Курс бойынша оқыту нәтижелері: (Пәннің оқу нәтижесін (бон) ұсыну, білім беру бағдарламасының оқыту нәтижесімен (ОН) ұштастыру



бет6/7
Дата19.11.2022
өлшемі0.53 Mb.
#465246
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Силлабус 3

БАҒАЛАУ АЙДАРЫ

Критерийлер

2-4

Жауап толық, бірақ жүйелі емес. Жауап тақырыпқа байланысты айтарлықтай ауытқуларды қамтиды. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберілген қателерді түзету қиынға соғады

7-9

Зерттелген материалдан негізгі ережелерді өз бетінше анықтай алады, негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауапта логикалық, жүйелі бірізділік бар. Қорытындылау, дәлелдер мен мысалдар негізінде қорытынды жасау, тақырып ішінде байланыс орнату мүмкіндігі бар.
Алынған білімді, ғылыми терминдерді практикада қолдана біледі.
Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеу дағдысы жеткіліксіз. Баяндауда жіберген кейбір қателіктерді, оқытушының сұрақтарына жауап беру барысында түзете алады.

10

Оқылған материалды толық біледі. Зерттелген теориялар негізінде толық және дұрыс жауаптың болуы; зерттелген материалды ұсынуда, ұғымдарды анықтауда, ғылыми терминдерді пайдалануда немесе тұжырымдар жасауда кейбір сәйкессіздіктер мен қателіктер бар. Білім алушы жіберілген қателерді оқытушының көмегімен түзете алады.
Студент жіберілген қателерді оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқу материалдарын меңгерген, нақты мысалдармен дәлелдейді.

15

Сұрақ мазмұны бағдарламаның талаптарына толық, жүйелі түрде жазылуы мүмкін.
Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиеттерді терең біледі, өз ойларын жеңіл түрде жеткізе алады. Талқыланған мәселеге кең және жан-жақты талдау жасай алады. Нақты қателіктердің болмауы.
Қорытынды дәлелді және нақты материалға негізделген. сұраққа байланысты жауап беру кезінде маңызды емес 1-2 қателіктің болуы, бірақ өз бетінше түзете алады.



30

Зерттелген материал бойынша терең және толық білімді көрсетеді; қарастырылатын ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың мәнін, олардың өзара байланысын толық түсіне алады. Зерделенген материал негізінде толық және дұрыс жауап құра алады; негізгі ережелерді белгілей алады, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыларды жинақтай алады, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пәнішілік (бұрын алған білім негізінде) байланыстарды орната алады. Түсіндіруде шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет