Курс: 2 Мамандағы: пмно 205-1 Орындаған



бет2/2
Дата11.11.2022
өлшемі0.78 Mb.
#464545
1   2
Гылыми зерттеу сож

Әдістемелік нұсқаулық
Джеймс Брэмсфорд «IDEAL» стратегиясы, яғнипроблеманы шешудің стратегиясын анықтаған, екі түрі бойынша: мәтінмен жұмыс және ситуациялық жағдай туындағанда пайдалануға болады. Идеал ұғымының әрбір әрпі бойынша төмендегідей жұмыс бағыттары айқындалады.
Идеал стратегиясы арқылы «Зерттеу тақырыбым не себепті »
Идеал стратегиясы:
И- Зерттеушілікке оқыту – оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс – әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.
Д – Оқушының зерттеуге деген қызығушылығын артыру
Оқушының шығармашылық қакбілетін ашу жолдары
Е- Бастауыш сыныпта мұғалім оқушының зерттеушілік дағдысын дамыту барысында әртүрлі әдістерді қолданады. Пән мазмұнына байланысты зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Білім, ақпарат дайын күйінде берілмейді, оқушы үнемі ізденеді, сондықтан да зерттеушілік жұмыс оның күнделікті іс-әрекетіне айналады.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашудың жолы зерттеушілік іс-әрекет болып табылады. Зерттеушілік іс-әрекет ұғымы бірқатар ғалымдардың зерттеу нысанына айналған.


А.Н. Леонтович өз еңбегінде оқу үдерісіндегі зерттеу іс-әрекеті нақты оқушы орындайтын әрекет екенін атап көрсетті. Оның пікірінше, кез-келген белсенділік зерттеушілік әрекет бола алмайды. Оқушыда мотив, мақсат, болуы қажет
А – таңдау жасаңыз.
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті-балалар үшін жаңа білім мен әрекет тәсілдерін ашуға бағытталған шығармашылық әрекет.
Зерттеу алдын ала жоспарланған нысананы құруды көздемейді.Ол белгісізді табу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі.
Л – Зерттеушілік іс-әрекет арқылы оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды. Ғылыми дүниетаным тек теориялық білім алу арқылы емес, сонымен қоса, дәйекті дәлелдер және зерттеушілік іс-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Оқушылар өздігінен жүргізген зерттеушілік іс – әрекет нәтижесінде нақты шындыққа көз жеткізеді.
3. Бастауыш мектепте Жаңартылған білім беру Бағдардамасына сыни сараптамалық тұжырым жасау.

Жаңартылған білім беру бағдарламасның ерекшелігі

Сипаттамалық жазба...

Сыни сараптамалық жазба...



Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі

пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі маңызды. Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды: белсенді; бейнелік; таңбалық. Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерек­шеліктері:

оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;


әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.



Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;

Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы қолданылады, білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша бағалау критерийлері бойынша сабақ мақсаттары анықталады.




Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі

бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптар» беріледі. Әр пәнді жеке оқыту маңызды болып табылатынына қарамастан, пәнаралық байланыс жаттығулары пәндерді анағұрлым сапалы зерделеуге мүмкіндік береді. Каррдың пайымдауынша, пәнаралық байланыс тәсілі білім өзара байланысты құбылыс деп санаған Джон Дьюидің еңбектеріне негізделеді.



Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру

Бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн және дағдылар сипатталған. Дәл осы оқу мақсаттарын оқу бағдарламасынан, оқу жоспарынан және критериалды бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтан таба алады. Осы арқылы жоғарыда аталған үш құжатты біріктіруге болады. Бастауыш сынып сабағын жоспарлау кезінде бұл үш құжаттың үшеуі де қолданылуы керек, міне, осы жағынан ерекшеленіп отыр.



Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы

 оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік рухани қасиеттері қалыптастырылады. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру. Адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.



Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)

білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қойылады.




Кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру

бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға көп септігін тигізеді. Түрлі мəдениет пен көзқарастарға деген құрмет – жеке тұлғалық, тұлғааралық жəне мəдениетаралық құзыреттіліктердің бөлігі болып табылады. Мінез-құлықтың сəйкес нормаларына баулу оқушыларға қазіргі кезде барынша көпмəдениетті қоғамға айналып келе жатқан қоғамның əлеуметтік жəне еңбек өміріне тиімді əрі конструктивті қатысуына мүмкіндік беред



«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасының басты мақсаттары

оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу). Бастауыш сынып оқушыларын көбірек ойынға, бірлескен жұмысқа бағыттағанда ғана балада креативті ойлау дағдысы дамып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа үлгіні жасауда ықпалы зор. Шығармашылық тапсырмалар оқушыларға зақым келмейтіндей және мәжбүрлемей, оқушының шынайы білімінің тереңдігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет