Курчатов қалалық мәслихаты сессиясының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы



бет5/12
Дата01.07.2016
өлшемі1.36 Mb.
#169971
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

4.2.2.2 Денсаулық сақтау

Қалада 2010 жылдан 2012 жыл аралығында демографиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады:

Тұрғындардың бала туу деңгейінің тұрақтылығы 1000 тұрғынға шаққанда 16,26-дан (2010 жыл) 16,0-ға дейін (2012 жыл);

2010 жылы өлім – жітім көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 8,79 құрап, 2012 жылы 7,6 төмендеді.

2010 жылы тұрғындардың табиғи өсу коэффиценті «+7,47», 2012 жылы 8,3 құрады.

7 сурет
Курчатов қаласы бойынша туу және өлім-жітім динамикасы



Қалада туу көрсеткіші: 2012 жылы (16,0) республикалық көрсеткіштен (РК – 22,53) төмен; өлім – жітім көрсеткіші (8,3) облыстықтан көрсеткіштен (12,2) төмен және орташа республикалық көрсеткіштен (8,94) төмен.

Тұрғындардың радиоактивті қалдықтармен ластану аумағында көп жыл бойы тұру факторы аймақтың экологиясына, тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етті. Қалада әйелдер мен балалар денсаулығының төмендегені сақталып тұр. 2010 жылдан 2012 жыл аралығында ана өлімінің көрсеткіші 0 – құрайды.

2010 жылы қала бойынша бала өлімінің көрсеткіші – 18,8 болса, 2012 жылы бала өлімінің көрсеткіші 6,0 құрады.

8 сурет

Курчатов қаласы бойынша ана және бала өлімінің динамикасы

Бала өлімінің негізгі себебі перинатальді кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады. Бала өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен патологиялар алады, ол ерте өтетін тексерістің жеткіліксіз деңгейі жүргізілмеуі мен қолайсыз экологиялық жағдайдан екенін көрсетеді.

Қала бойынша соңғы 3 жылда тұрғындардың ауруға шалдығуы 2010 жылы 68960,0-ден 2012 жылы 69933,3-ке дейін жоғарылауы байқалады.

Өткен жылдарға әлеуметтік маңызды аурулардан халықтың өлімі мен таралу көрсеткішінің төмендеуі байқалады.

Қала бойынша туберкулез ауруы көрсеткішінің 100 мың тұрғын адамға шаққанда 2010 жылы 82,2-ден 2012 жылы 107,4-ке дейін ұлғаюы байқалса, аталған көрсеткіш облыстан 2010 жылы 138,1 және 2012 жылы 122,2 төмен, ҚР 95,3 көрсеткішінен аспайды.

9 сурет
Курчатов қаласы бойынша түберкүлезбен ауырғандар мен қайтыс болғандар



(100 мың адамға шаққанда)

Эпидемиологиялық көрсеткіштердің тұрақтылық беталысына қарамастан, жастардың туберкулез ауруымен (ауырғандардың жалпы санынан 100 % 18-ден 55 жастағы адамдар құрайды), жұмыссыздар мен әлеуметтік шектеулі топтар санынан ауырғандар, дәрілік тұрақтылықпен ауру-сырқаулар өсімі байқалады. Қала бюджетінде түберкүлездермен ауыратындаға материалдық көмек көрсетуге қаражат қарастырылған, соның ішінде жылына екі рет Семей қаласына жол жүруі төленеді және айсайын бір адамға 8,0 мың теңге сомасында ыстық тамаққа қаражат бөлінеді.

Қалада қатерлі жаңадан шыққан ауру-сырқаулар көрсеткішінің 100 тұрғынға шаққанда 2010 жылы 174,3-тен 2012 жылы 268,6-ға дейін артуы байқалады, бірақ та осы көрсеткіштер облыстық көрсеткіштерден 2010 жылы 272,3 және 2012 жылы 275,7 төмен.
10 сурет

Курчатов қаласы бойынша қатерлі ауруларға шалдығу

(100 мың тұрғынға шаққанда)

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін тұрғындармен алдын алу жұмыстары жүргізіледі, бөлек санаттағы тұрғындарды профилактикалық тексерумен қамту жоғарылауда, азаматтардың, бірінші кезекте балалардың физикалық белсенділігін көтеру бойынша шаралар қолданылуда.

Курчатов қаласы бойынша 2010 жылдан 2012 жылдары аралығында ВИЧ инфекцияланғандар тіркелмеген.

Қала тұрғындарын мемлекеттік емдеу алдын алу ұйымдары бойынша төсектермен қамтамасыз етілгені 10 000 тұрғынға шаққанда 2010 жылы 47,9 құраса, 2012 жылы – 40,3 құрады.

Курчатов қаласының тұрғындарына медициналық көмекті «Курчатов қалалық ауруханасы» КМҚК көрсетеді.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне шығындар 2010 жылы 163,4 млн. теңгеден 2012 жылы 211,5 млн. теңгеге дейін немесе 29,4 пайызға өсті.

Ауру-сырқау мен өлім-жітімді төмендету мақсатында амбулаторлы-поликлиникалық, стационарлық және диагностикалық қызметтер көрсету жетілдірілуде. Дәрі құралдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін дәрі құралдарын қалада бар дәріханалар жүйесі мен ауруханада ұйымдастырылған дәріхана арқылы жүзеге асыру ұйымдастырылған.

Білікті кадрлармен қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қалып отыр. 2010 жылға дәрігерлермен қамтамасыз ету -22,7, орта медициналық қызметкерлермен – 77,6 құрады. 2012 жылдың соңына дәрігерлермен қамтамасыз ету 26,2 құрап, орта медициналық қызметкерлермен -79,7 құрады.

Қалалық аурухананың 28 дәрігерлерінен 5 дәрігердің бірінші санаты (17,9%), 4 дәрігер – екінші санаты бар (14,3%).

87 орта медициналық жұмысшылардан 35 мамандардың жоғары санаты бар (40,2%), 12- бірінші санат (2,3%) және 4- екінші санат (4,6%).

Дәрігерлер кадрлардың жетіспеушілігі екі маманды құрайды соның ішінде: 1 дәрігер анестезиолог – реаниматолог, 1 дәрігер – Кеңесші – Диагностикалық Поликлиника меңгерушісі.

Қала тұрғындарының 57,5 % скрингтік тексерулермен қамтылған.

11 сурет

Курчатов қаласы бойынша дәрігерлермен және орта медициналық

қызметкерлермен қамтылу

Медициналық қызмет көрсету сапасына сонымен қоса материалдық-техникалық базасының деңгейі жетіспейді, соның ішінде заманауй диагностикалық жабдықтар, азаматтардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерінің төмендігі болып табылады. Қалалық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу қажет, сонымен қоса аурухана аумағын абаттандыруға жұмыстар жасау қажет яғни бұған да айтарлықтай қаржы қаражаттары қажет.


Саланың даму жағдайына SWOT –талдау:

Күшті жақтары:

1.Демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала тууының өсуі, өлімнің азаюы, табиғи өсімнің жоғарылауы;

2.Медициналық қызметтің кепілді мөлшері шеңберінде халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің қолжетімділігін жақсарту.

Әлсіз жақтары:

1.Тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін, аймақтағы экологиялық жағдай;

2.Әлеуметті маңызды ауру-сырқаулармен тұрғындардың ауыру жоғарғы дәрежесі;

3.Дәрігерлердің жетіспеушілігі 3 адамды құрайды;

4. Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасының жетіспеушілігі;

5. Медицина жабдықтарымен жарақталыуның деңгейінің төмендігі;

6. Қалалық аурухананың ғимаратын күрделі жөндеу қажет.

Мүмкіндіктері:

1.Ғимаратқа күрделі жөндеуді өткізу, жаңа жабдықтар сатып алуға байланысты шығындарды қаржыландыру механизмін жасау;

2. Жұмыс істеп жүрген медицина кадрларын жұмыс орнына бекіту және жас

мамандарды тарту бөлімі бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.

Сонымен, қаланың денсаулық сақтауының негізгі мәселесі бала мен әйел денсаулық индексінің төмендегені; кадр мәселелері болып отыр. Әлеуметтік маңызды ауруларды қосумен тұрғындардың ауру-сырқауының жоғары көрсеткіші – туберкулезбен ауыру; жарақат пен уланудың жоғары дәрежесі; аймақтың экологиялық мәселелері және денсаулық сақтау мәселелерінде сектор аралық қарым-қатынастың төмен әсері, тұрғындар тарапынан өз денсаулығына немқұрайлы қарауы болып табылады.

Қалалық аурухананың материалдық-техникалық базасы әлі де жеткіліксіз.



Қауіптері:

1. Қалалық аурухананың ғимаратына күрделі жөндеу өткізу қажет, медициналық қондырғылармен жеткіліксіз жабдықталуы, яғни бұл қала тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді.

2. Мамандар тапшылығының жоғарылауы.

2.2.2.3Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласының жағдайын талдау қалада соңғы үш жылда саладағы әлеуметтік қамтамасыз етуді дамытудың оң динамикасын көрсетеді: әлеуметтік саланы дамытуға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың ұдайы өсуі, 5,3%-ға аз қамтылғандар санатының төмендеуі, жұмыссыздардың еңбекке орналастыру санының жыл сайынғы өсімі, 0,1 пайыздық тармаққа тіркелген жұмыссыздар үлесінің төмендеуі.

2012 жылы тұрғындардың экономика жағынан белсенділер саны 7535 адамды құрады, 2010 жылмен салыстырғанда 472 адамға өсті. Жұмыссыздар саны 3 адамға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайыздық тармаққа азайды және 4,5% құрады. Өздігінен жұмысқа орналасқандар саны 96 адамға қысқарды.

Ақырғы жылдардағы еңбек нарығындағы жағдай мынадай, негізгі кәсіп пен мамандықтары бойынша қызметкерлердің жұмыс берушілердің қажеттілігіндегі жұмыс күшіне ұсыныс 3-4 есеге артты.

Жұмыспен қамту ұйымдарына жүгінгендерді жұмысқа орналастыру деңгейі 2010 жылы 74% құрады, 2012 жылы - 79%.

Қалада бірыңғай мемлекеттік жұмыспен қамту саясатты жүргізу үшін 2010-2012 жылдарға арналған Курчатов қаласы тұрғындарын жұмыспен қамту Бағдарламасын жүзеге асыру аяқталуда, басты мақсаты жұмыс іздеу мерзімінде жұмыспен қамтылмаған халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуда жәрдемдесу болып табылады.

2012 жылға өкілетті органдарға жұмыспен қамту мәселелері бойынша 2010 жылы 509 адамға қарсы 1040 адам қатынасты, 2012 жылы жұмысқа 407 адам, 2010 жылы- 767 адам орналасты.
13-сурет

2010-2012 жылдары жұмысқа орналастырылған азаматтар саны

Жұмыспен қамту ұйымдарында тіркелген жұмыссыздардың саны жағдайы бойынша 2010 жылдың 1 қаңтарында 52 адам, 2013 жылдың 1 қаңтарында 49 адамды құрады. Халықтың белсенді экономикалық санында тіркелген жұмыссыздар үлесі 2010 жылы және 2012 жылы бір деңгейде қалды 0,7%.


14-сурет

2010-2012 жылдары тіркелген жұмыссыздар санының өзгеру динамикасы

2010 жылы 350 жаңа жұмыс орындары, 2012 жылы – 372 орындары құрылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа жолданғандардың саны 2010 жылы 184 адамды, 2012 жылы – 166 адам құрады. 2010 жылы 40 әлеуметтік жұмыс орындары, 2012 жылы – 71 орын құрылды. Жастар іс-тәжірибесіне 2010 жылы 21 адам қатысқан, 2012 жылы – 28 адам. Кәсітік оқуға жолданылғандар санынан дайындықтан 2010 жылы 37 адам, 2012 жылы – 59 адам өтті.

Нысанды топтарға жататын, жұмыспен қамтылмаған азаматтар мен жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмек көрсету бойынша, оның ішінде отандастарды, жұмысындағы негізгі бағыттары көрсетілетін қызметі және еңбек нарығындағы жағдай туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету, еңбекке орналастыруға көмек көрсету, кәсіптік оқыту және қайта оқыту, жұмысыздардың біліктілігін көтеру, уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру болып табылады.

Бұдан басқа, халықты жұмыспен қамту мәселелері «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы шешілетін болады. Осы бағдарлама бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, мекенжайы бойынша өздерінің істерін ашу мен кеңейтуге жәрдемдесуге бағытталған, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, жұмыспен қамтудың өнімділігіне қол жеткізуді кеңейту мақсатында экономикалық өсу орталығына және халықтың экономикалық әлеуеті төмен тұрғындар мекендерінен экономикалық әлеуеті жоғары тұрғындар мекендеріне ерікті көшіруге көмектесу.

Этникалық отандастарымызды жұмысқа орналастыру мөлшері 2012 жылы 85,2% құрады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мақсатында ұжымдық келісім шарттарды жасасу бойынша жұмыстар жүргізіледі. 2012 жылы ұжымдық келісім шарттармен қамту 100%-ды құрады. Бұл жаңа мерзімге ұжымдық келісім шарттарды қайта жасасу арқылы, және келісім шарт жасамаған кәсіпорындармен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылды.

2012 жылы толықтай барлық бюджеттік әлеуметтік бағдарламаларды орындауға республикалық бюджет трансферттерін қоса санағанда 68 435,0 мың теңге бөлінді, бұл 2010 жылға қарағанда 20,8% артық.

Әлеуметтік саладағы, және экономиканың барлық саласын дамытумен байланысты шараларды жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру деңгейі едәуір өсті.

2010 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтар саны 5,7% азайды және 2012 жылдың соңында 180 адамды құрады.

13-сурет

2010-2012 жылдары аз қамтылған азаматтар

санының өзгеру динамикасы

2010 жылдан 2012 жылға дейінгі кезеңде ең аз өмір-сүру көлемі 13 625 теңгеден 17 095 теңгеге дейін көбейді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың саны 2010 жылмен салыстырғанда 13% азайған және 2012 жылы 100 адамды құрады.

Атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемі 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 1 176,09 теңгеден 1 357,5 теңгеге артты.

Осы жылдары коммуналдық қызметтерінің тарифтік құны көтерілмей, ал қосылған пайда (мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, еңбек ақысы) көбейгендіктен, 2012 жылы тұрғын үй көмегін 91 отбасы алды, бұл 2010 жылдан 2 есе аз. Тұрғын үй көмегінің орташа көлемі 2012 жылы орташа есеппен 2,4% өсті және бір отбасыға 1 446 теңге сомасын құрады.

ҰОС қатысқандарға және мүгедектерге және оларға теңестірілген тұлғаларға 5 мың және 2 мың теңге көлемінде коммуналдық қызметтерін төлеуге жартылай өтемақы жүргізіледі.

ҰОС қатысқандарға, ҰОС мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедек балаларға материалдық көмек тұрақты негізде көрсетіледі.

Курчатов қаласында:


  • 27 тұлғаға, оның ішінде 2 мүгедектерге үйден әлеуметтік қызмет көрсетіледі;

  • Мүмкіндігі шектеулі 7 балалар үйде тәрбиеленіп оқытылуға ай сайын 10 АЕК көлемінде материалдық жәрдемақы алады. Барлық сомасы 141,0 мың теңге көлемінде 3 мүгедекке гигиеналық құралдар сатып алынып, таратылды.

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамында халықтың еңбекке қабілетті үлес салмағы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 3,8% көбейді және 42,4% құрады. Бұл осы жәрдемақыны алатындардың көпшілігі 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған аналар және ең аз еңбек ақысымен жұмыс жасайтындармен байланысты.

Сала дамуының жағдайына SWOT – талдау:



Күшті жақтары:

1. Жұмыссыздар деңгейі 0,1 проценттік тармаққа төмендеді және 4,5% құрады;

2. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген жұмыссыз азаматтардың саны 531 адамға азайды, 2010 жылы – 1040 адам, 2012 жылы – 509 адам жүгінген;

3. Дербес жұмыспен қамтылған халықтың саны 2010 жылдан 2012 жылға 96 адамға қысқарған;

4. Әлеуметтік серіктестікті дамытуда, Курчатов қаласының әкімдігі, «Фортуна» кәсіпкерлер қоғамдық ұйымы және Курчатов қаласының жұмыс беретін басшылары арасында 2010-2012 жылдарға арналған үш жақты Келісім әрекет етеді, мемлекеттік кәсіпорындарды қамтумен ұжымдық келісім шартқа қол қойған кәсіпорындар саны өсті: ірі - 100%, орта - 100%, кіші – 96,0%;

5. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын жүзеге асыру басталды;



  1. МАӘК жүгінгендер санының 0,9% есе азаюы және төлемдердің орташа көлемінің 1,2 есе өсуі МАӘК мекенжайлығы нығайғандығын куәландырады;

  2. Халық табысының үлесін кедейшілік шегінен 1,2%-дан 0,96%-ға дейін төмендету;

  3. Тұрғын үй көмегінің орташа көлемі бойынша орташа салалықтан жоғары мөлшері орташа 134 теңге.

Әлсіз жақтары:

1. Еңбек нарығында жұмыс күшіне ұсыныстар мен сұраным теңгерімсіздігі, онда көбінесе сұранысқа ие дәрігерлер, инженерлер, электрмен-газбен дәнекерлеушілер, сылақшылар, ағаш ұсталарына, ұсталар;

2. Кадрлардың экономикаға қажеттілігін анықтау механизмінің жоқтығы, қазіргі уақытта болжау – ол қаланың ұйымдары мен кәсіпорындар кадрларында қажеттілік туралы ақпараттарды жинау және қорытындылау.

3. МАӘК орташа көлемі орташа салалық мөлшерінен орташа 726,5 теңгеге аз;

4. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың құрамында еңбекке жарамды халықтың болуы.

Мүмкіндіктері:


  1. Жұмыс ұсынатын тұлғалардың талаптарына сәйкес, жұмыссыз халықты кәсіби даярлау және қайта даярлау бағдарламасын жетілдіру;

  2. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мемлекеттік белсенді бағдарламалар түрлерін кеңейту;

  3. Мақсатты топтар, этникалық иммигранттар үшін жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамасын дамытуға жәрдемдесу;

  4. Жұмыспен қамтудың белсенді формаларын қолдану, тұрақты және уақытша жұмыстарға орналастыруға, кәсіби даярлау және қайта даярлауға, қоғамдық жұмыстарға бағыттауға, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, сонымен қатар осы тұрғындарды кедейшілік «пұлынан» шығару бойынша аумақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысты болып табылады;

  5. Халықтың нақты кірістерінің өсуі;

  6. Әлеуметтік қызмет көрсету секторында ҮЕҰ жұмысын жандандыру.

Қауіптері:

  1. Мемлекеттік секторларда және кәсіпорындарда бос жұмыс орындарының қысқару зардабынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу;

  2. МАӘК алатындардың асырауда болу бағдарлануы және жеткіліксіз белсенділік;

  3. Тұлғаның (отбасының) ортақ кірісін есептегендегі өзіндіксіз әдіске мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміттенушілердің кірістері есепке алынатын болады, ал шығындар саналмайды.


2.2.2.4 Мәдениет

Қаланың мәдениет саласы соңғы жылдары қаржылық жағынан толықтай қамтылғандықтан мәдениет мекемелерінің халыққа көрсететін қызмет сапасы жақсарды.

Кез келген аймақтың мәдениетінің жандануы экономикалық өсімнің, қоғамдық өмірдің тұрақтылығының айнасы. Курчатов қаласында да мәдениет саласына ұдайы көңіл бөлінеді, жылдан жылға салаға салынатын қаржы көзі де көбеюде.

Қаламыздың мәдениет саласындағы жұмысы осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған және қала басшылығының басты назарында. Тұрақты қаржыландырудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізуде, нәтижесінде мәдениет саласында тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудегі қанағаттанарлық деңгейі өсуде.

Мәдениет саласының дамуына 2012 жылы 46,1 млн. теңге, ал 2010 жылы – 30,7 млн. теңге бөлінді, 50,2 пайызға өсті.

Қалада 3 мәдениет мекемелері тұрақты жұмыс атқарады. Олар қалалық мәдениет үйі, қалалық кітапхана, 2011 жылы ашылған Достық үйі.

2012 жылдан бастап Қалалық кітапхана ақпараттық қорының электронды каталогын құруға мүмкіндік беретін ИРБИС бағдарламасын енгізуде.

Жүйе өздерінің мәліметтер базасын құруға, Интернет арқылы материалдарға қол жеткізуге және ақпараттар қорынан мәтінді толық алуға мүмкіндік береді.


13 кесте

Негізгі көрсеткіштер

2010

2011

2012

Оқырмандардың саны

1500

1535

1 800

Кітап алу

33 681

34 050

34 090

Қатысуы

11 286

12 900

12 127

Өткізілген іс-шара

37

46

66

2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы оқырмандардың саны 20 пайызға, кітап алу – 1,2 пайызға, қатысуы 7,4 пайызға өскен. Жылдан жылға өткізілген іс-шаралар саны өсті.

Жылдан жылға кітап қорын толтыруға қаражат бөлінеді. 2010 жылы 149,0 мың теңге, 2011 жылы – 500,0 мың теңге, 2012 жылы – 600,0 мың теңге бөлінді.

Қалалық кітапхананың жалпы кітап қоры 29,2дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілде 4,8 дана кітап.

Тұрғындарға жазылуға болатын қазақ және орыс тілдеріндегі газет және журналдар ұсынылады.

Қалалық мәдениет үйінде 310 орынды концерттік залы бар, онда мемлекеттік мерекелерге арналған салтанатты жиындар, әдеби кештер, байқаулар және әр түрлі бағыттағы көрмелер өткізіледі.

2012жылы 170-тен астам іс шаралар өткізілді (фестивальдар, байқаулар, сайыстар, форумдар, шығармашылық концерттер, қала әкімінің кездесулері).

2012 жылдың қорытындысы бойынша қалада әр түрлі жанрдағы 12 шығармашылық ұжымдары жұмыс істейді, соның ішінде «Үлгілі-өнегелі» атағы бар хореографиялық ұжым.

«Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәіспорыны Курчатов қаласы аумағында өз қызметін мәдениет саласында атқарады. Достық үйінде 3 этномәдени бірлестіктер құрылған. Олар «Ата мұра» қазақ, «Русана» орыс, «Свиточ» украин мәдени бірлестіктері.

Курчатов қаласында тұратын барлық этностардың өзіндік мәдениеттерін жаңарту, дамыту бойынша қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, оларды азаматтық бейбітшілік пен келісімді нығайту бойынша белсенді жұмысқа тарту, ұлттық мәдениетті және озық халықтық дәстүрлер мен кәсіптерді насихаттау достық үйінің негізгі міндеттері болып табылады. Қазақстан Республикасы мерекелерін, концерттер, ән және би мерекелерін, фестивальдар, конкурстар, ақындар айтыстарын, қолөнер және бейнелеу өнері көрмелерін ұйымдастырады.

2011 жылы достық үйінде 32 іс-шара, ал 2012 жылы – 60 іс-шара өткізілді.

2011 жылы Достық үйі мәдениет саласын қолдау үшін 655,0 мың теңге сомасында «Семей асбестцемент өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен меморандумға қол қойды.

Қаланың аумағында 2 тарихи және мәдени ескерткіштері бар. Оның ішінде 1 жергілікті маңызды (паспортталған).

Қалалық мәдениет үйінде «Берег» демалыс базасы бар. Қазіргі таңда демалыс базасы күрделі жұмыстарын қажет етеді. 74,8 млн.теңге сомасына жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды.



SWOT– талдау өткізілді.

Күшті жақтары:

1. Өткізілетін ісшаралар санының өсіп, көрермендер залындағы орын санының өзгеріссіз қалуына қарамастанМәдениет нысандарына тұрғындардың келудеңгейі 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 % өскен.

2. Мәдениет нысандарына келуінің өсуі;

3. Мәдениетке бөлінген қаражаттың өсуі.



Әлсіз жақтары:

1. Кәсіби кадрлардың жоқтығы;

2. Сұранысқа ие болған, оның ішінде мемлекеттік тілдегіәдебиеттерді көбейтуге және жаңартуға ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі;

3. Қалалық мәдениет ұйымдарының материалдық техникалық базасын нығайтуға бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігі жылдан жылға өсіп келе жатқан тұрғындарының мәдени сұранысына сәйкес келмейді және мәдени қызметтің сапасына әсер етеді.



Мүмкіндіктері:

1. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін қызметтің тегін болуынан мәдениет қызметтері қол жетімді.



Қауіптері:

1. Кәсіби мамандарының жетіспеушілігіне байланысты мәдени-бос уақытты ұйымдастыру қызметтерісапасының төмендеуі;

2. Біліктілігін арттыру курстарының жоқтығы салдарынан мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің төмендеуі мүмкін.

Жүргізілген SWOT-талдаудың нетижесінде қаланың мәдениет саласын тежейтінбасты проблемалар анықталды:

1. Қалалық кітапхананың кітап қорын орталықтардыру, толықтыру үшін қаржыландыру жеткіліссіз. 1000 тұрғынға 2 жаңа кітаптан келеді, ал халықаралық стандарттар бойынша 250 жаңа кітап болу керек.

2. Мәдениет қызметкерлерінің, әсіресе кітапхана қызметінің жүйесінде жас ұлғаюына байланыстымаркетинг және арт-менеджментті меңгерген жаңа үлгідегі шығармашылық және басқарушы кадрларының жоқтығы.

3. Ескерткіштерді сақтау және жөндеуден өткізу үшін қаражаттың жеткіліксіздігі.

2.2.2.5 Тілдерді дамыту


Тіл саясаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуді қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған. Мемлекеттік тіл Қазақстан халқы бірлігінің негізгі көзі ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді нығайтады.

Мемлекеттік қызметшілерді және тұрғындарды мемлекеттік тілге оқыту мақсатында 2007 жылы Тілдерді оқыту орталығы ашылды.

2011-2012 оқу жылы 9 топ құрылып, онда 92 тыңдаушы мемлекеттік тілді үйренді.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі өсіп келеді. Өз ана тілінде білім алатын қазақ балаларының саны өсуде, 2010 жылы 517 оқушы болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 18,6% өсіп, 613 оқушыны құрады.

2013 жылы 100 орынды мемлекеттік тілде тәрбиелейтін «Күншуақ» балабақшасы ашылды.

Білім сапасын көтеру мақсатында ересектерге арналған оқулықтар, әр сала бойынша сөздіктер, үйірме жетекшілеріне арналған мәтіндер жинағы, тыңдаушылардың жұмыс дәптерлері құрастырылып, бекітілді.

Тіл саясатының ақпараттық орталығы ретінде қала әкімінің сайты жұмыс істейді.

Тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қалалық «Спектр Резонанс» газетінде «Мемлекеттік тілді бірге оқимыз» (өзге ұлт өкілдеріне), «Қазақша сөйлеп үйренейік» (орыс мектебін бітірген қазақтарға) айдарларында сабақтарды жариялайды.

2010 жылдың тамыз айынан бастап «Курчатов көкжиегі» газетінде балаларға арналған «Білгім келеді» айдары ашылды, онда қызықты материалдар мен тіл туралы мәліметтер жарияланады.

«Курчатов» бейнестудиясында қала жаңалықтары екі тілде жүргізіледі.

Тілдерді оқөыту орталығының оқытушылары мекемелер мен ұйымдардың аудармашыларына әдістемелік көмек көрсетеді.

Білім мекемелерінде тіл үйірмелері ұйымдастырылған, 2012 жылы – 6 топ-78 тыңдаушы, орыс тілі үйірмесі –1 топ-16 тыңдаушыны қамтыды.

Қаланың мекемелері мен ұйымдарында мемлекеттік тіл курстары ұйымдастырылды:


  • 3514 әскери бөлімінде: 2010 жылы – 7 топ (470 тыңдаушы), 2011 жылы – 7 топ – (435 тыңдаушы), 2012 жылы – 8 топ (410 тыңдаушы).

  • қалалық ауруханада: 2011 жылы – 1 топ (15 тыңдаушы), 2012 жылы – 2 топ (20 тыңдаушы).

Қалада жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 12 мемлекеттік орган жұмыс істейді.

Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 2012 жылы 100 % құрады, ал 2010 жыл бұл көрсеткіш 88,4 % құраған.

Тілдерді оқыту орталығының мәліметі бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мемлекеттік тілді меңгерудің орташа көрсеткіші – 55,8 % құрайды.Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 76,1 % құрайды.

Бірақ, жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіне қарамастан қоғамның барлық саласындағы мемлекеттік тілді жүзеге асыру деңгейі төмен. Мемлекеттік тілде білім беретін мектептерде және мектеп алды мекемелерінде білікті мамандар тапшылығы байқалады. Сауда және қызмет көрсету саласында жеткілікті деңгейде мемлекеттік тілді меңгерген жұмысшылар тапшы.

Бұл мәселе оқыту инфрақұрылысы қызметінің біріңғай стандартының, ынталандыру жүйесінің жоқтығынан, қазақ тілі мұғалімдерін дайындаудың төмен деңгейінен туындайды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамның барлық саласында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми қолданылады. Орыс тілін меңгермеген азаматтарға арнайы курстар ұйымдастырылған.

Тілдерді оқыту орталығында Монғолиядан және Қытайдан келген отандастарымызға қазақ және орыс тілін оқыту курстары ұйымдастырылған.

Орыс тілі курсы: 2010 жылы – 18 тыңдаушыны қамтыған 1 топ; 2011 жылы – 26 тыңдаушыны қамтыған 2 топ; 2012 жылы – 16 тыңдаушыны қамтыған 1 топ құрылды.

Қазақ тілі курсы: 2010 жылы – 24 тыңдаушыны қамтыған 2 топ; 2011 жылы – 28 тыңдаушыны қамтыған 2 топ; 2012 жылы – 32 тыңдаушыны қамтыған 2 топ құрылды.

Сонымен қатар ағылшын тілін оқыту үшін жағдайлар жасалған. 2012 жылы 25 тыңдаушы қатысатын 2 топ ұйымдастырылды. Орта білім беретін мектеп оқушыларының барлығы міндетті түрде ағылшын тілін оқиды.

Тілдерді оқыту орталығы Достық үйімен бірлесіп қалада тұратын этностар тілін оқыту бойынша курстар ұйымдастырды: 2012 жылы неміс тілін – 10 тыңдаушы, украин тілін – 15 адам оқыды.

Тілдерді дамытуға 2012 жылы бөлінген қаражат көлемі 7,1 млн. теңгеқұрады, 2010 жылмен (5,0 млн. теңге) салыстырғанда 42 % жоғары



SWOT– талдау өткізілді.

Күшті жақтары:

1. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқы тілдерін оқыту инфрақұрылысы кеңейді;

2. Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік жүйесі құрастырылды;

3. Мемлекеттік тілді үйретуүрдісінде жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі;

4. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу белсенді жүзеге асырылуда;

5. Көп тілділік сақталуына қарамастан мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңеюде;

6. Қазақстанда өмір сүретін этностар тілдерін оқытуды мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесінің құрылуы.

Әлсіз жақтары:

1. Мемлекеттік тілді оқытудың біріңғай стандартының болмауы;

2. Тіл саласының нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуінің төменділігі, тілдер туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жазалардың жоқтығы;

3. Тұрғындардың арнайы терминдер жүйесін білмеуі;

4. Оқыту бағдарламалары тиімділігінің төменділігі.

Мүмкіндіктері:

1. Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тіл рөлінің өсуі;

2. Көп тілділік сақталуы кезінде мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік ортаға енуі;

3. Мемлекеттік тілді оқытуда арнайы әдебиеттерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді құрастыру, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану;

4. Қазақстанда өмір сүретін этностардың ерекшеліктерін ескере отырып, тілдерді оқыту және дамыту бойынша әдістемелік оқулықтарды құрастыру.

Қауіптері:

1. Мемлекеттік тілді қолдану саласында құқықтық қайшылықтардың болуы;

2. Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеуі;

3. Терминдерді меңгерменген тұрғындардың мемлекеттік органдар ұсынатын ақпараттарды қабылдай алмауы.



2.2.2.6 Дене шынықтыру және спорт

Қалада облыстық бюджет есебінен балалар-жасөспірімлер спорт мектебі жұмыс істейді (380 орын). Гір спорты мен қол күресі, қазақша күрес, тоғыз құмалақ, үстел теннисі, шағын футбол, волейбол, дзю-до№ таэквандо сынды спорт түрлері оқушылар және ересек тұрғындар арасында ұсынылады.

Қазіргі уақытта 26 спорттық ғимараттар бар: БЖСМ жанында 1 спорттық кешен, 11 спорт зал (соның ішінде 4 БЖСМ), 3 алаң, 3 спорттық алаң, 5 хоккей қораптары, 3 тренажерлық зал және 1 көп қызметті корт. 2010 жылмен салыстырғанда спорттық ғимараттардың саны хоккей қораптарын қалпына келтіру, көп қызметті спорттық алаңды орнату есебінен тоғызға ұлғайды.

2010-2012 жылдар аралығында қалалық бюджет және демеушілік қаражат есебінен хоккей қораптары және үй ауласындағы спорттық ойын алаңдарының ағымдық жөңдеу жұмыстары жүргізілді.

7,4 мың теңге сомасына көп қызметті хоккей қорабы және 2,1 мың теңгеге жасанды көгалды жабындысы бар екі спорттық алаң сатып алынып, орнатылды.

Статистикалық мәліметтер талдауы 2010 жылмен салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен айналысатындар артқанын көрсетеді. 2010 ж – 1752 адам (тұрғындардың жалпы санынан 15,5 %), 2011 ж – 1987 адам (18,1 %), 2012 ж. – 2132 адам (18,9 %).

Қалада шаңғы жарыстарының жарыстар тұрақты негізде ұйымдастырылады.

Қыс кезінде Ертіс өзенінің жағалауында шаңғы жолы жасалады, онда демалыс күндері шаңғы спорты әуесқойлары жаттығады. Шаңғы жарыстары оқушылар арасында, ересектер арасында өткізіледі, әскери және өртке қаржы қызметтің қызметкерлері белсенді қатысады.

«Скала» аулалық клубы қыста Ертіс өзені арқылы шаңғыда клуб мүшелері мен олардың ата-аналары үшін «демалыс күні» жорықтарын ұйымдастырады.

14 кесте


Спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы




Көрсеткіштер атауы

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

1

Қала тұрғындарының саны, адам


11300

11300

11496

2

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны, адам

1752

1987

2132

3

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар қамтылуы, %

15,5%

18,1%

18,5%

4

Спорттық нысандар саны, бірлік

17

18

20

Қалада жаппай спортты дамыту мақсатында қала әкімінің жүлдесіне спорт түрлері бойынша турнирлер, спартакиадалар, чемпионаттар өткізу дәстүрге айналды.

Қала спортшылары қазақ күресі, қол күресі және гір спортынан облыстық жарыстарға қатысады. Сонымен, 2012 жылы қала спортшылары қала қоржынына халықаралық және облыстық жарыстардан 17 медальмен (8 алтын, 3 күміс және 6 қола) толтырды. 21 спортшы спорттық дәрежелерін алды (қол күресі 11 адам; үстел теннисі – 2, қазақша күрес – 8).

«Скала» балалар-жасөспірімдер клубы салауатты өмір салтын тәрбиелеу жөнінен көп жұмыс атқарады. 2012 жылы клуб мүшелері 12 көп күндік жорықтар, 4 шығулар, 8 әскери патриоттық және спорттық туристік слеттер және 210 астам жаттығу сабақтарын өткізді.

«Скала» балалар-жасөспірімдер клубы материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен бюджеттік қаражат бөлінген, оған шатырлар, оқу қарулары және әскери-далалық жиындар мен түрлі санаттағы жорықтарды өткізуге қажетті басқа да жабдықтар сатып алынды. Қалалық бюджеттен клубтың күрделі жөңдеу жұмыстарына 1 375,0 мың теңге бөлінген.

Сонымен қатар, спортпен айналысатындардың санын арттыру және жаппай спортты дамыту үшін қалада спорт түрлері бойынша спорттық секциялар мен клубтар жеткіліксіз.

Қалада облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын бір балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бар. Материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлықсыз, сапалы спорттық инвентарь және жабдықтардың жоқтығы, жоғары білікті мамандардың жоқтығы спорттық резерв пен халықаралық дәрежедегі спортшылардың жоғары деңгейдегі дайындығын ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT талдау жасалды:



Күшті жақтары:

  1. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың қамтылуын көтеру.

  2. Спорттық нысандарды көбейту.

Әлсіз жақтары:

  1. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің материалдық-техникалық базасының нашар жабдықталуы.

2. Жоғары білікті мамандардың жоқтығы

Мүмкіндіктері:

  1. Қалалық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін мүмкіншіліктер жасау.

Қауіптері:

  1. Бұқаралық спорттың нашар дамуы.

  2. Спорттық нысандардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз жабдықталуы.

  3. Қаладан жоғары білікті мамандардың, шеберлердің кетуі.


2.2.2.7 Туризм

Қалада балалар жасөспірімдер клубы «Скала» жұмыс істейді, ол тауларда жаяу жүру туризмін насихаттау және дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді.

2012 жылы жасөспірімдер клубымен 70 астам іс шаралар ұйымдастырылып, өткізілді: жорықтар, 3514 әскери бөлімімен бірлескен оқулар, клуб мүшелерінің және басқалардың көрсеткіштік қойылымдары және басқа. Осы іс – шараға 400 астам мектеп оқушылары қатысты. Шығыс Қазақстан облысында 2010-2012 жылдарға арналған туризмді дамытудың өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша іс – шаралар Жоспарын жүзеге асыру аясында 6 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: Ертіс өзеніне су жорығы, Едірей тауына тау жорығы, жастардың «Күз» қалалық туристер слеты, және басқа да іс шаралар өткізілді.

Сондай -ақ қалада «Берег» демалыс базасы бар, онда жыл сайын жазғы кезеңде 200-ден астам балалар және 75 үлкен адамдар демалады.

Бұрынғы Семей сынақ полигонының нысандары қоғамдық қызығушылықты тудыруда, осыған байланысты кейбір нысандарды ашу және төтенше туризмді дамыту туралы мәселе қарастырылуда.

15 кесте


2010-2012 жылдары туризмнің даму көрсеткіштерінің динамикасы


Көрсеткіш атауы

өлшем бірлігі

2010

2011

2012

Туристік қызметтен туристік қызмет көрсету көлемі

млн. теңге

12,1

13,4

9,5

Келушілер туризмінің көлемі

мың адам


0,230

0,196

0,200

Ішкі туризм көлемі


мың адам

0,335

0,256

0,251

Негізгі мәселелерді анықтау үшін SWOT талдау жүргізілген болатын:



Күшті жақтары:

1. Қала аумағында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының болуы.

2. «Скала» балалар –жасөспірімдер клубы базасында балалар-жасөспірімдер туризімінің болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Туризмнің дамыған ифрақұрылымының жоқтығы, оның ішінде туристік объектілерге апаратын жолдардың жағдайының жамандығы;

2. Білікті басқару және қызмет көрсету қызметкерлерінің жоқтығы;

3. Туристік ресурстар туралы жарнама жеткіліксіздігі;

4. Семей ядролық полигонының нысандарына тұрғындардың кең ауқымдағы қол жетімділігінің жоқтығы.

Мүмкіндіктері:

1.Қосымша жұмыс орындарын құру жолдарымен, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету.

2. Туристер тасқынын ұлғайту, жергілікті бюджетке түсімдерді өсіру.

Қауіптері:

1.Туризмді қолдаудағы қаржылық мүмкіндіктердің шектеулілігі, өз қаражаттарының және инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі;

2.Туристік бизнесте кәсібилік деңгейдің төмендігі;

3. Көпшілік туризмінің нашар дамуы.



2.2.2.8 Ішкі саясат

Ішкі саясат саласында мемлекеттілікті нығайту, демократияны дамыту, азаматтық қоғам институттарына қолдау көрсету, қоғамда тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету сияқты басымдықтар өзгеріссіз қалады.

Осы басымдықтарды нығайту мақсатында қоғамдық- саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, демократиялық процесстерді дамытуға бағытталған іс- шаралар кешені жүргізіледі.

Қазіргі таңда Курчатовта 7 үкіметтік емес ұйымдар, 1 саяси партия «Нұр Отан» жұмыс жасайды. Қалалық ҮЕҰ жастар саясаты, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдау көрсету, оралмандардың, мәслихат депутаттарының, кәсіпкерлердің, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мен жүзеге асыру сияқты қызмет салаларын қамтиды.

Сурет 15

2010 – 2012 жылдардағы үкіметтік емес саланың даму динамикасы

Азаматтық саланы дамыту, ҮЕҰ санын арттыру, атқарушы билік органдарының ҮЕҰ- мен күрделі әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша тығыз ынтымақтаса жұмыс істеуінің арқасында тұрғындардың атқарушы органдар мен азаматтық саланың бірлесе атқарған жұмыстарына сенімі жоғары бағаға ие болды.

2010 жылы тұрғындардың – 45 %, 2011 – 83,4 %, 2012 году – 90 %.

Сурет 16




Республиканың, облыстың, қаланың қоғамдық- саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуының, Елбасы Жолдауының, Қазақстан Республикасының даму стратегиясының негізгі міндеттерін насихаттау мен түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізу тұрақты негізде ұйымдастырылған. Қалада бұл жұмысты 15 ақпараттық- насихат топтары жүргізеді, олардың құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, мәслихат депутаттары, қаланың құрметті азаматтары енген. 2010 жылы 130 кездесу өткізілді, 2011- 151, 2012 жылы – 163 кездесу өткізілді. Белсенді ақпараттық- насихат жұмыстарының нәтижесі тұрғындардың ақпараттануының тұрақты түрдегі жоғары деңгейі болып табылады.

Қалада «Қазтелерадио» АҚ 1 телехабар беруші станциясы жұмыс істейді, ол бүкіл қала аумағында «Қазақстан», «Хабар», «Евразия» республикалық телеканалдарын трансляциялауды толық қамтамасыз етеді. Қала әкімінің веб сайты, «Курчатов көкжиегі», «Спектр- Резонанс» қалалық газеттері, «Курчатов» телестудиясы жұмыс істейді. Кейінгі үш жыл ішінде аз қамтамасыз етілген азаматтарға, көп балалы отбасыларға «Отау ТВ» жерсеріктік телеарнасының 26 тарелкасы орнатылды.

Пікір алмасу алаңдары мен Кеңестер жұмыстары белсендіріле түсті. Қала қауымдастығының Кеңесі қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуы, қала аумағын абаттандыру мәселелері бойынша 20 астам ұсыныс енгізді. Партияның курчатовтық бөлімшесінің жанынан қоғамдық топтар құрылды, олар қаладағы барлық құрылыс жұмыстарының жүргізілуін, сондай- ақ мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын бақылайды.

Қоғамдық- саяси жағдайға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге де институттарына, оның ішінде діни бірлестіктерге жүйелі мониторинг жүргізу, олармен жемісті жұмыс жүргізуді нығайту қалада қоғамдық- саяси тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Курчатовта бір де бір қарсылық көрсету акциясы тіркелген жоқ. Қала бойынша шиеленіс көздерінің картасы жасалынған.

Сонымен қатар бірнеше шаралар қабылдау қажеттігі пісіп жетілген:

- «пікір алмасу алаңдары» мен ақпараттық- насихаттық іс- шараларды дамыту арқылы тұрғындардың ақпараттану деңгейін арттыру;

- аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық қолдау көрсетудің сапасын арттыру;

- мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының кадрларын біліктілігін арттыру арқылы нығайту, оның ішінде белгілі журналистердің қатысуымен семинар- тренингтерге, мастер класстарға қатысу арқылы арттыру;

- БАҚ үйлесімді дамуына, оның ішінде мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды орындауға тарту арқылы ықпал ету.

Ішкі саясаттың жағдайын бағалау үшін SWOT-талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Қоғамдық- саяси жағдайға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге де институттарына мониторинг жүргізу жүзеге асырылады;

2. Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен диалогтық алаңдардың белсенді жұмыс істеуі қамтамасыз етілген (жұмысты қауымдастық кеңесі, ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі және т.б. жүргізеді);
3. Жұмыс істеп тұрған баспасөз құралдарының, телеканалдардың, электронды БАҚ болуы.

Әлсіз жақтары:


  1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың болмауы;

  2. Бұқаралық ақпарат құралдарының даму деңгейінің жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

1. Қоғамдық- саяси жағдайдың, оның ішінде діни ахуалдың ушығуына жол бермеу мақсатында тұрғындар арасында кең көлемде түсінік беру жұмыстарын жүргізу (жиындар, кездесулер, акциялар және т.б.);

2. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға қаражат бөлу. Оны жүзеге асыруға ҮЕҰ тарту;

3. Тұрғындар арасында ақпараттық- түсінік беру жұмыстарын күшейту

4. Қоғамдық- саяси жағдайдың, оның ішінде діни ахуалдың ушығуына жол бермеу бойынша бірінші кезектегі шараларды қабылдау;

5. Азаматтардың рухани дамуы және мәдени ағарту жұмыстарының жүргізілуі.



Қауіптері:

1. Деструктивті діни ағымдардың таралуы. Тұрғындардың, әсіресе жастардың осы діни бірлестіктердің қызметіне тартылуы;

2. Қаладағы қоғамдық- саяси жағдайдың шиеленісуі;

3. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси ықпалына түсуге бейім болушылық.

Діни қатынастар саласындағы саясаттың негізгі басымдықтары діни тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындар арасында кең көлемдегі ақпараттық- түсінік жұмыстарын жүргізу, толерантты қоғам қалыптастыру болып табылады.

Қалада діни тұрақтылықты, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға, діни экстремизм мен лаңкестік көріністерін қабылдамау көзқарастарын қалыптастыруға, тұрғындардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған іс- шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Діни бірлестіктер мен ағымдардың санының артуы мен тұрғындардың діни белсенділігінің артуына байланысты діни бірлестіктердің қызметіне талдау жасауға үлкен көңіл бөлінеді.

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қала аумағындағы діни бірлестіктер қайта тіркеуден өткізілді. Жиыны екі ДБ тіркелген: мешіт және свято- қазан православиелік приходы.

Әлемдік қауымдастықтағы діни қатынастар саласындағы күрделі жағдай, тұрғындарды секталар мен экстремистік діни ұйымдарға тартуға жол бермеу қажеттігі үлкен көлемдегі түсінік жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Бұл қатердің жаһандық сипаты осы қатерлі құбылысқа нәтижелі қарсылық көрсетудің жолдарын іздестіруге мәжбүр етеді. Осы мақсатта дін саласында 2 ақпараттық- насихат топтары құрылды, олардың құрамына полицияның өкілдері, дінтанушылар, имам, приход старостасы кіреді. Тұрғындарды 100 % қамту жоспарланған. Жүргізілген жұмыстардың арқасында қазіргі таңда қалада тұрақты қоғамдық- саяси жағдай, конфессияаралық салада бейбітшілік пен келісім сақталуда.

Сурет 17
Конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалайтын тұрғындардың үлес салмағының динамикасы



Заңсыз діни бірлестіктерге басшылық жасағаны мен қатысқаны, діни сипаттағы әдебиеттерді таратқаны, заңсыз миссионерлік қызмет жүргізгені үшін әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тұрғындармен түсінік беру- алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Азаматтық қоғамды дамытуға этномәдени бірлестіктер елеулі үлес қосып келеді.

Қалалық Достық үйі тұрғындардың барлық санаттарын қамти отырып ұлтаралық келісімді нығайту бойынша жылына 40 астам іс- шара өткізеді. Достық үйінің ұжымы облыстық деңгейде үлкен концерттік бағдарламалар, көрмелер көрсетіп келеді. Ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатқа оң баға беретін тұрғындардың үлес салмағы 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті: егер 2010 жылы бұл көрсеткіш 60% құраған болса, 2012 жылы ол – 100 % құрады.

Жастар саясаты саласында жетекші басымдық еліміздің болашақтағы дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зияткерлік және рухани- адамгершілік жағынан жан жақты қалыптасқан тұлға қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі таңда жоғары дәрежедегі білімді және рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Курчатовта жастар бастамаларын дамыту орталығы ашылған, ол жастардың демалысын ұйымдастырады, жастарға заңдық, психологиялық көмек көрсетеді. ҚР Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдар Кеңесі өз жұмысын қайта бастады. Жастар үшін шығармашылық қабілеттері мен денсаулығын дамыту бойынша үйірмелер мен секциялар ашылған. Неке және отбасы институтын сақтау мен нығайту, жастарды еңбекпен қамту және еңбекке орналастыру мәселелерін шешу, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту бойынша іс- шаралар өткізіледі. Курчатов қалалық мәслихатына тұңғыш рет 29 жасқа толмаған депутат сайланды.

Жүргізілген жұмыстардың арқасында 14-29 жастағы тұрғындар арасында жастарға қатысты мемлекеттік саясаттың деңгейіне қанағаттанушылық деңгейі елеулі көлемде өсті: 2010 жылы – 60%, 2012 жылы – 100 %.

Соңғы үш жыл ішінде курчатовтық жас ұрпақ арасында патриотизмнің жоғары деңгейде екендігі байқалады– 100 %.

Жастар арасында сапалы білім алу, еңбекке орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері өзекті болып қалып отыр.


Күшті жақтары:

1. Түрлі әлеуметтік әдістерді пайдалана отырып, сарапшыларды тарта отырып қоғамдық- саяси жағдайға, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның өзге институттарының қызметтеріне мониторинг жүргізу жүзеге асырылады;

2. «Жастар бастамалары орталығы» КММ ашылуы;

3. Діни ахуалға, діни бірлестіктердің қызметіне, бұқаралық ақпарат құралдарының баспа және электронды ақпарат құралдарында жарияланған діни тақырыптағы материалдарға мониторинг пен талдау жүргізу жүзеге асырылады;

4. Азаматтық қоғам институттарының қатысуымен диалогтық алаңдардың белсенді жұмысы қамтамасыз етілген (жұмысты қауымдастық Кеңесі, ақсақалдар Кеңесі, ардагерлер Кеңесі және т.б. жүргізеді).

Әлсіз жақтары:

1. Қалада бір дәстүрлі емес діни бірлестік тіркелген;

2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың болмауы.

Мүмкіндіктері:

1. Тұрғындар арасында қоғамдық- саяси жағдайдың шиеленісуіне, оның ішінде діни жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу мақсатында кең көлемдегі түсінік жұмыстарын жүргізу (жиындар, кездесулер, акциялар және т.б.);

2. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыруға қаражат бөлу. ҮЕҰ оны жүзеге асыруға тарту;

3. Тұрғындар арасында ақпараттық- түсінік беру жұмыстарын күшейту;

4. 2013-2017 жылдардағы Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен лаңкестікке қарсылық көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламаны жеделдетіп жүзеге асыру.

5. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру.



Қауіптері:

1. Деструктивті діни ағымдардың таралуы. Тұрғындарды, әсіресе жастарды осы діни бірлестіктердің қызметіне тартылуы;

2. Қаладағы қоғамдық- саяси жағдайдың шиеленісуі;

3. Жастардың деструктивті ағымдардың қызметіне тартылуы.



2.2.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2010-2012 жылдардағы қылмыстық жағдайға жүргізілген талдау оның тұрақты және асқынусыз екендігін көрсетеді.

Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды тіркеу, қылмыс жағдайы туралы обьективті статистикалық мәліметтерге қол жеткізу бойынша мақсатты түрде жұмыстар жүргізіліп келеді. Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды толық тіркеуді қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстың статистикалық өсімі байқалады.

2010- 2012 жылдар ішіндегі талданылған кезең ішінде тіркелген қылмыстардың 22,1 % 2010 жылғы 113 қылмыстан 2012 жылы 138 қылмысқа өскен.

Қылмысты тіркеудің арттырылуына есептік- тіркеу тәртібін сақтауды нығайту бойынша жұмыстардың белсенділендірілуі және тұрғындармен бұрын хабарланбаған қылмыстарды анықтау бойынша жүргізілген түсінік жұмыстары ықпал етті.

Жасалынған жалпықылмыстық қылмыстарға жүргізілген талдау бұл қылмыстарды негізінен еш жерде жұмыс істемейтін тұлғалар, көптеген жағдайда маскүнемдік жағдайларда, қылмыстардың 79% түнгі сағат 00-00 кейін жасалатындықтарын көрсетеді.

Мүліктік қылмыстар ішінде жасалған ұрлықтардың жалпы санының 30% қалада тұрмайтын азаматтар жасаған (қаланың тұрғын үй қорын қалпына келтіру бойынша құрылыс обьектілерінің жұмысшылары, Бесқарағай ауданы мен Павлодар облысының Май ауданының қалаға жақын орналасқан ауылдарынан 3514 әскери бөліміне жұмысқа орналасуға үміткер ретінде келгендер), оларда қылмыстың негіізгі обьектілері құрылыс материалдары мен құрал- саймандары болған. Бұл қаланың тұрғын үй саласын қалпына келтіру үшін тартылған қалалық емес азаматтардың көптеп келуімен байланысты болды.

Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес 2011- 2013 жылдардағы тіркелген қылмыс санының өзгеру динамикасы төмендегідей болып келеді:

Сурет 18

2011- 2013 жылдардағы тіркелген қылмыс санының өзгеру динамикасы.


Кесте 16

2010- 2012 жылдардағы қала территориясындағы

қылмыс құрылымы.


Қылмыс түрлері

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Қасақана кісі өлтіру

2

3

3

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру

1

1

1

Зорлау

2

1

0

Тонау

5

11

7

Күш көрсету арқылы тонау

0

0

0

Бұзақылық

0

10

9

Ұрлық

77

76

82

Алдау

1

5

5

Бопсалау

3

1

2

Айдап кету

5

2

3

Жол- көлік оқиғалары

1

0

1

Жиыны (барлық түрлер бойынша)

113

131

138

Кесте 17


Жасалынған қылмыстың формалары

мен типтері бойынша

Қылмыс түрлері

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Ұсақ және орта салмақтағы

95

103

131

Ауыр

5

9

4

Ерекше ауыр

2

3

3

Әйелдерге қатысты

36

36

61

Жасөспірімдерге қатысты

7

7

6

Топ құрамында

8

11

12

Қоғамдық орындарда

7

17

40

Бұрын қылмыс жасағандардың

4

6

15

Жасөспірімдердің

3

2

6

Маскүнемдік жағдайында

8

12

20

Қылмыстық жағдайға жүргізілген талдау қылмыстық қудалау шараларын қолданумен қатар құқықтық тәртіп пен қоғамдық қуіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік жағынан қорғалмаған тұрғындар жігін қорғау, азаматтарда жалпыадамзаттық құндылықтар мен заңға бағынушылық әрекеттерді қалпытастыруға бағытталған адамгершілік сапаларын қалыптастыру арқылы қылмыс жасауға итермелеуші факторларды жою, құқық бұзушылыққа тосқауыл бола алатын ғылым мен техника жетістіктерін енгізу арқылы құқық қорғау мен қоғамдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру қажеттігі пісіп жетілгендігін көрсетеді.

Ішімдік пен есірткі қабылдау, әсіресе жастар арасында үлкен әлеуметтік проблема болып отыр. Соған байланысты мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкогольдік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдалану, есірткі заттары мен психотроптық заттарды медициналық емес мақсаттарда пайдаланудың алдын алу мен ерте кезінде анықтау, азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту бойынша іс шараларды ұйымдастыру жетілдіре түсуді талап етеді.

Қалалық полиция бөлімінің алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірнеше проблемаларды шешу қажет, әсіресе алдыңғы қатарлы техникамен, қызметтік автокөлікпен жарақтандыруда проблемалар бар.

Полиция бөлімінің ғимраты бұдан 50 жылдан астам уақыт бұрын офицерлер жатаханасы ретінде салынған және қазіргі заманғы нормалар мен талаптарға сәйкес келмейді. Жеткізілген тұлғалардың мәселесін қарайтын бөлмені, іздеу- тергеу тобының бөлмесін жөндеу мүмкіндігі жоқ. Арнайы қабылдайтын орынның жоқтығына байланысты әкімшілік тұтқынға алынғандар талаптар мен халқаралық стандарттарға сәйкес келмейтін камераларға қамалады. Қамау орындарын ең төменгі халқаралық талаптарға сәйкестендіру түрлі төтенше жағдайлардың пайда болу мүмкіндіктерін төмендеткен болар еді.

Қалалық емханада наркологиялық кабинет пен тұлғалардың бойында алкогольдің және психотроптық заттардың бар екендігін куәландыруға қажетті құрал- жабдықтар жо, мұның өзі полиция қызметкерлеріне есірткіге тәуелді тұлғаларды анықтауға үлкен кедергі келтіреді.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін жағдай жасалған;



  1. Құқық бұзушылықтың алдын алудың нақтылы субьектілері нақтыланған және олардың өзара бірлесе әрекет етуі қамтамасыз етілген;

  2. Қоғамдық тәртіпті қорғау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға қатысушы азаматтар мен мекемелердің өзара бірлесе әрекет етуінің формалары келісілген;

  3. Азаматтардың заңға бағынушылық әрекеттерін қалыптастыру шаралары анықталған;

  4. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша іс- шаралар кешені құрастырылған.

  5. Әлеуметтік жарнама компаниясы жүргізіледі.

Әлсіз жақтары:

  1. Бөгде адамдардың мүлкін ұрлаудың, оның ішінде пәтер ұрлығының жоғары деңгейде болуы;

  2. Тұрмыстық маскүнемдік, ішімдік ішу мен есірткіге қарсы алдын алу шараларының шешілмін таппауы;

  3. Қиын өмірлік жағдайдағы тұлғалардың әлеуметтік бейімделуі мен қалпына келтірілу деңгейінің жеткіліксіздігі;

  4. Қаланың ішкі істер органдарының тиісті нормаға дейін қамтамасыз етілмеуі, типтік әкімшілік ғимаратпен қамтамасыз етілмеуі және қалалық полиция бөлімінің қолданыстағы ғимратының жөндеуден өткізуді қажет ететіндігі.

Мүмкіндіктері:

  1. Құқық бұзушылық пен қылмыстың санының өсуінің алдын алу бойынша шаралардың уақытымен қабылдануы;

  2. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасау;

  3. Құқық бұзушылықтың бастапқы кезеңінде алдын алу;

  4. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру;

  5. Алдын алу субьектілерінің қызметін үйлестіруді арттыру;

  6. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша іс- шаралардың жүзеге асырылуын бақылау.

Қауіптері:

  1. Қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс негізінде құқыққа қарсы әрекеттердің орын алу қатері

  2. Республика территориясында радикалды экстремистік және лаңкестік бірлестіктер мен ұйымдардың қызметінің күшеюі.



2.2.2.10 Төтенше жағдайларға қарсы тұру жүесін дамыту

Қатаң континенттік климат түрлі табиғи апаттарға- дауылға, дала өрттеріне, температураның күрт төмендеуіне, қарлы борандарға, эпидемиялар мен эпизотияларға елеулі көлемде бейім болып келудің алғышарттарын қалыптастырады. Көліктегі негізгі қорлардың, жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның ескіруі мен құрал- жабдықтарының ескіруі, табиғи қорларды өндірудің жеделдеуі, оларды тасымалдау мен өңдеуден өткізудің көлемінің ұлғаюы техногендік қатерлердің пайда болуының нақтылы алғышарттарын жасайды.

Қалада № 48 өрт сөндіру бөлімі қызмет етеді, оның материалдық- техникалық жарақтануы қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді. Далалық өрттерді өшіру үшін тиісті қорғанысты қамтамасыз ету үшін қосымша өрт сөндіру техникасымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Өзінің балансындағы 5 өрт сөндіру көліктерінің біреуі қанағаттанғысыз жағдайда.

Қолданыстағы басшылық буыны мен тұрғындарды хабардар ету жүйесі бұдан 30 жылдан астам уақыт бұрын құрылған және қазіргі заманғы сандық және волоконды- оптикалық байланыс жүйесімен бірлесе әрекет ете алмайды және тұтастай қайта құруды талап етеді. Соңғы 15 жыл ішінде құрал- жабдықтарды, бағдарламамен қамтамасыз етуді және жүйелерді жаңарту жүргізілген жоқ. Электросиреналық хабар беру жүйесінде пайдаланылатын П-160 және П-164 аппаратуралары моральдық және жұмыс істеуі жағынан ескірген, ұйымдық техника мен өзге құралдарды қолданудан туындайтын кедергілерге төтеп беру қабілеті төмен, ҚТС көшкен байланыстың сандық желілерімен жұмыс істеуге бейімделмеген. Тұрғындарды теле және радиоканалдар арқылы хабардар етудің ұйымдық- техникалық шешімдерінің тұрақтылығы төмен дәрежеде және осы мақсатқа теле және радионың және кабельдік теледидардың барлық бағдарламаларын қамтуға мүмкіндік бермейді. Соңғы жылдары радионүктелерді пайдаланушылардың саны күрт азайып кетті.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу мен хабардар болу тұрғындарды, қала экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды табиғи апаттар, авариялар пайда болған жағдайларда нәтижелі қорғаудың міндетті шарты болып табылады.

Қалыптасқан жағдайды бағалау төмендегі SWОT талдауда көрсетілген:



Күшті жақтары:

1. Көктемгі су тасқыны қаупі болған кездерде, табиғи өрттер мен қар қорының еруі салдарынан пайда болатын қатер көздерін ерте анықтау бойынша космостық мониторингтің болуы.

2. Басқару органдарымен, қалалық қызметтермен, АҚ және ТЖ обьектілері мен жергілікті құрамдарымен жыл сайын жоспарлы командалық- штабтық жаттығулар өткізу.

3. Төтенше жағдай қатері туған немесе пайда болған кездерде бірлесе әрекет ету мен оған жауап берудің құрастырылған жоспарының болуы.

4. Қаланың басшылық құрамының АҚ және ТЖ мәселелері бойынша облыстық және республикалық оқу курстарынан тұрақты дайындықтан өтіп отыруы.

Әлсіз жақтары:

1. Тұрғындарды хабардар етудің қолданыстағы жүйесінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар пайда болған немесе қатері төнген кездерде тұрғындарға төтенше хабарды толық көлемде жеткізуге қабілетсіздігі.

2. АҚ және ТЖ жергілікті құрылымдарының апаттар мен табиғи апаттар кезінде төтенше құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қажетті құтқару құралдарымен, жабдықтарымен, саймандарымен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі.

3. Апаттар мен табиғи апаттарға қарсы тұру мен олардың салдарын жою бойынша кешенді іс- шараларды толық көлемде жүзеге асырудың олардың капитал сиымдылығының жоғары деңгейде болуына байланысты мүмкін еместігі.



Мүмкіндіктері:

1. Тұрғындар арасында АҚ және ТЖ саласындағы білімдерді насихаттау бойынша кең көлемдегі жұмыстар жүргізу, түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері бойынша көрнекі құралдарды тарату ТЖ болатын зиян көлемін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

2. Қала әкімінің материалдық- техникалық қорларын нығайту төтенше жағдайлардан зардап шеккен тұрғындарға кепілді көмек көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қауіптері:

1. Тұрғындар үшін қазіргі заманғы жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға қаражаттың болмауы территория химиялық залалданған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

2. Қазіргі заманғы қорғалған қосымша басқару пунктін салу үшін қаржыландырудың болмауы Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың күштері мен құралдарының сенімді бірлесе әрекет етуін қамтамасыз етуге қатер төндіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет