90
Мектеп оқулықтарының сапасын анықтаудағы апробация критерийлері
Осы бағыттағы жұмыстар ата-аналармен де
жүргізілді. Оқушының білім сапасын қадағалау
әрі ол білімді практикада қолдану тәжірибесіне
тікелей араласатын ата-аналардың оқулық тура-
лы пікірі басқа респонденттерден бірде бір кем
емес.
Оларға арналған сауалнама:
1.
Сіздің ойыңызша, оқулықтағы мәтіндер
мен жаттығулар балаңызды қызықтыра алды ма?
Оны әрі қарай білім алуға ынталандыра алды
ма? Өз пікіріңізді жазуыңызды өтінеміз.
2. Балаңыз Сізбен бірге қандай да бір
тақырыпты талқылап, алған білімі және
әсерлерімен бөлісті ме? Немесе сабақтағы
қиындықтар туралы Сізге айтты ма?
3. Сіздің ойыңызша,
қандай тапсырмалар
мен мәтіндер өмірлік тәжірибеге негізделген,
яғни бала оларды өмірде қолдана ала ма?
4. Сабақ материалдарының басқа пәндердің
оқу материалдарымен байланысы бар ма? Олар
баланың ой-өрісін кеңейтуге қалай ықпал етеді?
5. Заманауи білім берудің міндеттерінің бірі
– оқу сауаттылығын қалыптастыру. Бала мәтінді
түсініп қана қоймай, мақсатына жету үшін,
білімі мен мүмкіндіктерін арттыру, әлеуметтік
өмірге араласу үшін мәтіндегі ақпаратты пай-
далана білуі керек. Сабақ материалдары оқу
сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ете ме
және ол қандай деңгейде?
6. Сабақтың материалдары математикалық
сауаттылықты
қалыптастыруға бағытталуы
керек. Яғни құбылыстарды сипаттау және
түсіндіру үшін математикалық құралдарды
пайдалануға, математиканы өмірге қатысты
әртүрлі жағдайларда қолдануға үйрету керек.
Бала оқулықта берілген кестелерден, график-
терден, диаграммалардан қажетті ақпаратты
ала алады ма? Жалпы, оқулық материалдары
математикалық
сауаттылықты қалыптастыруға
қалай ықпал етеді?
7. PISA талаптарына сәйкес баланың жа-
ратылыстану сауаттылығы да жоғары болу
керек. Оқушы қоршаған әлемнің процестері
мен құбылыстарын дұрыс түсініп, берілген
ақпаратты талдап, қорытынды жасауды білуі
керек. Сабақ материалдары жаратылыстану
сауаттылығын қандай деңгейде қалыптастырады
деп ойлайсыз?
8. Оқулық құндылықтарға бағыттау және
тәрбиелік қызметін жеткілікті түрде жүзеге
асырады ма?
Рухани-адамгершілік, патриоттық
және жағымды жеке қасиеттерді қалыптастыруға
қатысты Сіздің пікіріңізді білгіміз келеді – деген
мазмұнда болды.
Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың бер-
ген жауаптарының нәтижесінің көрсеткіші
келесідей болды: оқулық сапасына жоғары баға
берген ата-аналар саны – 38 % (өте жақсы);
жақсы деген баға берген мұғалім саны – 28 %;
қанағаттанарлық баға берген мұғалім саны
– 34 %. Ата-аналардың пікірі оқушылар мен
мұғалімдердің пікір, ұсыныстарынан аса алшақ
болмағанмен, олардың өз балаларының әр пән
бойынша қандай жетістігі мен кемшілігі ба-
рын толық білетіндігі байқалды.
Дегенмен,
басқа респонденттерге қарағанда, ата-аналар
сауалнамасының нәтижесі аздаған қарама-
қайшылықты көрсетті. Респонденттердің негізгі
екі тобы «өте жақсы» және «қанағаттанарлық»
деген нәтиже көрсетуі осыны дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: