежеде болып отырмайды. Қоғам дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде тілдің бөлшектенуіне, бір–біріне жақын, туыстас диалектілердің, тілдердің пайда болуына қолайлы жағдай жасалса, екінші бір дәуір, оған қарама–қарсы, тілдердің бірігуіне, диалектілік ерекшеліктердің бірте – бірте жойылуына қолайлы жағдай жасайды. Тіл дамуында болатын дифференциациялық процесс басқа қоғамдардан гөрі ру қоғамында молырақ болады. Өйткені адамдардың жеке–жеке ұсақ қауым болып өмір сүруі–алғашқы қауымдық бірліктің негізгі белгілерінің бірі. К.Маркс бөлінуге, жекеленуге үздіксіз ұмтылу рулық қоғамның бүкіл негізіне орныққан әрекет деп көрсетеді. Ф.Энгельс өзінің «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде Америка тайпаларындағы адамдардың орта саны екі мыңнан кем болғанын айтады. Оның себебі ол дәуірдегі қоғамдық тіршіліктің өзі адамдардың бір жерге көп шоғырлануын қажет етпейді. Рулар өсіп, ұлғая, адам саны молая келе, кең қонысқа бытырап кетеді. Олардың кейбір топтары басқалармен байланысын үзіп, өз бетінше өмір сүретін болады. Ондай топтар қоныс ыңғайына қарай бірте–бірте өз алдына жеке руға, тайпаға айналады. Сөйтіп, ру ішінен ру, тайпа ішінен тайпа бөлініп шығады, яғни туыстас рулар, тайпалар пайда болады. Мұндай тайпаларды Ф.Энгельс «қандас, бауырлас тайпалар» деп атайды.



Интеграция – дифференциацияға тура қарама – қарсы процесс. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір – бірімен жақындасуларының, араласып біругулерінің нәтижесі. Бір – бірімен жақындасып бірігетіндер, араласып тоғысатындар белгілі бір тілдің жеке диалектілері болуы да, туыстас, тіпті ешқандай жақындық қатынасы жоқ тілдер болуы да мүмкін. Екіншіден, интеграциялық процесс тілдердің бір-бірімен достық ынтымағы негізінде немесе бірін екіншісі күштеу, ассимиляциялау негізінде жүруі де мүмкін. Интеграцияның күшке, теңсіздікке негізделген түрі – жеңіп алған, күшпен бағындырғандар мен жеңілген, бағынышты болғандардың тілдері арасында болады. Билеуші үстем қауымның тілі де үстемдік етеді. Ол қатынас жасаудың, пікір алысудың негізгі құралы есептеледі де, бағынышты қауым оны білуге, үйренуге міндетті болды. Ресей мен оның отары болған түрткі халықтары, солардың бірі қазақ халқы арасындағы жағдай осы айтқандардай болды. Тілдің қоғаммен тығыз байланыстылығын бір кездерде өмір сүрген халықтардың, мемлекеттердің жойылуымен бірге олардың тілдерінің жойылғандығынан да байқауға болады. Қоғам тарихы мұндай фактілердің талайын біледі. Ассирия, Вавилон мемлекеттерінің, мәдениеттерінің құрып жойылуымен бірге, аккад тілі де жойылды. Хеттар мемлекетінің жойылуымен бірге оның халықтары сөйлеген несит, лувий, палай, хетт деп аталатын бірнеше ұсақ тілдер де жойылды т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет