Күрделі деңгей: Социолингвистикадағы үш ағымды талдаңыз



бет3/3
Дата03.01.2022
өлшемі19.81 Kb.
#451390
1   2   3
13 апта жтб

Жеңіл деңгей:

Социолингвистикада қолданылатын зерттеу әдістерін атаңыз.

Социолингвистика тіл білімі, әлеуметтік психология және этнографияның тоғысында ерекше пән ретінде туып, тіл білімінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Мейе, Е.Д.Поливанов, Л.Я. Якубинский, В.В. Виноградов, Б.А. Ларин, В.М. Жирмунский, Р.О. Шор, М.В. Сергиевский, Н.С. Чемоданов, В. Матезиус, Б. Гавранек, Й. Вахек, Т. Фрингс және солардың Лейпцигте құрған диалектогиялық мектебі, Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Ли Уорф және басқа антропологиялық лингвистика өкілдері, «тілдік өмір сүрудің» жапондық мектебі жасаған зерттеу ұстанымдарының қазіргі кезеңде өткерілуін білдіреді. Ол өз сипаты бойынша имманентті структурализм мен топтастырушылыққа реакциядан туған. Оған әлеуметтік қатынастардың шиеленісуіне байланысты 60-70-жылдары Европалық және Америкалық қоғамда өскен тіл социологиясына қызығушылықты қанағаттандыруға ұмтылыс, Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың өзекті проблемаларына көңіл бұру тән. Социолингвистиканың дамуына көптеген Кенес заманының ғалымдары (В.А. Аврорин, Г.В. Степанов, А.Д. Швейцер, В.Д. Бондалетов, А.И. Домашнев, Л.Б. Никольский, Ю.Д. Дешериев және басқалары) сүбелі үлес қосты. Қазақстанда – Б.Х. Хасанов, З.К. Ахмеджанова және т.б. Зерттелетін көптеген проблемалар – тілдің әлеуметтік табиғаты, оның қоғамдық функциялары, әлеуметтік факторлардың тілге ықпалының сипаты, тілдің қоғам өміріндегі ролі – жалпы тіл білімінің де, социолингвистиканың да кіріспесіне бірдей қатысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет