Есіктен табылған алтын адам – сақ ханзадасы



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі276.56 Kb.
#483336
  1   2   3   4
4.Қазақ Даласындағы Алтын Адамдар


Қазақ жері күллі ғалам секілді тұнып тұрған құпия-сырға толы. Жердің асты мен үстінен өткеннің дерегін іздеген тарихшы ғалымдар мен археологтар жыл сайын қазақ халқының тарихын жаңа деректермен, тың жәдігерлермен толықтыра түсуде. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының аяғында Есік маңынан табылған Алтын адам қорғаны қазақты ғана емес, әлемді елең еткізген еді.
Бабаларымыздың алтын жалатылған сауытпен жерленуі – біздің ежелгі дәстүрден тамыр тартар төл мәдениетіміздің осал еместігінің көрінісі, ақиқатқа қанық айғағы болатын. Тарих есімді қарт шежіреші бізді әлі де таңқалдырып келеді. Қазақтың Атыраудан Алтайға созылған сар даласынан әлемді бір емес, бірнеше мәрте таң қалдырған өткен күннің ғажайып белгілері бірінен соң бірі суыртпақталып шығуда.
Сонымен әңгіменің әлқиссасына оралайық...
Бұл қырық қатпарлы қара жердің әлі қанша тарих құпиясын бүгіп жатқанын кім білсін?! Бұл сірә, адамзат баласы ешуақытта біле алмайтын, жұмбағы көп сыр-құпия болып қала береді. 1969 жылы Есік қорғанынан табылған Алтын адамға қатысты тарихшылар мен зерттеушілер қанша болжам-жорамал айтқанымен, оның құпиясының әлі де ғылыми, тарихи шындық тұрғысында ашылмағандығы ақиқат.
Есіктен табылған алтын адам – сақ ханзадасы

Жетісу өңірінің атырабында, Алматының дәл іргесіндегі Есік қаласының солтүстігінде ағып жатқан Есік өзенінің сол жақ жағалауынан табылған алғашқы Алтын адам туралы баяндап көрелік. Бұл жерден табылған алтын киімді сақ тайпасының өкілінің мүрдесі – біздің ең құнды тарихи жәдігеріміз болып саналады.
Оны тарих ғылымдарының докторы, археолог Кемел Ақышев бастаған ғалымдар тобы тапты. Кемел Ақышевтың айтуынша, бұл б.з.д. Ү-ІҮ ғ. өмір сүрген сақ тайпасының ханзадасы болуы мүмкін. Жалпы зерттеушілер алтын адамның осыдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүргенін анықтады. Алтын адамның алғаш рет Қазақстан жерінен табылуы шын мәнінде тарих ғылымында айды аспанға шығарған маңызды жаңалық болды. Әлем ғалымдарының назары Қазақстанға ауды. Тарихшы ғалымдар Есік өзенінің сол жағалауында темір дәуірінің сақталып қалған тарихи сарқыншағы – сақ тайпасының обасы бар екенін білген. Оған жүргізілген қазба жұмыстарының кезінде жасы 17-18 шамасындағы жауынгерлік сипаттағы ханзаданың мүрдесі табылады. Оны зертетушілердің ханзада деуінің де жөні бар болатын, жауынгер алтын киім киген. Бұл сақ мәдениетінің бірегей үлгісі болатын. Тарихтан білетін және бір дерегіміз, қазақтың ата тегі осы жауынгер сақтардан тарайды. Алтын адамның киімдері ұзын саны төрт мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген екен. Сондай-ақ, бұл жәй ғана әшекейлер емес еді, оның әрқайсысының өзіндік мағынасы бар болатын. Әшекейлер барыстың, бұланның, таутекенің, арқардың, аттың, түрлі құстардың бейнесінде жасалған. Бұл сақтардың сол уақыттағы аңдар мен құстардың пірлеріне табынуы мен сыйыну дәстүрін аңғартса керек. Сақтар адамдардың өлгеннен кейін де мәңгі өмір сүретіндігіне, сондай-ақ, о дүниеде адамның тірі кезіндегі рулық қауым салттарын, ғұрыптарын ұстанатындығына сенген.
Сондықтан өлген адамның тірі кезіндегі атақ-абыройы мен қауымдастықтағы статусына байланысты жерлеу рәсімдері де түрлі болған. Мәселен, батырлар мен қауымдастықтың беделді адамдарын оның тірі кезінде қолданған мүліктерімен, қару-жарағымен, алтын жалатылған сән-салтанатты киімдерімен жерлеген. Алтын адамның мәйітінің жанынан сондай-ақ, жүзден аса жебе салынған қорамсақ, қыштан жасалған құмыра және темірден жасалған қанжар мен қылыш табылған. Оның киімдерінің алтынмен безендірілуі шын мәнінде ерекше болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет