Критериалды бағалауды ұйымдастыру әдістемесі Мазмұны



бет14/15
Дата14.12.2023
өлшемі1.89 Mb.
#486574
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-106121

Дескриптор Білім алушы


  • мәтіннің бірегейлік пайызын анықтайды;

  • «авторлық құқық» тақырыбында презентация құрайды.




    1. Информатика пәні бойынша критериалды бағалау тапсырмаларын жасауда интерактивті электронды оқулық құру

Қоғамның заманға сай әлеуметтік-экономикалық өмір сүру шарттары Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестікті талап ету оқытушы үшін бірінші орынға оқушыға өзіндік жұмыс тапсырмаларын қамтамасыз ету, ұйымдастыру мәселелерін шығарды.


Интерактивті электрондық оқулықты жасау мен оны білім беру саласына еңдірудің ұдайы өсетін өскелең ауқымы осындай ресурстардың жоғары сапасын жобалау, жасау, апробация және ендіру кезеңдерінде қамтамасыз етудің қажеттілігін анықтайды. Жасалынатын интерактивті электрондық оқулық сапасы және оларды жасау технологияларының сапасы және жасауға жұмсалған ресурстар шығынының терең өзара байланысы жоғары мәнді сапа көрсеткіштері бар соңғы өнім алу қажет болғанда аса маңызды. Бұл білім беруді қарқындатуға бағытталған компьютерлік құралдарды жасау және жетілдіру әдістемесінің едәуір өзгеруіне әкеліп тіреді. Осындай құралдардың сапасына қойылатын өскелең талаптар регламентацияланған технологиялар мен заманауи халықаралық стандарттарды ескеруге ұмтылудың қажеттігін айқындады.
Интерактивті электронды оқулық – бұл оқушы компьютерді қолданып өз бетімен немесе оқытушының көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық әдістемелік жүйе болып табылады.
Интерактивті электрондық оқулық – бұл мультимедиялық оқулық, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Интерактивті электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу тапсырмаларын компьютердің көмегімен жұмыс жасауға ықпал етеді.
Интерактивті электронды оқулықпен сабақ беру оқыту бейне, аудио, мультимедиа технологиясы мен олардың әр түрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Электрондық оқытудың негізгі мәселелері ақпараттық-коммуникативтік технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Электронды оқулық мынандай жағдайларда тиімді:
1. кері байланыспен лезде қамтамасыз ете алады;
2. гипермәтіндік түсініктемелердің көп рет қолданған кезде, уақытты үнемдейді;
3. белгілі бір бөлім бойынша білімді тексере алады.
Мазмұндық және әдістемелік тұрғыда электрондық оқулық сапасы айтарлықтай дәрежеде, оқу-әдістемелік бірлестіктер, кеңестер және т.б. қызметтерінің шеңберінде, Қазақстан ғылым және білім министрлігі жүйесінде бар нормативті-құқықты құжаттарға (мемлекеттік білім беру стандарттары, типтік оқу жоспарлары, жұмыс программалары және т.б.) сәйкестіктерін анықтауды негізге алатын дәстүрлі әдістермен қамтамасыз етіліп, бақылана алады.
Электрондық оқулықтарды жасау жабдықтарын мына критерийлер бойынша топтарға бөлуге болады, мысалы, міндеті, мақсаты, техникалық жабдықтауға талаптар, қолдану ерекшеліктері. Осы критерийлерге сәйкес классификациясы:
– жалпы міндеттегі құралдық жабдықтар;
– мультимедиа жабдықтары;
– гипермәтіндік және гипермедиа жабдықтары.
Программалау жабдықтарымен құрылған электрондық оқулықтарға тән ерекшеліктер:
– жүзеге асыру стилінің әртүрлілігі (түстік палитра, интерфейс, электрондық оқулық құрылымы, материалды беру тәсілі және т.б.);
– модификация мен іске асыру күрделілігі;
– уақыт шығыны және көп еңбек сіңіру қажеттілігі;
– техникалық базадан тәуелділігі.
Электрондық оқулықтарды құруда жалпы міндеттегі құралдық жабдықтар кәсіби программисттер емес қолданушыларға арналған. Мына мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:
– электрондық оқулықтың құрылымын қалыптастыру;
– мәтінді енгізу, реттеу, форматтау (мәтіндік редактор);
– суреті бар бөлігін дайындау (графиктік редактор);
– динамикалық бөлігін дайындау (дыбыс және анимация) және т.б.
Жалпы міндеттегі құралдық жабдықтардың артықшылықтары:
– оқытушының электрондық оқулықты құру мүмкіндігі;
– электрондық оқулықты құру мерзімін қысқарту және еңбек сіңірімділігін азайту мүмкіндігі;
– компьютерлік және программалық жабдықтарға талаптың жоғары еместігі.
Мультимедиа ақпаратты бірнеше тәсілмен бере алады: мәтін, қозғалмайтын бейнелер (суреттер мен фотографиялар), қозғалатын бейнелер (мультипликация мен видео) және дыбыс.
Басқа өнімдерден мультимедианың ерекшелігі, ақпарат көлемінің үлкен болуы.
Гипермәтін - мәтіннің дәстүрлі мағынасының кеңеюі, яғни ерекшеленген мәтін бөлінділерінің арасына қиылысқан байланыстар орнатылады және басқа бір мәтін бөлігіне өтудің ережесін анықтайды. Ол үшін құжаттың басқа бір бөлігіне өтуді ұйымдастыратын, гипермәтіннің басқа түске боялып, ерекшеленіп белгіленген элементі болуы тиіс. Гипермедиа жүйесінде бейнелер, дыбыстар, графиктер фрагменттер ретінде қолданылады.
Кез-келген күрделі жүйелерді құру кезіндегідей, электрондық оқулықты дайындаудың жетістігі құрушының шеберлігіне байланысты. Электрондық оқулықтағы теориялық материалдар студентке түсінікті және ықшам түрде болуы керек. Қазіргі кезде электрондық оқулыққа қойылатын талаптар өте жоғары деңгейде. Оның кейбір элементтері тұрақты:
● Бақылау сұрақтары әр тақырыптың соңында берілуі тиіс, себебі студент сұрақтарға жауап бере отырып, өз алған білімін тексере алады.
● Тест электрондық оқулықтың ең қарапайым элементі, сонда да құрастырушы үшін сұрақтарды таңдау мен оларды құрау біраз қиындықтар туындатады. Сұрақтар дұрыс құрастырылған және түсінікті болса, студенттің жауап беру деңгейі жоғары болады.
Электрондық оқулықтың негізгі үш жұмыс режимін бөліп көрсетуге болады:
1. Тексеріссіз оқыту;
2. Тексеру көмегімен оқыту, әр бөлімнің соңында оқушыға материалды меңгеру деңгейін тексеруге арналған бақылау сұрақтары ұсынылады;
3. Тестік бақылау, баға қою арқылы білімді бақылау.
Электрондық оқулықтың басқару элементтері оқушының назарын негізгі оқу материалынан жалтартпайтын, түсінікті бірмәнді және қарапайым болулары керек. Ашық ортада шығарылған электрондық оқулықтар үшін графикалық объекттердің және аудио-видео материалдың саны минималды болу керек, себебі олар компьютердің жадында көп орын алады және оларды алу кезінде желідегі компьютерлердің арасындағы байланыс арнасының жылдамдығы кризистік параметр болып табылады. Электрондық оқулықтарда көрсетілу жылдамдығы өте дәл болуды талап ететін кез келген анимация компьютердің стандартынан тәуелді болмау керек.
Интерактивті электрондық оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу, т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық оқулықты криетралды бағалауда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді, ол кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етеді.
Интерактивті электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы – электрондық оқулық арқылы кез-келген физикалық немесе басқа да құбылыстар арқылы толық, жан-жақты мәлімет ала алады. Онда осы құбылыстарға негізделіп жасалған анимация немесе видеоүзінділермен жұмыс жасай алады.
2. Бейімділігі – электрондық оқулық өте аз тексттік ақпараттан тұруы тиіс, себебі экраннан ұзақ текстті оқу шаршауға және білімді қабылдау мен меңгеруді төмендетуге әкеледі. Мұндай оқулықтар көп мөлшерде суретті материалды қамтуы тиіс.
3. Тиімділігі – гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады; әрбір жеке тұлғаның білімін, біліктілігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
4. Модульдік – сабақты иллюстрациялық жеке-жеке материал ретінде жабдықтауда көмектеседі; сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет