Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы



бет6/12
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#169971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.2.3. Инфрақұрылымдық кешен.

2.2.3.1 Телекоммуникация және байланыс

Телекоммуникацияны негізгі жеткізуші «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы болып табылады. Қала аумағында «Қазақтелеком» АҚ бөлімшесі бар, негізгі телефондық нөмірлер 3500 құрайды. Бүгінгі күні осы компания «Мegaline» линиясы бойынша интернет ұсынады, ондағы мәліметтерді беру жылдамдығы 4 мбит/сек. жетеді.

Сонымен қоса интернет провайдер болып «IT LINK» ЖШС табылады, онда «Транстелеком» АҚ оптоволокондық линиясын қолданумен тұрғындыр үшін баламалы интернетті ұсынады, сонымен қоса WiFi байланысы бойынша сымсыз интернет қоладындалы.

Мобильді байланыс операторлары болып Beeline, K-Cell, Теле -2 табылады. 2013 жылы Activ компаниясымен елді мекенге 3G интернетін енгізу және толық қамту бойынша жұмыстар жүргізілді. Жеке және ұялы байланыс компанияларымен жаңа технологияларды енгізудің арқасында «Қазақтелеком» АҚ интернет байланыстарын ұсыну бойынша нақты бәсекелестік бар.

Инфрақұрылымдар жүйелерін дамыту саласында қаланың негізгі проблемалары мен қажеттіліктері мыналар болып табылады:


  • «Қазақтелеком» АҚ интернет қызметтерін ұсыну жылдамдығының төмендігі;

  • тозған байланыс каналдарын қолдануы;

  • байланыстың оптоволокондық каналдарына ауыстыру қажеттілігі;

  • тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін байланыс жылдамдықтарын көтеруде қажеттілік.

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа қамтамасыз ету

Қалада бүгінгі күні халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру бойынша белгілі жұмыстар жүргізіледі.

№ 3 орта мектепте тұрғындарды компьютерлік сауаттылық дағдыларына оқыту үшін компьютерлік сынып бар. Бүгінгі күні сыныпта интернетке қосылған 15 компьютерлер бар. Тұрғындарды оқыту бойынша үйретуші аттестаттаудан өтіп және онымен тұрғындарды оқыту кезеңінде келісім – шарт жасалған.

2012 жылы іс-шаралар жоспарына сәйкес компьютерлік сауаттылыққа оқытудан 504 адам өтті, бұл оқытуға жататындардан 50 пайызды құрайды.

Қала тұрғындарын компьютерлік сауаттылық деңгейі көтеру үшін қазіргі кезде мынадай қажеттіліктер бар:

- ең соңғы ақпараттық технологиялар саласында тұрғындарды оқыту үшін қосымша үйретушілерді даярлауда және қайта даярлауда;

- курстың аяқталуы туралы сертификаттармен үйретушілерді қамтамасыз етуде. Курчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасының индикативтік көрсеткіштерінің жетістіктері үшін негізгі мақсаттар болып:

- қала тұрғындарын компьютерлік сауаттылыққа оқытуды ұйымдастыру және сапасын жақсарту;

- тұрғындарын компьютерлік сауаттылығын 68 пайызға дейін көтеру болып табылады.

Ағымдағы жағдайды талдау нәтижесін мынадай кесте түрінде ұсынуға болады.



Ағымдағы жағдайға SWОT –талдау нәтижелері

Күшті жақтары

1.Телекоммуникациялық қызмет жүйесінің дамуы;

2.Тұрғындарға интернет қызметтерді көрсету бойынша бәсекелестік;

3. Компьютерлік сауаттылық дағдыларына тұрғындарды оқыту үшін компьютерлік сыныптың болуы.



Әлсіз жақтары

1. Байланысты негізгі жабдықтаушылардың байланыстың ескі, тозған каналдарымен интернетті қолдануы;

2. Тұрғындарың компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі;

3. Жаңа телекоммуникациялық жүйелерді енгізу бойынша қаржыландырудың болмауы.



Қауіптері:

1.Жаңа инфрақұрылым жүйелерін енгізу бойынша ұйымдастырудың дайын еместігі;

2. Көрсетілетін қызметтер сапасына тұрғындардың қанағаттанбауы.

Мүмкіндіктері:

1.Инфрақұрылым кешенін дамытуда мемлекеттік қолдау;

2. Күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануға ұйымдар мен азаматтарды көшіру.

3. Жаңа телекоммуникациялық жүйелерді енгізу бойынша басқа елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану.



2.2.3.2 Құрлыс


Құрылыстың басқа салалардан басқа және құрылыс өндірісімен ұйымдар мен басқармалардың ерекше нысандарының қажеттілігін мәжбүр ететін өз сипатының ерекшелігі бар.

Бұл – құрылыс үрдісі қатысушыларының сан алуандығы, капиталдың баяу айналымдылығы мен қауіптің жоғары дәрежесі.

Құрылыс саласының одан әрі қарай дамуы, сонымен қоса қауіпсіздікті көтеру мен қазіргі заман жағдайында құрылыс өнімдерінің сапасы экономикалық және саяси тапсырмалар болып табылады. Құрылыс кешені толықтай экономикаға үлкен ықпал етеді, яғни әлеуметтік саланың жағдайына маңызы кем емес.
18 кесте

млн. теңге



Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өсу қарқыны 2012/2010

Барлығы құрылыс жұмыстары

596,4

1162,1

1632,3

140,5%

Құрылыс-монтаж жұмыстары

464,7

843,9

732,5

157,6%

Ағымдағы жөндеу

58,4

95,4

797,0

835,4%

Күрделі жөндеу

73,4

222,8

102,8

46,1%

2012 жылдың қорытындысымен статистика мәліметтері бойынша негізгі капиталға түскен инвестициялар көлемі 2276,3 млн. теңгені құрап, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,2 % -ға жоғары.

Құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің игерілуі 732,5 млн. теңгені құрады немесе өткен жылға 86,8 %.

Тұрғын үй құрылысына 157,2 млн. теңге жұмсалып және жалпы алаңы 3,9 мың шаршы метр болатын тұрғын үйлер пайдалануға берілді немесе өткен жылдан 75,6 % алдыңғы жылдың деңгейінен төмен.

19 кесте

Көрсеткіштер

Өлшем. бірлік.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Негізгі капиталға түскен инвестициялар, соның ішінде.

Млн. теңге

3227,1

2205,9

2276,3

Шетел инвестициялары

Млн. теңге

812,5

0,4

0,0

Құрылыс жұмыстарының көлемі

Млн. теңге

596,4

1162,2

1632,3

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар

Млн. теңге

484,2

843,9

732,5

Тұрғын үйді іске қосу (пайдалану алаңы)

мың. шаршы метр

8,353

15808,0

3850,0

Саланың даму жағдайын SWOT- анализ:



Күшті жақтары:

1. Құрылыс – монтаж жұмыстары көлемінің артуы;

2. Тұрғын үй құрылысы сияқты секторларда құрылыс материалдарына сұраныстың тұрақты өсуі.

Әлсіз жақтары:

1. Құрылыс саласында мамандардың жетіспеушілігі;

2. Қыс айларында істелінбеген жұмыс қуаттылығына себепші болатын (жоғары шығындар), құрылыс жағынан мерзімдік сұраным;

3. Құрылыстың ескірген сметалық-нормативтік базасы.



Мүмкіндіктері:

1. Облыс аумағында басым салаларда құрылыс материалдарын өндіру бойынша жаңа қуаттылықтар құру;

2. Өндіріс, жабдықтау ағымдарының теңдескен кестесін әзірлеу, мерзімдік құрылыс жұмыстары және аумақтық орналасу мәселесін шешу мақсатында жаңа және жаңғыртатын жобаларды құру есебінен құрылыс материалдарын тұтыну;

3. Жыл бойы қалыпты құрылысты ұйымдастыру.



Қауіптері:

1. Қыс айларында құрылыс материалдарына шығынның артуы;

2. Құрылыс саласында қажетті білікті мамандардың жоқтығы.

Әлеуметтік жағынан тұрғын үйге қажеттілік бар және адамның өмірдегі негізгі бір қажеттілігі мен барлық қоғамдағы басым проблема болып қалады, ал тұрғын үй құрылысын дамыту қоғамды дамытудың басым тапсырмасы болып қалады. Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 200 астам адам тұр.

2008 жылдан 2012 жыл аралығындағы кезеңде қала бойынша 36 811 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, соның ішінде жылдар бойынша:

- 2008 жыл – 8 572 кв. метр (2007 жылдың деңгейіне 6,3%-ға өсімімен);

- 2009 жыл – 228 кв. метр (2008 жылдан 97,3%-ға төмен);

- 2010 жыл – 8 353 кв. метр (2009 жылдан 36,6%-ға жоғары);

- 2011 жыл – 15 808 кв. метр (2010 жылдан 89,2 %-ға жоғары);

- 2012 жыл – 3 850 кв. метр (2011 жылдан 75,6 %-ға төмен);

2012 жылы тұрғын жайды пайдалануға берудің күрт төмендеуі, 2010-2011 жылдары «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатынан төрт көп пәтерлі тұрғын үй қайта қалпына келтірілді.

2011-2012 жылдарда жеке инвестрлар қаржатынан екі көп пәтерлі тұрғын үй қалпына келтірілді, сол үйдегі пәтердің жартысын кезекте тұрған тұрғындарға берілді. Сонымен қатар, мақсаттық трансферпен республикалық бюджет қаражатынан 39 пәтер, жалпы ауданы 1560 шаршы метр және облыстық бюджеттен қаржатынан 60 пәтер жалпы ауданы 4467 шаршы метрді құрайтын тұрғын жай сатып алынды. Ағымдағы жылда жеке инвестрлар қаражатынан тұрғын үйді қайта қалпына келтіру тәжірбиесін жалғастырамыз.

Тұрғын ұй құрылыс банкінің, жалға беру және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйесінде мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын жай құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:



Күшті жақтары:

  1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы.

  2. Тұрғын үй салынатын аудандарда инженрлік – коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту.

Әлсіз жақтары:

1. Жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың жоқтығы.

2. Қаржыландырудың жетіспеушілігінен жалдық тұрғын үй құрылысының әлсіз дамуы.

3. Құрылыс индустриясында қалыптаспаған тиімді нарық.

4. Экономикалық тұрғыда белсенді халық санынан негізгі көлемі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуі, соның ішінде жас отбасыларды.

Мүмкіндіктері:


  1. Жек тұрғын үй құрылысын дамыту.

  2. Тұрығын үй құрылысына меншік инвестицияларды тарту және мемлекеттік меншік серіктестікті ынталандыру.

  3. Апатты тұрғын үйді көшіру мәселесін шешу.

  4. Көптеген тұрғын үйлерді салу мақсатында аумақты кешенді игеру мен салынған аумақтарды дамыту, бірінші кезекте экономикалық топтағы.

  5. Қазақстанның Тұрғынүйжинақбанкі және Қазақстандық ипотека компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту.

  6. Жаңа заманауи технологияларды енгізу жолдарымен құрылыс индустриясын дамыту, энерготиімді және экологиялық талаптарға жауап беретін құрылыс материалдарын, конструкциялар мен бұйымдарды өндіруді арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық ұстау үлесін көтеру.

Қауіптері:

1. Тұрғын үй құрылысының төмендеуі, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы.



2.2.3.3 Жолдар және транспорт


Жолдар.

Қаладағы жергілікті маңызды жолдардың қашықтығы 42 км құрайды, оның ішінде 41,2 км – асфальтбетонмен жабылған, топырақпен - 0,8 км, көпір, су өткізу құрылыстары жоқ.

Автожолдар салаларын қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігінен жол жағдайының төмендеуіне әкелді.

2012 жылы «Ядролық сынаққа тиым салу, бостандық және бейбітшілікке» халықаралық форумға дайындалу кезінде республикалық бюджет қаражатынан Тәуелсіздік көшесі және Пионерскии көшесіне орташа жөндеу жүргізілген.

Жолдарды ұстауға және ағымдық жөндеуге қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі уақытынан бұрын жолдардың бұзылуына негіз болады. Автомобиль жолдарын алдын-алу жөндеудің және ұстау толық көлемде қаражаттың шектелуінен жүргізілмейді, бұл жасанды құрылыс және жер жабындарының жол қызметінің киімі қызметінің қысқаруына әкеледі.

20 кесте


2010 – 2012 жылдарға жөндеу жұмыстарының өзгеру динамикасы

Техникалық – эксплуатациялық жағдайының өзгеру динамикасы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

км

%

км

%

км

%

Эксплуатациялық жағдайы бойынша

Жақсы

10,7




10,7




10,7

10,7

Қанағатты

12,9




12,9




13,5

13

Қанағаттандырылмаған немес бұзылу сатысында

6,5




6,5




5,9

6

2010 жылдан бастап 2012 жыл аралығында келісілген келтірілген талдау және мониторинг пайдаланылымы қалалық автомобиль жолдарының техника- эксплуатациялық жағдайы, техника - эксплуатациялық арақатынас көрсеткіші келесі түрде өзгереді:

Жолдың жақсы техникалық жағдайыдағы қашықтығы сол қалыпта қалды және 10,7 км құрады.

Қанағаттандырылған 12,9 км-дан 13,5 км-дейін, 0,6 км өсті.

Техникалық жағдайы қанағаттандырылмаған 6,5 км-дан 5,6 -0,6 км дейін кемеді.

21 кесте

2010 жылдан 2012 жылдары аралығында авто жол саласының негізгі

көрсеткішерінің өзгеру динамикасы



Бағытталған салада қаржыландыру, млн.теңге

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Барлығы

Қаржыландыру көздері бойынша, тыс. тенге

Барлығы

11,0

225,0


94,0

330,0

Республикалық бюджет






85,0

85,0

Қала бюджеті

0,0

201,8



201,8

Басқада қайнар көздері

11,0

23,2

9,0

43,2

Қалалық/ аудандық бюджет
















Жүргізілген жөндеулер, км

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жиыны

Жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша

Барлығы

11,0

225,0

94,0

330,0

Орташа жөнделер

0,0

195,2

85,0

280,0

Ағымды жөндеулер және ұстау

11,0

30,0

9,0

50,0

2010-2012 жылдар аралығына қаланың жол саласындағы бюджет инвестицияның соммалық көлемі 330,0 млн теңгені құрайды.

Осы қаражатқа қаланың автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары 30,1 км жүргізілді, соның ішінде 7,85 км орташа жөндеу жұмыстары.

Соңғы жылдары қала жолдарына іргелі жөндеулерге қаражат бөлінген жоқ.

Капиталдық жетіспеушілігі арнайы жол жөндеу және жол пайдалану техникасында байқалады. Автожолдар маңызынан тәуелсіз ағымдағы жөндеу және ұстау бойынша жұмыстарды орындау үшін негізгі машиналар мен механизмдердің жетіспеушілігі сезіледі.

Қысқы мезгілде жолдарды ұстауға дайындықты ұйымдар 45 % қамтамасыз етеді, бұл аталған техниканың 50 % техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда, 80 жылдардан пайдалануда болғандықтан ұдайы істен шығады.

Автожолдар салаларына SWOT талдау.

Күшті жақтары:


  1. Автожолдар транспорт қатынастарының негізгі көзі болып табылады.

Әлсіз жақтары:

1.Негізгі құралдардың моралдық және нақты тозуы;

2. Инновацияны және автоматизацияны ендіру деңгейі төмен жағдайда.

Мүмкіндіктері:

1.Жеке мемлекеттік –жеке қарым-қатынас механизмінің дамуы;

2.Жол көліктерінің пайдалану транспорттық көрсеткіштің жақсаруы және тұтынушылығын күшейту;

3.Автомобиль жолдары жүйесін сақтау және дамыту;

4.Толық жөнделгеннен кейін автокөлік жолдарын жөндеу мерзімін ұзарту;

5.Сапалы халықаралық стандартқа сай автокөлік стандартын енгізу.



Қауіптері:

1.Ішкі және сыртқы конъюктураның төмендеу мүмкіншілігімен байланысты макроэкономикалық тәуекелдері;

2.Бюджеттік қаржыландырудың қысқартылуы;

3.Баға тәуекелдері;

4.Заңдылық тәуекелдер;

5.Экологиялық және техногендік тәуекелдер;

6.Кадрлық тәуекелдер;

7.Эксплуатациялық жол техникасының қатты ескіруі.


Көлік

Қалада автомобиль көлігі дамыған.

Теміржол тасымалын Семей тасымалдау бөлімшесіне ұсынылған «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компания» АҚ бөлімшесі ұсынады. Теміржол тасымалы келесі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

Дегелен-Екібастұз, Астана - Ридер, Павлодар – Алматы, Қарағанды – Москва.

Жолаушы тасымалы екі қала аралық бағытында Семей және Павлодар қалалары арасындағы байланысты және бір қалалық мезгілдегі маршрутты қамтамасыз етеді. Қалада бір автобекет жұмыс істейді.

Қалада әуе және өзен көліктері жоқ.

2012 жылы жүк тасу көлемі (теміржол көлігін есептемегенде) 117,1 мың тоннаны құрады, жүк айналым көлемі 4,8 млн. ткм құрады, 2010 жылғы көрсеткіштен 7,5 және 52,1 есеге жоғары (22 кесте)

22 кесте



Көрсеткіш атауы

2010 жыл

2011 жыл

Өсу қарқыны (2010 жылы 2011 жылға)

2012 жыл

Өсу қарқыны (2012 жыл 2011 жылға)

Өсу қарқыны (2012 жыл 2010 жылға)

Жүктер тасымалданған,

мың тонна



126,6

260,7

205,9

117,1

44,9

92,5

Жүк айналымы, тонна/ км

10011,7

7559,0

75,5

4796,0

63,4

47,9

Жүк тасымалдауға бір кәсіпорын жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта қалада бейімделген ғимаратта орналасқан 1 автобекет жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта қалада 3 ЖҚС, 3 ТҚС бар, сонымен бірге 2012 жылы тағы біреу ашылды.

Қалыптасқан жағдай келесі SWOT талдауда келесідегідей:

Күшті жақтары:

1. Тасымалдау санын көбейту жолымен қала тұрғындары үшін автомобиль көлігі қызметімен қамтамасыз ету.



Әлсіз жақтары:

1. Стационарлық автобекеттердің жоқтығы.

2. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалдаушыларының болуы.

Мүмкіндіктері:

1.Басқа да қызығушылық танытқан жақтармен бірлесе отырып алдағы мақсаттарға қол жеткізу. Рұқсатсыз құжаттарымен кісі тасуды жүзеге асыратын, заңсыз көлік тасымалдау мәселесін шешу үшін.

2. Өзенмен кеме қатынасын дамыту мүмкіндігі, соның ішінде және жолаушыларды тасу.

Қауіптері:

1. Макроэкономикалық тәуекелдер сыртқы және ішкі конъюктураларының нашарлауы мүмкіндігіне, инвестициялық белсенділіктің деңгейі мен экономиканың өсу қарқынының төмендеуімен, банк жүйесінің дағдарысы, өнеркәсіптің төмендеуі мүмкіндігімен байланысты. Макроэкономикалық тәуекелдер жүзеге асқан жағдайда, көлік қызметіне сұраныс төмендеуі мүмкін, сондай-ақ, нысаналы көрсеткіште төмендейді.

2. Құндылық қауіпі. Транспорт саласын дамыту үшін шиеленіскен фактор болып энергия жеткізушілер мен құрылыс материалдарына баға болып қалады, бұл жұмыстың өзіндік құнына әсерін тигізеді.

2.2.3.4 Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық


Қаланың инфрақұрылымдық кешені электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жол саласы, транспорт, телекоммуникациялар пошта байланысы және абаттандыру салаларымен ұсынылған.

Инфрақұрылымдық даму кешені экономиканың қажеттілігін және жоғарыда айтылған қызметтермен халықты қамтамасыз етуге бағытталады.


Электрмен қамтамасыз ету.

Курчатов қаласына электрэнергияны беру және бөлумен Ертіс жанындағы аудандық жүйелер бөлімшесі Семей қаласының филиалы «ШҚАЭК» АҚ айналысады. Қарамағында – 67 адам бар.

Ертіс жанындағы бөлімшенің негізгі тапсырмасы кәсіпорындар жұмысына шығынсыз жету және «ШҚАЭК» АҚ СФ жүйесінде коммерциялық жоғалтуды азайту бойынша іс-шаралар жүргізу болып табылады.

Қаладағы электрмен қамтамасыз ету республикадағы станциядан энергетикалық бірыңғайлықпен қамтамасыз етіледі 51 (220/110), 48 км Павлодар облысы аумағында орналасқан және 53 станциядан екі электрмен жабдықтау жүйесімен қосылған (110/35/10). Қала аумағында 1949-1992 жылдарда салынған қуаттылығы әртүрлі 90 трансформаторлық станциялар орналасқан. Электрмен қамтамасыз етудің негізгі көзі Екібастұз ҚАЭС және ЛЭП 220 кв КЭГОК энергетика жүйесі болып табылады.

Қазіргі күні энергетика құралдарының тозу көрсеткіші өте жоғары.

Электрмен жабдықтау жүйесінің негізгі құралдарының жартысынан жуығы коммутарлық аппарат нормативтік эксплуатциялық мерзімі және апатты жағдайлардан қатардан шыққан.

Ұжымның атқарған жұмыстарынан 2010 жылдан 2012 жылдар аралығында электр энергия жүйелерінде ажыратылу аппатық жағдайлары болған жоқ.

Саланың даму жағдайына SWOT-талдау:



Күшті жақатары:

1. Электр беру жүйесінің дамыту кестесі 110 кВ және төмен.



Әлсіз жақтары:

1. Аймақтық электр жүйесінің ескіргені (65-70 %);

2. Жаңа энергия көздерінің құрылысын қамтамасыз ететін механизмнің жоқтығы.

Мүмкіндіктері.

1. Жаңа энергетикалық қуатқа шығу есебінен энергетикалық қауіпсіздікке жету;

2. Электр энергетикалық нысандарды дамытуға инвестицияларды тарту үшін салалық инвестициялық тартуды жоғарылату бойынша шаралар қабылдау.

Қауіптері.

1. Көптеген тозуларға байланысты қала тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету сапасының төмендеуі.


Сумен қамтамасыз ету

Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 100,0 % құрайды.

Қаладағы сумен қамтамасыз ету жүйесінің қашықтығы 99,0 км. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық жағдайы нашар жағдайда: құрылыстың бұзылу көрсеткіші орташа (су қамалы, су тазалау станциясы және сорғылар) – 70 %, олардың инженерлік инфрақұрылымы – 90 %, сыртқы магистралдық субұрғыштар және тарату жүйелері, олардың арматуралар және өрттік гидранттар 80 % дейін тозған және осының салдарынан көп мөлшерде суды жоғалтуға, жоғарғы апатқа және шығындарға әкеп соғады.

Су қамалы құрылысының жағдайы нашар жағдайда:

- қазғыш акваториясы, су қабылдағыш сақиналары тұнбаланған және жауын-шашынды ұстап, сорғыш құбырлардан өздігінен су ағу жүйесі бітеліп қалуы мүмкін. Осы себептерден 1-ші көтерімде апатты жағдайлар болуы, Ұлттық ядролық орталықтың өнеркәсіптік алаңын және қаланы сумен қамтамасыз ету тоқтатылуы мүмкін;


  • өздігінен ағу жүйесінің жылжытқыштарын жөнделмеуінен, құдық қабырғаларының толық бұзылуынан суды құм басады;

  • балықтан қорғау торларының, қамалдардың және қақпақтар таттанып, тазалау жүйесі жұмыс істемейді;

  • су көтеру шығындарының түйіндерінде шығын өлшегіші жоқ.

Ауыз суға сағат сайын талдау жүргізетін химиялық лаборатория құралдары құрылысы жүргізілгеннен бері аралықта (1963 жыл) жаңартылмаған.

Суды тазалау бойынша құрылыстарына су жуу және коагулираттауға шығын жоғары (20 % дейін РВЧ-тан суды тазалау фильтрда жуу өтеді). Құралдарды ылғалдау және хлорлау жұмыстары телемеханизациялау және автоматтау жүйесінің істен шығуына әкеп соқты.

Осы суды хлорлау технологиясы толықтай залалсыздандырылмайды және инфекциялық аурулардың болмайтындығына кепілдік жоқ, қарапайым потагенді және вирустарға қатысты эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары толық жасалмайды. Құрамында хлор араласқан ауыз суды пайдалану әр түрлі ауруларға, атап айтқанда бүйрек, орталық жүйке жүйесі, бауыр, асқазандағы темір, қалқанша без ауруларына әкеліп соғады. Су көзінде қалған хлорлар Ертіс өзеніне ағады.

Су құбырларын эксплуатациялау және қызмет көрсетумен «ККЭК» МКК айналысады, бұнда кадрмен қамтамасыз ету жеткіліксіз, құрал-жабдықтардың жоғары пайызы бұзылған. Осыған байланысты алдағы уақытта нысандарды ауыз сумен қамтамасыз етуді тасымалдау мәселесі туындайды.

Сумен қамтамасыз ету жүйесі жұмысының келесі себептер бойынша шығындары жоғары:

-су қамалы құрылысынан суды тазалау станциясына дейін маңызды су құбырларының қашықтығы;

-тазалау құрылыстары және қамал кешені ұлғайған;

-суды тазалау технология реагентін тазалау маңызды шығын, оның ішінде су қамалына ұдайы құюы Ертіс өзені суының ластануын жоғарлатады;

- Сумен қамтамасыз ету жүйесінің барлық арматуралары және құбырлардың техникалық жағдайы ескі болғандықтан апаттар және көп мөлшерде су ағуы болады.

2010 жылы 3-ден 4-ші су көтеру участкісі 1270 метр қашықтығы ауыстырылған. 2011 – 2012 жылдары 11,7 млн теңге соммаға қалалық бюджет қаражатына магистральді сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдық жөндеулер жүргізілді.

Индустрия мен жаңа технологиялар минстрлігінің жүйесі бойынша 040 республикалық бюджет бағдарламасына сәйкес «Семейгидрогеология» ЖШС кәсіпорны жаңа технологиясы ҚР МСБ бекітілген Курчатов қаласын жер астынан су қорымен қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық – ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін анықтау үшін іздестіру жұмыстары жүргізеді.

Сала жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Су қорының жеткілікті деңгейі;

2. Ауыз су қажеттілігінің жоғарылығы;

3. Сумен қамтамасыз ететін жұмыс істейтін жүйе бар;



Әлсіз жақтары:

1. Сумен қамтамасыз жүйесі және көп нысандардың бұзылуы және осының салдарынан ауыз су сапасының төмендеуі, апаттар болуы;

2. Оларды жаңартудан бұрын, өндіріс қоры негізінің ескіруі қарқынды жүруде;

3. Сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестицияның жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктері:

1. Жер астында жаңа тұщы суларды игеру;

2. Тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету;

3. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің техникасын жаңарту, суды тазартуға және су даярлауға шығындарды арттыру;

4. Заманауи тиімді технологиялар ендіру мүмкіндігі;

5. Материалдық техникалық базаны жарақтандыру арқылы пайдалану қызметін жетілдіру.



Қауіптері:

1. Ертіс өзенінің ластануына байланысты судың азаюы;

2. Құралдардың тозуына байланысты жұмыс жасалмай қалуы, қоршаған ортаға қауіп төндіру мүмкіндігі;

3. Су қоймаларының техникалық ұзақ мерзімде пайдалану жағдайында болғандықтан қанағаттандырмаушылық жағдайы;

4.Тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін ескірген су дайындықтары;

5.Апаттың өсуі;

6. Инфекциялық аурулардың өсуі.
Жылумен қамтамасыз ету

Қаладағы жылу энергетика кешені ең күрделі, негізгі және қаладағы инженерлік инфрақұрылымдық әлеуметтік-маңызды нысан болып табылады.

Жылу жүйесінің жалпы қашықтығы – 14,285 км құрайды. Жылу жүйесіндегі жалпы қашықтығы 4,634 км (немесе 20 %) ауыстыруды қажет етеді.

2012 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 55,4 мың Гкал жылу энергиясы жұмсалды.

2012 жылғы жылу энергиясын тұтыну құрылымында тұрғындардың үлесіне 59 %, ұйымдардың тұрмыстық-коммуналдық қажеттілігіне – 21 %, кәсіпорындардың өндірістік қажеттілігіне – 20 % келеді.

Бүгінгі күні тұрғын үй қорына, ұйымдарына, әлеуметтік нысандарға және кәсіпорындарға «Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорыны» МКК қатты отында жұмыс жасайтын бес қазандық қызмет көрсетеді, бұдан басқа қаладағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жартысында сұйық және қатты отында жанатын өздерінің қазандықтары бар.

Пайдаланған жылдары ішінде қазандық жабдықтары және қазандықтар өндірістік қуаттылығын толықтай жұмсады, жылу жүйесіндегі жабдықтар 80 % ауыстыруды талап етеді. Жылу көздері мен желілерді неше жыл қатарынан пайдаланғандықтан жөндеу жұмыстары инвестицияланбағандықтан, технологиялық құралдар мен жүйелердің тозуына әкеліп соқты. Қазандық ғимараттары қаланың шетінде орналасқан, көмірмен жанатындықтан, оның түтіні тұрғын үйлерді ластайды, бұл экологиялық қалыпты дөрекі бұзғандық болып табылады.

Курчатов қаласы ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, тұтынушыларға ыстық су беруге қазандықтың қуаттылығы жетпейді.

Қазандықтарда төтенше жағдайдың орын алу қаупі бар және апат салдарынан, су құбырларының ескіруінен жылу берудің тоқтауы мүмкін.

Жылу жүйесіндегі құралдард 80 % ауыстыруды қажет етеді. Жылу көздері мен желілерді неше жыл қатарынан пайдаланғандықтан жөндеу жұмыстары инвестицияланбағандықтан, технологиялық құралдар мен жүйелердің тозуына әкеліп соқты, есептеу құралдарымен қамтамасыз ету көрсеткіші төмен болып қалады.

Қазіргі уақытта көп қабатты тұрғын үйлер және басқа да нысандар қалпына келтірілгендіктен жылуды тұтынушылардың саны ұлғайды. Қазіргі уақытта 6 тұрғын үй қалпына келтірілді.

Қуаттылығы 49 сағ/Гкал жылу орталығы құрылысының қажеттілігі туындады, бұл қызмет ұсынудың сапасын жақсартады, қазандық жұмыстарының шығындарын азайтады, қол жұмысын азайтады.

Қалада жылу насостық қондырғылары есебінен жылумен қамтамасыз етілетін нысандар бар: ол «Ядролық технология паркі» АҚ ғимараты және 1 тұрғын үй.

2010 жылы жылу энергия жүйесін жоғалту көлемі 1,8 Гкал құрады және жылу энергия жіберудің жалпы көлемінен 5,6 % құрады (15 сурет).

2010 жылдан 2012 жылдары аралығында («ККЭК»МКК бойынша) жылу энергиясын босатуға шартты отын шығынының өсімі бар. 2012 жылы осы көрсеткіш 26,0 мың тоннаны құрады, бұл 2,4 мың тоннаға немесе 2010 жылдың деңгейінен 21,6% жоғары.

2012 жылы моноқалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында магистральді жылумен жабдықтау жүйелерінің ағымдық жөндеулеріне республикалық бюджеттен 7,1 млн. теңге сомма бөлінген.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1.Жылу көздерімен жылу энергия өндірісі өсті;

2.Жылу энергиясын тұтынушыларды арттыру;

3.Қаладағы қазандықтар үшін арзан отын көздері болып табылатын, көмір орындарының бар болуы.



Әлсіз жақтары:

1.Жылумен қамтамасыз ету қызметінің сапасыздығы;

2.Қазандықтарда қуаттылықтың жеткіліксіздігі;

3.Қала қазандықтарында қол еңбегі бар;

4.Қазандықтар қала шетінде орналасқан;

5.Ыстық сумен қамтамасыз ету қызметі жоқ;

6.Жылумен қамтамасыз ету жүйесін (жалпы қашықтықтағы) 22,4 % ауыстыру қажет.

Мүмкіндіктері:

1.Болашақта жылумен қамтамасыз ету көздерінің зиянсыздығын дамыту;

2.Қаладағы жылумен қамтамасыз ету кестесін оңтайландыру.

Қауіптері:

1.Жоғары сатыдағы негізгі қордың бұзылуынан қазандық қуаттылықты шығаруы мүмкін;

2.Төтенше жағдайдың орын алу қаупі бар және апат салдарынан су құбырлардың ескіруінен жылу берілудің тоқтауы мүмкін.

3.Бәсекелестік орталықтың дамымауы.

4. Жылу энергиясының жоғарғы дәрежеде жоғалту.
Су өткізу

Қаладағы тазалау ғимараттары тұрғын орыннан 8 км ара қашықтықта орналасқан, пайдалануға 1968 жылы берілген.

Жоба қуаттылығы – 17 мың м 3/ тәулігіне, нақты – 7,9 мың м3/ тәулігіне. Канализациялар жүйесінің жалпы қашықтығы 42,696 км құрайды, жүйенің тозуы 29,887 км жетті немесе 70 %, бұл апатты жағдайға әкеледі. Тазалау ғимараттары материалдық және моралдық ескірген. Құрылыстың бетоны бұзылған, ішіндегі металды бөлігіндегі коммуникация толық агресивтік ортадан ажыратылған. Ертіс өзенінің суы ластануда.

Тазалау құрылыс ғимараты кешенді жөндеуді қажет етеді. Канализация жүйелері пайдалануға 1968 жылы берілген, агрессивтік ортадан ажыратылған, 2008 жылы қызмет мерзімі біткен, толық ауыстыруды қажет етеді.

1997 жылдан бері суды биологиялық тазалау көздері жоқ.

Су көздеріне тек хлорлау және механикалық тазалау жүргізіледі. Тазалау тиімділігі 30 %-дан 55 %-ға дейін, тазаланбаған қалдықтар 45-70 % жетті.


23 кесте

ҚСТ арқылы өтетін ағындардың жасалған жылдық көлемі.


2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

300 000 м3

300 000 м3

300 300 м3

2011 жылы қалалық бюджеттен 2,4 млн. теңге құбырды жууға және құдықтардың канализация нысабын тазалауға бөлінген болатын.

Қазіргі уақытта республикалық және облыстық бюджеттерден мақсатты трансферттер есебінен жаңа кәріз тазалау құрылысы аяқталуда.

Тазалау имараттарын пайдалану сапа мәселесін шешу және қатардан шығуына жол бермеу мақсатында канализациялық жүйелерді қайта жаңартуға, жаңа тазалау имараттарының құрылысы қажет.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:

1.Суды ағызу қызметімен тұрғындарды қамтамасыз ету.

2. Кәріз тазалау құрылысы аяқталуды.

Әлсіз жақтары:

1.Құбыр жүйелері 85 % қанағаттанарлықсыз жағдайда және ауыстыруды қажет етеді;

2. 15 км орналасқан коллектор қысымдығының жағдайы нашар, 90 %.

3.СПК №7 және 9 жағдайы нашар, 90 %.



Мүмкіндіктері:

1.Құбырлар жүйесінің, су өткізу нысандарының, тазалау имараттарының нысандарын қайта жаңарту мен құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру тұрғындарды су ағызу қызметімен қамтамасыз ету көрсеткішін жоғарылатуға жол береді.



Қауіптері:

1.Құбырлар жүйесі, тазалау құрылыстарына нысандарға су өткізуді жаңарту құрылыстары бойынша мемлекеттік бюджеттен жобаны қаржыландырудың жетіспеушілігінен тұрғындардың санитарлық-экологиялық жағдайына кері әсерін тигізу.


Тұрғын үй қоры

Қалада 74 көппәтерлі тұрғын үй бар, қала аумағында салынған үйлердің 81,0 пайызы 20 жылдан астам пайдалану мерзімі өткен.

24 кесте


Үйлер саны

Пайдалану мерзімі

%

16

50 жылдан астам

21,6

23

50-40 жыл

31,1

9

40-30 жыл

12,1

12

30-20 жыл

16,2

14

20 жылға дейін

19,0

Алдын ала жүргізілген талдау, яғни бүгінгі күні 60 объектілерге қалдырмай жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететінін көрсетеді, ал 1 тұрғын үйді апатты деп мойындау үшін құрал – саймандық талдауды қажет етеді.

Көп қабатты тұрғын үйлерді апатты деп ресми мойындау үшін мамандандырылған ұйымдармен объектілерді техникалық талдау өткізу қажет. Кондоминиум объектілерін республикалық деңгейде қажетті қаржы нығайтқыштарымен құрал-саймандық талдау бойынша бағдарламаларды әзірлеу қажет.

Жеке кәсіпкерлермен құрылған, тұрғын үй қорын пайдалану және ұстауды үш ұйым қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Коммуналдық қызметтерді есептеу құралдарын енгізу бойынша жағдай қанағаттанарлықсыз. Яғни есепке алу жабықтары тікелей энергия ресурстарын үнемдемеуіне қарамастан, көптеген жағдайларда оларды енгізу энергияны пайдалануды төмендетуге жағдай жасайды. Бұл тұтынушылардың өздерінің қанша тұтынғандығы туралы нақты ақпарат алып, коммуналдық қызметтерге өздерінің шығындарын реттеу мүмкіндігі пайда болып және нәтижесінде, тұтынушылар кәдімгі қалыппен энергиямен жабдықтауға уәжделеді. Сондықтан барлық энергия ресурстарды есепке алу жабдықтарын орнату мәселесі мен есептеуіш көрсеткіштері бойынша қолданылған энергоресурстарға есептерді ұйымдастыру энргоресурстарды қолдану тиімділігінің артуының негізгі бір құралы болып табылады.

Бүгінгі күні өзекті мәселе болып қалада МПК құру болып табылады. Нәтижесінде уақытылы және толық көлемдегі жөндеу жұмыстарының өткізілмегендігінен ғимараттардың ескіру үрдісі жылдамдайды.

Жүргізілген талдау яғни эксплуатациялық төлемдер жинағының орташа пайызы 63%, 37% құрайды, пәтер иелері эксплуатациялық шығындарды төлемейді.

Жалпы үй құрылымын және инженерлік жабдықтарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар ұсақ апаттық жөндеулермен ғана аяқталған, бұл негізгі қор тозуының жылдамдатылуына әкеледі.

Шындығында тұрғын үйлерді салуда жоспарлық-алдын алу жұмыстарының жүйесі жоғалған, соның ішінде құрылыс құрылымының және инженерлік коммуникациялардың жарамсыздығын анықтау мен жою мақсатында олардың ерте кезеңде болуын тексерулер мен жөндеу –алдын алу жұмыстарын өткізу тәжірибесі.

Тұрғын үйлердегі жылумен жабдықталудың бұзылуы бәрінен бұрын едәуір дәрежеде үй іші жүйелері жағдайының қанағаттанарлықсыздығына байланысты.

Басқару компаниялары сонымен қоса тұрғын үй –коммуналдық шаруашылықта энргия үнемдеу жобалары мен іс-шараларды енгізуде негізгі қызығушы тараптары болуы тиіс. Басқару компаниялары негізгі табысты тұрғындарға коммуналдық қызметтерді көрсетуден алады, сапалы қызмет көрсету үшін сәйкес энергетикалық ресурстар сатып алады. Сатып алынған энергия ресурстарының құны мен көрсетілген коммуналдық қызметтер құны арасында неғұрлым үлкен айырмашылық, соғұрлым басқару компаниясының бизнесі нәтижелі. Энергия үнемдеу іс-шараларын енгізу көрсетілген коммуналдық қызметтер сапасын сақтауда энергия ресурстарын қолдануды төмендетуге жағдай жасайды.

Көрсететін коммуналдық қызметтердің сапасын сақтау кезінде энергия үнемдеуді енгізу іс шаралары энергия ресурстарын тұтынушыларды төмендетуге рұқсат етеді.

Бұл мақсатта, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық модернизация бағдарламасы аясында термомодернизация жұмыстарын жүргізу басталған.

Термомодернизация элементтерімен қоса кондоминимум нысандарының жалпы мүліктің жөндеулері, иммараттың қабырғаларын жылыту есебі, шатыр және үйдің алды және жөндеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жылудың техникалық сипатын жақсартуға мүмкіндік береді, ағымдық жөндеулер кезінде 10 пайызға дейін, іргелі жөндеулер кезінде 30 пайызға дейін жылуды тұтыну үнемдеуге дейін жетеді.

2014-2015 жылдарға кондоминимумдер нысандарының жөндеулері бойынша жобаны толық жасауға жөндеулерді қажет ететін 81,1 % - дан 75,7% дейін кондоминимумдер нысандарының үлесін төмендетуге мүмкіндік береді, сонымен бірге 2020 жылдары 20 үйлер мен 54,0 % үлесін жөндеу жоспарлануда.

Саланың даму жағдайына SWOT талдау:



Күшті жақтары:

1. 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жетілдіру шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізіледі. 2020 жылға дейін 10 пайыздан аспайтын жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлер үлесі күтілуде.

2. Аз қамсыздандырылған азаматтарға тұрғын ұй механизімінің көмегінің бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлігін ұстауда тұрғындардың төмен белсенділігі.

2. ТҮКШ саласында метериалды – техникалық база әлсіз бәсекелестік қабілеті төмен.

Мүмкіндіктері:

1. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен терможаңғырту бойынша жобаларды жүзеге асыру кондоминиум объектілерінің техникалық жағдайын және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасайды.

2. Кондоминимум нысандарының жалпы мүлікке жөндеу тұрғын үй көмегін тарту.

3. Тұрғын үй қырылысына және мемлекеттік – жеке серіктестікті ынталандыруға жеке қаражаттандыруды қарату.



Қауіптері:

1. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу мен терможаңғырту бойынша жобаларды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жетіспеушілігі, сонымен қатар 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығын жетілдіру бағдарламасына қатысу қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарының әлсіздігі.

2. Тұрғын үй қорының жоғарғы дәрежеде ескіруі.
Көркейту

Қала аумағында 18 көшелер және жолдар бар, (1099,12 мың м2 тазаланатын алаң) 0,1 мың м2 – бақтар, саябақ, алаңдар, 52 тұрғын үйдің алаң аумақтары, 21 тұрғын үйлерге кондоминиум құрылды, 3 ескерткіш және 1 қоқыс төгетін орын бар.

Қаланы көркейту көрсеткішін жоғарылату үшін санитарлық жағдайын қолдап, тұрғындардың санитарлық- эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етуде жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде көркейту және көгалдандыруда көшелерді және жолдарды, бақ аумағын, алаңдарды, мәдениет орындарының және мектептің аумағын тазалау бойынша іс-шаралары жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтардан іске жаратуды жүргізу, сондай-ақ, көркейту бойынша жұмыстар да жүргізіледі

Қалада жыл сайын 1,8 мың көшет ағаштары, 4,0 мың метрге бұталар және 0,4 мың кв. метр жерге гүлдер отырғызылады.

Қалалық бюджеттен қаланы көркейту үшін 2010 - 2012 жылдар аралығында 90,5 млн. теңге бөлінді, оның 100 % игерілді.

2010 жылы «Жол картасы» аясында Иртыш өзенінің жағажайын орналастыру, зиратты қоршау, балалар алаңын жөндеу, солдат қалашығын және стадионын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілген болатын.

2011 жылы областық және қалалық бюджеттер қаражатынан сату алаңдарын көркейту, балалар алаңын орналастыру, балалар алаңын жөндеу, ескі ғимараттарды және құрылыстарды бұзу бойынша жұмыстар жүргізілген болатын.

2012 жылы моноқалашықтар дамыту бағдарламасы аясында келесі жұмыстар жүргізілген: «Буратино» балалар саябағының территориясын көркейту, қоршаумен бірге ағымдық жөндеулер, көгалдандыру, «Бәйтерек» кіші архитектуралық үлгіні орнату, екі балалар ойын алаңдарға ағымдық жөндеулер.

5,4 мың көшет ағаштар, 4,0 мың погонды метр бұталар, 500 кв.м гүлдер отырғызылды.

Бірақта шешілмеген мәселелер тізімі бар.

Көп пәтерлі тұрғын үй қорының аула территориясы 70% аула алаңдарын орнатуды қажет етеді, жүріс жөндеулері, жасыл көшеттерге түгендеу жүргізілген, қурап қалған ағаштардың жарамсыздығын кесу.

Салалардың жағдайын бағалау үшін SWOT талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Мәдени мекемелері және мектеп аумақтарының, кондоминум нысандарының тұрғын үйлердің аулалық аумақтарын, алаңдарды, саябақ аумақтарын, көшелерді және жолдарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуіне сәйкес аумақтарды көркейту және көгалдандыру бойынша жыл сайынғы іс – шаралар өткізу.

2. ТҚҚ полигонының бар болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Аумақтарды көкейту және көгалдандыру бойынша іс –шараларды қаржыландырудың жетіспеуі.

2. Қала территориясында жарықтың дәрежесінің жетіспеуі.

3. Қаланың көгалдандыру дәрежесі төмен.



Мүмкіндіктері:

1. Саябақ, аулалық аумақтарды , қасбеттерді жөндеу аумақтарды көркейту бойынша мемлекеттік – жеке әріптестік болашағы.

2. Қала территориясын көгалдандыру бойынша тұрғындарға насихаттау, қалада қоғамдық іс шараларды жүргізу.

Қауіптері:

1. Тұрғын үй қорының, көркейту элементтерінің қарқынды тозуы, жабын, қасбет жағдайының қанағаттанарлықсыздығы, жеке құрылыстардың этетикаға сай келмейтін түрі.



2.2.4 Аумақтық құрылым


Қаланың бас жоспары 2008 жылы әзірленіп, 2008 жылғы 08 сәуірдегі № 5/79- IV облыстық мәслихат сессиясында бекітілді, ағымдағы жылы бас жоспарды түзету бойынша жұмыстар аяқталуда, осы жұмыстарға қалалық бюджетте 10,0 млн. теңге сомасында қаражат қарастырылған.

Базалық деңгейде мемлекеттік қала құрлысы қала құрылысы кадастрінің ақпараттық жүйесі әзірленді.

Мемлекеттік қала құрылыс кадастрының базалық деңгейі қаланың құрылыс және қала құрылысы, сәулет бөлімінің электронды кезекші жоспары болып табылады. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүйесінде қала құрылысы қызметі бойынша ақпарат жиналады, жер телімін беру, жоба әзірлеу, жұмыс өндірісіне рұқсат беру, құрылыс мониторингі салынған нысанды пайдалануға беру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкімет» Мемлекеттік бағдарламасын қалыптастырумен іске асыру шеңберінде қалада «Адрестік регистр» ақпараттық жүйесі» мәліметтердің мемлекеттік базасын дамыту және енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бағдарламаның негізгі мақсаты – «Жеке тұлға», «Заңды тұлға», «Жылжымайтын мүлік регистрі», тағыда басқа ақпараттық жүйелер мәліметтерінің мемлекеттік базасы үшін адрестік ақпаратты қалыптастыру мен ұсынудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру.

Саланың дамуына SWOT талдау:

Күшті жақтары:

1. Тұрғындар арасында жағымды тіршілік әрекеттің құру үшін амақтың кешенді құрылысы. Сонымен қатар қала аумағын дамытудың негізгі бағыттары шешілуде, әлеуметтік, рекреациондық, өндірістік, көліктік және инженерлік - коммуникациялық инфра құрылымды қосқанда.



Әлсіз жақтары:

1. Қаланы жобалаудың толық жобасы әзірленген жоқ.



Қауіптері:

1. Толық жобалаусыз нақты жобасыз жер телімдерін ұсыну және нысандар салу Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынған.



      1. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару ортасындағы мемлекеттік саясатты орындауда басқару жүйесін жетілдіру керек, өкілді және жергілікті органдардың жұмыс нәтижесін және тиімділігін көтеру қажет.

Курчатов қаласының әкім аппараты жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін көтеру және үйлестіруді жақсарту жұмыстарын алға қойып келеді.

Қала әкім аппаратынан қазіргі уақыттағы нәтижеге байланысты айқын және қызметтің есеп беруге тиісті жоғарлату бойынша мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа жүйесін енгізу бойынша талап етіледі. Осы мақсаттар қала әкімінің виртуальды қабылдау бөлімі істейді, халықтан қала әкімнің сайты арқылы әрқашан сұрастыру жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру бойынша және оларды алудың қолайлы түрі ретінде «бір терезе» қағидасы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары болып табылады (ары қарай - ХҚКО).

Курчатов қаласында 1 ХҚКО жұмыс істейді.

Курчатов қаласының ХҚКО халыққа баламалы және баламасыз түрде өтініштерді қабылдау және құжат беру бойынша 60 жуық мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Корпоративтік басқару жүйесін дамыту ортасын және мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеруде қала әкім аппаратының басты қажеттілігі және мәселелері болып келесілер табылады:



  • Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және сапасын бағалау жүйесінің жеткіліксіз жұмыс істемеуі;

  • Қаланың дамуы және басқару бойынша стратегиялық құжаттарды дайындауда азаматтық қоғам интитуттары және халықтың жеткіліксіз деңгейді кіріспеуі;

  • Республикалық және облыстық тапсырмаларды орындауды есепке алу жүйесі мен бақылау жүйесінің дамымауы;

  • Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданатын әлеуметтік-маңызы бар жобаларды және даму жүйесінің жоспарының орындалуына бақылау жасауының келіспеуі;

  • БЭҚАЖ жүйесінің және қала аумағында Біріңғай көлік желісінің жеткіліксіз дамуы;

  • Комплексті стратегиялық құжат дайындау барысында жергілікті мемлекеттік органдардың мекемеаралық және салааралық қарым-қатынастын жоғары деңгейде дамымауы;

  • Үкіметтің веб-ресурстары, облыс әкімінің порталы және қала әкімінің сайты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің процесстерін қол жетімді және тиімді етіп көтеру;

Қала әкім аппаратында Pentium, Celeron компьютерлік базасында коданатын негізгі техникалық құралдар қолданады, оның ішінде файл-сервер, қосымша сервер және мәліметтерді архивтеу құралдары. Әкім аппаратының ғимаратында локалдық желі тартылған, оның ақпарат алмасу жылдамдығы 100 мбит/сек құрайды.

Интернет желісінің жылдамдығы 4 мбит/сек кұрайды, электрондық пошта қызметі қолданыста. Барлық мемлекеттік органдардың жеке электрондық мекен-жаймен қамтылған.

Курчатов қаласының әкімдігінде келесі ақпараттық жүйелер орнатылған:


  1. «Жеке тұлғаларды тіркеу» АЖ;

  2. «Тапсырманы тіркеу» АЖ;

  3. «Мекен-жай регистрі» АЖ.

Өңірлік электрондық әкімдіктің құрылу бағдарламасына байланысты азаматтар мен қала мекемелері мемлекеттік қызметтерді ҚР Үкіметінің веб-ресурсынан және әкімдік порталынан алуға жағдай жасалған. Әрқашан Курчатов қаласы әкімінің сайтында www.kurchatov.vko.gov.kz ақпараттар жаңартылып, өзгерістер енгізіліп отырады. Сайтта 31 тақрыпта айдарлар орналастырылған. Сайттың ашылғанынан бері интернет-беттерінің саны 47-ден (2009 ж.) 83-ке (2010 ж.) өсті. Сайттын ақпараттық-жедел компоненттері (танысу-іскер, анықтамалық-жедел және интерактивті) қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі, сонымен бірге қала әкімінің блогы жұмыс істейді (http://blog. kurchatov.vko.gov.kz).

Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру мақсатында – «Жеке тұлғаларды тіркеу» көкейкесті базасы құрылған. Базаның түзулігі – 99,4% құрайды.

Қаланың мемлекеттік органдарының электрондық қызметтеріне рұқсат ету үшін қала аумағында 3 қоғамдық рұқсат ету пункті орнатылған. Осыған қарамастан мемлекеттік электрондық қызметтерді алуға мекемелер мен азаматтардың қолжетімділігі үлкен мәселе боп калып отыр.

Әкім аппаратында электронды «Заң» заңнамалық база орнатылған. Қазіргі уақытта локалды желі арқылы 5 қызметкерге қолдануға рұқсат етілген. Бірақ, нормативті қызметтердің сапасын жоғарлату бойынша Курчатов қаласы әкім аппаратының барлық қызметкерлерін «Заң» заңнамалық базасымен жұмыс істеуге қамтамасыз ету керек.


«Е-үкімет» базалық компоненттермен ықпалдастық етуі

Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдарында жұмыстар жүргізітіндер Е-үкіметтің базалық компоненттері болып табылады:



  1. ҚР бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесі (ары қарай – БЭҚАЖ);

  2. Мемлекеттік ақпараттық жүйесі «Мекен-жай тізілімі»;

  3. Мемлекеттік мағлұматтар базасы «Жеке тұлғалар»;

  4. Мемлекеттік мағлұматтар базасы «Заңды тұлғалар»;

  5. Мемлекеттік мағлұматтар базасы «Жылжымайтын мүлікті тіркеу».

2011 – 2015жж. жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін жоғарлату бойынша әкімшілік аппараты ішінде ЭҚАБЖ жүйесін енгізі қажет, жүйеде жұмыс жасау бойынша оқытылған қызметкерлердің санын арттыру, автоматтандырылған жұмыс орындарының бөлігі, қаладағы әрбір мемлекеттік мекемеде локалді желі енгізілген.

Электронды құжат айналым базалық жүйесі (одан әрі - ЭҚАБЖ) Курчатов қаласы әкім аппаратында және дербес бөлімдерде енгізілген, IBM «Lotus Notes» бағдарламалық қамтамасыз ету серіктестігі орнатылған.

2011 жылы жалпы құжатайналым қаланың мемлекеттік мекеме бойынша 3735 құрайды, оның ішінде: қағаз түріндегі құжат айналым – 2525 (67,9%), электронды түрде – 1200 (32,1%).

2012 жылы жалпы құжатайналым қалалық әкім аппаратында құрады – 4347 құжатты, соның ішінде: қағаз түріндегі құжат айналым – 1093 (25,2%), электронды түрде – 3254 (74,8%).

2013 жылдың 11 айы бойынша жалпы құжатайналым қалалық әкім аппаратында құрады – 4717 құжатты, соның ішінде: қағаз түріндегі құжат айналым –986 (20,9%), электронды түрде – 3731 (79,1%).
«Е-әкімдік» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру

ЭҚАБЖ және ЖА «ШҚО әкімінің есепке алу тапсырмасы» 6 электронды санды қолтаңбасы жұмыс үшін сертификатталған. Қаланың мемлекеттік мекемелерінде «Мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйеде жұмыс істеу үшін 21 сандық күәлік қолданылады.

Қаланың мемлекеттік мекеме жүйеснің ақпараттық қауіпсіздік қоры өрісінің тиімділігін жоғарлату бойынша қазіргі уақытта қажеттіліктер келесі бойынша:


  • Мемлекттік қызметшілерді қайта даярлау, облыс бойынша мемлекеттік құпияларды қорғау жұмысына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік мекемелерді серверлік бөліммен қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік қызметшілерді ақапараттық жүйенің электрондық санды қолтаңба және сандық куәлікпен жұмыс үшін қамтамасыз ету;

  • Жұмысшыларға және оқыту пайдаланушысына нұсқаулық істеп қою

2011-2015ж Курчатов қаласының аумақтық даму бағдарламасының негізгі мақсаты индикативтік көрсеткіштеріне жету:

  • Ұйым мониторингін ұсынатын Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту

  • Тұрғындардың ШҚО әкімдігінің электрондық қызметін айқын пайдалануын арттыру,

  • Қаланың мемлекеттік органдары жүйесін ақпараттық қауіпсіздік қорымен қамтамасыз ету.

Саланың даму жағдайына SWOT –талдау.

Күшті жақтары:

1. Қалада 3 қоғамдық кіру пункті жұмыс істейді;

2. Локалдық желі жеткілікті техникалық жабдықталған;

3. Жеке сайтының болуы;

4.Серверлік бөлімесі бар;

5.Электронды құжат айналым бірыңғай жүйесі бар;

6.Қаланың жергілікті атқарушы органдардың бірыңғай көлік ортасының болуы;

7.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына мониторинг жүргізу үшін негіз бар.



Әлсіз жақтары:

1. Жауапты мемлекеттік органның электронды мемлекеттік қызметті тұтынушымен өзара әрекеттесу тәртібін реттеуге арналған нормативтік-құқықтық базаның жетілмеуі;

2.Ведомствоаралық қатынастар үшін де, электронды мемлекеттік қызметті тұтынушылармен өзара әрекеттесу үшін де ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық базаның жоқтығы:

3.Қорларды басқару бойынша негізгі бизнес- процесстер автоматтандырылмаған;

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің шараларын ықшамдауға бағытталған АЖ болмауы;

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жергілікті бизнес процесстерін автоматтандыруға бағытталған АЖ болмауы;

6.«Е-үкімет» базалық компоненттерімен ықпалдастықтың болмауы.

Мүмкіндіктері:

1. ИТК – саласын дамытуда мемлекеттік қолдау;

2.Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуда өңір тұрғындарының қызығушылығы;

3. «е-әкімдік» құру бойынша басқа елдердің халықаралық тәжірибесін қолдану.



Қауіптері:

1.ЖАО-дың интерактивті электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетуде е-үкімет базасының компоненттерімен ықпалдастығының болмауы;

2. Қала тұрғындарының арасында ақпараттандыру төмен болған соң электрондық мемлекеттік қызметтің қажет еместігі;

3. Халықтың электронды мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасының қанағатсыздануы.


Жоғарыдағы ЖАО туралы аталған мәліметтер негізінде келесі қорытындылар жасауға болады: Әлсіз жақтарды бейтараптандыру үшін қажет:

-мемлекеттік қызметтерді электрондық түрге ауыстыру бойынша іс-шараларды өткізу;

-ақпараттандыру процесстерін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану, сонымен қоса ЖАО методологиялық және нормативті құқықтық жүйелерді жетілдіру есебінен АБ;

-бірегей тасымалдауды дамыту;

-қаланың барлық мемлекеттік органдарын ЭҚАБЖ қосу;

- Үкіметтің веб-ресурстары, қала әкімінің порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде процесстерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру;

- тұрғындардың компютерлік сауаттылығын 68% дейін арттыру.

Жоғарыда аталған кемшіліктердің негізгі себептері болып:

-орталық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік басқармалардың жауапкершілік және құзіреттілік деңгейлерін анықтаудағы тепетеңсіздік.

-мемлекеттік басқарманың нормативті- құқықтық базасының толықсыздығы және қарама қайшылығы.

-ақпараттық құрылымның дамуына кейбір бағыттарының қаржыландырудың болмауы немесе шектеулі болуы.

Осы қауіптерді болдырмау үшін болашақта «электрондық үкімет» дамуында әкімдікте келесі шарттар орындалуы тиіс:

-ЖАО қызметтерін белсенді автоматттандыру кезінде облыс басқармасы органдарының қызметкерлерін дайындау есебінен адами ресурстарының потенциалын дамыту қажет, сонымен қоса тұрғындарды «электрондық үкімет» мүмкіндіктерін қолдануына оқыту;

- «электрондық үкімет» бастамасын насихаттау үшін қала тұрғындарының арасында РR-компаниясын жүргізу;

-мемлекеттік электрондық қызмет көрсетумен тұрғындардың қанағаттану деңгейінің бағалау жүйесін жетілдіру;

- автоматтандыруға болатын, ескішеленген жұмыстарды жою үшін қызметкерлердің еңбегін жеңілдетуге АЖ жетілдіре түсуге және әкімдіктің сәйкес құрылымдық бөлімшелерінде көп тиражбен шығуы тиіс.


Гендерлік саясат
2012 жылы қалада 11,5 мың адам тұрды, оның ішінде әйелдер 6,0 мың адамды немесе 52,2 % құрады. Әйелдер ерлермен бірдей қаланың экономикалық қызметінің барлық салаларына белсене қатысып келеді.

Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлес салмағы басым болып келеді. Әйелдердің қаланың өмірінің барлық салаларына қатысуына жүргізілген мониторингтің нәтижесінде төмендегілер анықталды, денсаулық сақтау саласында 165 әйел, білім беру жүйесінде – 129 әйел жұмыс істейді. Курчатов қаласында шағын және орта бизнестің 14 кәсіпорынын әйелдер басқарады. Олардың қызметінің негізгі бағыттары – ЖЖМ өткізу, кабельдік теледидар қызметі, табиғи тасты өңдеу, азық- түлік және өнеркәсіп тауарларын өткізу, қызмет саласы.

Талдау 2012 жылы экономикалық қызметтегі әйелдердің пайыздық үлес салмағының негізінен өзгермегенін, тек білім беру саласында, коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызмет көрсету, сауда және үй шаруашылығын жүргізуде арқанын көрсетті.

Сонымен қатар ерлер мен әйелдер еңбекақысын төлеуде айырмашылық сақталуда. Орта есеппен қала бойынша ерлердің еңбекақысы әйелдермен салыстырғанда 28,6% жоғары.

Сонымен қатар әйелдер еңбек нарығында барынша бәсекеге қабілетсіз болып келеді. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдер 22 адамды немесе 44,9 % құрайды. Мұның өзінде 2011 жылмен салыстырғанда 33,3% қысқаруы байқалады.

2012 жылы ерлердің еңбекақысы 121135 теңге көлемін құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 18,6% өсті, әйелдерде ол 14,7% өсіп, 86387 теңгені құрады. Ай сайынғы номиналды әйелдер еңбекақысының ерлер еңбекақысына қатынасы 71,3% құрады .

Қалада әйелдерді саяси жұмыстарға тарту бойынша жұмыс жүргізіліп келеді. Қалалық мәслихаттың 11 депутатының 3 немесе 27,3% әйелдер.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:



Күшті жақтары:

1. Әйелдер саны тұрғындардың жалпы санының 52,2% құрады;

2. Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлес салмағы басым болып келеді;

3. Әйелдердің өмір жасының ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.



Әлсіз жақтары:

1. Жұмыссыздардың жалпы санында әйелдердің үлесі 44,9 % құрайды;

2. Әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде билікке қатысуы жеткіліксіз;

3. Ерлер мен әйелдерге еңбекақы төлеуде айырмашылықтар сақталуда.



Мүмкіндіктер:

1. Әйелдерді саяси қызметке тарту арқылы олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.



Қауіптері:

1. Әйелдердің құқықтарын сақтамау;

2. Әйелдерді жыныстық белгісі бойынша кемсіту.

2.2.5.1 Қала бюджеті

Қала бюджеті бюджеттік әкімгерлердің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен ерекшеленеді.

Қала бюджетінің көлемі 2012 жылы 1 728,0 млн. теңгені құрады.

Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттер ұлғайып, 2010 жылға қарсы 7 есе артық ұлғайды. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен трансферттердің үлесі 66,7 % құрайды, меншік кірістер үлесі – 33,3 % құрайды, бұл бірінші кезекте 368,4 млн. теңге сомада кәріз имараттарын тазалау құрылысына және 320,9 млн. теңге сомада тұрғын үй сатып алуға нысаналы трансферттер бөлінгендігіне байланысты.

2012 жылы экономика саласының өсу қарқынының оң жетістігінің және меншік кірістер түсімдерінің кіріс көздерінің қосымша резервтерін іздестіру бойынша облыста жүргізілген жұмыстар арқасында меншіктік кірістің түсуі 2010 жылға қарағанда 13,9 % өсті.

Қала бюджетінің шығындары ақырғы үш жылда 2,6 есеге өсті және 1 714,4 млн. теңгені құрады.

Қала бюджетінде барлық әлеуметтік міндеттер сақталған, 2012 жылы әлеуметтік саланың қаржыландыру көлемі артып, 2010 жылға 1,5 есеге.

Бюджеттің қалыптасуы шығын қажеттілігі бағасында жүзеге асырылды, бюджеттік қызмет пен объективті факторларды есепке алу тұтынушылары санына негізделгенде, әр түрлі аймақтардағы шығын қажеттіліктеріндегі әртүрлілікке себепші болады. «Сметалық» тәсілден - ағымдағы шығындарды бағалауға өту жүзеге асырылды, объективті факторларды есепке алумен формульдық кесте бойынша бюджеттік қызметтерді тұтынушылар саны нәтижесінде, шығындар деңгейінде әртүрлілікке себепші болатын (демографиялық құрам, халықтың тығыздығы, климаттық жағдай, көліктік қолжетімділік және т.б.).

Қаланың бюджеттік саясаты қаланың барлық бірге алғандағы міндеттемелерін толықтай және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталған, бірінші кезекте ол әлеуметтік міндеттемелер, сол сияқты жұмыспен қамтамасыз етуді қосқанда, қала тұрғындарына әлеуметтік қолдауға жанама әсерін тигізетін іс шаралар.

Сайып келгенде, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған, қала экономикасы және шығындарды жоспарлауда негізгі басымдылық білім және әлеуметтік қолдауға қатысты, сонымен қатар дағдарысқа қарсы сапалы өсуі үшін жағдай жасау болып келеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет